4.Мағынаны тану.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздіңнегізгі тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру.
Оқушылардың тізбектей оқуы, түсініп оқуы.
Сергіту сәті.
5.Ойталғау.
«Ұтымды жауап» ойыны:
С - М - Й - Г - І - Ө - Ә - Е - 3 –
Әр әріптің қатарына сол әріптен басталатын сөз жазу арқылы өткен тақырыпқа байланыстыра, мағынасын ашатындай сөйлем құрастыру.
Оқушылар жұмысын тыңдау қорытындылау.
Үйге тапсырма. 46 – бет. « Мен білетін мақал – мәтел» атты жинақ жаса.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 32 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр әңгімелерінен Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру, аңыз бен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу
2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.
3.Адам бойындағы алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Қожанасыр туралы аңыз әңгіме кітаптары, Қожанасырдың басынан өткен қиял - ғажайып әңгімелер сюжетіне салынған суреттер. Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың әдісі: . Сұрақ-жауап, С.Т.О. Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Қортындылау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1.Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.
2.Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.
3. Қызығушылығын ояту.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Байды алдап, мақтаған,
Кедейлерге жақ болған.
Сараң емес, бай да емес,
Ақшақұмар жан да емес.
Табыңдаршы жанды осы,
Сыйлығым бар тапқанға.
-Бұл өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- Аты аңызға айналған кімдерді білесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясы бойынша орындау.
4. Мағынаны тану.
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.. «Болжау» стратегиясы бойынша әңгіме не туралы болатынын саралап көру.
Әңгімені оқу. Қожанасыр келбетін сомдау.
Сергіту сәті.
Ойтолғау.
«Биопоэма» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.
1) Аты 2) Үш – төрт етістік 3) Басқалармен карым- қатынасы 4) Үш – төрт ұнататын заты 5) Екі – үш басынан өткізген сезімі 6)Екі – үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы) 7)Көргісі келетін немесе көргенде сезім ұялататын екі – үш заты 8) Ол қорықпайтын екі – үш зат 9) Мекенжайы 10) Фамилиясы.(Талдай отырып орындау) Үйге тапсырма. 47 – бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 33 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсенің алдауы Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды аңызға айналған Алдаркөсенің басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру, аңыз бен шын өмірдегі Алдаркөсенің адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу
2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.
3. Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерден өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру.
Көрнекілігі: Алдаркөсе туралы аңыз әңгіме кітаптары, Алдаркөсенің басынан өткен қиял - ғажайып әңгімелер сюжетіне салынған суреттер. Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың әдісі: . Сұрақ-жауап, С.Т.О. Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.
Жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын сұрау.
3.Қызығушылығын ояту.
4.Мағынаны тану.
5.Ойталғау.
6.Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін аудару.
2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3.Қызығушылығын ояту.
Алдаркөсенің өлеңі, ол туралы кинофильм мен мультфильмнен үзінді көрсету.
4.Мағынаны тану.
Мәтінді оқыту.
Басты кейіпкерлерді атау. Топта Венн диаграммасы арқылы екеуін салыстыру.
Бұлар қандай кейіпкерлер?
Алдаркөсе туралы тағы қандай әңгіме білесіңдер?
Оқушыларды тыңдау.
« Дөңгелек үстел» стратегиясы
Топтарға қағаз таратылып беріледі.
Тапсырма:
топ. Алдаркөсеге ұқсағым келеді, себебі....
топ. Қазіргі Алдаркөселер қандай?
топ. Өтіріктің құйрығы бір – ақ тұтам.
топ. Шығайбайды алдағанына көзқарасың қандай?
Топтардың жауаптарын тыңдау.
Сергіту сәті.
Тақтаға плакатқа кесте сызылады.
Қабылдаймын Қабылдамаймын
|
|
|
Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді санамалап айтып шығу. 6. Үйге тапсырма. Мысал, әңгіме немесе ертегі құрастыр, сурет сал. 48- бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 34 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең. О. Байбақов
Сабақтың мақсаты:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Көркем тілде сөйлеуге төселдіру.
Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, салыстыруға мүмкіндік беру.
Көрнекілігі: тақта, маркер, бор. Автор суреті, мақал – мәтел мен нақыл сөз жазылған плакаттар.
Әдісі: Пайымдау, түсіндіру, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланысы: Өзін-өзі тану , топтастыру.
Жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын сұрау.
3.Қызығушылығын ояту.
4.Мағынаны тану.
5.Ойталғау.
6.Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін аудару.
2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3.Қызығушылығын ояту.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Ойды қорытындылау.
4.Мағынаны тану.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру.
Оқушылардың тізбектей оқуы, түсініп оқуы.
Сергіту сәті.
Ал, балалар , тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға – оңға түзу тұр,
Солға – солға түзу тұр.
Жоғары – төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
Сөздік жұмысы.
Мақал- мәтелдерді талдау.
Өлең соңындағы сұраққа жауап беру.
Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.
6. Үйге тапсырма. Мазмұндау. Өлеңді мәнерлеп жаттап келу. 49, 50 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 35 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Күз. Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты: 1.Табиғат пен адамның арасындағы байланысты ұға білу.
2. Өз бетімен шешім қабылдай білу, ойларын жүйелі жеткізе білу, тілдерін дамыту.
3. Достық қөмек, бауырмашылдық сезім ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті. Күз бейнесі.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу.
Сабақтың әдісі: С.Т.О.
Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Қызығушылық ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3. Қызығушылығын ояту.
Көк аспанда - Күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр қүйсын!
Күн – бейбітшілік, жылулық, ананың құшағы т.б.
Ассоциация арқылы топқа бөліну.
Әр топ Күн көзінің суретін салады.
Жаңа сабақ. Автор туралы мәлімет беру.
а) Мәтінді оқу. Жеке, жұпта, топта талдау.
ә) Сөздік жұмысы.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
1. Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен жатқа үзінді оқу.
2. Өлеңді күзгі табиғатты көз алдыңа елестете отырып оқы.
3. Күзгі аспан, жер беті қандай ?
4. Ақын ауыл тіршілігін қалай суреттеген?
5. Абай қураған ағашты неге теңеген ?
6. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу деген не?
Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды себелеп,
Гүлдер жайнап өседі.
Көп ізденген балалар,
Білімді боп өседі.
Мақсатына жету жолы туралы дәптерге жазу.
«Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша:
І- топ: Сілтеме табушылар (Негізгі ойды табу).
ІІ-топ: Кейіпкерлерді сипаттаушы.
ІІІ-топ: Ізденушілер. (Қосымша ақпарат іздеу).
ІҮ-топ: Дәнекерлер. (Қазіргі өмірмен байланыстыру).
Ү-топ: Сөз тапқыштар. (Мақал-мәтел табу).
ҮІ-топ: Суретшілер (Кейіпкерлерді салу). Әр топ тапсырманы салған суреттерінің сыртына орындайды. Күзге рахмет айтамыз! б) «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау. 5. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп жаттап келу. 50- бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 36 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Қараторғай мен Бұлбұл»
Сабақтың мақсаты: Өз ойларын мазмұндап жаза білуге үйрету. Ойлау қаблеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Мәтінді оқу, талдау.
3. Мазмұнын айтып шығу.
4. Негізгі бөлім.
5. Қортындылау.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындық жасау.
ІІ. «Қараторғай мен Бұлбұл» әңгімесін оқу, талдау.
а) мұғалімнің оқуы, түсіндіруі.
ә) оқушылардың талдауы.
ІІІ. Мазмұнын айтып шығып, жоспар құрылады.
Жоспар:
Бұлбұлдың кеуі.
Қошемет – құрмет көрген Бұлбұл.
Еңбеккор Қараторғай.
ІҮ. Қатесіз, толық мазмұнын жазып шығулары керек.
Ү. Қортындылау, бекіту. 69- бет. ( Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы)
Достарыңызбен бөлісу: |