Он мұра
Әкеден мұра – мал қалады.
Шешеден мұра – ар қалады.
Молдадан мұра – хат қалады.
Ұстаздан мұра – зат қалады.
Батырдан мұра – ат қалады.
Жақсыдан мұра - ырыс қалады.
Шайпаудан мұра – ұрыс қалады.
Шешеннен мұра – сөз қалады.
Шеберден мұра – ері қалады.
Малдардан мұра – тері қалады.
6. Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. 33, 34 – бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 22 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өнер жолында. Н. Айтов
Сабақтың мақсаты:
1.Белгілі өнер адамдарының балалық шағы туралы әңгіменің идеясын ашу.
2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.
3.Ата – ана, ел, жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің әсерін сезінуге мүмкіндік беру. Сөз өнеріне, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мәтіндегі басты кейіпкерлердің суреті. Өнер, еңбек тақырыбына арналған нақыл сздер мен мақал – мәтел жазылған плакаттар. Интерактивті тақта. Үнтаспа .
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың әдісі: . Сұрақ-жауап, С.Т.О.
Пәнаралас байланысы: Өзін-өзі тану
Жоспары: 1. Сабақтың көрнекілігі:Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Қортындылау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1.Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.
2.Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.
3. Қызығушылығын ояту.
Ақыл
Апам маған ұрысты,
Тұрып келдім бұрышқа,
Сындырып ап ыдысты,
Өкпелеуім дұрыс па?
Өкпелегім келмейді,
Жөні бар ғой өкпенің.
Сүтті енді апам бермейді.
Ішпей, өзім төккенмін.
Әкем қарап қалыпты
Маған ала көзбенен...
Жеп алайын балықты
Бұрынырақ өзгеден.
Басты кейіпкер өз қателігін қалай түсінді?
Анда – санда бұрышқа тұрып, іштей өзімізге баға беріп, жасаған қателіктерімізді таразыға салып, дұрыс шешім тапқанымыз артық болмас екен.
Отбасында осындай жағдай болғанда қандай жаза аласыңдар?
« Топтастыру» арқылы тақтаға орындау.
Осы жазалардың ішіндегі ең ауыр тиетіні не?
Таяқ еттен өтеді,
Сөз сүйектен өтеді. ( түсініктеме беру)
4. Мағынаны тану.
Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беру.
Тақырыбына "Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.
-Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болды? Нені негізге алып отырсың?
Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектеп оқыту.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде? Бұл әңгімені бізге нені үйренсін, қандай тәлім– тәрбие алсын деп берген екен?
Жаңа ұғымдарды, жаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.
Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.
5.Ойталғау.Оқылған мәтін бойынша сұрақ – тапсырмалармен жұмыс.
Сергіту сәті.
Ал, балалар , тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға – оңға түзу тұр,
Солға – солға түзу тұр.
Жоғары – төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
Сөздік жұмысы.
Мақал- мәтелдерді талдау.
Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.
Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту, қортындылау.
6. Үйге тапсырма. Мазмұндау. Әңгіменің мазмұнына жоспар құру. 35, 35 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 23 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілділік. Ж. Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу.
2. Көркем әдеби сөйлеу тілдерін дамыта түсу.
3. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір – бірімен тіл табыса білуге, бірін – бірі сыйлауға үйрету. Оқушыларға сөйлеу өнерінің құдіретін таныту.
Көрнекілігі: Мұхар Әуезов портреті,басты кейіпкерлердің суреттері, кітаптары. Сабақтың түрі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.
Пәнаралас байланысы: Дүниетану.
Жоспары: 1. Сабақтың көрнекілігі:Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Қортындылау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
Сабаққа дайындық. Бір-біріне тілек білдірулері.
Үй жұмысын тексеру. Сұраққа жауап беру арқылы қайталау, бағалау.
Қызығушылығын ояту.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау.
« Топтастыру» арқылы « кішіпейілділік» сөзіне түсініктеме беру.
Мағынаны тану.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Автор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру.
Мәтінмен таныстыру.
а) Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.
ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру.
жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті.
Ой түйіндеу.
Атақ пен мансапқорлықтың кішіпейілділікке қандай қатысы бар деп ойлайсың?
Жеке, жұпта, топта талқылау.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
-Б үгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай, өзің нені көкірегіңе түйіп алдың?
- Нені ұнатпадың? Бұдан қандай қорытынды жасар едің?
Кейіпкерлерді Венн диаграммасына салып, салыстырып көру.
Дәптерге қысқаша ойын жазғызу, қортындылау.
6. Үйге тапсырма. Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. 36, 37 – бет. Парталас жолдасыңның қысқаша портретін жазып келу.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 24 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама.
Сабақтың мақсаты: Өз ойларын мазмұндап жаза білуге үйрету. Ойлау қаблеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Мәтінді оқу, талдау.
3. Мазмұнын айтып шығу.
4. Негізгі бөлім.
5. Қортындылау.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындық жасау.
ІІ. «Екі қолдың қайсысы кем?» әңгімесін оқу, талдау.
а) мұғалімнің оқуы, түсіндіруі.
ә) оқушылардың талдауы.
ІІІ. Мазмұнын айтып шығып, жоспар құрылады.
Жоспар:
Байдың жігіттерді жалдауы.
Шағым.
Төле бидің шешімі.
ІҮ. Әңгімені үшінші жақта баяндап жазу. Қатесіз, толық мазмұнын жазып шығулары керек.
Ү. Қортындылау, бекіту. 68- бет. ( Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы)
***************************************
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 25 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
Сабақтың мақсаты: Тарауда өтілген тақырыптарды бекіту, қортындылау.
Идеяларын ашып, өз өмірлерімен байланыстыру дағдыларын дамыту.
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тест сұрақтары.
Сабақтың түрі: Сұрақ- жауап.
Сабақтың әдісі: Тест алу.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Мағынаны тану.
4. Ойтолғау.
5. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу сәті.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, баға қою.
ІІІ. Сұрақтар қою арқылы жауапты жазбаша алу.
Батырларға серік болған пырақтардың аттарын жаз. Аты аңызға айналып, ескерткіш тұрғызылған ат туралы не білесің?
Қабанбай заманындағы батырлардың есімдерін жаз.
Қайсысы ауыз әдебиетіне жатады?
а) «Қобыланды батыр».
4. « Тез атты әкел!» - деген кейіпкерлер кім? Ол неге асықты ?
5. « Шапалақ» арқылы кім шеберлігін шыңдай түсті?
6. Төмендегілердің қайсысы ақын:
б) Х. Ерғалиев
Сергіту сәті.
Ал, балалар , тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға – оңға түзу тұр,
Солға – солға түзу тұр.
Жоғары – төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
7. Отан туралы мақал – мәтелдерді жатқа жазу.т.с.с.
ІҮ. Осы тараудан алған, тәрбиелік маңызы бар, идеяларын ортаға салу, әңгімелеу.
Ү. «Туған өлкем –тұнған қазына» тақырыбына шығарма жазу.
2. Арналы бұлақ – асыл сөз
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 26 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз. (« Сырым шешен», «Балаби мен Сырым»)
Сабақтың мақсаты:
1.Тарау тақырыбының мағынасын ашуға, шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, маңызын, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
2. Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің құбылмалы ішкі мазмұнындағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Кез келген қиындықтардан шыға білуге баулу.
3. Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, салыстыруға мүмкіндік беру.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, маркер, плакат, топтау сызбасы, шығармашылық жұмысқа арналған проблемалы тапсырма.
Сабақтың түрі: әңгімелеу, пайымдау.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, С.Т.О.
Пәнаралас байланысы: халық ауыз әдебиеті.
Жоспары: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
ІҮ. Мағынаны тану.
Ү. Ойталғау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, баға қою.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Балалар, күнделікті өмірде біз өз ойымызды сөз арқылы жеткіземіз. Ал сөздер қандай болады? ( Интерактивті немесе жай тақтаға топтау сызбасы түсіріледі.)
Балалар, өздерің айтқандай, тіліміздегі сөздер әртүрлі. Біз бүгін сендермен «Арналы бұлақ – асыл сөз» деген тарауды бастаймыз.
шешендік
күлдіретін
өткір
қанатты
асыл
өлмейтін
жалататын
жаман
сөз
қасиетті
ақылды
түзу
көп
қисық
Сүйектен өтетін
ұмытылмайтын
ІҮ. Мағынаны тану.
Мәтінмен таныстыру.
а) Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.
ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру.
жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті.
Оқушыладың білімдерін, жауаптарын бағалау.
6. Үйге тапсырма. Жауабын жаз:Жарықтың анасы не?Қараңғының анасы не? 40, 41 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 27 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі («Талассаң, бағың кетеді», «Кінәлі аяқтар»)
Сабақтың мақсаты:
1. Шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, маңызын, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
2. Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің құбылмалы ішкі мазмұнындағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Кез келген қиындықтардан шыға білуге баулу.
3. Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, салыстыруға мүмкіндік беру.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, маркер, плакат, топтау сызбасы, шығармашылық жұмысқа арналған проблемалы тапсырма.
Сабақтың түрі: әңгімелеу, пайымдау.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, С.Т.О.
Пәнаралас байланысы: халық ауыз әдебиеті.
Жоспары: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
ІҮ. Мағынаны тану.
Ү. Ойталғау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, баға қою.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Жақсы сөз көңіл – ойды идіреді,
Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.
Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,
Бәрі де қисық сөздің кері кетер-
Деген Ж. Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.
«Топтастыру» стратегиясы. Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер арқылы топтарға бөліну – « Кубизм» бойынша.
топ. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?
топ. « Өнер алды - қызыл тіл» деген мақалды қалай түсінесің?
3-топ. Сөз- есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді « жау» деп ұрын тырыста. (А.Жүгінеки)
Осы сөзге қолдау білдіру немесе қарсылық білдіру.
4-топ. Салыстыру. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің жеткізер түбі не?
ІҮ. Мағынаны тану.Мәтінмен таныстыру.
а) Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.
ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру.
жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті.
« Бес жолды өлең» стратегиясы.
1.Зат есім – 1 2. Сын есім – 2 3. Етістік- 3 4. Мағыналас сөз- 1 5. Мәндес сөз- 1
Оқушыладың білімдерін, жауаптарын бағалау.
6. Үйге тапсырма. Оқиға мазмұнына орай сурет салу.41, 43 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 28 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық аттыұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.
2.Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.
3. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Баланың тирихқа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауы – өзін – өзі сыйлау көрінісі екенін сезіндіру, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Ойталғау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: 1. Сабаққа дайындалу.
2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3. Қызығушылығын ояту.
- Қазақтың киелі сандарынан хабарың бар ма?
«Топтастыру» арқылы орындау.
Қажет дерек
Үш байлық:
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық - ақжаулық.
Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.
Үш би:
1.Үйсін төле би.
2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би.
3. Алшын Әйтеке би.
Үш қуат:
Ағайын жұрт.
Нағашы жұрт.
Қайын жұрт.
Төрт тұлға: 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.
Төрт мұрат:
Дау мұраты – біту.
Саудагер мұраты – ұту.
Қыз мұраты – кету.
Жол мұраты – жету.
Бес жаратылыс: 1. Күн. 2. Ай. 3. Жұлдыз. 4. Күндіз. 5. Түн.
4. Мағынаны тану.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
а) Өлеңді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.
ә) Өлеңге талдау жасау. жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті.
Ой түйіндеу.
Жеті санына байланыстыұлағатты ұлттық ұғымдар:
Жеті жетекші:
Адамның басшысы – ақыл.
Жетекшісі – талап.
Жолаушысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез.
Сынаушысы – халық.
Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт. (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Аспанда тіреуіш жоқ.
Таста тамыр жоқ.
Тасбақада талақ жоқ.
Аллада бауыр жоқ.
Аққуда сүт жоқ.
Жерде өлшеуіш жоқ.
Жылқыда өт жоқ.
Ой толғау.
Ойша бүгінгі сабақтан алған мәліметтерді жинақтаймыз.
« Бүгінгі даналық ұғымдар сабағынан не алдым?», « Нені үйренуім керек?» тақырыптарында эссе жазу.
Ү. Сұрақ- жауап арқылы қортындылау.
ҮІ. Үйге тапсырма. 1. «Бақытты адам – бай адам» немесе « Жеті байлық» деген тақырыпта шығарма жазу.43, 44 – бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 29 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ата айтады. Қ. Құмарұлы
Сабақтың мақсаты:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Көркем тілде сөйлеуге төселдіру.
Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, салыстыруға мүмкіндік беру.
Көрнекілігі: тақта, маркер, плакат, бор.
Әдісі: Пайымдау, түсіндіру, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланысы: Өзін-өзі тану , топтастыру.
Жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын сұрау.
3.Қызығушылығын ояту.
4.Мағынаны тану.
5.Ойталғау.
6.Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін аудару.
. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
.Қызығушылығын ояту.
-Балалар, сендерді үлкендер қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
Сыйластыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, адамгершілікке.
Осы топ атауларына сай бөлініп отыру.
Осы топ аттары болған сөздер туралы білетінін жазу.
Тақтаға плакатқа кесте сызылады.
Біз білеміз
|
Қазіргі жаңа заман баласы
|
Бұрынғы заман баласы
|
Кестеге оқушылар өз түсінігі бойынша қазіргі замандағы бала бейнесінің ерекшеліктерін жазады.
4.Мағынаны тану.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Оқушылар іштей бір рет оқиды.
Сұрақтар:
Ақын қай заман адамдары ( балалары, жастары) туралы жазған?
Ауылдың ең үлкені кім еді?т.с.с.
Өлең бойынша мәтінмен жұмыс жасау арқылы тақтадағы кестенің «Бұрынғы заман баласы» бөлігін толтыру.
Әр заман адамын салыстыру арқылы ұмыт болып бара жатқан тәрбие мен салт – дәстүр туралы қорытынды жасау.
5.Ойталғау.
Әр топ өз атына сай мақал – мәтелдер жазу. Мысалы, Кешірімді болсаң, кішіреймейсің. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Ата сөзі – ақылдың көзі, т.б.
«Менің атам айтады» немесе «Менің апам айтады» деген тақырыптың біріне эссе жазу.
6. Үйге тапсырма. Өлеңде айтылған ойларға сай мақал – мәтелдер жина. 44 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 30 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Атымтай жомарт
Сабақтың мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиеті туралы білулері.
2. Танымдық белсенділігін арттыру.
3. Ұлтын, тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы мәтінге қосымша мәтіндер.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Пәнаралас байланысы: ертегілермен.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Қортындылау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы: 1. Сабаққа дайындалу.
Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3. Қызығушылығын ояту.
Та0тада:
1) жомарт - сараң
2) бай - кедей
3) еңбеккор - жалқау
Осы сөздер ішінен бір - бірімен байланысты жақсы сөздерді таңдау.
Егер кедейді таңдаса, аты жаман болғанмен, «кедейлік – кемдік емес. (Дау – дамай тудыруға болады.)
Жомарт, бай, кедей, еңбекқор сөздерін пайдаланып, қысқаша мәтін құрастыру.
Мысалы:Ертеде бай мен кедей көрші болыпты. Бай көрші туратын кедейге көмектесіп, оны адам болуға үйретеді. Ол өзінің бай болу себебін түсіндіреді. Кедей көрші байға алғысын айтты.
Жазғанын оқытып, пікір бөлісу – жазуға үйретудің басты шарттырының бірі.
4. Мағынаны тану.
Балалар, «Атымтай жомарт» мәтіні не туралы болуы мүмкін?
Ауызша болжау.
- Оқыларың келе ме? Олай болса, «Аңызға айналған Атымтай» мәтінін оқып, мазмұнын түсініңдер.
а) Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару.
ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру.
жинақтап алу, ойда сақтау.
б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту.
Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды себелеп,
Гүлдер жайнап өседі.
Көп ізденген балалар,
Білімді боп өседі.
Ойтолғау.
« Егер мен бай болсам» немесе «Бай болу деген не?» тақырыбына эссе жазу.
Оқушыладың білімдерін, жауаптарын бағалау.
6. Үйге тапсырма. « Менің немесе біздің жомарттығымыз» , деген тақырыпта кішілерге немесе үлкен адамдарға қандай көмек жасағаны туралы шығарма жазу. Мазмұндау 45 - бет.
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақ 31 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мәйегі. Б. Үсенбаев
Сабақтың мақсаты:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Көркем тілде сөйлеуге төселдіру.
Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, салыстыруға мүмкіндік беру.
Көрнекілігі: тақта, маркер, бор. Автор суреті, мақал – мәтел мен нақыл сөз жазылған плакаттар.
Әдісі: Пайымдау, түсіндіру, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланысы: Өзін-өзі тану , топтастыру.
Жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын сұрау.
3.Қызығушылығын ояту.
4.Мағынаны тану.
5.Ойталғау.
6.Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін аудару.
2. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3.Қызығушылығын ояту.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Шешеннің сөзі – мерген,
Шебердің көзі мерген.
Ойды қорытындылау.
Сөзде қандай құдіретті күш бар?
Сөзді не арқылы жеткіземіз?
Сөз мәйегі дегенді қалай түсінесіңдер? («Мәйек сөзінің негізгі түбірін табу.)
« Топтастыру» стратегиясы бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |