Анимацияларды жасау
Тарау
2
20
Flash-
фильмдерде) қолданылуы керек; егер анимацияны интерактивті жасау
қажет болса, оны клипке айналдырған орынды.
Егер фильмнің кейіпкері тек сахнада жүрмей, сонымен қатар белгілі
бір қозғалыстарды (жыпылықтайды, аяқ-қолдарын қозғалтады жəне т.б.)
орындаса, - клипсіз болмайды. Осындай əсерлердің клиптердің көмегімен
жүзеге асуы əр клипте өзіндік уақыттық диаграмма бар, ондағы кадрлардың
ауысуы негізгі фильмнің ойнатылуына байланысты еместігіне негізделген.
Мысалы, 2.2.- суретінде фильмнің фрагменттері көрсетілген, онда сахнада
қоңыз жүріп бара жатыр, сонымен бірге оның кішкентай табандары мен
мұрттары да қимылдап жатыр.
Жаңа клипті жасау үшін келесі əрекеттерді орындау қажет.
1.
Insert
мəзірінде New Symbol командасын таңдау.
2.
Symbol Properties
диалогтық терезеде таңбаның атын таңдау Behavior в
ауыстырғышын Movie Clip күйіне орнату.
3.
Клиптің бірінші кадрындағы нысанның түрін білдіретін суретті салу
немесе үстелге орнату; сонымен бірге клиптің уақыттық диаграммасының
бірінші кадры автоматты түрде кілтті болады, кадр ұяшығындағы қара нүкте
соны білдіреді.
Анимацияның жасау əдісінің ең оңтайлы əдісі – кадрлау анимациясы
(мысалы, қоңыз үшін кішкентай табандар мен мұрттардың күйін өзгерту).
2.1.
сурет.Таңба-
батырманы жасаған
кездегі тақтаның
уақыттық
диаграммасының
форматы
Таңбалар мен даналарды пайдалану
21
2.1
2.2.сурет Пример
использования символа
клипа в фильме
Клипті жасау режимінен шығу үшін жұмыс аймағының саймандар
тақтасындағы жебесі бар батырманы (сахна атының сол жағында) немесе
тікелей сахна атын басу керек.
Дайын анимацияны клипке айналдыруға болады. Ол үшін келесі əрекеттерді
орындау қажет.
1.
Уақыттық диаграммада барлық қабаттардағы барлық кадрларды
таңдау. Ол үшін [Shift] клавишасын басып тұрып, диаграмманың барлық
анимацияланған кадрларын кезек-кезек тінтуірмен басу керек (таңдалған
кадлар қара болады).
2.
Тінтуірдің оң клавишасымен таңдалған кадрлардың кез келгенін
шертіп, мəнмəтіндік мəзірде Copy Frames(Кадрларды көшіру) командасын
таңдау.
3.
Таңдалған кадрладың белгіленуін кез келгенін тінтуірдің сол
клавишасымен басу арқылы жою.
4.
Үстелде ешбір нысан таңдалмағанынан көз жеткізіп, Insert мəзірінде
New Symbol
командасын таңдау.
5. Symbol Properties
диалогтық терезеде клиптің атын енгізіп, Behavior
ауыстырғышын в Movie Clip күйіне орнатып, ОК батырмасын басу.
Нəтижесінде таңбаны редакциялау режимі қосылады; сонымен бірге
диаграмманың уақыттық тақтасында жаңа (бос) диаграмма пайда болады, ал
Анимацияларды жасау
Тарау
2
22
оның астында – клиптің аты.
6.
Уақыттық диаграмамда бірінші қабаттың бірінші кадрын басу
(Layer7),
жəне Editмəзірінде Paste Frames(Кадрларды қою) командасын
таңдау. Нəтижесінде уақыттық диаграммада бастапқы анимацияның барлық
қабаттары мен кадрлары пайда болады; осы кезден бастап оның барлық
құраушылары (кадрлар, дыбыстар, интерактивті элементтер) бірыңғай
ажырағысыз тұтастық құрайды –негізгі фильмге тəуелсіз бола алатын жəне
пайдаланыла алатын клиптің таңбасы.
7.
Сахнаның атын басып, таңбаны редакциялау режимінен шығу.
8.
Барлық қабаттардағы барлық кадрларды таңдау арқылы (1-қадамды
қараңыз) жəне Insert мəзірінен (немесе мəнмəтіндік мəзірден) Remove Frames
(кадрларды жою) пəрменін таңдау арқылы негізгі фильмнің уақыттық
диааграммасынан бастапқы анимацияны жою. Содан кейін əрбір қабаттың
атауын (диаграмма панелінің сол жағында) тінтуірдің оң жағымен басып
жəне мəтінмəндік мəзірден Delete Layer (Қабатты жою) пəрменін таңдау
арқылы анимацияға қатысты қабаттардың өздерін жою.
Клипті жасап болғаннан кейін оны сахнаға барлық таңбалар үшін
əдетті əдіспен қосуға болады: фильмнің кітапхана терезесін ашып, оны үстелге
апару.
Клипті үстелге көшіргенде редактор терезесіндегі клиптің уақытша
диаграммасы көрсетілмейді.
Фильмдегі клиптің өнімділігін тексеру үшін Control мəзіріндегі Test Scene
пəрменін немесе фильмде бір ғана сахна болса,Test Movie (Фильмнің
тестілік қаралуы)пəрменін таңдау керек.
Таңбалар кітапханасымен жұмыс
Таңбалар кiтапханасы əзiрлеушiге жаңа фильмде өзі жасаған немесе Flash-
тің басқа əзірлеушілері жасаған таңбаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұндай операциялардың орындалуын жеңілдету үшін, сондай-ақ Flash-
тегі таңбалармен басқа əрекеттерді орындау үшін кітапханалардың төрт
түрі қарастырылған:
■
фильмнің кітапханасы (Library);
■
жалпы кітапхана (Common Library);
■
тұрақты кітапхана (Permanent library);
■
бөлінетін кітапхана (Shared Library).
Кітапханамен жұмыс істеу үшін форматы 2.3.-суретінде келтірілген арнайы
диаогтық терезе қарастырылған.
2.2