Flash-
те сурет салу
Тарау
1
12
1.5 сурет Динамикалық мәтінге арналған сипаттар инспекторының форматы
фильмді жариялаған кезде тиісті HTML-тэгтердің түрінде сақталатын
болады.
■ Show Border батырмасы (Жиектемені көрсету). Егер ол басылып тұрса, онда
мəтіндік өріс жиектемеге алынып тұрады.
■ Selectable жалаушасы (Таңдалатын). Оның мақсаты алдында статикалық
мəтінге қарастырылғанға барабар.
■ Var мəтіндік өрісі ( variable сөзінен — айнымалы) жасалынып жатқан
мəтіндік өріспен байланысты айнымалының атын енгізуге арналған;
■ Characters батырмасы (Таңбалар), оны басқа кезде Character
Options,
қосымша диалогтық терезе ашылады, мəтіндік өріс үшін
қолданылатын кіріктіілген қаріпінің параметрлерін орнатуға мүмкіндік
береді. Терезеде үш ауыстырым-қосқыш бар:
No Characters
(Ешқандай таңбалар) — қолданылатын қаріп туралы ақпарат
Flash-
фильмды жариялаған кезде оған экспортталмайды.
All Characters
(Барлық таңбалар) - Flash-фильмге барлық таңбалар туралы
ақпарат енгізіледі;
Only
(Таңдаулылар)—Flash-фильмге ары орналасқан жалаушалардың
көмегімен көрсетілген қаріптің таңбалары туралы ақпарат қана енгізіледі.
Кірістірілген қаріпінің параметрлерін орнату жайында келесі түсініктемені
жасау керек.
Компьютерде орнатылған қаріп Flash-фильмде пайдаланған кезде,Flash
қаріп туралы ақпаратты SWF-файлға енгізде, осылайша мəтіннің Flash-плеерде
дұрыс көрсетілетініне кепілдік береді. Алайда, Flash- те қолданылатын барлық
Мәтінмен жұмыс
13
1.4
қаріптерді SWF-файлға экспорттала алмайды. Сондықтан осы қаріптің
экспорттала алатынын алдын- ала тексеру ұсынылады. Ол үшін View мəзірінде
Antialias Text
(Мəтінді тегістеу) пəрменін таңдау жəне тегістеудің нəтижесін
бағалау қажет. Егер тегістеу орындалмаса, онда ол Flash мұндай қаріпті
танымайтынын жəне оны экспорттамайтынын білдіреді.
Баламалы тəсіл - физикалық қаріптерді пайдалану (Device Font).
Физикалық қаріп туралы ақпарат SWF-файлға экспортталмайды. Оның
орнына, Flash-плеер физикалық қаріпке жақын, компьютерде орнатылған
кез- келген қаріпті пайдаланады.
Физикалық қаріп туралы ақпарат SWF-файлына кірмегендіктен, бұл нұсқа
Flash-
фильм файлының кішірек өлшемін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
физикалық қаріп ұсақ
таңбаларға арналған
енгізілген қаріппен
салыстырғанда анығырақ болуы мүмкін (10 тармақтан кем). Алайда, егер
пайдаланушының компьютерінде қолайлы қаріп болмаса, мəтін фильмнің
авторы күткендей көрінбеуі мүмкін.
Flash
құрамында физикалық қаріптердің үш түрі бар: _sans (Helvetica жəне
Arial
қаріптеріне жақын қаріп); _serif (Times Roman жақын); _typewriter
(Courier
қаріпіне жақын).
Осы мəтіндік өрісте қолданылатын физикалық қаріпті көрсету үшін оны
мəтін сипатының инспекторлық тақтасында бар қаріптер тізімінен таңдау керек.
Редакцияланатын мәтін. Редакцияланатын мəтін (Input Text) — мəтіндік
өріс Web-бет оқырманының мəтінді теруіне жəне редакциялауына арналған.
Редакцияланатын мəтіндік өрісі пайдаланушыдан ақпарат алу үшін
арналған. Мысалы, ол серверде орналасқан дерекқорлар базасына сұрау салу
немесе сайттың келушісі өткісі келетін фильм көрінісінің аты болуы мүмкін.
Динамикалық мəтін сипатының инспекторымен салыстырғанда мұнда
келесі ерекшеліктер бар:
■ URL
мəтіндік өрісі жоқ жəне онымен байланысты Target ашылмалы
тізімі;
■
Selectable
батырмасы қолжетімсіз (басылып тұрған күйде бұғатталған),
себебі редакцияланатын мəтін міндетті түрде таңдалмалы болу керек;
■ Maximum Characters
мəтіндік өрісі бар (таңбалардың максималды саны).
Бұл өрісте оқырман қанша таңбаны енгізуге рұқсат ететін бүтін санды
көрсету керек.
Редакциялау өрісінің параметрлері динамикалық мəтіннің параметрлері
сияқты ActionScript тілі арқылы өзгертілуі мүмкін. Мұндай мүмкіндікті
пайдалану үшін редакциялау өрісіне бірегей атау беріп, (қажет болса) жəне
онымен байланысты айнымалының атын көрсету қажет.
Редакциялау өрісі үшін динамикалық мəтін үшін сияқты айналдыру
жолақтарын жасауға болады.
Flash-
те сурет салу
Тарау
1
14
Графиканың басқа қосымшалардан импорты
Flash-
тің графикалық бейнелерді жасау мүмкіндігі Flash-фильмдерге
импортталған суреттерді қосу арқылы жақсартылуы мүмкін. Flash əр түрлі
форматтағы векторлық жəне растрлық бейнелердің импортын қолдайды.
Растрлық суреттердің (GIF, JPEG, PNG жəне BMP) Flash-фильміне
импортталуы фильм файлының өлшемін арттыруы мүмкін. Растрлық сурет
файлының өлшемін азайту үшін Bitmap Properties диалогтық терезесінде
сығымдау опциясын таңдауға болады (Растрдың параметрлері).
Flash
бағдарламасында растрлық суреттерді өңдеу мүмкіндігі жоқ. Егер
бұл қажет болса, əрекеттің екі нұсқасы мүмкін:
■
суретті сыртқы графикалық редакторлардың (мысалы, Fireworks) бірінде
ашу жəне өзгерту;
■
растрлық суретті векторлыққа өзгерту.
Екінші тəсілдің артықшылығы - Flash-фильм файлының көлемін
азайтылуы.
Растрлық графикамен жұмыс істеудің тағы бір тəсілі бар. Растрді
бөлек өңделетін аймақтарға бөлуге болады (бұл рəсім Breaking Apart деп
аталады). Бұл жағдайда растр барлық бастапқы бөлшектерді сақтайды.
Бұл рəсімнің қолданылуы растрлық суретті сондай-ақ нысандарды
бояуға арналған бояу ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Фильмге растрлық суретті импорттау үшін мына қадамдарды
орындау қажет:
1.
File
мəзірінде Import пəрменін таңдау (Импорт).
2.
Қажетті файлды файлдық жүйенің стандартты терезесінің
көмегімен ашу.
Нəтижесінде импортталған сурет үстелде пайда болады, сондай-
ақ 1.6.- суретінде көрсетілгендей тиісті типтегі таңба ретінде
фильмнің кітапханасына ауыстырылады.
1.5