|
Сөж тақырып: Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру
|
бет | 1/3 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 1,39 Mb. | | #31547 |
| 15 такырып
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
Тақырыбы:
Ақтөбе,2019 жыл
Реаниматология негіздері.Мейірбикенің
қарқындылық терапиясы бөлімінде
жұмысының ерекшелігі
Жоспары
І.Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
- Реаниматология туралы түсінік
- Реанимация бөлімшесінде жүргізілетін іс-шаралар
- Медбикенің негізгі міндеттері мен құқығы
ІІІ.Қорытынды
Реанимация туралы түсінік - Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру.
Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. - Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды.
- Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады.
- Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.
Реаниматологияда жүргізілетін негізгі шаралар:
- Өмірден өлімге дейінгі аралық кезең мен өлім механизмі (терминальді жағдайлар)
- Ағзаны тірілту әдістері (өмірлік қызметтерді қалпына келтіру)
- Өлімді алдын алу әдістері
- Организмнің тірілгеннен кейінгі жағдайы (постреанимациялық кезең)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|