Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық



жүктеу 354,63 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.02.2020
өлшемі354,63 Kb.
#28928
түріДиплом


 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  



университетінің ректоры Т.О.Балықбаевтың 

халықпен кездесудегі баяндамасы 

 

Алматы қ. 

 

 

 

2017 жылдың 27 қыркүйегі  

 

 



Қадірлі  қауым,  құрметті  жұмыс  берушілер,  ата-аналар, 

студенттер,  ұстаздар,  дипломатиялық  корпус  және  бұқаралық 

ақпарат құралдарының өкілдері! 

 

Ең  алдымен,  Сіздерді  бүгінгі  кездесуге  қош  келдіңіздер  деп, 

келгендеріңізге алғысымды айтамын! 

Біз  бүгін  университеттің  бір  жылғы  жұмысының  нәтижесін 

және жоспарларымыз туралы айтамыз. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 

2017  жылғы  31  қаңтардағы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  Қазақстан  халқына  жолдауында  білімнің  ролін 

ерекше атап өтті.  

 

«Ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің  рөлі  өзгеруге  тиіс.  Біздің 

міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің 

орталық  буынына  айналдыру»,  -  деп  білім  саласының  еліміздің 

дамуындағы орны мен оның алдындағы мәселелерді айтып  өтті. 

Елбасының  білім  саласындағы  тапсырмаларын  іске  асыру 

мақсатында  дайындалған «Қазақстан Республикасында білім беруді 



және  ғылымды  дамытудың  2016  -  2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасының»  негізгі  басымдылықтарын  іске  асыру 

еліміздің  жетекші  жоғары  оқу  орны  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық университетінің басты міндеті.  

Сонымен  университеттің  2016-2017  оқу  жылындағы  негізгі 

жетістіктерінен бастайық:  

 



Ең  үлкен  жетістік  ретінде  біздің  университет  2017  жылы  алғаш 

рет  әлем  университеттерінің  ТОП-500  қатарына  енгенін  атап  кетуге 

болады,  дәлірек  айтсақ,  QS  World  University  Ranking  рейтингінде  491 

орын алды. 

  EECA  (Emerging  Europe  &  Central  Asia) 



арнаулы  рейтингінде 

Еуропа  мен ТМД-ның  200 алдыңғы қатарлы университеттері арасында 

университет 91-орында.  

 



Әлемнің  27566  университеттерінің  Webometrics  рейтингінде  –  

8 958-

шы  орында,  ал  Қазақстан  ЖОО  арасында  16  шы  орынды 

иеленді.   

 



Университет  Web  of  Science  ақпараттар  базасында  импакт-

факторы  бар  мақалалар  саны  бойынша  республикадағы  педагогикалық 

жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алды.  

Ұлттық 


рейтингілер 

бойынша 


Абай 

атындағы 

ҚазҰПУ 



 

педагогикалық жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орында келеді. 



2017  жылы  Білімдегі  сапаны  қамтамасыз  ету  жөніндегі  Қазақстан 

тәуелсіз агенттігінің Бас рейтингінде «Білім» бағыты бойынша (НКАОКО) 

педагогикалық жоғары оқу орындары арасында біздің университетіміз 1-

ші  орынды  иеленіп,  педагогикалық  мамандықтарға  арналған  28 

білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. 



 

Құрметті қонақтар! 

Университет    130  оқу  бағдарламасы,  соның  ішінде  педагогикалық 

бағытта  -  57  (бакалавриат  –  51  (23),магистратура  –  52(20), 

докторантура Ph.D. – 27(14), бойынша білім береді. 

Болашақ 


мамандарға 

білім 


беру 

және 


ғылыми 

жұмыстаржүргізу 

университеттің 

институтында 



жүзеге 

асырылады.  Олар:  Математика,  физика  және  информатика 

институты,  Педагогика  және  психология  институты,  Филология 

және  көптілді  білім  беру  институты,  Өнер,  мәдениет  және  спорт 

институты,  Жаратылыстану  және  география,  Тарих  және  құқық, 

Сорбонна-Қазақстан институттары. 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті 

ерекше мәртебесі бар еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу 

орны  ретінде  елімізде  педагогикалық  кадрларды  дайындауды 

оқу-әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету 

орталығы болып табылады. 

Сол себепті, қазіргі заман талабына сай оқу бағдарламаларын 

енгізудің өзекті мәселелерін шешу біздің мақсатымыз.   

Университет  базасында  «Білім»  тобы  бойынша  Республикалық 



оқу-әдістемелік  кеңес  жұмыс  істейді,  биылғы  есеп  беру  кезеңінде 

педагогикалық  мамандықтарда  эксперименттік  оқу  бағдарламаларын 

ендіру    тәжірибесі,  ағылшын  тілінде  білім  беру  бағдарламаларын 

дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Университетте 2015/16 оқу жылында  шетелдік әріптестермен 

бірге    дайындалған  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  23 



жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын енгізу жұмыстары басталды.  

Көптілді  білім  беруге  бағытталған  Кембридж,  Сассекс 

университеттері ғалымдарымен және еліміздің педагогикалық ЖОО 

мен  мектеп  ұстаздарымен  бірге  Физика,  Информатика,  Химия, 



Биология  мамандықтарына  ағылшын  тілінде  оқытуға  арналған 

оқу  бағдарламалары  дайындалды.  2017/2018  оқу  жылында  бұл 

мамандықтарда дайындықты бастадық.  

2016/2017 оқу жылында университетте бакалавриат, магистратура 

және  докторантура  бойынша  13  мамандық  бойынша  ағылшын  тілінде 

оқыту жүргізілді. 

Педагогикалық  білім  берудің  сапасын  арттыру  үшін  ««Бес 

институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты 

қадам»»  ұлт  жоспары  аясында  университетте  «Үш  тілді  білім  беруді 



 

дамытудың жол картасын» жүзеге асырып жатырмыз. 

Біздің  білім  бағдарламасына  қосар  келесі  үлесіміз  шағын  жинақты 

мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету.  

Бүгінде  республикамыздың  15  шағын  жинақты  мектептерімен 

ақпараттық-коммуникациялық  байланыс  орнатылып,  оларға  біздің 

профессорлар  оқу-әдістемелік  көмектер  көрсетуде.  Университет 

сайтында  «ҚР  шағын  жинақты  мектептер  академиясы»  порталы 



жұмыс істейді

Шағын жинақты мектептерге педагогтарды дайындауға бағытталған 

қосарланған мамандықтардың (Химия – Биология, География – Тарих, 

Математика  –  Физика,  Физика  –  Информатика,  Математика  – 

Информатика, Тарих – Дінтану) оқу бағдарламалары дайындалды. 

Біз жаңа мамандықтар ашуды жоспарлағанда бүгінгі таңда қажетті,  

маңызы зор мамандықтарды таңдаймыз. Мысалы, осы оқу жылында біз 

магистратураның 



«Халықаралық 

құқық»

«Білім 

берудегі 

менеджмент»  оқу  бағдарламаларын  енгізіп  отырмыз.  Мысалы,  «Білім 

берудегі  менеджмент»  бағдарламасында  тәжірибесі  бар  мектеп,  

колледж не университет  жетекшілерін оқытуды жоспарлап отырмыз. 

Осы  секілді  бағдарламаларды  енгізу  Университеттің  бүгінгі  заман 

талабына сай мамандар дайындауының негізі болады. 



 

Құрметті қонақтар!  

Өздеріңізге  белгілі  білім  сапасының  көрсеткіші  ретінде  әлемде 

рейтингтер  мен  аккредитацияны  атайды.  Сол  себепті  біз  оқу 

бағдарламаларының аккредитациядан өтуіне басты назар аударамыз.  

Университеттің педагогикалық карлар дайындайтын 33 білім беру 

бағдарламасы    ASIIN,  ACQUIN,  (Германия),  НКАОКО  (Қазақстан) 

аккредиттік  агенттіктерінің    аккредитациясынан  өтті  (бакалавриат  – 

17, магистратура – 16). 

2017-


2018  оқу  жылында  10  оқу  бағдарламасын  аккредитациядан 

өтуге дайындық үстінде. 

Сонымен,  бакалавриат  пен  магистратураның  педагогикалық 

мамандықтарының 

барлық 

43 


білім 

беру 


бағдарламасы 

аккредитациядан өтеді.  

Біз  болашақта  барлық  білім  бағдарламаларын  кезең-кезеңмен 

аккредитациядан өткізуді жоспарлап отырмыз. 

Университеттің  ең  жас  институты  -  «Сорбонна-Қазақстан» 

институты  –  ғылыми  білім  беру  және  мәдениет  салаларындағы  қазақ-

француз  әріптестігін  нығайтатын  алтын  көпір.  Ол  2014  жылғы  6 

желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 

пен  Француз  Республикасының  Президенті  Франсуа  Олландтың тікелей 

қолдауымен өмірге келген оқу ордасы, білім беру саласындағы екі елдің 

бірлескен  жобасының  жарқын  дәлелі.  Бұл  –  «Париж  қаласының 

Сорбонна»  университетінің  әлемдегі  екінші  және  ТМД  елдері  мен 

Орталық Азиядағы тұңғыш филиалы



 

Бұл  институтта  білім  беру  бакалавриат  пен  магистратураның 



қосарланған  диплом  бағдарламасы  бойынша  жүзеге  асырылуда. 

Университеттің 

аталған 

халықаралық 

жобаны 

жүзеге 


асыруы 

Еуропалық үлгідегі білім алуға жол ашты.  

Қазіргі  уақытта  122  магистрант  халықаралық  құқық,  халықаралық 

қатынастар, 

менеджмент, 

маркетинг 

саласында 

өз 

қызметін 



жалғастыруда 

 

Бакалавриаттың  үшінші  және  төртінші  курсының  үздік  студенттері 



Сорбонна  Париж  Консорциумының  мүшелері  болып  табылатын 

университеттердің бірінде оқуын жалғастыра алады. 

2016  жылы  «Сорбонна-Қазақстан»  институты  ең  алғашқы 

түлектерін ұшырды. Ал 2017 жылы  «Менеджмент» және «Халықаралық 

қатынастар» мамандықтарының 22 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен 

«Париж қаласының Сорбонна» университетінің дипломдарын қатар алып 

шықты. 

Бүгінде  университетте  білім  алушылар  саны            –  6  921:    оның 



ішінде  бакалавриатта  –  5619,  магистратурада  –  1115,  докторантурада 

Ph.D. 


– 187 білім алушы оқиды

Биылғы  жылы  бірінші  курсқа  2  665  студент  қабылдадық,  бұл 

былтырғыдан  15,2%-ға  артық,  соның  ішінде  білім  грантын  алғандар 

саны - 60%- ға артық. 



Университеттің  профессор-оқытушылардың  біліктілігі  мен 

құзіреттілігі білім сапасының кепілі болып саналатыны белгілі.  

Профессор-оқытушылар  құрамының  жалпы  саны  883  адам.        

Ғылыми  дәрежесі  мен  атағы  бар  ПОҚ  -  526  адам,  оның:  157  ғылым 

докторы,  профессор,  369  ғылым  кандидаты,  доцент,  оның  ішінде  25 

Ph.D. 


ғылым докторы, 121 ғылым магистрі. 

Сондай-ақ,  бізде  14  ҚР  ҰҒА  академиктері  мен  корреспондент-

мүшелері,  45  басқа  да  қоғамдық  академиялардың  академиктері,  19 

шығармашылық  одақтардың  мүшелері,  6  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы, 

12 спорт шебері жұмыс істейді. 

2016/2017 оқу жылында ҚР–ның мемлекеттік наградасымен 5, ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  наградасымен  12,  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ  - 158 әріптесіміз марапатталды.  

6  оқытушыға  «ЖОО–ның  озат  оқытушысы»  гранты  тапсырылды 

(

Есенова  К.О.,  Жунисова  М.А.,  Ибраева  К.Е.,  Искакова  А.Т.,  Рахметова 



Р.С., Тлебаев К.Б.).  

Біз үздік студенттеріміз бен оқытушыларымызды мақтан тұтамыз.  

2016/2017  оқу  жылында  біздің  9  студент  ҚР  Президенті 

стипендиясының  иегері  атанса,  өнер  институтының  магистранты 

Майра Нұрке Н.Назарбаев стипендияның иегері болды.  

Физика  кафедрасының  меңгерушісі,  КазНАЕН  корреспондент-

мүшесі,  физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор  

К.Б.Тлебаевтың 

«Радиационно-термические 

эффекты 

в 

теплофизических 

свойствах 

полимеров 

и 

композитов» 



 

монографиясы 2015 жылы Париждегі 35-ші Халықаралық кітап дүкенінің 



каталогына  кірді,  ал  2017  жылы  50  елдің  танымал  ғалымдары  мен 

мұғалімдердің  өзекті  ғылыми  жұмыстары  ұсынылған  Лондондағы  кітап 

көрмесіне  қойылды.  Бұл  -    ірі  саясаткерлердің,  ғалымдардың  және 

мәдениет  қайраткерлерінің,  жүз  мыңдаған  қонақтардың  назарын 

аударатын интеллектуалды оқиға. 

Заң ғылымдарының докторы, мемлекеттік және азаматтық құқықтық 

пәндер  кафедрасының  профессоры  Ермек  Бөрібаев  Халықаралық 

нотариустар  одағының  тарихында  алғаш  рет  жеке  мүше  ретінде 

сайланып,  Қазақстан  мен  Орталық  Азияда  беделді  халықаралық 

ұйымның жеке мүшелігі құрметіне ие болған тұңғыш өкілі болды.  

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығын  мерекелеу 

қарсаңында  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  мұражайы  мен 

А.Қастеев  атындағы  Мемлекеттік  өнер  мұражайы  өткізген  «Бабалар 

аңсаған  Тәуелсіздік»  тақырыбында  Республикалық  сурет  және  мүсін 

конкурсының  көрмесі  Өнер  мамандықтары  кафедрасының  аға 

оқытушысы Нұрлан Килибаев 3-орынға ие болды.  



2017 жылы алыс және жақын шетелден келген 75 ғалым дәріс 

оқып,    шеберлік-сыныптарын  өткізді.  Сонымен  бірге,  Париж 

қаласындағы  Сорбонна  университетінің  23  оқытушы  Сорбонна  – 

Казахстан» институтында білім берді. 



Кадрлар 

әлеуетін 

көтеруде 

профессор-оқытушылар 

құрамының біліктілігін арттыру өте маңызды. 

2016  жылы  әртүрлі  бағдарламалар  бойынша  196  оқытушы 

««Өрлеу»  біліктілік  көтеру  орталығы»  мен  Назарбаев  университетінде, 

сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасындағы  және  шетелдік  алдыңғы 

қатарлы университеттерде біліктілігін арттырды.  

52  оқытушы  БжҒМ-нің  мемлекеттік  тапсырысы  бойынша  ағылшын 

тіліне тереңдетілген біліктілік курсынан өтті. 

ПОҚ–тың  сапасын  арттыру  мақсатында  ағылшын  тілін  еркін 

меңгерген  жас  ғалымдар  мен  PhD  докторларды  ғылыми-педагогикалық 

жұмысқа тарту дәстүрі сақталады.  

Университет елімізде педагогикалық білім берудің сапасын арттыру 

мақсатында  негізгі  мақсат  ретінде  республиканың  педагогикалық 

институттары  мен  аймақтық  университеттеріне  кадрлар  дайындау  мен 

олардың біліктілігін арттыруды дамытуды анықтап отырмыз. Ол үшін біз 

мамандар  дайындаудың  құрылымын  өзгертіп,  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі білім берудің үлесін арттырамыз.  

Біздің  түпкі  мақсатымыз  университетте  білім  алушылардың  ішінде 

магистранттар мен докторанттардың үлесін 30 %-ға жеткізу. 

Бұл  әлемнің  жетекші  университеттеріндегі  жағдайға  сай  келеді, 

себебі  оларда  магистранттар  мен  докторанттар  үлесі  30-70  пайыз 

(мысалы,  Кембридж  университетінде–  35%,  Гарвардта  –  59%, 

Стэнфордта – 64%). 



 


 

Құрметті жұмыс берушілер! 

Студенттердің оқу жетістіктерін дамыту білім сапасының нысаналы 

индикаторларының бірі болып табылады.  

Біз білім сапасы мен құзіреттілігін кешенді тестілеудің 2016 жылғы 

нәтижесі бойынша педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынға ие болды. 

Кешенді  тестілеуге  27  мамандық  бойынша  562  студент  қатысып, 

орташа 98 балға ие болғанын мақтанышпен айта аламыз.  



217 

түлегіміз (14%) үздік дипломға ие болды. 

Педагогикалық  мамандықта  оқып  жүрген  студенттеріміз  үшін  бүкіл 

оқу 


кезеңінде 

педагогикалық 

тәжірибені 

үздіксіз 

жүргізіледі. 

Студенттеріміз өндірістік және педагогикалық тәжірибе базасымен толық 

қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда біз тәжірибе базалармен 170, олардың 

147 

келісім-шартты білім беру мекемелерімен жасадық. 

Сонымен  бірге  университеттің  Қапшағайда  «Ұстаз»  деп  аталатын 

оқу-өндірістік  комбинатында  студенттердің  далалық  практикасы, 

плэнерлері өткізіледі.  

Түлектерімізді  биылғы  оқу  жылында  жұмыспен  қамтуға  90,4%    қол 

жетіп отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен едәуір жоғары.  

Университет  түлектерді  тиімді  жұмысқа  орналастыру  үшін  жыл 

сайын дәстүрлі Вакансиялар жәрмеңкесін өткізеді.  



«Түлектер  -  2016»  бос  орындар  жәрмеңкесіне  800  бакалавриат 

түлектері және 112 жұмыс беруші қатысты, олар 1289 бос жұмыс орнына 

ұсынды, 669 резюме алды. 

Біздің түлектердің жұмыс берушілері  Алматы қаласы мен Алматы 

облысының  оқу  мекемелері  ғана  емес,  елдің  барлық  аймақтары  да 

болып  табылады.  Түлектердің  жалпы  санынан  Алматыда  жұмысқа 



орналасқандары  -  27%,  Алматы  облысында  -  49%,  Оңтүстік 

Қазақстан облысында - 7%, Ақмола облысында - 5%. Еліміздің басқа 

өңірлерінде  унверситеттің  түлектері  1  ден  5  %  -ға  дейін  жұмыспен 

қамтылды. 

Бакалавр    түлектердің  жұмысқа  орналасуының  жоғары  деңгейі 

«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы 

арқылы қамтамасыз етіледі.  

Біз  алдағы  уақытта  жұмыс  берушілермен,  әсіресе  әкімдіктер  және 

білім  басқармаларымен  жұмысты  қайта  құруды  жоспарлап  отырмыз. 

Арнайы келісім-шарт жасасып, онда тек қана студенттердің тәжірибеден 

өтуі,  түлектердің  жұмысқа  орналасуы  ғана  емес  мектеп  мұғалімдерінің 

біліктілігін арттыру мен білім сапасын көтеру мақсатындағы жұмыстарды 

қарастырамыз.    



 

 

Құрметті қонақтар! 

Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

программалық  мақаласында  айтылған  міндеттер  мен  жобаларды  іске 




 

асыру  үшін  университет  ұстаздары  мен  ғалымдары  ерекше 



құлшыныспен жұмыс жасауда.  

Мамыр айында университетте Жоба офисі ашылды. Қазір алдағы 

үлкен істердің жоспары тағы да пысықталуда. 

Осы бағыттағы бір мәселеге ерекше тоқтап кеткім келіп отыр. Ол - 



қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. 

Біз Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі білім берудің дамуына 

пәрменді әсер етеді деп санаймыз. 

Елбасының осы ауқымды жобасы білімнің жаңа мазмұнын анықтап, 

жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасауға бағыттайды. 

 

Қазақ  тілін  латын  әліпбиіне  көшіруде  Абай  атындағы  ҚазҰПУ 

педагогикалық  білім  берудің  алдыңғы  қатарлы  орталығы  ретінде 

ғылыми-теориялық 

және 

ғылыми-әдістемелік 

қолдауды 

қамтамасыз етеді.  

Университетте  өткен  «Рухани  жаңғыру  жағдайында  латын 

графикасына  көшудің  өзектілігі»  дөңгелек  үстелінде  ғалымдары  қазақ 

тілін  латын  әліпбиіне  көшіруде  кездесетін  фонетика,  емле,  қазақ  тілінің 

грамматикасы  саласындағы  лингвистикалық  мәселелерді  шешуге 

ғылыми-әдістемелік 

қолдау 

көрсете 


отырып, 

өз 


үлестерін 

қосатындықтарын айтып кетті.  

Университет  профессорлары  мектеп  және  ЖОО  оқулықтарының 

басым  көпшілігінің  авторлары  болып  табылады.  Сол  себепті, 

университет ғалымдарының алдында орта мектеп оқулықтарының жаңа 

құрылымы мен мазмұнын анықтау міндеті тұр. Бұл мәселені шешу үшін 

біз  әлемнің  үздік  білім  беру  жүйелерінің  (Оңтүстік  Корея,  Жапония, 

Сингапур,  Финляндия)  және  әлемдегі  жетекші  баспалардың  (Pearson, 

Longman,  Macmillan)  тәжірибесі  мен  оқулықтарын  талдау  жасауды 

жоспарлап отырмыз. 



 

Құрметті әріптестер!  

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті    өз 

болашағын  зерттеу  университеті  ретінде  дамыту  бағдарын  қолға 

алуда.  


Бүгін  университетте  ҚР  БжҒМ  нің  зерттеу  тақырыптарын  грантпен 

қаржыландыру бойынша – 13 жоба жасалады. Университет бюджетінде 



ғылымның үлесі 3%-дан төмен.  

Университеттің  ғалым-педагогтары  2016  жылғы  ҚР  мемлекеттік 

Стандартына сай қазақ және орыс тілдерінде  190 пән бойынша типтік 

бағдарлама  жасады.  Оның  ішінде  156  -  бакалавриат;  32  пән 

магистратура; 2 пән Ph.D. докторантура бойынша жасалды. 

Ғылыми  зерттеу  нәтижелерін  ендіру  қанағаттанарлық  деңгейде  

жүзеге асуда.  



Оқу үдерісіне  33 монография, 71 оқу құралы, жоғары оқу орнына 

арналған  2  оқулық,  орта  мектепке  арналған  229  оқулық  пен  оқу 




 

құралдары,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  17  оқулық  және  153  оқу-



әдістемелік құралдар жарық көрді.  

Университет  оқытушылары    2016  жылы    4199  ғылыми  жұмысты 



жариялады,  соның  ішінде:  76  монография,  шет  елдік  баспада  10 

монография  шықты;  128  ғылыми  мақала  Thomson  Reuters  (14), 

Scopus (114)  

импакт-факторлы шет елдік журналдар да басылды.  

Мемлекет 

басшысы 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

«Бес 


институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» 

ұлт жоспарында қойылған міндеттер негізінде университет ғалымдары 



«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  тұжырымдамасын,  

«Мәңгілік Ел» оқу курсының бағдарламасын қазақ және орыс тілдерінде 

дайындады.  

2017  жылдың  26  қаңтарында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-да 

Францияның  Сыртқы  істер  министрлігі  мен  Франция  Елшілігінің 

қолдауымен  ұйымдастырылған  «Идеялар  түні  -  бір  әлем»  ауқымды 

халықаралық  ғылыми-мәдени  шарасы  Францияның  Қазақстандағы 

Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Фрэнсис  Этьен  мырзаның,  Франциядағы 

Қазақстан 

Республикасының 

Бас 

консулы 


Патрик 

Ренардың, 

Қазақстандағы  Франция  Елшілігінің  Кеңесшісі  Гийом  Касперскийдің, 

ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың қатысуымен өтті. 

Бұл  іс-шараға  500-ден  астам  қонақтар  қатысып,  бүкіл  әлем 

бойынша 


бір 

уақытта 


онлайн-трансляция 

жасалды. 

Сорбонна-Қазақстан  Институтының  түлектері  пікірталасқа  белсенді 

қатысып, шараның қонақтарының сұрақтарына жауап берді. 

  

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар! 

Білім  алушылардың  ғылыми  зерттеу  жұмысы  кадрларды 

даярлау сапасын жоғарылатудың, сонымен қатар, білім берудің ғылыми-

білімдік  парадигмасын  жүзеге  асырудың  маңызды  құралы  болып 

табылады.  

2016 жылы 16 ғылыми іс - шара ұйымдастырылды 

«Мәңгілік  Ел  ұлттық  идеясы,  Қазақстан  Республикасы  жоғары 

білім  берудің  жүйеқұрастырушы  факторы  ретінде:  мәселелері  және 

оны  жүзеге  асыру  жолдары»  халықаралық    ғылыми-практикалық 

конференция,  «Қазақстан  Республикасы  педагогикалық  білім  беруді 

жүйелі  жаңарту:  проблемалары,  шешу  жолдары»  халықаралық  

ғылыми-практикалық 

конференция, 

ҚР 

БҒМ 

бастамасымен 

ұйымдастырылған  «Жүсіп  Баласағұн:  адамгершілік  педагогикасының 

қайнар  көзі    және  заманауилық,    көрнекті  түркі  ойшылы  

Ж.Баласағұннның  1000-жылдық  құрметіне  орай    дөңгелек  үстел 

халықаралық деңгейде өткізілді. 

2017 жылдың 17 - 23 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 

студенттері «Spring FRESH - 2017» халықаралық білім берудің студенттік 

сайысына қатысты. 




 

 



«Қазақстан  жаңа  жаһандық  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  

ғылыми-практикалық  конференциясы,  Қазақстан  Республикасы  Бірінші 

Президенті  күніне  арналған  «Ел  мерейі  –  Елбасы»  апталығы 

республикалық деңгейде өткізілді

2016  жылы  дәстүрлі  жыл  сайын  өткізілетін  студенттер  мен 

магистранттардың  71-ші    ғылыми  конференциясында  66  секция 

жұмыс істеді, оған 1105 студент және 441 магистрант қатысты. 

«Білім  беру»  бағыты  бойынша  ҚР  БжҒМ  базалық  университеті 

ретінде    университет  жыл  сайын  магистранттар  мен  студенттердің 



Республикалық ғылыми-зертеу жұмыстарының 2-ші турын өткізеді 

2016  жылы  33  студент    және  55  магистрант  ғылыми  байқау 

жеңімпаздары болды

164 

білім  алушы  олимпиада  және  байқаулардың  жеңімпаздары  

болды, оның ішінде 10 – халықаралық,  154 –республикалық олимпиада 

және байқауларда.  



Жаңа  білім  берудің  ғылыми  және  ғылыми-педагогикалық 

кадрларын  тиімді  дайындау  үшін  біз  білім  мен  ғылымды  біріктірудің 

инновациялық шетелдік тәжірибесін кеңінен қолданамыз. 

2016 жылы 595 магистрант және 23 докторант  Еуропа, Америка, 

Азияның 


Оңтүстік-Шығысының 

ғылыми 


орталықтары 

мен 


университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.  

2016 жылы докторанттардың 337 мақаласы,  магистранттардың 622 

мақаласы  шет  елдік  және  отандық  журналдарда,  халықаралық  және 

республикалық  конференцияларда  жарияланды,  соның  ішінде    56 

мақала  –Thomson  Reuters,  Scopus,  РИНЦ  ақпараттық  базасына  енетін 

ғылыми журналдарында жарық көрді. 

Университетте  Ph.D.  философия  докторы  диссертациясын  қорғау 

жөніндегі 

«Білім» 

(Гуманитарлық 

ғылымдар), 

(Жаратылыстану 

ғылымдары)  және  (Педагогикалық  ғылымдар)  бағыттары  бойынша  үш 

кеңес жұмыс істейді. 2016 жылы 22 диссертация қорғалды. 

Алдағы  уақытта  университеттегі  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын 

жандандыру мақсатында біз келесі жұмыстарды жүргіземіз: 

1. 

Университет  ғалымдарының  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 



айналысуына  мүмкіндік  жасау.  Ол  үшін  ғалымдардың  Министрлік  және 

басқа  жақтардан  ғылыми  зерттеу  гранттарын  немесе  басқа  жобаларды 

жеңуіне қолдау көрсету. 

2. 


Ғылыми зерттеуді жобалық қаржылау принципіне көшіру.  

3. 


Университет  бюджетіндегі  ғылыми-зерттеуге  арналған  қаржы 

көлемін арттырып, алдағы 3 жылда кемінде екі-үш есе көтеру. 

4. 

Ғалымдардың  жетекші  журналдарда  мақала  жариялануына 



ынталандыру жүйесін енгізу.  

5.   


Ғылым мен инновациялық парктің қызметін қайта ұйымдастыру. 

6. 


Әлемнің  жетекші  ғалымдары  мен  орталықтарымен  бірлескен 

зерттеулерді ынталандыру 




10 

 

7. 



Педагогикалық  технологиялар  орталығын,  мамандандырылған 

педагогикалық зертханаларды құру. 



 

Құрметті қонақтар, шет ел дипломатия қызметінің өкілдері! 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  

қызметінде халықаралық ынтымақтастық маңызды орын алады. 

Бүгінгі таңда Абай атындағы университет 11 халықаралық ұйымдар  

мен ассоциацияларға мүше.  

Әлемнің 

36 

мемлекетіндегі 

шетелдік 

университеттермен 

бірлескен  жұмыстар  бойынша  180  келісімшарт,  меморандум,  келісім 

жасалды, 

оның 


ішінде 

20 

келісімшарт 

ТОП-500 

әлемдік 


университеттердің 

келісіміндегі 

Академиялық 

рейтингтегі 

университеттермен  жасалған.  (The  Academic  Ranking  of  World 

Universities, ARWU). 

2016  жылдың  маусымында  Ұлыбританияның  Кембридж  және 

Сассекс  университеттерімен  екі  келісімшартқа  қол  қойылды.  Бұләлем 

университеттерінің  ғылым  және  білім  беру  саласында  Абай  атындағы 

КазҰПУ-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендігін білдіреді. 

2016 жылы желтоқан айында Абай атындағы ҚазҰПУ франкофонды 

университеттер  Ассоциациясына  енді  (AUF).  Бұл  мүшелік  әлемдегі 

франкофонияны  тарату  және  жарнамалауға  ықпал  ететін  ғылыми 

жобаларды қаржыландыру байқауларына қатысуға мүмкіндік береді.   

Халықаралық  рейтингтердегі  негізгі  компоненттердің  бірі  – 

интернационалдандыру, ол  шетелдік студенттер мен ұстаздардың саны. 

2016/2017 

оқу жылында университетте 230 шетелдік студент (3,5%

оқыды.  Олар  Қытай,  Корея,  Ауғанстан,  Түркия,  Ресей,  Моңғолия, 

Өзбекстан және т.б. елдерден келген. Алда олардың үлесін 5-7 пайызға 

дейін арттыруды жоспарлаймыз. 

      


Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

«Орталық  Азиядағы  білім  беру  орталығын  дамыту  және  ғылымды 



жаңғырту»  бастамасы  аясында  университетте  маркетингтік  науқандар 

негізінде Орталық Азия, Моңғолия, Қытай және басқа елдердің шетелдік 

студенттерін  тарту жоспарлануда. 

Университет  Академиялық  ұтқырлық  үрдісін  дамытуға  ерекше 

мән  береді.    Біз  серіктес-  жоғары  оқу  орындарымен  баламалы  өзара 

алмасу  сондай-ақ,  Erasmus  +  жобасы,  шет  мемлекеттер  үкіметтері 

ұсынған басқа да жобаларды пайдаланамыз. 

Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  аясында  51  білім  алушы 



оның  ішінде,  28  студент  пен  23  магистрант  семестірлік  оқу  курсынан 

өтті.  


Біздің 

студенттеріміз 

Померан 

академиясында 

(Польша), 

Париждегі  Cite  және  Perpignan  Via  Domitia  (Франция),  Цукуба 

университеті  (Жапония),  Литва  Эдукологиялық  университеті,  Вильнюс 

университеті,  Каунас  техникалық  университеті,  Миколас  Ромериас 

университеті, Гази  университеті және Эрзинджан университеті (Түркия), 



11 

 

Ланжоу  университеті,  ІЛЕ  педагогикалық  университетіндеріне  білім 



алды.  

Сонымен  қатар,  оқу  жылында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-да 

эквиваленттік  студенттік  алмасу  жағдайында  Іле  педагогикалық 

университетінен (ҚХР) 40 студент білім алды.  

Қазақтың ұлы ойшылы данышпан Абайдың мұраларын насихаттау, 

оны ұлықтау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 

абыройлы борышы екенін жақсы білесіздер. 

Осы  мақсатпен  университет  қаржысы  есебінен  Қытай,  Вьетнам, 

Түркия  университеттерінде  Абай  атындағы  4  халықаралық  білім  беру 

орталықтары жұмыс істейді. 

Мәдени-білім  беру  орталықтарының  қызметі  –  Қазақстан  тарихы 

мен  мәдениеті,  елтану  тәрізді  әртүрлі  семинарлар  өткізу  арқылы    Абай 

мұраларын  танымал ету.   

Абай  орталықтары  халықаралық  білім  мен  ғылым  кеңістігін 

интеграциялауға,  университеттің  шетелдегі  саяси  имиджін  көтеруге 

қызмет атқарады. 

Біздің  университетте  «Қазақ-Қытай инновациялық  даму  және  білім 

орталығы»  және  Вьетнам  мәдени-білім  орталығы  ашылды  және  2017 



жылдың  3-ші  мамырында  Вьетнам  Социалистік  Республикасының 

негізін  қалаушы  Хо  Ши  Миннің  өмірі  мен  қызметі туралы  «Хо  Ши  Мин» 

кітабының  тұсаукесері  өтті.  Бұл  іс-шара  Вьетнам  Социалистік 

Республикасының Елшілігінің қолдауымен Орхон баспасының көмегімен 

ұйымдастырылды. 

 

Құрметті ата-аналар!  

Университет  қызметі  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  патриоттық  идеясы 

негізіндегі  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  әлеуметтік 

жауапкершілігі  жоғары,  азаматтық  ұстанымы  бар  түлектер  мен  жоғары 

мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.  

Тәрбие  жұмысының  басымдықтары  қазақстандық  патриотизмді 



қалыптастыру,  лаңкестікке  және  діни  экстремизмге  қарсы 

идеологиялық 

жұмыстар, 

қылмыстың 

алдын-алу 

және 

жемқорлыққа  нөлдік  төзімділікті  қалыптастыру,  салауатты  өмір 

салтын қалыптастыру мақсаттарын  іске асыруға ықпал етеді.  

Университеттің  тәрбие  жұмысы  дәстүрлі  тәрбиешінің  орнына 

«Тәлімгерлік  жүйе»  бойынша  іске  асырылып  келеді.  Бұл  жүйенің 

ерекшелігі 

барлық 

профессор-оқытушылар 



құрамы 

және  


қызметкерлерді  студенттер  тәрбиесіне,    білім  алушылардың  тәрбие 

жұмысына  100%  қамтиды.  Білім  беру  ағымында  әрбір  оқытушы  және 

қызметкер  5  студентке  тәлімгер  болады.  2016/2017    оқу  жылы    718 

тәлімгер  жұмыс  істеді.  Тәлімгерлік  жүйенің  нәтижесінде  соңғы  бес 

жылда  студенттер  тарапынан  бір  де  бір  тәртіп  бұзу  фактісі 

тіркелген жоқ. 



12 

 

Тәрбиелік  жұмыс  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің 



Қоры, «Жас Отан» жастар қанаты,   Универсиада-2017 басқармасы,  G38 

жастар  ұйымы, 

«Екі  қанат»  Ғылыми  Өнідірістік  бірлестігі, 

«Жанашыр» 

орталығы,  «Жігер»  қайырымдылық  қоры,  «Волонтерлар  лигасы», 

Алматы қаласындағы «Болашақ» дебат орталығы, «Жайдарман» лигасы 

сынды ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. 

Есептік кезеңде жоспар бойынша 648, жоспардан тыс 88,  барлығы 

736  іс-шара  ұйымдастырылды.    Маңызды  іс-шаралар:  «Конституция 

күні»,  «Білім  күні»,  «Ұстаздар  күні»,  «Қазақстан  халықтары  тілдер 

күні»,  «Студенттер  қатарына  қабылдау»,  «Студенттік  онкүндік», 

«Абай айтады...», «Абай даңғылы күні» танымдық акциясы, «Жұмадағы 

жылулық» 

қайырымдылық 

акциясы, 

«Таза 

қоғам» 

сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  акция,  «Бірінші  Президент  күні»  қайырымдылық 

акциясы,  «Жаңа  жылдық  студенттік  бал  кеші»,  «Әйел-әлем  анасы», 

«Төрле төріме, әз Наурыз» сынды мерекелік іс-шаралар қатары. 

2016 жылдың маңызы зор оқиғалары: Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігіне  25  жылдығы,  Алматы  қаласының  1000  жылдығын, 

Желтоқсан  оқиғаларының  30  жылдығын  және  Әлихан  Бөкейхановтың 

туғанына 150 жылдығын  атап өту бойынша іс-шаралар кешені болып 

табылады. 

Елбасының   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік»      Жолдауын  талқылау  жалпы  университеттік  деңгейде 

өткізіліп,  аталмыш  құжаттың  басымдық  бағыттарын  түсіндіру  жоспары 

бектіліп, үгіт-насихат тобы құрылды. 

Жастардың  бойында  қазақстандық  патриотизмді  дамыту  мен 

нығайту және белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру мақсатында 

Елбасының бағдарламалық құжаттары мен «Болашаққа бағдар: рухани 



жаңғыру»  атты  мақаласын  насихаттау  мен  іске  асыру  мақсатында 

кешенді жұмыстар жүргізілді.  

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстанды  үшінші  жаңғырту:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауын  талқылауға  арналған  республикалық 

ғылыми-практикалық  конференцияға  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Соттың  Төрағасы  Қайрат  Мәми  мен  Қазақстан  Республикасы 

Конституциялық  Кеңесінің  Төрағасы  Игорь  Рогов  қатысты.  Сонымен 

бірге, 


университет 

қызметкерлерінің 

Қазақстан 

Республикасы 

Парламенті 

Мәжілісінің 

депутаты 

Г. 

Исимбаевамен 

кездесуі 



ұйымдастырылды. 

Алматы  қаласының  әкімдігімен  бірлесе  отырып,  «Туған  жер» 

бағдарламасының аясында іс-шаралар жоспары әзірленді. 

Студенттердің  діни  сауаттылығын  көтеру,  экстремизм  мен 

терроризмнің алдын алу бойынша 13 іс-шаралар өткізілді.  

Алматы  қаласы  Дін  істері  жөніндегі  басқарма  өкілдерінің 

қатысуымен  «Діни  сауаттылық  және  экстремизм  мен  терроризмнің 

алдын  алу  онкүндігі»,  Д.Қонаев  атындағы  Еуразия  заң  академиясымен 




13 

 

бірлесіп  «Діни  экстремизм  және  терроризмге  қарсы  тұру:  кедергілер 



және оны шешу жолдары» дөңгелек үстел. «Жастар және дәстүрлі емес 

діни ағымдар» семинар  өткізілді.  

Тәрбие  жұмысындағы  басым  бағыттардың  бірі  –  құқықтық 

сауаттылықты  көтеру  және  жастар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың 

алдын  алу.  Аталған  басымдықты  жүзеге  асыру  мақсатында  «Құқықтық 

сауаттылық»  он  күндігі  ұйымдастырылып,  «Азаматтық-құқықтық 

жауапкершілік  және  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу»  тақырыбында 

Медеу  ауданы  ІІБ  басшысының  орынбасары  А.Нұрқанатпен  кездесу 

ұйымдастырылды.  

Университетте  студенттерде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

мәдениетті  қалыптастыру  және      кез  келген  жемқорлыққа  төзбеушілікке 

тәрбиелеу  бойынша  жұмыстар  жүргізіліп  отырады.  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  комиссия  құрылған,  Ректор  поштасы  жұмыс 

істейді, жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп отырады. 

2016 


жылдың 

қыркүйек 

айында «Бес 

институционалдық 

реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты  қадам»  ұлт  жоспарында 

жүзеге  асыру  аясында  жемқорлыққа  қарсы  саясатты  жүзеге  асыру 

мәселелері  жөніндегі  Алматы  қаласы  Әкімдігінің  Қоғамдық  кеңесінің 

Тәуелсіз  жаттықтырушысы  А.И.Братенкованың  қатысуымен  семинар-

тренинг ұйымдастырылып өткізілді. 

Алматы  қаласы  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  департаментінің  бастамасымен  2017 

жылдың  31  мамырында  Алматы  қаласының  жетекші  жоғары  оқу 

орындарының  арасында  біздің  университетте  жемқорлыққа  қарсы 

Хартияға қол қойылды. 



Әлеуметтік-мәдени саясат интеллектуалды, рухани, адамгершілік 

және  физикалық  дамуға  негізделген  жастар  бастамаларын  қолдауға 

бағытталған. 

Ұлтаралық  бейбітшілік  пен  келісім  ахуалын  қалыптастыру  үшін 

университетте  44  студенттік  ұйым,  13  үйірме,  2  шығармашылық 

бірлестік,  3  жасақ  және  түрлі  ұлттың  37  білім  алушыларынан 



құралған«Бірлік» атты студенттік ассамблея жұмыс істеп келеді.  

«Біздің  Отанымыз  -  Қазақстан»  фестиваль-байқауы,  Мұкағали 

Мақатаев  шығармашылығына  арналған  «Өмір  саған  өкпем  жоқ...» 

тақырыбындағы 

университетішілік 

іс-шараларға 

студенттердің 

қызығушылығы мен белсенді қатысуы байқалды.  

Есептік 

кезеңде 


университетішілік 

60 


спорттық 

іс-шара 


ұйымдастырылған. Университеттің спортшылары 20 университетішілік, 5 

аудандық,  18  қалалық,  1  халықаралық  әртүрлі  спорттық  жарыстарға 

қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.  

 

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс студенті  Барах 



Мейрамбек қазақша күрестен республикалық «Студенттік Барысы-2016» 

турнирдің  жеңімпазы  атанып,  28-ші  Бүкіләлемдік  қысқы  универсиада  -

2017» алау ұстаушы құқығына ие болды. 



14 

 

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4 курс студенті Лаззат  



Мынжасарова  Қазақстан  ұлттық  хоккей  командасының  құрамында 

Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысты. 

ЖОО-ның  студенттері  «Үздік  жанкүйерлер»  байқауына  онлайн-

дауыс 


беру 

нәтижелері 

бойынша 

дайындалған 



«ҚазҰПУ 

Универсиаданы  қолдайды»  видеоролигі  Алматы  қаласының  жоғары 

оқу орындарының арасында 1 орын алды. 



Мәдени-әлеуметтік  саясат  жастардың  бастамасымен    білім 

алушылардың  интеллектуалдық,  рухани-адамгершілік,  және  дене 

дамуына қолдау көрсету бағытын көздейді. «Әлеуметтік педагогика және 

өзін-өзі тану» мамандығының студенттері «Мейірім» клубы волонтерлық 

қайырымдылық  қозғалысында  «Сен  болмасаң,  кім  онда..»,  «Жақсылық 

жасауға 


асығыңыздар...», 

«Жанынан 

жай 

өтпеңіздер...» 



тақырыптарындағы жобаларды жүзеге асыруда.  

Біздің  70  студент  28-ші  Бүкіләлемдік  қысқы  Универсиадаға 

волонтер  ретінде  қатысса,  20  студентіміз  ЭКСПО-2017  халықаралық 

көрмесіне жіберілді. 

Университет  қаржысы  есебінен  100-  ден  астам  оқытушылар  мен 

студенттер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін көріп қайтты. 

2016/2017 оқу жылының қорытындысы бойынша Университеттің 16 

студенті  қалалық,  республикалық  олимпиадалардың,  конкурстар  мен 

спорттық  жарыстардың  жеңімпазы  болды.  Мысалы,  Хоменко  Олеся 

«Күміс  көмей,  жез  таңдай»    дәстүрлі  әндер  конкурсында  «Ару  әнші» 

атағын,  Аманбаев  Сұңғат  «Абайды  білмек  керек  ойлы  жасқа»  қалалық 

поэзия жарыстарында бас жүлдені жеңіп алды.  

  

«Атамекен»  пікірсайыс  клубының  командасы  Оңтүстік  Қазақстан 



облысының  әкімінің  кубогын  жеңіп  алды,  КВН  «Апорт»  командасы 

«Жайдарман» Республикалық КВН фестивалінде 3-ші орын алды. 

Студенттерге 

жайлы 


психологиялық 

ахуал 


орнату 

және 


психологиялық  көмек  көрсету    үшін  емтихандық  сессия  кезінде 

әлеуметтік-психологиялық 



көмек 

Штабы 


құрылды. 

Сессия 


қорытындысы 

бойынша 


университетте 

жемқорлықты 

анықтау 

мақсатында студенттер арасында сауалнама алынып, «Таза сессия»  

жұмысы жүргізіледі 

Студенттер  арасында  кеңестік-үйлестіру  қызметін  көрсету  үшін 

Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді, сенім телефоны 

бар. 


Жастарды еңбекпен қамту мақсатында 2016 жылғы маусым айынан  

тамыз айына дейін «Жасыл Ел» және «Студенттердің құрылыс отряды» 

2  еңбек  отряды  жұмыс  жүргізді.  Жазғы  еңбек  семестрінің  шеңберінде 

СҚО 40 адам, «Жасыл Ел» ЕО 39 адам еңбек етті. Жыл қорытындысы 

бойынша  Абай  атындағы  ҚазҰПУ    Алматы  қаласы  бойынша  «Ең  үздік 



еңбек отряды»  атағына ие болды. 

Университет  тәрбие  жұмысының  танымдылығын  қалыптастыру 

және  тарату  мақсатында  жыл  бойы  барлық  маңызды  іс-шаралар 



15 

 

«Қазақстан», «Хабар»,  «31 канал», «СТВ», «Алматы» телеарналарында 



көрсетілді.  Республикалық  және  қалалық  газеттерде  106  мақала,  26 

ғылыми  мақала  жарияланып,  52  бейнетүсірілім,    тәрбие  жұмыстары 

бойынша 

200-

ден 

астам 


ақпараттар 

университеттің 

сайтына 

орналастырылған. 

Студенттерге,  оның  ішінде  ата-ананың  қарауынсыз  қалған  және 

жетім балаларға әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетуге ерекше 

назар аударылады.  Атап айтқанда, 2016/2017 оқу жылы  университет 

өз  есебінен  толық  жетім  (42  адам)  тегін  тамақтандыруды 

ұйымдастырды, ай сайын 10 000 мың теңге көлемінде материалдық 

көмек  беріліп  тұрады,    бітіруші  8  жетім  студенттерге  80 000  мың 

көлемінде  бір  реттік  материалдық  көмек  берілді.  36  мүгедек-

студенттерге  тегін  медициналық  қызмет  көрсетіледі.  Жатақханаға 

27 студент тегін орналасты.  

Отбасылық жағдайы төмен 522 студенттің оқу төлем ақысына 50% 

жеңілдік жасалды.  

Биылғы оқу жылында бірінші курсқа түскен 6 жетім студентті бірінші 

курста университет есебінен ақысыз оқыту туралы шешім қабылдадық. 

 

Құрметті әріптестер, білім алушылар!  

Университеттің дамуының маңызды басымдықтарының бірі басқару 

тиімділігі мен инфрақұрылымды дамыту болып табылады. 

 

«Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті» 



шаруашылық 

жүргізу 


құқығындағы 

республикалық 

мемлекеттік 

кәсіпорыны  жанындағы  Байқау  кеңесі    автономдық  принципін  енгізу 

және шешімдерді алқалы түрде қабылдау үшін құрылған. 

2016  -2017 

жылдары төрт жиналыс өтті, онда 20-дан астам шешім 

қабылданды.  2016  жылға  арналған  қаржы-шаруашылық  қызметі  туралы 

есеп қаралды, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2017-2021 жылдарға арналған 

даму жоспары, Абай атындағы ҚазҰПУ даму стратегиясын жүзеге асыру 

туралы есептер және т.б.және мақұлданды.  

Байқау кеңесі шешімімен университет қызметінің басым бағыттары 

мен даму жоспарының жетістіктері анықталды.  

Университет білім нарығындағы бәсекелестік талабына сай келетін, 

білім  алушыларды  қызықтыратын  қосымша  құндылықтарды  қамти 

білетін Сандық (Цифрлық) университет болуы қажет.  

Университетте  дамудың  жаңа  тенденцияларына  сай  барлық 

қызметін  цифрлық  технологиялар  негізінде  жүргізіп,  университеттің 

құрылымдық бөлімшелері арасында  бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға, 

сандық  кітапхана  және  сандық  кампус,  қашықтықтан  оқытуды  және 

онлайн оқыту жұмыстарын іске асыруды жоспалап отырмыз.  

Сандық инновация іс-әрекеттері: сандық маркетинг, білімді басқару, 

сатып алуды басқару, талапкерлер мен студенттермен қарым-қатынасты 

яғни, университеттің ішкі жұмыс түрлерінің тиімділігін арттырады.  




16 

 

Алға 



қойылған 

мақсаттар 

мен 

міндеттерге 



жету 

үшін 


менеджменттің    стилі,  принциптері  мен  жалпы  басқару  жүйесін 

сапалы өзгерту қажет.  

Стратегиялық  басқару  саласында  университетті    тиімді  басқару     

Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Стратегиясының  орта  мерзімді  болашағына 

міндеттерін,  мақсатты  көрсеткіштерін  және  тікелей  нәтижелерінің 

көрсеткіштерін нақтылап алуды қажет етеді.  



Операциялық  менеджмент  саласында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ 

жүйесінде 

«

Қызметті  бағалау  критерийлерін»,    әзірлеп,  бекіту 



жоспарланып  отыр,  Әкімшілік  басқару  қызметкерлері)  үшін  тиімді 

келісімшарттарды  жүзеге  асырып,  қызметкерлерді  дамыту  бойынша 

шаралар қабылдау жоспарлануда.  

Қаржылық  менеджмент  саласында  университет  бюджет  жүйесін 

жетілдіруге ниетті. 

Университет  білім  беру  қызметтерін  ұсыну  мүмкіндігін  қамтамасыз 

ете  алатын    материалдық-қаржы  активтерімен  қамтамасыз  етілген. 

Материалдық-техникалық  база  оқу  үдерісіне  қажетті  компьютерлік  және 

оргтехникалық  оқу  материалдарына  қажетті    инфрақұрылым  жүйесімен 

қамтылған.  

Білім  беру  үдерісі    жалпы  аумағы  54 мың  шаршы  метрді 



құрайтын 15  оқу корпусында (24 компьютерлік сыныпта, 15 лингофон 

кабинетінде,  45  оқу  және  ғылыми  зертханаларда,  44  шеберханаларда, 

38 интерактивті дәрісханаларда және т.б.)өткізіледі.   

Дене  шынықтырумен  шұғылдану,  белсенді  демалыс,  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру  үшін    жалпы  аумағы  100 000  шаршы  метр 

«Спартак»  спорт  кешені  (спорт  залдары,  футбол  ойнайтын  алаң, 

жүгіру жолағы, әскери даярлыққа арналған алаң) бар. 

Профилактикалық  және  шұғыл  медициналық  көмек  көрсету  үшін 



Денсаулық сақтау пункті жұмыс істейді.  

Студенттердің  мезгілінде  тамақтануын  ұйымдастыру  үшін    барлық 

оқу корпустарында жалпы аумағы  1 000 шаршы метр болатын асхана 

мен буфеттер қызмет көрсетеді. 

Университетте    жалпы  аумағы  17 мың  шаршы  метр  болатын 



тұрмысқа жайлы 5 жатақхана бар. Жатақханалардың барлығында Wi-

Fi  интернетке  қосылу  қолжетімді.  2016/2017  оқу  жылы    жатақханаға 



мұқтаж  студенттердің  57%    студенттік  жатқханалармен  қамтамасыз 

етілді, 2017 жылы – 51 %.  

Студенттердің  тәжірибелік  практиканың  барлық  түрлерінен  өтуі, 

сондай-ақ  демалысы  Қапшағай  су  қоймасындағы  оқу-өндірістік 



кешенінде ұйымдастырылады.  

Білім  беру  үдерісін  ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз  ету 

жұмысын  кітапхана  жүзеге  асырады.  Университет  кітапханасының  оқу 

залдары  тек  оқу  корпустарында  ғана  емес,  сондай-ақ  студенттік 

жатақханаларда да бар. 

Кітапхананың  кітап  қоры  мемлекеттік,  орыс  және  қазақ  тілдерінде 




17 

 

университет  бағытына  сәйкестендіріліп,  білімнің  әр  салалары  бойынша 



ұснылған.  

Кітапхананың  негізгі  кітап  қоры  білімнің  барлық  салалары 

бойынша  құжаттамалардың  әр  түрінің  1 млн.  бірлігін  құрайды,  оның 



ішінде  мемлекеттік  тілде  703  мыңнан  аса  кітап  бар,  электронды 

нұсқада  –  6  мың.  2016  жылы  578  аталымда  14  мыңнан  аса  әдебиет, 

оның  ішінде  4  мың  мемлекеттік  тілде,  5  мың  орыс  тілінде,  5  мың  шет 

тілінде алынды. 

Университеттің  материалдық  базасын  дамыту  үшін,  білім  берудің 

әлемдік стандартына сай келетін білім берудің жайлы сервистік түрлерін 

құру жағын қолға алуымыз қажет.  

Бүгінде  біздің  университеттегі  елеулі  проблемаларға:  оқу 

процесінің  ескірген  ресурстық  жағдайын,  жатақханалардағы  орын 

жетіспеушілігі және олардың жағдайының қазіргі заманғы талаптарға сай 

еместігін және т. б. жайттарды жатқызамыз.  

Бұл  бағыттағы  мақсатымыз  -  университетте  студенттерге  ашық  



әрі жайлы ортаны, мейірімділік ахуалын құру. 

Қолайлы  жұмыс,  оқыту,  өмір  сүру  және  бос  уақытты  өткізу 

шарттары,  психологиялық  және  моральдық-моральдық  климатты 

жақсартуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға әсер етеді. 

Сол үшін біз Студенттерге қызмет істеудің бірыңғай орталығын 

құруды  жоспарлап  отырмыз,  ол  «бір  терезе»  қағидаты  бойынша  жұмыс 

істеп, әлеуметтік және мәдени қызметтердің сапасын жақсартады. 

Қазіргі  заманғы  тенденцияларына  сай  және  жаңа  буынның  білім 

беру  жүйесіне  түбегейлі  ауысуларға  дайындығын  университетте 

жатахқана  құрылысы,  600  адамға  арналған  акт  залы,  оқу  корпустарын, 

аудиторияларды,  ғылыми-оқу  лабороторияларын,  әлеуметтік-мәдени, 

спорттық кешендерді жетілдірусандық кітапхана құруды көздеп отыр. 



 

Құрметті қонақтар, әріптестер, білім алушылар! 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ  –  Қазақ  жерінде  қалыптасқан  тұңғыш 

жоғары  оқу  орны.  Университетімізге  2018  жылдың  1  қыркүйегінде  90 

жыл толады. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің іргетасы біздің 

университетімізде    қаланған.  Осы  жылдар  ішінде  университет  үлкен 

белестерді  бағындырған,  елдегі  ең  беделді  және  атақты  ЖОО-ның  бірі 

болды. 

 

90  жылдық  мерейтой  –  XXI  ғасырға  сапалы    білім  бағдарын 



сусындатып,  келер  ұрпаққа  жеткізе  білетін  жүз  мыңдаған  түлектері 

оқытушылары  және  университет  қызметкерлері  үшін  маңызды  күн.  

Мерейтой  университеттің    ғана  емес,  республиканың  атаулы  мереке  

мәртебесінде ұйымдастырылғаны маңызды.  



 

 

Құрметті журналистер, БАҚ өкілдері!  


18 

 

Университет ақпараттық саясатпен қоғамдық байланысқа ерекше 



көңіл бөледі. 

Біздің  ұстанымымыз  –  ашықтық,  айқындық  және  оқу  орнының 

қызметі туралы дәл де толыққанды ақпарат беру. 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істей 

отырып,  біз  өзара  сенімділік,  адалдық,  нақтылық,  қолжетімділік 

принциптерін ұстанудамыз.  



 

 

Құрметті қонақтар, әріптестер, білім алушылар! 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ  тек  өз  бітіруші  мамандарын  сапалы 

дайындауға  ғана  емес,  республика  көлемінде  педагог  мамандарды 

қалыптастыру  бағытында  және  орта  білім  беру  жүйесінің  ауқымды 

өзгерістерді шешуге қабілетті. 

 

Университет  ұжымы  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Біз 



университеттік  білім  беру  мен  ғылымды  жаңа  деңгейге  көтеруді 

қамтамасыз етуіміз керек» деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып, 

елімізге сапалы кадрлар даярлау үшін табандылықпен еңбек ете беретін 

болады.  



 

 

Назарларыңызға рахмет! 

 

жүктеу 354,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау