11.6. Аралас мицеллалар
Көптеген технологиялық үрдістерде бірнеше БАЗ қоспаларын қолданады, себебі жеке БАЗ-дарға қарағанда мұндай композициялардың тиімділігі жоғары. Сондықтан БАЗ қоспаларының коллоидтық-химиялық қасиеттерін зерттеу қазіргі коллоидтық химияның перспективті бағыты. Әртүрлі екі БАЗ-дан тұратын мицеллалардың түзіліуі бірқатар заңдылықтармен сипатталады.
БАЗ қоспалары ерітінділеріндегі мицелла түзудің критикалық концентрациясы екі компоненттің МТКК мәндеріне байланысты. Есептеу үшін полярлы топтары бірдей, көмірсутекті радикалдарының ұзындығы әртүрлі БАЗ-дар қоспалары қолайлы. Себебі бұл жағдайда қоспаның МТКК-сын аддитивті деп алуға болады. Мицелла құрамындағы бірінші компоненттің мольдік үлесін х1т деп белгілейік, х1т мәні осы компоненттің ерітіндідегі концентрациясына С1 тең емес. Екінші компоненттің мольдік үлесі х2т, яғни х1т + х2т = 1. Онда аддитивтілік шартынан келесі өрнекті аламыз:
. (11.10)
Екі БАЗ-дың концентрацияларына (С1 және С2) байланысты қоспаның МТКК шамасы келесі теңдеу арқылы есептеледі:
. (11.11)
Мицелланың құрамын, яғни мицелладағы екі БАЗ-дың да мольдік үлестерін есептеу үшін келесі теңдеуді пайдаланады:
. (11.12)
(11.12)-ші теңдеу бойынша БАЗ-дардың МТКК мәндеріндегі айырмашылық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым мицелланың құрамы да күштірек өзгереді. Мысалы деп алсақ, аралас мицеллалар көбінесе МТКК мәні аз БАЗ-дан тұрады. Егер болса, онда мицелладағы екі компоненттің де мольдік үлесі тең болады. Яғни күшті гидрофобтық қасиеттері бар БАЗ-дардың аз ғана мөлшерлері мицеллалардың құрамы мен түзілу жағдайларын өзгертеді.
Егер мицеллалар әртүрлі топтағы БАЗ-дардан тұратын болса, қоспалардың МТКК шамасының есептелуі күрделіленеді. Мысалы, ионсыз БАЗ-дардың молекулалары екінші БАЗ аниондарының арасына орналасып, олардың өзара тебісуін әлсіретеді. Одан да күшті әрекеттесулер аниондық және катион-дық БАЗ-дардың қоспаларында жүреді.
Мұндай жүйелерде аралас мицелладағы екі компоненттің де активтілік коэффициенттерін f1m, f2m ескеру керек. (11.11)-ші және (11.12)-ші теңдеулер келесі күйде жазылады:
, (11.13)
. (11.14)
Активтілік коэффициенттерін мына теңдеулер арқылы есептейді:
, (11.15)
мұндағы β – мицелладағы екі БАЗ молекулаларының (иондарының) арасындағы әрекеттесулердің параметрі.
Егер β параметрінің мәні оң болса (β>0), аралас мицелладағы молекулалар тебіседі, егер β<0 болса, молекулалар бір біріне тартылады. β=0 болған жағдайда активтілік коэффициенттері теңеседі: f1m = f2m. Онда (6.10)-(6.12) теңдеулері орын алады. Іс жүзінде қолданылатын БАЗ қоспалары үшін әдетте β<0.
Келтірілген теңдеулер бойынша жүргізілген есептеулер келесі қорытындыға әкеледі. Егер әрекеттесу параметрі үлкен теріс шаманы құраса (β < 0), БАЗ-дар қоспасының МТКК мәні азаяды.
Иондық және ионсыз БАЗ-дардың қоспалары үшін β ≈ -2, аниондық және катиондық БАЗ-дардың қоспалары үшін -20 ≤ β ≤ -10. Әрекеттесу параметрінің шамасы артқан сайын аралас мицелланың құрамындағы БАЗ-дардың үлестері теңесуге жақындайды.
Практикалық мақсаттар үшін қоспаның МТКК шамасы минималды болатындай қоспаның құрамын есептеу керек. Ол үшін келесі шарттар орындалу керек:
1) β<0;
2) .
Онда 2-ші компоненттің оптимал (минимал) концентрациясы
(11.16)
теңдеуінен анықталады.
Үлкен аралас мицеллалық жүйелерде компоненттер бір бірінің ықпалын күшейтеді (синергизм) немесе әлсіретеді (антогонизм).
0>
Достарыңызбен бөлісу: |