С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет14/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40

 
 
тежейді, сондықтан  бұл тежегіш автоматтық деп аталады. Тежеу процесінде 
бас  резервуардың  ауасы  тежеу  магистралінен,  ал  осыдан  тежегіш  цилиндр-
лерден де ажыратылғандықтан, оны тікелей әрекет етпейтін деп атайды. Бұл 
тежегіш  тозады,  өйткені    тежеу  процесінде  ауаның  кемуі    тежеу 
магистралінен және тежегіш цилиндрлерден толтырылмайды. 
Тікелей  әрекет  ететін  автоматтық  тежегішке (1.6-сурет)  тікелей  әрекет 
етпейтін  автоматтық  тежегіштердің  аспаптары  кіреді  және  ол  машинист 
кранының - 3 және ауа таратқыштың - 5 құрылғысымен ғана ерекшеленеді, 
олар тежеу кезінде тежеу магистраліндегі - 8 және тежегіш цилиндрлердегі - 
6  кемудің толтырылыуын қамтамасыз етеді.  Мұндай тежегішпен жүк поез-
дарын жабдықтайды.   
Машинист  краны - 3 оның  тұтқасы  поезд  жағдайында  болғанда  тежеу 
магистраліндегі – 8 ауаның  зарядтық  қысымын  ұстап  тұрады,  ал  осыдан, 
қосалқы  резервуарларда (5,3–5,5)
⋅10
5
 Па  тең  етіп  ұстайды.  Тежегіштерді  за-
рядтау  және  босату  кезінде  қосалқы  резервуарлар (1.6-сурет,  а)  ауа 
таратқыштың – 5 кері клапаны – 7 арқылы толтырылады. 
Тежеу  кезінде (1.6-сурет,  б)  тежеу  магистраліндегі - 8 қысым  ауаның 
машинист  кранымен – 3 атмосфераға  шығарылуымен  төмендетіледі.  Ауа 
таратқыштар – 5 іске  қосылады,  тежегіш  цилиндрлерді – 6 атмосферадан 
ажыратады және оларды қосалқы резервуарлармен – 4 байланыстырады.  
Тежеу магистралінен ауаның белгілі мөлшерін шығарған соң машинист 
кранының  тұтқасын  жабу  қалпына  ауыстырады.  Тежеу  магистралінде  және 
тежегіш  цилиндрлерде  қалған  қысым  автоматтық  түрде  тұрақты  болып 
тұрады.  Тежеу  магистралінен  және  тежегіш  цилиндрлерден  ауаның  кемуі  
машинист краны және ауа таратқыш арқылы бас резервуарлардан  құбыр – 2 
арқылы  ауамен  толтырылады.  Мұнымен  тежегіштің  тікелей  әрекеті 
қамтамасыз  етіледі.  Мұндай  конструкциялы  тежегіштер  тозбайды    және  са-
тылы тежеу мен сатылы босату жасауға мүмкіндік береді. 
Жолаушылар  вагондары  мен  локомотивтерде  орнатылатын  автоматтық 
тежегіштер  жылдам  әрекет  ететін  болып  табылады,  яғни  жүк  вагондарына 
қарағанда,  құрамды  аса  қысқа  уақытта  тежейді.  Жүк  таситын  типті 
автоматтық тежегіштер вагондардың тиелуіне байланысты тежеудің әр түрлі 
режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. 
Электрпневматикалық  тежегіштер – бұл  электрмен  басқарылатын 
кәдімгі  пневматикалық тікелей әрекет етпейтін  автоматтық тежегіштер. 
Пневматикалық  тежегіштерді  электрмен  басқаруды  жүзеге  асыру  үшін 
локомотивтер мен вагондар электр аспаптарымен – электр тогының көзімен, 
электр  өткізгішпен,  машинист  кранының  электр  контроллерімен,  электр  ауа 
таратқыштармен және т.б. жабдықталады.  
ТМД  темір  жолдарының  жылжымалы  құрамында  төрт  сымды  электр 
пневматикалық  тежегіштерді  де  қолданады.  Екі  сымды  тежегішпен -  
негізінде локомотивтік тартымы бар жолаушылар поездарын, ал төрт сымды 
тежегішпен электр және дизель поездарын жабдықтайды. 
 
                                                                   36
                            


 
 
 
 
Атмосфераға 
Атмосфераға 
Атмосфераға 
Атмосфераға 
 
1.6-сурет Тікелей әрекет ететін автоматтық тежегіштің сұлбасы 
 
Электр 
пневматикалық 
тежегіштер 
тежегіштердің 
тиімділігін 
жоғарылатуға,  тежеу  жатықтығын  қамтамасыз  етуге  және  поездың  барлық 
электр ауа таратқыштарының жылдам және бір мезгілде іске қосылуы және 
тежегіш цилиндрлердің ауамен толтырылу уақытын қысқарту есебінен тежеу 
жолының ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді /2/. 
 
1.10 Вагон паркінің сипаттамасы  және жіктелуі 
 
Вагон – бұл жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін тағайындалған 
жылжымалы құрамның бірлігі. 
Темір  жолда  пайдаланылатын  вагон  паркі  келесі  белгілері  бойынша 
жіктеледі: 
-  тағайындалуы бойынша вагондарды жүк және жолаушылар вагондары деп 
бөледі;  өз  кезегінде  жүк  вагондары 3 типке  бөлінеді:  жалпы 
тағайындалған вагондар, арнайы вагондар және технологиялық жылжыма-
лы  құрам;  жолаушылар  вагондары  алысқа  жүретін,  облыс  аралық  және 
қала маңындағы қатынас  вагондарына бөлінеді; 
-  пайдалану  шарттары  бойынша  магистральді,  өнеркәсіптік  және  қалалық 
көлік вагондарын ажыратады; 
-  жол табанының ені бойынша: кең (қалыпты)  жол табанды (1520 мм)  және 
тар жол табанды (750, 900 және 1060 мм) вагондар; 
-  жылжымалы құрамының габариті бойынша:  ТМД-ның барлық темір жол 
торабы  бойынша  қолданылуға  арналған  вагондар;  жолдардың  тек  қайта 
                                                                   37
                            


 
 
жаңартылған  учаскелерінде  қолданылуы  мүмкін  болатын  вагондар  және 
халықаралық қатынасқа арналған вагондар;  
-  шанағын  дайындау  материалдары  мен  технологиясы  бойынша:  ағашпен 
немесе  металмен  қапталған  тұтас  металды,  дәнекерленген  және  жеке 
тойтарылған құрама бірліктері бар вагондар; 
-  осьтерінің саны бойынша: төрт осьті, алты осьті және көп осьті. 
Бүгінгі күні темір жолдарда пайдаланылатын вагондардың негізгі паркі 
тұтас  металды  жолаушылар    вагондарынан  және  төрт  осьті  жүк  вагондары-
нан тұрады. 
Жалпы  тағайындалған  вагондарға  жабық  вагондар,  үсті  ашық  вагондар 
және  платформалар  жатады.  Жабық  вагондар  атмосфералық  жауын-
шашындардан  қорғауды  талап  ететін,  даралы  және  ақтарма  жүктерді  тасы-
малдау    үшін  тағайындалған.  1961 жылға  дейін  жүк  көтергіштігі  60-62 т, 
шанағының көлемі  90 м

жабық вагондар сериялы түрде шығарылды.  1968 
жылы  жабық  вагондардың  жүк  көтергіштігі - 63 т  дейін,  1977 жылы    64  т 
дейін  ұлғайды.  Қазіргі  уақытта  жабық  вагондардың  жүк  көтергіштігі 68 т 
құрайды,  олардың  шанағының  көлемі  ұлғайтылған (120 м

дейін). 
Вагондардың  металл    қаңқасы  бар,  қабырғалары – металл  қаңылтырмен,  ал 
ішінде фанерамен қапталған. Есік тесіктері стандарттық көлемді (2,0х2,3 м), 
сондай-ақ кеңейтілген де (2,3х3,83 м) болады. Вагонның төбесінде  диаметрі 
400 мм 4 тиеу люгі  орналасады. Жабық вагондарға сондай-ақ жабық хоппер-
лер  тобы  жатады - бұл  бүйірлік  көлбеу  қабырғалы  вагондар,  жүк  олардың 
бойымен түсіру люктеріне қарай сырғиды. 
Үсті  ашық  вагондар  үлкен  ақтарма  жүктерді  (көмір,  руда,  кокс)  тасы-
малдау  үшін  тағайындалған.  Олар    жүк  паркі  вагондарының (35 % дейін) 
негізгі  типі  болып  табылады.  Үсті  ашық  вагондарда  түсіруге  арналған 
қақпақпен жабылған люктер бар.  
Үсті ашық вагондардың келесі көрсеткіштері бар: 
-  төрт осьті, жүк көтергіштігі 63 т, шанағының сыйымдылығы 70 м
3

-  алты осьті, жүк көтергіштігі 93 т, шанағының сыйымдылығы 102-106 
м
3

-  сегіз осьті, жүк көтергіштігі 125 т, шанағының сыйымдылығы 138 м
3

Үсті ашық вагондарға думпкарлар (өзі түсіретін вагондар), агломератты, 
шымтезекті және т.б. тасымалдауға арналған үсті ашық вагон-хопперлер жа-
тады. 
Платформалар  ағаш,  сусымалы,  даралы  және  ыдысты  жүктерді,  маши-
наларды және атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды талап етпейтін,  
т.б.  жүктерді  тасымалдау  үшін  тағайындалған.  Типтік  платформаның  
автотіркегіш осьтері бойынша 14,6 м ұзындығы бар. Еденнің төсемі – ағаш, 
қалыңдығы 55 мм тақтайлардан төселген. Бойлық ернеулерінің биіктігі 0,5 м, 
ал көлденең ернеулердікі - 0,3 м. Төрт осьті платформаның жүк көтергіштігі 
60 т. 
Арнайы  тағайындалған  вагондарға  тасымалдағыштар  мен  цистерналар 
жатады. 
                                                                   38
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау