тежейді, сондықтан бұл тежегіш автоматтық деп аталады. Тежеу процесінде
бас резервуардың ауасы тежеу магистралінен, ал осыдан тежегіш цилиндр-
лерден де ажыратылғандықтан, оны тікелей әрекет етпейтін деп атайды. Бұл
тежегіш тозады, өйткені тежеу процесінде ауаның кемуі тежеу
магистралінен және тежегіш цилиндрлерден толтырылмайды.
Тікелей әрекет ететін автоматтық тежегішке (1.6-сурет) тікелей әрекет
етпейтін автоматтық тежегіштердің аспаптары кіреді және ол машинист
кранының - 3 және ауа таратқыштың - 5 құрылғысымен ғана ерекшеленеді,
олар тежеу кезінде тежеу магистраліндегі - 8 және тежегіш цилиндрлердегі -
6 кемудің толтырылыуын қамтамасыз етеді. Мұндай тежегішпен жүк поез-
дарын жабдықтайды.
Машинист краны - 3 оның тұтқасы поезд жағдайында болғанда тежеу
магистраліндегі – 8 ауаның зарядтық қысымын ұстап тұрады, ал осыдан,
қосалқы резервуарларда (5,3–5,5)
⋅10
5
Па тең етіп ұстайды. Тежегіштерді за-
рядтау және босату кезінде қосалқы резервуарлар (1.6-сурет, а) ауа
таратқыштың – 5 кері клапаны – 7 арқылы толтырылады.
Тежеу кезінде (1.6-сурет, б) тежеу магистраліндегі - 8 қысым ауаның
машинист кранымен – 3 атмосфераға шығарылуымен төмендетіледі. Ауа
таратқыштар – 5 іске қосылады, тежегіш цилиндрлерді – 6 атмосферадан
ажыратады және оларды қосалқы резервуарлармен – 4 байланыстырады.
Тежеу магистралінен ауаның белгілі мөлшерін шығарған соң машинист
кранының тұтқасын жабу қалпына ауыстырады. Тежеу магистралінде және
тежегіш цилиндрлерде қалған қысым автоматтық түрде тұрақты болып
тұрады. Тежеу магистралінен және тежегіш цилиндрлерден ауаның кемуі
машинист краны және ауа таратқыш арқылы бас резервуарлардан құбыр – 2
арқылы ауамен толтырылады. Мұнымен тежегіштің тікелей әрекеті
қамтамасыз етіледі. Мұндай конструкциялы тежегіштер тозбайды және са-
тылы тежеу мен сатылы босату жасауға мүмкіндік береді.
Жолаушылар вагондары мен локомотивтерде орнатылатын автоматтық
тежегіштер жылдам әрекет ететін болып табылады, яғни жүк вагондарына
қарағанда, құрамды аса қысқа уақытта тежейді. Жүк таситын типті
автоматтық тежегіштер вагондардың тиелуіне байланысты тежеудің әр түрлі
режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Электрпневматикалық тежегіштер – бұл электрмен басқарылатын
кәдімгі пневматикалық тікелей әрекет етпейтін автоматтық тежегіштер.
Пневматикалық тежегіштерді электрмен басқаруды жүзеге асыру үшін
локомотивтер мен вагондар электр аспаптарымен – электр тогының көзімен,
электр өткізгішпен, машинист кранының электр контроллерімен, электр ауа
таратқыштармен және т.б. жабдықталады.
ТМД темір жолдарының жылжымалы құрамында төрт сымды электр
пневматикалық тежегіштерді де қолданады.
Екі сымды тежегішпен -
негізінде локомотивтік тартымы бар жолаушылар поездарын, ал төрт сымды
тежегішпен электр және дизель поездарын жабдықтайды.
36
Атмосфераға
Атмосфераға
Атмосфераға
Атмосфераға
1.6-сурет Тікелей әрекет ететін автоматтық тежегіштің сұлбасы
Электр
пневматикалық
тежегіштер
тежегіштердің
тиімділігін
жоғарылатуға, тежеу жатықтығын қамтамасыз етуге және поездың барлық
электр ауа таратқыштарының жылдам және бір мезгілде іске қосылуы және
тежегіш цилиндрлердің ауамен толтырылу уақытын қысқарту есебінен тежеу
жолының ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді /2/.
1.10 Вагон паркінің сипаттамасы және жіктелуі
Вагон – бұл жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін тағайындалған
жылжымалы құрамның бірлігі.
Темір жолда пайдаланылатын вагон паркі келесі белгілері бойынша
жіктеледі:
- тағайындалуы бойынша вагондарды жүк және жолаушылар вагондары деп
бөледі; өз кезегінде жүк вагондары 3 типке бөлінеді:
жалпы
тағайындалған вагондар, арнайы вагондар және технологиялық жылжыма-
лы құрам; жолаушылар вагондары алысқа жүретін, облыс аралық және
қала маңындағы қатынас вагондарына бөлінеді;
- пайдалану шарттары бойынша магистральді, өнеркәсіптік және қалалық
көлік вагондарын ажыратады;
- жол табанының ені бойынша: кең (қалыпты) жол табанды (1520 мм) және
тар жол табанды (750, 900 және 1060 мм) вагондар;
- жылжымалы құрамының габариті бойынша:
ТМД-ның барлық темір жол
торабы бойынша қолданылуға арналған вагондар;
жолдардың тек қайта
37