ауыстырады, бұл кезде ауа тежегіш цилиндрлерден осы кран
арқылы
атмосфераға кетеді.
ВЛ60, ЧС2, ТЭП60 және т.б. жолаушылар локомотивтері, әдеттегідей,
электрпневматикалық тежегішпен жабдықталады. Бұл локомотивтерде
пневматикалық тежегішті қоректендіру аспаптарына қосымша түрде электр
тогының көзі – сыйымдылығы 10 А
⋅ч, кернеуі 50В шоғырлағыш батарея
және статистикалық түрлендіргіш орнатылған. Түрлендіргіш тізбектердің
электрпневматикалық тежегіштің жұмысын басқару үшін тұрақты токпен
және поездың барлығының электр тізбегінің жарамдылығын бақылау үшін
айнымалы токпен қоректенуін қамтамасыз етеді.
Қысым тұрақтандырғышы бар машинист краны штепсельдік
ажыратқышы бар электр контроллермен жабдықталады. Аспапты білдіретін
басқару блогы бар, онда электрпневматикалық тежегіштің электр
құрылғыларының барлық релелік-түйіспелік бөлігі шоғырланған.
Онда төрт
реле, резисторлар, түзеткіш көпір және клеммалы панель бар.
Электрпневматикалық тежегіштің жарамдылығын бақылау үшін жарық сиг-
нализаторы және тұрақты токты вольтметр орнатылған. Пакеттік
ажыратқыштар мен сақтандырғыштар бар. Ауа таратқыштарға электрлік ауа
таратқыштар қосылады.
Қажет болғанда электрлік басқаруды сөндіріп тастап, кәдімгі
пневматикалық тежегіштерге ауысуға болады.
Локомотивтің әрбір сериясы мен вагон типінің рычагты берілістері кон-
струкциясы бойынша әр түрлі, алайда олардың барлық жылжымалы құрам
үшін тағайындалуы бірдей. Рычагты беріліс күшті тежегіш цилиндрдің што-
кы бойынша қысылған ауамен беру үшін (пневматикалық тежеу кезінде) не-
месе доңғалақтарға қысылатын тежеу қалыптарына адамның күш түсіруі
(қолмен тежеу кезінде) үшін қызмет атқарады.
Рычагты тежеу берілісі рычагтар, триангельдер. тартымдармен және
тарқыштармен жалғанған, қалыптары бар табандықтар жүйесін білдіреді.
Тежеу қалыптарын доңғалақтарға бір жақтан және екі жақтан басыла-
тын рычагты берілістер болады. Екі жақтан басқан кезде қалыптар
доңғалақтың екі жағынан, ал бір жақтан басқан кезде – бір жағынан орнала-
сады. Екі жақтан басқан кезде рычагты беріліс өзінің конструкциясы
бойынша күрделірек және бір жақты басу берілісімен салыстырғанда
салмағы бойынша ауырлау болады. Алайда оның бірқатар артықшылықтары
да бар. Сөйтіп, әрбір тежеу қалыбына берілетін қысым едәуір аз; тозу және
тежеу кезінде қызу аз, оның нәтижесінде қалыптардың қызмет ету мерзімі
ұлғаяды. Бұдан басқа, екі жақты тежеу кезінде меншікті басудың азаюы сал-
дарынан қалып пен доңғалақ арасындағы үйкелу коэффициенті артады және
тежегіштердің тиімділігі ұлғаяды.
Рычагты берілістің әрекет ету принципін түсіндіру үшін, 1.4-суретте
бейнеленген сұлбаны қарастырамыз. Тежегіш цилиндріне – І ауа келген кезде
піспек штокпен бірге оңға қарай орын ауыстырады. Бұл кезде бірқатар лездік
орын ауыстырулар болады. АВ (2) көлденең рычагы Б нүктесінде айналды-
33
Тежегіш цилиндрлердегі қысым машинист кранымен реттеледі. Ауа,
тежегіш цилиндрлерге түсе отырып, серіппелерді қысып, піспектерді – 7
штоктармен – 8 бірге ығыстырады. Штоктарды - 8 тік рычагтар жылжымай-
тын нүктелер – 9 маңында бұрады және төменгі ұштарымен тежегіш
қалыптарын – 10 доңғалақтар құрсауына қысады.
Тежеу Жабу Шығару
1.5-сурет Тура әсер ететін автоматтық емес тежегіштің сұлбасы
Жабу кезінде қоректендіру магистралі - 3 машинист краны – 4 арқылы
ауа өткізгіштен - 5 және атмосферадан, сондай-ақ тежегіш цилиндрлерден – 6
ажыратылған. Олардағы қысым өзгеріссіз қалады.
Шығару кезінде ауа тежегіш цилиндрлерден – 6 машинист краны - 4
арқылы атмосфераға кетеді. Тежегіш цилиндрлердің серіппелері піспектерді
- 7 штоктармен бірге босатылған жағдайға қайтарады және тежегіш
қалыптар тік рычагтармен құрсаулардан бұрып әкетіледі.
Тежеу кезінде ауа бас резервуардан тікелей тежегіш цилиндрлерге
түсетіндіктен, бұл тежегіш тікелей әрекет етуші деп аталады. Ол ауа құбыры
ажыратылған жағдайда жылжымалы құрамды тежемейтіндіктен, автоматтық
емес болып саналады, ал керісінше, егер ажыратылғанға дейін ол онда болса,
тежегіш цилиндрлерден ауаны шығарады, яғни босатады.
Мұндай тежегішті
тек локомотивтің өзін ғана тежеу үшін қолданады.
Тікелей әрекет етпейтін автоматтық тежегіште тікелей әрекет ететін
автоматтық емес тежегіштің барлық аспаптары және бұдан басқа, тежеу
магистралі, ауа таратқыш және бас резервуар бар.
Мұндай тежегішпен тежеу үшін, оны алдын-ала зарядтау қажет. Заряд-
тау кезінде ауа бас резервуардан (7,5–9,9)
⋅10
5
Па қысыммен машинист кра-
нына келеді. Машинист краны ауа қысымын онымен бүкіл поездың тежегіш
магистралі, ал ауа таратқыш арқылы – барлық тежелетін вагондардың резер-
вуарлары толтырылатын зарядтық қысымға дейін төмендетеді. Бұл кезде
тежегіш цилиндрлер ауа таратқыш арқылы атмосферамен байланысқан.
Тежегіштің бұл типін жолаушылар поездарында, электр және дизель поезда-
рында пайдаланады, онда машинист крандары тежеу магистраліндегі за-
рядтық қысымды (5,0-5,2)
⋅10
5
Па ұстап тұру үшін реттейді.
35
Поезд ажыраған кезде ашық тұрған тоқтату краны – 9 немесе тежеу
магистраліндегі қысымның қандай да бір себеппен төмендеуі кезінде
тежегіштер автоматтық түрде іске қосылады да, жылжымалы құрамды