С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет11/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40

 
 
қашықтық тұрақты ток жүйесінде 10-20 км, ал айнымалы ток кезінде - 40-60 
км. 
Электрмен жабдықтау құрылғылары (түйіспе желісі) темір жолға жақын 
орналасқан  байланыс  құрылғылары  мен  жерасты  ғимараттарына  қажетсіз 
әсер етеді. Сонымен, түйіспе желісінен темір жол бойымен жүретін байланыс 
желілерінің сымдарына электр қозғаушы күш (ЭҚК) тартылады. Әсіресе ай-
нымалы  токты  тарту  кезінде  үлкен  шамалы  ЭҚК  тартылады,  сондықтан  
берілген  жүйені  қолдану  кезінде  әуелік  байланыс  желілерін  арнайы 
экрандалған  кабельдерге  айырбастауға  тура  келеді,  мұның  айнымалы  токта 
электрлендіру құнын қымбаттатуы анық. 
Бұдан  басқа,  ток  өткізгіштердің  бірі  рельстік  жол  болып  табылады,  ал 
рельстер  жерден  нашар  оқшауланғандықтан,  токтың  бір  бөлігі  (кезбе  ток) 
рельстер 
бойымен 
емес, 
металл 
құбырлардың 
және 
кабельдер 
қабықшаларының  электр коррозиясын тудыра отырып, жермен өтеді. 
Электрлендірілген темір жолдар электр энергиясын тұтынушылардың ең 
жауаптыларына (бірінші категория) жатады, сондықтан олар кем дегенде екі 
тәуелсіз  ток  көзінен  қоректену  керек.  Тартымдық  қосалқы  станцияларды 
қоректендіру сұлбаларын,  электр станцияларының немесе ЭБЖ біреуі істен 
шыққанда    ұзындығы 150-200 км  учаскеде  электр  энергиясының  берілуі  
бірден артық емес тартымдық қосалқы станцияға үзілетін есеппен таңдайды. 
Айнымалы  токты  тартымдық  қосалқы  станцияларды    тартымдық  және 
тартымдық  емес  тұтынушыларды  қоректендіру  үшін  үш  фазалы  немесе  бір 
фазалы төмендеткіш трансформаторларды  пайдаланады. 
Айнымалы  токты  тартымдық  қосалқы  станцияларда  төмендеткіш  транс-
форматорларды,  айнымалы  токты  тұрақтыға  түрлендіру  үшін  жартылай 
өткізгішті  түзеткіштерді,  сондай-ақ  қысқа  тұйықталу  токтарынан,  асқын 
жүктелуден  және  асқын  кернеуден    қорғау  жабдықтарын  және  әр  түрлі 
тізбектерді ажырату және қосу үшін қажетті аппаратура мен құрылғыларды 
орнатады.  Тартымдық  қосалқы  станцияларды  басқару  тәсілі  бойынша 
мыналарға бөледі: 
-  қосалқы  станциялар  жұмысын  бақылау  мен  басқару    диспетчерлік 
пункттен  арнайы  телебасқару  аппаратурасымен  жүзеге  асырылғанда,  
автотеле- басқарылатын станциялар; 
-  қосалқы станцияда кезекші персонал жоқ болғанда, ал басқаруды опе-
ратор жақында орналасқан қосалқы станциядан пункттен аралық түр-
де жүзеге асырғанда, автоматтық станциялар; 
-  қосалқы  станцияда  жабдықтарды  ауыстырып  қосу  бойынша 
жұмыстарды  орындайтын,  кезекші  персонал  болғанда,  жартылай 
автоматтық станциялар. 
Электровоздар  мен  электр  поездардың  ток  қабылдағыштарына  электр 
энергиясы оған жоғары талаптар қойылатын, әуелік түйіспе желісі бойынша 
беріледі.  Оның  сенімділігі  оның  конструкциялық  элементтерінің  жоғары 
механикалық  беріктігімен,  сымның  тозуға  төзімділігімен,  аралықтар  мен 
станцияларда жеке байланыспаған учаскелерге бөлінуімен (секциялануымен) 
                                                                   27
                            


 
 
қамтамасыз  етіледі.  Түйіспе  желісінің  негізгі  элементтері:  көтергіш, 
түйістіргіш  және  күшейткіш  сымдар,  осы  сымдарды  бекіту  тетіктері  және 
құрылғылар мен тіреулерді ұстап тұратын оқшаулағыштар. 
 
1.9  Жылжымалы құрамның тежегіш жабдықтары 
 
Локомотивтер мен вагондардың  тежегіш жабдықтарына, әсіресе электр 
тартымында  жұмыс  істейтін,  қазіргі  жүк  және  жолаушылар  поездары 
қозғалысының  жылдамдықтарын  ұлғайтуды  дамыту  бағытына  байланысты 
ерекше талаптар қойылады. 
«Тежегіш» терминінің астарында қозғалысқа кедергі күштерін жасанды 
ұлғайту үшін поездарда қолданылатын құрылғылар кешені жобаланады. Жа-
санды кедергі тудыратын күштерді тежеу күштері деп атайды.   
Ең  көп  таралған  тежегіш  қалыптық  тежегіш  болып  табылады,  онда 
доңғалақтар  тежегіш  қалыптардың  айналатын  құрсауларға  немесе  доңғалақ 
жұптарының осьтеріне кигізілген дисктерге қысылуы есебінен  тежеледі. Бұл 
жағдайда  тежеу  күшінің  көзі  олардың  арасында  пайда  болатын  үйкеліс  бо-
лып табылады. Поездың кинетикалық энергиясы тежелу кезінде жылу энер-
гиясына  айналады  да,  қоршаған  ортаға  сейіледі.  Поездардың  салмағы  мен 
қозғалу  жылдамдықтары  артқан  жағдайларда,  оларды  аса  қысқа  ара 
қашықтықта тоқтату үшін, едәуір көп тежеу күштері талап етіледі. Мысалы, 
70 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан, массасы 3500 т жүк поезын 800 м ара 
қашықтықта тоқтату үшін, 900 т жуық тежеу күші қажет. 
Негізінде тежеу күші тежегіш қалыптарды басу күшіне байланысты бо-
лады,  бірақ  оны  шексіз  ұлғайта  беруге    болмайды,  өйткені  ол  доңғалақтың 
рельспен ілінісу күшінен артық болғанда, юз  пайда болады – доңғалақ рельс 
бойымен  сырғанайды.  Бұл  құбылыстың  болмағаны  жақсы,  өйткені  ол  темір 
жол көлігіне үлкен зиян келтіреді: тежегіштердің тиімділігі төмендейді және 
доңғалақ  жұптарында  сырғымалар  пайда  болады.  Сондықтан  доңғалақ 
жұптарына  тежегіш  қалыптарды  басудың  максимум  мүмкін  болатын  күшін 
пайдалану  бойынша  жүргізілетін  жұмыстармен  қатар,  ғалымдар  мен  конст-
рукторлар  тежегіштердің  тиімділігін  басқа  жолдармен  де  ұлғайту 
мүмкіндігін зерт-теп жатыр. 
Сонымен,  пневматикалық  тежегіштің  тежеу  қасиеттерін  жақсартумен 
қатар,  жолаушылар,  электр  және  дизель  поездарында  электрпневматикалық 
тежеу кеңінен таралды, ал электровоздар мен электр поездарында электрлік 
тежеу  қолданылады.  Электрлік  тежеу  кезінде  поезд  қозғалысының 
кинетикалық энергиясы тартымдық электр қозғалтқыштарын электрлік гене-
раторлар  режиміне  ауыстыру  кезінде  электр  энергиясына  түрленеді.  Бұл 
энергияның жұтылу тәсіліне байланысты тежеудің келесі алуан түрлері пай-
да  болады:  рекуперативтік – өндірілетін  электр  энергиясы  түйіспе  желісіне 
қайтатын,  реостаттық – энергия  арнайы  реостаттармен  жұтылатын  және 
кейіннен  оны  жылу  түрінде  қоршаған  ортаға  сейілтетін,  рекуперативті-
реостаттық,  бұл  кезде  қозғалыстың  жоғары  жылдамдықтары  аймағында – 
                                                                   28
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау