Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет9/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
21
«9.2.7 ЖОО студенттерге, қызметкерлерге, мүдделі тұлғаларға бағытталған 
хабарландыру мен кері байланыс жүйесінің болуын және тиімді қызмет етуін 
қамтамасыз етуі тиіс».
· ЖОО-да  кері  байланыс  қалайша  жүзеге  асады?  Білім  алушы  оқу  үдерісі 
барысындағы  табыстары  жайлы  оқытушыдан  кері  байланысты  қалай  алады? 
Білім  алушылардан,  қызметкерлерден,  сыртқы  орта  өкілдерінен  келіп  түскен 
барлық сауалдарға басшылық қалайша кері байланысты қамтамасыз етеді? ЖОО-
да кері байланыстың мерзімдері, түрлері мен тәртібі бойынша ережелер бар ма 
– ол кімге қатысты, кімге қатысты емес?
«9.2.8  ЖОО  білім  алушылар,  қызметкерлер  мен  басқа  да  ЖОО-ның 
қызметінде  мүдделі  тұлғалармен  байланыс  тетігінің  бар  болуын,  соның 
ішінде  шағымдардың,  өтініштердің,  сұраулардың  белгіленген  мерзімде 
қарастырылуының болуын көрсетуі тиіс».
· ЖОО-да басшылыққа және бөлімшелерге түскен сұрауларды, шағымдарды 
және басқа да өтініштерді қарастыру туралы ереже бар ма? ЖОО сұраулар мен 
шағымдарға  жауап  беру  мерзімінің  уақытында  орындалуына  қалай  кепілдік 
береді? Тиісті статистика, бақылау жүргізіледі ме? 
· Білім алушылар, қызметкерлер және басқа да мүдделі тұлғалар ұсыныстары 
мен ақпаратты ЖОО-ның басшылығы мен бөлімше жетекшілеріне қалайша тиімді 
түрде  жеткізе  алады?  Сондай  тиімді  мүмкіндік  шыныменен  бар  екенін,  адам-
дар  тыңдалып  және  солардың  берген  ұсыныстары  негізінде  нақты  қадамдар 
жасалғандығын, бұл бір ғана мысал емес екенін дәлелдеңіз. 
«9.2.9  ЖОО  алқалы  органдардың,  құрылымдық  бөлімшелердің,  жоғары 
басшылықтың  қызметін  бағалау  әдістерін,  түрлерін  және  мерзімділікті 
белгілеуі қажет».
· Алқалы органдар қызметінің тәртібі мен міндеттері қалай анықталған? 
«9.2.10  Басқа  ЖОО-лармен  ынтымақтасу  және  тәжірибе  алмасу  маңызды 
фактор болып табылады».
· ЖОО  басқа  білім  беру  институттары  және  ЖОО-лармен  ынтымақтасу  үшін 
қаншалықты  ашық?  Қандай  нақты  іс-әрекеттер,  жобалар  ынтымақтаса  отырып 
жүзеге асады? 
· ЖОО  қазіргі  заманда  ынтымақтасусыз  мемлекеттің  ішінде  және  әлемдік 
алаңда табысты бола алады ма? 
«9.2.11 ЖОО фактілер негізінде дәлелді шешім қабылдауы тиіс».
· Қазіргі  таңда  ЖОО-ның  басшылығы,  бөлімше  жетекшілері  мен  алқалы 
органдардың  шешім  қабылдау  қисыны  қандай?  Неге  негізделіп  шешім 
қабылданады? 
· ЖОО-да  сандық  немесе  сапалық  талдаудың  мәліметтері  болған  жағдайда 
шешім қалай қабылданады? 
«9.2.12 ЖОО тек бөлімшелерді ғана емес, сонымен қатар жекелеген білім 
беру бағдарламаларын басқару арқылы, олардың тиімділігін бағалауды қоса 
алғандағы білім беру үдерісін басқаруды қамтамасыз етуі тиіс».
· ЖОО-ны  басқару  құрылымы  және/немесе  ұйымдық  құрылымы  білім  беру 


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
22
бағдарламалары аясында құрастырылған ба, олар қаржылық инвестицияларды 
жоспарлаған кезде, дамуды, халықаралық қатынастарды және т.б. жоспарлаған 
уақытта негізгі тірек бола ма? 
· ЖОО-ның  білім  беру  бағдарламаларында  бюджетті  басқару,  оған  қатысты 
шешім қабылдау өкілеттігі бар ма?
· Білім беру үдерісін жоспарлаған уақытта ЖОО білім беру бағдарламалары 
ыңғайына  қарай  ма  немесе  жалпы  ЖОО-ның  және  бөлімшелердің  мүдделері 
ғана есепке алынады ма?
«9.2.13  ЖОО  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйесінің  табысты  қызмет  етуін 
көрсетуі  керек,  оның  ішіне  жобалау,  басқару  және  бизнес-үдерістердің 
мониторингі, фактілер негізінде шешімдерді қабылдау кіреді».
· ЖОО қолданыстағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін сипаттаңыз. 
· Оның тұрақты түрде жетілдірілуі қалай қамтамасыз етіледі? 
«9.2.14 Сапа менеджментінің куәландырылған жүйесінің болуы және оның 
әрдайым жетілдіруі маңызды фактор болып табылады».
· Сапа менеджменті жүйесі қай жылы куәландырылған? Куәландырған орган-
ды және куәлік нөмерін көрсетіңіз. 
· ЖОО-ның  сапа  менеджменті  жүйесі  шеңберінде  қандай  үдерістер 
ажыратылған? 
· Сапа  менеджменті  жүйесі  шеңберінде  қандай  нормативтік  құжаттар 
қолданыста? 
· Соңғы  3  жыл  үшін  сапа  саласындағы  мақсаттар  мен  саясатты  қосымшада 
көрсетіңіз (болған жағдайда). 
· Сапа  саласындағы  мақсаттарды  талдап  беріңіз,  олардың  жетістіктерінің 
нәтижелілігін көрсетіңіз.
· ЖОО-дағы сапа менеджменті жүйесінің үздіксіз жақсарту тетіктерін баяндап 
беріңіз? Қандай құжаттарда олар көрсетілген? 
· ЖОО сапа менеджменті жүйесін үнемі жақсарту үшін қандай іс-әрекеттерге 
барды?  
«9.2.15  Ақпараттық  жүйелері  мен  дерекқорлардың  бар  болуы,  Интер-
нет желісін ақпарат беру үшін қолдануы, білім алушылар, қызметкерлер мен 
қоғам  үшін  жоспарлау  үрдістері  мен  оның  тиімділігін  бағалау  нәтижелері 
жөнінде ақпарат көрсетілген Интернет сайтының және/немесе порталдың бо-
луы маңызды фактор болып табылады».
· ЖОО-да  қандай  ақпараттық  жүйелер  қолданылады  және  олар  қандай 
мәселелерді шешеді, қандай үдерістерге қызмет етеді? 
· ЖОО-да,  жекелеген  бөлімшелерде  веб-сайт  бар  ма,  ол  қандай  қағида 
негізінде  жасалған:  мысалы,  тұтынушыға  немесе  ЖОО-ның  ресми  «бейнесін» 
жасауға бағытталған ба? 
· Білім  алушылар,  қызметкерлер  мен  барлық  мүдделі  тұлғаларды 
ақпараттандыру үшін сайт қалай қолданылады – қандай ақпарат жарияланады, 
қандай  жиілікпен  жаңартылады,  не  үшін  сол  ақпарат  жарияланады,  ЖОО-ның 
сайты арқылы ең өзекті ақпаратқа қол жеткізуге болады ма? 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау