РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
19
9.2 Бағалау өлшемдері
«
9.2.1.1 үдерістер арқылы өз қызметін басқару».
· ЖОО-да басқару бірлігі не болып табылады – бөлімше ме, әлде үдеріс пе?
ЖОО-да үдерістер арқылы басқару қалай сипатталады, қалай байқалады, не үшін
қолданылады? Жалпы ЖОО мен жекелеген бөлімшелер қызметінің нәтижелілігі
қалай бағаланады – нақты не бағаланады, қандай индикаторлар мен өлшемдер,
олар немен байланысты: бөлімшелер мен лауазымдармен бе, әлде бірнеше
бөлімше мен лауазымды тұлғаларды қамти алатын үдерістермен бе?
«
9.2.1.2 жоспарлау, дамыту және үнемі жақсарту механизімдері».
· ЖОО-да басшылық қандай жоспарлау тетіктерін қолданады? Не жоспарла-
нады,
қандай мақсатпен, жоспарлау нәтижесі, салдары қандай?
· ЖОО-да дамудың қандай тетіктері орнатылған – не дамытылып жатыр,
қалай, кім, неге дәл осылай, даму мақсаттары мен нәтижесі қандай? ЖОО-да да-
мыту бойынша іс-әрекет қалай түсініледі? Осы іс-әрекеттің нәтижелері қандай?
· ЖОО үдерістердің, соның ішінде ЖОО-ны басқару үдерісінің үнемі жақсаруын
қалай қамтамасыз етеді?
«
9.2.1.3 тәуекелдерді бағалау және сол тәуекелдерді төмендету жолдарын
анықтау».
· Басшылық қалайша ұйым үшін және оның жекелеген қызмет түрлері үшін
потенциалды
тәуекелдерді бағалайды, талдайды және анықтайды?
«
9.2.1.4 мониторингті, соның ішінде жоспарлардың жүзеге асыру мен
қызметі динамикасын анықтауға мүмкіндік беретін есеп беру үдерістерін
құру».
· ЖОО-да басшылыққа ұйымдағы ішкі жағдайдың дамуын байқап отыруға,
атап айтқанда, басшылықтың жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесетін қандай
есептілік тетіктері қолға алынған?
· ЖОО-да өзгерістер енгізу үшін осы ептіліктің нәтижелері қалай қолданылады?
«
9.2.1.5 әзірленген түзету және алдын ала іс-әрекеттерін жүзеге асырудағы
айқындалған сәйкессіздіктерді талдау».
· Бастапқы жоспарлардың нақты жағдайға сәйкессіздігі жағдайында
басшылықтың жоспарлары қалайша түзетіледі?
«
9.2.1.6 өзгерістердің тиімділігін талдау».
· ЖОО-да жүзеге асырылатын өзгерістердің үдерістері қалай зерттеледі, тал-
данады?
· Өзгерістердің тиімділігі, нәтижелілігі қалай бағаланады және осы мәліметтер
негізінде қандай іс-әрекет жасалады?
· Өзгерістердің тиімділігі өлшемдері.
· Іске асырылып жатқан өзгерістерді бақылау тетіктері.
«
9.2.1.7 бөлімшелер қызметінің нәтижелігі мен тиімділігін және олардың
өзара қарым-қатынастарын бағалау».
· Жекелеген бөлімшелердің тиімділігі туралы қорытындылар қалай жасалады
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
20
және қалай талданады? Талдау қандай жиілікпен жүргізіледі? Осы мәліметтер
қалай қолданылады? Осы мәліметтер бөлімшелер қызметін түзету үшін
қолданылады ма?
«9.2.2 ЖОО өзінің даму стратегиясына ұйымдық, қызметтік және штаттық
құрылымның сәйкес болуын қамтамасыз етуі тиіс».
· ЖОО-ның ұйымдық, қызметтік және штаттық құрылымы ЖОО-да қалай
ұғынылады?
· ЖОО-ның даму стратегиясына оның ұйымдық, қызметтік және штаттық
құрылымның сәйкес екенін дәлелдеңіз?
· ЖОО-ның стратегиясын жүзеге асыру негізінде болуы мүмкін өзгерістерді
ЖОО-ның штаттық құрылымы есепке алады ма – штаттың ұлғаюы, біліктілік
талаптардың өзгеруі және т.б.?
· ЖОО-ның стратегиясын жүзеге асырумен бірге ЖОО-ның ұйымдық, қызметтік
және штаттық құрылымы қалай өзгеретінін көрсетіңіз.
«9.2.3 ЖОО ұйымдық және қызметтік құрылымды қалыптастыру
қағидаттарының болуын көрсетуі қажет».
· ЖОО өзінің ұйымдық және қызметтік құрылымын қалай қалыптастырады
– қандай қағидаттар мен қисынға негізделіп, құрылымы неге дәл осындай,
құрылымның қандай балама нұсқалары қарастырылды, қызмет салалары бой-
ынша және бөлімшелер арасындағы міндеттері неге дәл осылай үлестірілген?
«9.2.4 ЖОО басқару және ұйымдық құрылым бойынша құжаттардың болу-
ын қамтамасыз етуі тиіс».
· Құжаттардың атауы мен тізімін, олардың бекітілген мерзімін бейнелеңіз.
Қосымшада олардың көшірмесін тіркеңіз.
«9.2.5 ЖОО-да барлық негізгі бизнес-үдерістер құжаттандырылуы қажет».
· Негізгі бизнес-үдерістер, алдыңғы кезекте ЖОО-ны басқару және ұйымдық
құрылым бойынша үдерістер қалай және қаншалықты жете (мысалы, мұрағатта
қандай мерзім үшін осындай құжаттар бар) құжаттандырылатынын бейнелеңіз.
· ЖОО-да барлық негізгі бизнес-үдерістерді реттейтін (соның ішінде білім беру
қызметін басқару) ішкі және сыртқы нормативтік құқықтық актілердің түбегейлі
дерек қорлары бар ма?
«9.2.6 ЖОО бизнес-үдерістердегі жауаптыларды нақты анықтағанын,
қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бір мағыналы түрде бөлгенін,
алқалы органдар қызметін ажыратқанын көрсетуі тиіс».
· ЖОО-да бизнес-үдерістер қалай анықталғанын көрсетіңіз.
· Барлық бизнес-үдерістер айтарлықтай нақты анықталғанын және
бизнес-үдерістерді іске асыру үшін жауапты нақты лауазымдық тұлғалармен
байланысқанын дәлелдеңіз. ЖОО-дағы үдерістердің барлығы осы үдерістерге
жауапты нақты лауазымдық тұлғаларға бекітілген бе?
· Нақты белгіленген міндеттер мен құқықтар барлық қызметкерлерде бар ма?
· Қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттер нақты белгіленгенін,
міндеттердің қайталанбайтынын, құжаттарда көрсетілген міндеттер мен құқықтар
шынымен жүзеге
асырылатынын, сәйкес келетінін дәлелдеңіз.