ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
155
ҚАрАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКіМДіГіНің ТүСіНіКТЕМЕСі
Адам құқықтары жөніндегі
ұлттық орталықтың басшысына
Құрметті Вячеслав Афанасьевич!
ЮНИСЕФ Халықаралық консультанты әзірлеген Қазақстандағы балалардың тәуекелді мінез-
құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және адам саудасына осалдығын жедел бағалау есебінің жоба-
сын қарап (бұдан әрі – есептің жобасы), әлеуметтік осал балалардың, адам саудасы мен жыныстық
қызметкерлердің құрбандарының көп бөлігі балаларды үйден кетуіне итермелейтін факторлар ретінде
оларға қатысты қатігез қарым-қатынас пен елемеушілікті қосқанда, отбасыдағы зорлық-зомбылық
пен кикілжіңдермен анықталады, ал бұның салдары бала қараусыздығы мен панасыздығына әкеледі.
Отбасыдағы зорлық-зомбылық фактілерін, сондай-ақ бала қараусыздығы мен панасыздығын азайту
мақсатында облыста кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты және бала қараусыздығы
мен панасыздығын алдын алу бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілуде:
1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды
қамтамасыз ету;
2. қиын өмір жағдайына тап болған жастарға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек
көрсету (бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып келу, көшіп келу жән т.б.);
3. облыста жалпы білім беру мекемелерінде ұсыныстар мен анонимді өтініштер үшін жәшіктер ор-
наластыру, сондай-ақ заңды, консультативтік және психологиялық көмек көрсететін телефондар
нөмірлерін көрсете отырып ақпараттар орналастыру;
4. жыл сайын қараусыз қалған балалар жөнінде деректер банкісін толықтыру, қамқорлық және
қамқоршылықтың органдары, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелер, әлеуметтік
қорғау, білім беру органдары есебінде тұрған балалар туралы мәліметтерді салыстырып тексеруді
жүйелі түрде өткізу;
5. білім беру мекемелеріне бармайтын панасыз және қараусыз қалған балалар, жасөспірімдерді
анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу, олардың оқудан бас тартуына себепші болған себеп-
тер мен жағдайларды жою бойынша шараларды қолдану;
6. кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұрған балалар мен жасөспірімдер
үшін жазғы уақытта мәдени-бұқаралық және бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыру;
7. бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды,
қараусыздық және панасыздықты алдын алуды қамтамасыз ететін ұйымдардың оң тәжірибесін
насихаттау;
8. жалпы білім беру мектептерінде «тәуекел топтарын» анықтау, нашақорлық пен ішімдікке әкелетін
проблемаларға төтеп беруде адекватты көмек көрсету үшін олармен нақты бағытталған білім беру-
психологиялық, психокоррекциялық және психотерапевтік жұмыс жүргізу.
Сонымен қатар, 2011 жылғы зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін облыстың құқық
қорғау органдарының, сот органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне
арналған оқыту бағдарламалар жоспарына сәйкес, есепті кезеңде мемлекеттік органдар мен құқық
қорғау бағытында ҰЕҰ бірлесіп ІІД облыстық аппараты қызметкерлерінің бастамасы мен тікелей
қатысуымен 6 семинар, 8 дөңгелек үстел, 4 конференция, 7 түрлі науқан өткізілді («Отбасыдағы
зорлық-зомбылықты тоқтатамыз», «Трафикке тоқтам», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім мен
көше», «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Мектепке барар қауіпсіз жол» және т.б.).
Жыл сайын екі рет облыстың мемлекеттік қызметшілері мен білім беру қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институтының негізінде облыстың ІІБ кәмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған оқыту курстары өткізілуде. Курстарда балалар-
мен, ата-аналармен тәрбие-профилактикалық жұмысты, сондай-ақ кикілжіңдерді басқару, мектеп
полиция инспекторларының қызметіне психологиялық-педагогикалық ілесу бойынша тренингтерді
ұйымдастыру және дөңгелек үстел өткізу мәселелері қаралып талқыланды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
156
Ағымдағы жылдың 12 айы ішінде облыстың ІІБ зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау жөніндегі
бөлімшелер облыстың ІІД ҰҚКБ бірлесіп 2484 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру
мекемелерінде – 1074, облыстың мекемелері мен ұйымдарында – 1219, БАҚ-та: радио арқылы – 12,
теледидар арқылы – 69 және баспасөз басылымда 110 мақала мен сұқбат басылып шықты.
Адам саудасына жол бермеу, жыныстық зорлық- зомбылықты болдырмау бойынша тиімді шаралар-
ды қолдану, әйелдер мен балаларды іздеуінің нәтижелілігі мақсатында ҚР ІІМ Криминалдық поли-
ция комитетінің негізінде Ұрланған және пайдаланылған балаларды іздеу жөніндегі орталықты және
тиісінше елдің өңірлерінде құрылымдық бөлімшелерін құруды ұсынамыз.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
А.О. Қырықбаев
Орын. Амирова Г.К.
тел. 8(7212) 42 10 96
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
157
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКіМДіГіНің ТүСіНіКТЕМЕСі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталық
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Сіздің 22.12.2011 жылғы № 01/3526 хатыңызға
«Қазақстандағы балалардың тәуекелді мінез-құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және адам сауда-
сына осалдығын жедел бағалау» атты есеп жобасын мұқият қарастырып және оның мазмұны бойын-
ша жүзеге асып жатқан шаралар туралы ақпаратты жолдап отыр.
Қосымша 4 парақта.
Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары
Е. Көшербаев
Орынд. Д. Арғынғазин, М. Асанова, тел. 252403
ҚОСЫМША
Облыста кәмелетке толмағандардың жыныстық қанаушылығы мен олардың саудасын түп тамыры-
мен жоюға бағытталған проблема туралы, сондай-ақ еңбектің ең нашар түрлерінің проблемасы ту-
ралы қоғамның, оның ішінде ересектер мен балалардың хабардарлығын арттыру мақсатында 1 мау-
сымнан бастап 12 маусымға дейінгі кезеңде «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» науқаны
өткізілді.
2011 жылғы 31 мамырда баспасөз-конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Облыста
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҰАН басталуы туралы жария етілді. Аталған іс-шара ту-
ралы сюжет «Қазақстан-Өскемен» және «Қалкен ТВ» телеарналарының жаңалықтарында көрсетілді.
Балаларды қорғау күні шеңберінде «Қазақстан» ШҚФ РТРК қолдауымен 1 маусым – Халықаралық
балаларды қорғау күніне арналған тікелей эфирдің арнайы мерекелік көрсетілімі ұйымдастырылды.
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлату шеңберінде облыстың бүкіл қалалары мен
аудандарында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Облыс бойынша Балаларды қорғау күнін тойлатуға 200
мың балаға жуық қатысты.
2011 жылғы 3 маусымда ҰАН шеңберінде «Бала еңбегі: ғаламдық және өңірлік проблема» атты
дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Іс-шараға Балалар құқықтарын қорғау департаменттің, Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері, облыс прокурорының аға көмекшісі,
«Феникс» даму және бейімдеу орталығы» БҚ директоры, Өскемен қаласының отбасы мен балалар-
ды бұқаралық қолдау орталығының директоры, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. «Феникс»
даму және бейімдеу орталығы» БҚ-да, 2011 жылғы 8 маусымда «Восток-5» балалар-жасөспірімдер
клубында» Өскемен қаласының балалар-жасөспірімдер клубтарының арасында «Біз бала енбегін
пайдалануға қарсымыз» атты плакаттар конкурсы өткізілді.
50-ден астам бала қатысты. Балалардың денсаулықтарына зиян болатын бала еңбегіне жол
берілмеушілік мәселесі ашық көркемді балалар суреттерінен көрініс тапты.
Соңында «Тополек» балалар-жасөспірімдер клубы, «Восток-5» БЖК, «Кедр» БЖК және «Юный техник»
БЖК балаларының жұмыстары ең үздік болып саналды. Балалар құқықтарын қорғау департаменті
оларға марапаттау қағаздарын табыс етті.
Тәрбиеленушілердің хабардарлығын арттыру, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жыныстық
қанаушылыққа және олардың саудасына, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы
тұру мақсатында, кәмелетке толмағандардың жұмысы туралы күдікті ұсыныстарды қабылдаудың
тәуекелдігін сезіну, қатысушылардың жасөспірімнің жеке қауіпсіздігінің алгоритмі мен жоспарын
әзірлеуі үшін 2011 жылғы 8 маусымда Өскемен қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |