ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
153
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКіМДіГіНің ТүСіНіКТЕМЕСі
Сіздің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01/3525-и хатыңызға
«Тәуекелді әрекеттерге, жыныстық қанаушылыққа және адам саудасына қатысы бойынша балалардың
осал жері» есеп жобасының ұсынымдарына ұсыныстарды жолдап отырмыз. Қосымша: 2 парақ.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Д. Әділбеков
Орынд. Д. Қойшина, т. 29 72 66
Ақмола облысының әкімдігі, балалық шақты қоргау жүйесін жетілдіру, жыныстық, еңбек қанаушылықты
және кәмелетке толмағандарды саудалауды түп тамырымен жою мақсатында «Ұсынымдар» 8-тарау-
ына ұсыныстар еңгізеді:
«АЛДЫН АЛу» ТАрАуЫНА
1. БАҚ арқылы қуқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша ақысыз және қупия кеңес алуға бо-
латын «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТҰ сенім телефонының «қауырт желісі», өзге де сенім
телефондарының жұмысы туралы хабардар ету. Сенім телефондары туралы ақпаратты жалпы білім
беретін мекемелерде және балаларға, жастарға, сондай-ақ ата-аналарына қолжетімді орындарда
орналастыру;
2. алдын алу мақсатында көрнекі үгіт-насихат құралдарын кеңінен пайдалану (баннерлер, пилондар);
3. туристік фирмалардың басшыларымен адамдарды заңсыз әкету, әкелу және саудалаудың алдын
алуға қатысты тусініктеме беру жұмыстарын жургізу.
4. балалар еңбегін пайдалану фактілері, балалар еңбегін пайдаланатын ойын-сауық мекемелерінің
иегерлері туралы деректер базасын құру;
5. кәмелетке толмағандармен және ата-аналарымен ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу, бала-
лар еңбегін пайдалануға жол бермеу туралы ата-аналар лекториясын ұйымдастыру, көрсетілген
тақырыпты БАҚ-та кеңінен жария ету;
6. балалардың бос уақытын ұйымдастыру: аз қамтылған отбасылардың мұқтаж балаларын дема-
лыс кезеңінде жұмыспен қамтылу мәселесін қарастыру, еңбек заңнамасына сәйкес балалардың
көрсетілген санаты үшін квотталған жұмыс орнын құру, мектептен тыс балалар мекемелерінің то-
рабын, балалар және жасөспірімдер шығармашылығы студиясының, жас техниктер, туристер, на-
туралистер желісін, спорт секцияларын және т.б. кеңейту.
«ҚОрҒАу» ТАрАуЫНДА
1. Адам саудасынан зардап шеккендердің білім алуына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үй алуына
және т.б. мемлекеттік органдармен көмек көрсетудің тетігін дайындау (АС зардап шеккендерді
анықтау – панажай – білім беруді ұйымдастыру (жұмыспен қамту органы) – тұрғын үй беру.
«ҚуДАЛАу» ТАрАуЫНА
1. Адам саудасымен күресетін және адам саудасынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек
көрсететің жауапты органды анықтау.
«ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАрАуЫНА
1. Әлжуас балаларды қорғаумен айналысатын және адам саудасына қарсы тұратын үкіметтік емес
ұйымдарға қолдау көрсету.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
154
АТЫрАу ОБЛЫСЫ ӘКіМДіГіНің ТүСіНіКТЕМЕСі
Адам құқықтары жөніндегі
ұлттық орталықтың
басшысы В.Калюжныйға
Сіздің 22.12.2011 жылғы
№01/3530-И хатыңызға
Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары бойынша Уәкілетті ор-
ган БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірігіп жүргізген «Балалардың қауіпті мінез-құлықка, жыныстық
пайдалану мен адамдар саудасына қатысты осалдығы» зерттеуін зерделеді.
Қазақстанда балалар саудасы мен жыныстық пайдалану проблемасы кәмелетке толмағандарды
жыныстық пайдалануды және олардың саудасын түбірімен жоюға бағытталған бірлескен кешенді
шаралар жүргізуді талап етеді.
Балалық шақ жүйесін жетілдіру мен реформалау және қатерлі мінез-құлыққа, адамдар саудасына
және жыныстық пайдалануға қатысты осалдығын төмендету мыналарды талап етеді:
1) мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралык ұйымдар мен бұқаралық
ақпарат құралдарының ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
2) төмендегі бағыттарды қоса алғанда балалық шақты қорғау жөніндегі Ұлттьқ ic-қимыл жоспарын
әзірлеп, қабылдау:
- халықтың хабардарлығын арттыру бойынша балалар саудасының алдын алуға ерекше мән
беретін ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
- қиын балалар мен отбасыларын анықтау бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен
бірлескен іс-шаралар жүргізу, кедейшілік жағдайын жеңілдету және олардың қиындығы
мәселелерін шешу мақсатында қажетті қолдау көрсету;
- құқық қоргау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ балаларды қорғауға жауапты
мемлекеттік қызметшілерді, көші-қон қызметтерін, адам саудасының құрбандары балаларды
анықтау әдісі бойынша балалармен байланысы бар денсаулық сақтау және білім беру жүйесі
қызметкерлерін окыту және тиісті көмек көрсету;
- адамдар саудасының құрбандарын оңалту және көмек көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдарды
тарта отырып, олардың өмірін өзгерту, жарақаттануды және зорлық-зомбылықтың зардабын
болдырмау, сондай-ақ оларды қоғамға тәуелсіз және жағдайлы адам етіп қайтару мақсатында
олар қажет ететін қолдау қызметтерінің толық жиынтығынан тұратын дағдарыс орталықтарын
кұру мен қызметін қаржылық және ұйымдық қолдау.
3) Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар балалық шақты қорғау мәселесі
бойынша өткізетін ic-шараларды белсенді ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.
4) Әлеуметтік жетімдік проблемасын шешуге және қиын өмірлік жағдайдағы балаларға көмек
көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын өткізу.
5) Кәмелетке толмағандардың заңға құлықты мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына
адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін сіңіруге бағытталған бағдарламалар мен
әдістемлерді білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесіне енгізу.
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы
А. Досбаев
Орын. А. Даулетова , Тел. 8 (7122) 35 50 32
Достарыңызбен бөлісу: |