ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
150
ҚАЗАҚСТАН рЕСПуБЛИКАСЫ БіЛіМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТрЛіГі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
2012 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01/3519-И хатқа
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) «Қауіпті мінез-құлыққа,
жыныстық қанауға және адам саудасына қатысты балалардың жәбірленуі» тақырыбында БҰҰ-ның
(ЮНИСЕФ) Балалар қорының халықаралық сарапшысы Робин Хаар дайындаған зерттеу нәтижелері
(бұдан әрі – есеп) туралы материалдарды қарастырып, төмендегіні хабарлайды.
1. Кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауды жоюға бағытталған іс-шараларға қатысты. ҚР БҒМ-
ның Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және оның өңірлік балалардың құқықтарын қорғау
департаменттері балалар құқықтарының бұзылу фактілерін анықтау, балалардың қараусыздығы
мен панасыздығының, бала еңбегін қанаудың алдын алу үшін «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері
республиканың барлық өңірлерінде өткізіледі.
ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және
«Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, жыл сайын «Бала еңбегін
қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық кампаниясын өткізуде.
Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балаларға құқықтық, консультациялық және психологиялық
көмек көрсету, сондай-ақ адам саудасы фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында өңірлерде
балаларға арналған қоғамдық қабылдау бөлмелері, сенім телефондары қызмет атқарады, әр бала
көмек сұрау үшін хабарласа алатын тәулік бойы жұмыс істейтін ақысыз 150 телефон желісі (НТЛДДиМ
№ 150) енгізілді. 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін 150 желісіне 315 488 қоңырау шалынды, оның
ішінде 1341 балалар мен жастар әр түрлі мәселелер, оның 2%-ы қатыгез қарым-қатынас және
жыныстық қанау мәселелері бойынша.
НТЛДДМ-ға телефон соққан әр адаммен № 150 НТЛДДМ-нің консультанттары жеке жұмыс, яғни
клиентпен жұмыс стратегиясын балалардың жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізеді. Балаға қауіп төнген жағдайда № 150 НТЛДДМ-
нің мамандары жедел түрде полицияның кезекші бөліміне, тұрғылықты жер бойынша кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға, білім беру жүйесінің қамқоршылық және қорғаншылық
органдарына және балалардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеді.
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және отбасымен одан әрі жұмыс жүргізу үшін бала
отбасынан алынып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО), кәмелетке
толмағандарға арналған пана үйлеріне орналастырылады.
Бұдан басқа, Министрлік Әділет және Ішкі істер министрліктеріне Әкімшілік құқық бұзушылық
кодексіне баланың өмірі мен денсаулығына қауіпті фактілер, олардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің бұзылу жағдайларын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын органға хабарлау туралы лауазымды және басқа адамдардың өз мiндеттерін
орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы норманы бекіту ұсынды. Аталған міндеттер «Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 67-бабында анықталған.
Көрсетілген ұсыныс өмірдің қиын жағдайына душар болған, оның ішінде жыныстық қанауға және
адам саудасына тартылған балаларды анықтау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
2. Есепке түсініктемелер мен ескертулер. Жалпы Министрлік есептегі өмірде қиын жағдайға душар
болған балаларды уақытылы анықтау бойынша білім беру органдарының жұмысын жетілдіруге
мүмкіндік беретін ұсынымдамаларды қолдайды. Аталған есепті балаларға қатысты зорлық-
зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың және жыныстық қанаудың профилактикасы бойынша
біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу барысында қолдануға лайықты.
Сонымен қатар, адам саудасының құрбаны болған балаларға қамқоршыларды анықтауға қатысты
8-ұсынымданың контексін детальды нақтылауды және кеңінен ашып көрсетуді қажет етеді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
151
Бұдан басқа, бала саудасының құрбандары болған балалардың жастарына, қабілеттілігіне,
қызығушылығына және мүмкіндігіне сәйкес білім алуға қатысты 9-ұсынымдаманы өзекті емес деп
санаймыз.
Еліміздің Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орта білімді барлық балалар, оның ішінде өмірде
қиын жағдайға душар болған балалар міндетті орта білім алуда.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы (КТБО) мектеп жасындағы балалар жақын
жердегі мектептерден білім алады.
Олардың жастарына, икемділігіне, қызығушылықтарына және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке жұмыс
жүргізу үшін барлық КТБО-ларда және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мек-
тептерде педагогтер, психологтар және заңгерлер күнделікті әр түрлі сипатта, оның ішінде адам
саудасының құрбандарын идентификациялау бойынша көмек көрсетеді.
Бұдан басқа, бала саудасы фактілерінің профилактикасы жөнінде, оның ішінде мигрант отбасыларының
балаларымен жұмыс жасау барысында пайдалану үшін зерделеу барысында сауалнама алынған
балалардың саны және азаматтығы туралы ақпарат ұсынуды сұраймыз.
вице-министр
М. Сарыбеков
А. Секербаев, 74-20-49
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
152
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКіМДіГіНің ТүСіНіКТЕМЕСі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01/3518-И хатқа
Сізге «Адамдардың қауіпті мінез-құлықтарына, оларды нәпсілік пайдалануға және сатуға қатысты
балалардың әлсіздігі» тақырыбында Астана қаласында жүргізілген зерттеулер бойынша ұсыныстарды
жіберіп отырмыз.
Қосымша: 1 п.
Астана қаласы әкімінің орынбасары
А. Балаева
Орынд.: Г. Тайгокова, Тел.: 556479
АСТАНА ҚАЛАСЫ БОйЫНША «БАЛАЛАрДЫң ТӘуЕКЕЛДі МіНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ
ҚАНАуШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САуДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫ» ТАҚЫрЫБЫНА ЖүрГіЗіЛГЕН ЗЕрТТЕуГЕ
ҰСЫНЫМДАр
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Астана қаласында өткізген «Балалардың тәуекелді
мінез-құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және адам саудасына осалдығы» атты зерттеуін (бұдан әрі
-зерттеу) барлық мүдделі органдар зерделеп, мәлімет үшін қабылдады.
Зерттеудің нәтижелері Қазақстан Республикасында адам саудасы мен жыныстық қанаушылық
сияқты бар проблемалардың объективті көрінісін көрсетеді. Аталған зерттеу шеңберінде жыныстық
қанаушылық пен адам саудасының себептері, жағдайлары және оған тап болған тұлғалардың санаты
нақты анықталды.
Бұл проблема өте өзекті болып табылады, осындай фактілерді болдырмау және алдын алу мақсатында
ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізілуі тиіс, халық мұндай проблема біздің
елімізде де бар екені туралы хабардар болуы тиіс.
Сонымен бірге, осындай зерттеулерді бүкіл республикада өткізу қажеттілігі туындап отыр, олардың
нәтижелері бойынша осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар тәжірибелік
қызметтерінде қолдану үшін жинақ басып шығару қажет.
Зерттеуде көрсетілген ұсынымдарды қолдай отыра, келесіні жөн деп санаймыз:
- жыныстық қанаушылық пен адам саудасына қарсы күреске бағытталған арнайы мемлекеттік
бағдарламаларды әзірлеу;
- мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдардың әлеуметтік осал балаларды қорғау және адам
саудасына қарсы әрекет жасаумен айналысатын мемлекеттік ұйымдардың ынтымақтастығын
кеңейтумен бірге олардың нақты құрылымын құру;
- бүкіл республика бойынша баспана желісін кеңейту, олардың көмек көрсету, қолдау көрсету
кезінде функциялар мен мүмкіндіктерін және жыныстық қанаушылық пен адам саудасының
құрбаны болған тұлғалар үшін қорғау жүйесін ұлғайтумен бірге;
- адам саудасы, еңбек және жыныстық қанаушылық фактілеріне жол бермеу мақсатында әлеуметтік
осал балалар мен отбасыларының бірыңғай базасын құрумен қоса жоғарыда аталған санатпен әрі
қарай жұмыс істеудің нақты жүйесін әзірлеу;
- оқушылар мен студенттер арасында осы тақырыптама бойынша ақпараттық-түсіндіру қызметін
дамыту, буклеттер, плакаттар мен ақпараттық бюллетендерді басып шығару және таратуды көздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |