Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет59/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
118
7-тарау
БАЛАЛАрДЫң ҚҰҚЫҚТАрЫН 
ҚОрҒАу ЖӘНЕ ҚОЛДАу 
ҚЫЗМЕТТЕрі 
 
Осы тарауда балалардың құқықтарын қорғауды және қолдау қызметтерін қамтамасыз 
ететін әртүрлі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік жағынан 
осал балалармен, адам саудасының құрбандарымен және секс-жұмыскерлерімен 
жұмыс тәжірибесінде орын алған оқиғалар сипатталады. Балалардың құқықтарын 
қорғау жөніндегі көмектің және қолдау қызметтерінің қарастырылған түрлерінің 
қатарына мыналар кіреді: полицияның қорғауы, заңгерлік көмек, денсаулық сақтау 
қызметтері, психологиялық және психо-әлеуметтік жағынан қолдау, білім беру 
қызметтері және кәсіптік біліктілік алу, сонымен бірге баспана мәселесін және/
немесе туыстарымен қарым-қатынас мәселелерін шешуге көрсетілетін көмек. 
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерге олардың қалай көмек іздегені және 
осы сауалнаманың сұрақтарына шынайы жауап беру керек болғанда кезде қандай 
қиындықтарға тап болғандары жөнінде сұрақтар қойылды.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
119
ПОЛИцИЯМЕН БАйЛАНЫС 
ЖӘНЕ ОНЫң ЖҰМЫСЫМЕН 
ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі 
Сауалнамаға жауап берушілерге полициямен 
байланысып, өтініш жасау оқиғалары туралы 
және полицияның олардың өтініштеріне жау-
ап ретінде шара қолданғанымен қанағаттану 
дәрежесі туралы сұрақтар қойылды. 7.1-кестеден 
сауалнамаға жауап берушілердің барлығының 
65,2% полициямен байланысқан кездері 
болғаны көрінеді. Қашан болмасын полициямен 
байланысқан 305 жауап берушілердің ішінде 
тек 16,7% өздерінің мәселелеріне полицияның 
шара қолдануымен өте қанағаттанғанын 
мәлімдеді, жауап берушілердің 43,3% өздерінің 
мәселелеріне полицияның шара қолдануымен 
жартылай қанағаттанғанын мәлімдеді, ал 40,0% 
қанағаттанбаған. 
Әлеуметтік жағынан осал балалардың ішінде 
74,1% полициямен байланысқан. Полициямен 
байланысқан 192 әлеуметтік жағынан 
осал балалардың ішінде 16,1% өздерінің 
мәселелеріне полицияның шара қолдануымен 
өте қанағаттанғанын мәлімдеді, әлеуметтік 
жағынан осал балалардың ішінде 46,9% жарты-
лай қанағаттанғанын мәлімдеді, ал 37,0% мүлдем 
қанағаттанбаған. 
Адам саудасының құрбандарының ішінде 
63,1% полициямен байланысқан. Полициямен 
байланысқан 65 адам саудасының 
құрбандарының ішінде тек 20,0% өздерінің 
мәселелеріне полицияның шара қолдануымен 
өте қанағаттанғанын атап көрсеткен, 36,9% 
жартылай қанағаттанған, 43,1% пайызы мүлдем 
қанағаттанбаған атап көрсеткен. 
Салыстыра келе, тек секс-жұмыскерлердің 45,3% 
полиция көмегімен жүгінген. Полицияға жүгінген 
48 секс-жұмыскерлердің ішінде шамамен 47,9% 
өздерінің мәселелеріне полицияның шара 
қолдануымен қанағаттанбағанын мәлімдеген.  
7.1-кестеден кейбір адам саудасының 
құрбандарының (20%) және секс-
жұмыскерлердің (14%) өздерінің мәселелеріне 
полицияның шара қолдануымен өте 
қанағаттанғанын мәлімдегені көрінеді. 
Өздерінің мәселелеріне полицияның шара 
қолдануымен өте қанағаттанғанын мәлімдеген 
адам саудасының құрбандары полиция оларға 
көмек көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жа-
сады деп санайды, жекелеп айтқанда, оларды 
құлдықтан/қанаушылықтан құтқарған, оларды 
паналарға және қолдау қызметтеріне жіберген 
және адам саудагерлеріне қарсы қылмыстық 
іс қозғаған. Адам саудасының құрбандары по-
лиция өз жұмысын жақсы орындағанда және 
олардың істеріне мұқият қарағанда, полицияның 
шара қолдануымен көбірек қанағаттанған. 
«Мен үйден кетіп қалғанда ата-анам 
полицияға барған, олар мені іздеу туралы 
өтініш жазған…. Мен полицияға бардым 
және сол балаларға [адам саудагерлеріне/
қанаушыларға] қарсы шағым жаздым. Мен 
түсініктеме жаздым және не болғанын және 
қалай болғанын айтып бердім. Полиция бізге 
көмектесті.… Олар қолынан келгеннің бәрін 
жасады» (300, адам саудасының құрбаны
жынысы-әйел, 20 жас).
«Мен өзімнің сутенерімді сотқа еру үшін 
ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы күрес 
бөліміне шағым жаздым…. Полиция маған 
көмектесті. Олар сутенерді ұстап, бізді 
қамауда ұстаған жезөкшелік ұясына қамап 
қойды. Мен сутенерді 6 жылға түрмеге 
отырғызғанына ризамын…. Полиция 
қолынан келгеннің бәрін жасады» (297, адам 
саудасының құрбаны). 
 7.1-кесте. Полициямен байланыс және қанағаттану дәрежесі
Жалпы 
Саны=468
Әлеуметтік 
жағынан осал 
балалар 
Саны=259
Адам 
саудасының 
құрбандары 
Саны=103
Секс- 
жұмыскерлер 
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны 
%
Полициямен байланыс
305
65,2
192
74,1
65
63,1
48
45,3
Мәселелерін шешу үшін 
полицияның қолданған шаралары-
мен қанағаттану дәрежесі
Саны=305
Саны=192
Саны=65
Саны=48
 Толық қанағаттанған
51
16,7
31
16,1
13
20,0
7
14,6
 Жартылай қанағаттанған
132
43,3
90
46,9
24
36,9
18
37,5
 Қанағаттанбаған
122
40,0
71
37,0
28
43,1
23
47,9


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
120
«Мен қашып кеткенде, олар маған көмектесті 
және мені ұрлап әкеткен адамдарға қарсы 
қылмыстық іс ашты…. Олар маған көмек 
және қолдау көрсетті…Мені ұрлап әкеткен 
адамдарды жазалағанын және оларды 
түрмеге отырғызғанын қалаймын» (460, 
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 22 
жас).
«Полиция қазір бізге көмектесіп жатыр. Мен 
олардың көмегіне ризамын. Олар телефон 
соғып, біздің хал-жағдайымызды сұрайды» 
(433, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 29 жас). 
«Біз жезөкше болып жұмыс істеп жүргенде, 
олар [полиция] бізге пана тауып берді... 
Олар бізге сутенерлерден қашып кетуге 
көмектесті» (31, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 27 жас). 
«Олар бізді босатып жібергенде мен 
полицияға хабарластым.… Полиция маған 
көмектесті, олар бізге өте көп көмектесті» 
(30, адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 
28 жас).
Сонымен бірге 7.1-кестеден адам саудасының 
құрбандарының 43% және секс-жұмыскерлердің 
48% өздерінің мәселелеріне полицияның шара 
қолдануымен қанағаттанбағаны көрінеді. 
Өкінішке орай, адам саудасының көптеген 
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің 
полицияға байланысуының теріс нәтижелері 
болған және олар полицияның адам саудасына 
қатысқанын мәлімдеп шағым айтты. 
Сонымен бірге адам саудасының кейбір 
құрбандары полиция олардың адам сауда-
сы туралы шағымдарын немесе өтініштерін 
мұқият қарамағандықтан оның жұмысымен 
қанағаттанбағанын білдірді. Сонымен қатар 
адам саудасының көптеген құрбандары по-
лиция олардың істерін тергеу үшін және адам 
саудагерлерін/қанаушыларын сотқа беру 
үшін ешқандай шара қолданбады деп санай-
ды. Адам саудасының кейбір құрбандары 
өздерін сатқан адам саудагерлерінің әлі де 
қамауға алынбағанына ренішін білдірген және 
полицияның қанаушыларды қорғайтындығын 
айтып айыптаған. Адам саудасының кейбір 
құрбандары былай деген:
«Мен жұмыс берушіні [қанаушыны] жазалау 
үшін шағым және түсініктеме хат жаздым…. 
Полицияның жұмыс берушіні [қанаушыны] 
қамауға алып жазалағанын қалаймын» (307, 
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 21 
жас).
«Мен көрсетпелер бердім, түсініктеме хат 
жаздым. Мен жұмыс берушіні тану рәсіміне 
қатыстым. Полиция қызметкерлері маған 
көмектесуге әрекет жасамай отыр деп ой-
лаймын. Маған бұл жерде бәрі сатылып 
алынғандай және полиция қызметкерлері 
жезөкшелік үйімен сыбайлас тәрізді және 
оларды қорғайтындай көрінді. Біздің поли-
ция ештеңе жасай алмайтынына сенімдімін» 
(305, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 18 жас).
«Мені жұмыс істеуге мәжбүрлеген адамдар-
ды [адам саудагерлерін/қанаушыларын] 
қылмыстық қудалау мақсатымен шағым 
жаздым. Мен Аудандық ішкі істер бөліміне 
барып, шағым және түсініктеме жаздым. 
Мен олардың [полицияның] Біріккен Араб 
Әмірлігіндегі мені жезөкшелікпен айналысуға 
мәжбүрлеген адамдарды тауып, оларды заң 
талаптарымен қатаң жазалауын тіледім» 
(306, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 23 жас). 
«Мені қанаған дүкеннің қожайынына қарсы 
шағым жаздым. Мен көрсетпелер бердім 
және шағым мен түсініктеме жаздым. 
Мен шағым жаздым, бірақ олар тергеуді 
бастаған жоқ…. Мен полицияның осы істі 
тергеуді бастағанын қалаймын» (303, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 23 жас).
«Мен өзімнің қандай жағдайға тап болғанымды, 
бұның қалай болғанын түсіндіріп, шағым 
жаздым…. Полиция маған көмектеспек бол-
ды, бірақ мен қанағаттанбадым…. Бізді 
жұмыс істеткен адамға тек айып салуымен 
шектелді. Ол бізге малға қарағандай қарады. 
Мен оны қатаңырақ жазалауға болар еді деп 
ойлаймын» (298, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–ер, 16 жас).
«Мен полициямен жауап алу кезінде бай-
ланыстым. Олар маған көп рет сұрақтар 
қойды. Олардың кейбір мәліметтері жиі 
өзгертілетіні қызықты. Дүкен иелері бір 
нәрсені, полиция қызметкерлері басқа нәрсені 
айтты ал сот мені емес, оларды тыңдайды… 
Мен полицияның менің ісіме байланысты 
шара қолдануымен қанағаттанбадым….. 
Олардың менің төлқұжатымды қайтарып 
бергенін және үйге жібергенін қалаймын» 
(212, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 22 жас).
Басқа адам саудасының құрбандары адам 
саудагерлерінің/қанаушыларының әлі де 
қамауға алынбағанын немесе жазаланбағанын 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау