ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
110
«Мен өзіме-өзім әдейі жаралауды және
өзіме-өзім қол жұмсауға әрекет жасауды
бастағанда менің жасым 16-да болған. Мен
өзімді бақытсыз сезіндім және өмір сүргім
келмеді. Мен өзімді әдемі емеспін деп ойла-
дым…. Өзіме 4 рет қол жұмсамақ болдым,
себебі жезөкшелікпен айналысқандықтан
өмір сүргім келмеді. Шындығында өз
келешегімді басқаша болады деп ойлайтын-
мын. Кейде депрессияға түсемін және шығар
жол таппаймын, өмір сүргім келмейді деп ой-
лай бастаймын, ақырында өзіме қол жұмсауға
бел байлаймын. Менің дос қыздарым мені
тоқтатады, бұның тығырықтан шығар жол
емес екенін айтады (249, секс-жұмыскер, жы-
нысы–әйел, 19 жас).
«Бір күні мен өзіме қол жұмсауға әрекет
жасадым. Жыныстық қатынасқа түсу
жиіркенішті болды және менің көңіл-күйім
бұзылған еді. Мен көптеген дәрілерді жұтып
қойдым, бірақ мені анам құтқарып алды. Мен
өлемін деп үміттендім, бірақ сосын шешімімді
өзгерттім, сол еркектерге бола өзімді
улаудың керегі жоқ деп шештім» (248, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел,17 жас).
АТА-АНАСЫМЕН/ҚАМҚОрШЫСЫМЕН
ЖАНЖАЛ БОЛҒАНДЫҚТАН
Сауалнаманың мәліметтері әлеуметтік
жағынан осал балалардың, адам саудасының
құрбандарының және сек- жұмыскерлердің өзіне–
өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді ата-анасымен немесе
қамқоршысымен, көбінесе әкесінен гөрі анасы-
мен кикілжің немесе келіспеушілік нәтижесінде
жасағанын көрсетеді. Төменде берілген әңгімелерде
адам саудасының екі құрбаны және төрт әлеуметтік
жағынан осал бала өзіне–өзі зақым келтіруге және
өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерін
ретінде өз а наларымен болған кикілжіңмен және
келіспеушілікпен түсіндіреді.
«Менің жасым 15-те болғанда, мен өзіме
әдейі зақым келтіре бастадым. Мен бұны
анаммен ұрысып қалғаннан кейін жасадым.
Екі рет өзіме қол жұмсамақ болдым. Бірінші
рет анаммен ұрысқандықтан жасадым.
Оны қорқытпақ болдым. Мен үш күн ко-
мада жаттым. Екінші рет мен өз еркіммен
өзімді өлтіргім келді» (460, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 22 жас).
«Мен 14 жасымда өзіме әдейі зақым
келтіре бастадым. Бұны анаммен ұрысып
қалғандықтан жасадым» (394, адам
саудасының құрбаны, 16 жас).
«Менің жасым 14-те болғанда, мен өзімді
өлтірмек болдым. Менің анам ақшасын
жоғалтып алған, көп ақша, оны менің інім
алған, бірақ мені алды деп айтқан. Мен
бұған ренжідім. Мен өзімді кінәлағанына
ренжідім. Мен тамырымды кесе бастадым,
бірақ қолым қатты ауырды, сондықтан
тоқтап, жарақатымды таңып алдым» (111,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 16 жас).
«Мен өзіме жарақаттар сала бастағанымда
жасым 15-те еді.…Мен өзіме зақым
келтіруімнің себебі анам болатын, ол мені
түсінбейтін. Мен үш рет өзіме-өзім қол
жұмсамақ болдым....Осының барлығын
анамның себебінен жасадым (277, әлеуметтік
жа ғынан осал бала, 16 жас).
«Мен бір рет өзіме-өзім қол жұмсамақ болдым,
себебі анаммен жиі ұрысаты едім, сондықтан
өзімді өлтіруге бел байладым...Мен көпірден
секірдім, омбы қарға құладым да, тірі қалдым.
Мен тіпті жарақат та алған жоқпын» (220,
әлеуметтік жа ғынан осал бала, жынысы–ер,
15 жас).
«Менің жасым 14-те болғанда, мен өзіме-
өзім қол жұмсамақ болдым, анаммен ұрысып
қалдым, сондықтан мен өмір сүргім келмеді»
(182, әлеуметтік жа ғынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 16 жас).
Бір секс-жұмыскер анасымен қатты ұрысқаннан
кейін өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасағанын
айтып берген. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін есіне
түсіре отырып, ол сол сәтте шындығында өлгім
келмеген шығар, бірақ анамды қорқытқым келді
және оның назарын өзімнің мұқтаждықтарыма
аудартқым келді деп мәлімдейді.
«Мен 13 жасымда өзіме-өзім қол жұмсамақ
болдым. Мен анаммен қатты ұрысып
қалдым. Өмір сүргім келмеді, сондықтан көп
дәрі жұтып қойдым, бірақ сосын мен құсып
қойдым. Қалай болғанда да, мен енді бұны
қайталағым келмеді, өйткені тамағым ау-
ырды. Мен сол дәрілерді жұтқанда, өлгім
келмеді, жай ғана анамды қорқытқым келді.
Нәтижесінде ол менің жағдайыма назар ау-
дарды» (372, секс жұмыскері, 17 жас).
Кейбір әлеуметтік осал балалар өзіне-өзі қол
жұмсау әрекеттерін өз өмірлерінде маңызды
қамқоршы болған әжелерімен кикілжің
болғаннан кейін жасағанын айтып берген:
«Мен әжеммен ұрысып қалдым, білегімді
кестім және асылып қалуға әрекет жасадым...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
111
Өмір сүргім келмеді. Өлгенім жақсы еді» (77
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
«Иә, солай болды, себебі мен анаммен және
әжеммен ұрысып қалдым, сондықтан асы-
лып қалғым келді» (115, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–ер, 15 жас).
Азырақ балалар/жасөспірімдер өздерінің
әкесімен ұрысқандықтан өзіне-өзі қол жұмсау
әрекеттерін жасағанын айтқан, алайда
олардың айтқаны:
«Мен екі-үш рет өзіме қол жұмсамақ бол-
дым, себебі менің әкем маған анаммен баруға
жібермеді» (275, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 14 жас).
«Мен дәрілерді жұтып қойдым, себебі әкем
не істесем де үнемі мені сынай беретін.
Мен онымен кездеспеуге тырысатын-
мын: үйге ол жұмысқа кеткенде оралатын-
мын, және ол жұмыстан келгенше үйден
кетіп қалатынмын….. Мен бір рет әкемнің
немқұрайлылығынан және үнемі сынай
бергенінен өзіме-өзім қол жұмсамақ болдым»
(89, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 19 жас).
Бір әлеуметтік жағынан осал қыз тіпті өзінің
өгей әкесімен келіспеушілік салдарынан өзіне-
өзі қол жұмсау әрекеті туралы айтып берген.
Ол қоңыздардың уымен уланбақ болғанын
айтқан.
«Мен өзіме қол жұмсамақ болғанда менің жа-
сым 16-да еді. Бір күні менің тамырларымды
кескім келді, бірақ оның орнына мен аздап
қоңыздың уын іштім. Ешқандай әсер еткен
жоқ, тек дене қызуым екі күн бойы жоғары
болды. Мен ашуланған едім, өгей әкеммен
ұрысып қалғанмын – ол менің ығыр қылды
және мені жұмыс істеуге мәжбүрлеген» (129,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 17 жас).
БАЛАҒА ҚАТЫГЕЗДіК КөрСЕТіЛГЕНДіКТЕН
Кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар және
секс-жұмыскерлер өзіне–өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді өздеріне отбасында ата-аналарының/
қамқоршыларының қатыгездік, соның ішінде
дөрекі сөздермен жәбірлеу, психологиялық және
физикалық зорлық-зомбылық көрсеткендіктен
айтып берген. Кейбір балалардың оқиғаларында
зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету ата-
аналарының есірткі және/немесе алкогольді
ішімдіктерді асыра қолдануымен байланысты
болған. Бес әлеуметтік жағынан осал балалар
және бір секс-жұмыскер былай деген:
«Мен өзіме әдейі зақым келтіре бастағанымда
жасым 13-14-те болған … Менің мас анам
менің жыныма тиетін, ол маған айқайлап,
менің шашымнан сүйрейтін, ұратын. Ол өзін-
өзі ұстай алмайтын. Мен осылайша өмір
сүргім келмеді» (339, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
«Менің жасым 14-те болғанда, өзіме қол
жұмсамақ болдым. Мен көп дәрі жұтып
қойдым, себебі олар маған ұрысты, үйден қуып
жіберді, мені қорқытты. Менің денем қатты
ауырды. Бәрі мен тым көп ұйықтағанымнан
және ыдыс-аяқты жумағанымнан бастал-
ды. Анаммен басқалары мені үйден қуып
жібергенде қатты ренжідім» (92, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 15 жас).
«Мен өзіме әдейі зақым келтіре бастағанымда
жасым 13-те еді. Себебі анам үнемі маған
айқайлайтын» (253, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
«Мен 5 рет өзіме-өзім қол жұмсамақ болдым,
себебі маған осылай қатыгез көзқарасқа
ашуландым. Менің атам үнемі маған
ұрысатын, себебі ол маған аз көмектесесің,
балаларға қарамайсың дейтін, бірақ мен
ылғи да көмектесетінмін, үйді тазалай-
тынмын, балаларға қарайтынмын. Олар
біздің [балалардың] кесірімізден оларға ақша
жетпейтінін айтатын» (68, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел,12 жас).
«Мені үйге қамап қойғанда, мен пышақты
алып, тамырымды кеспек болдым, бірақ мені
көріп қойып, тоқтатты» (109, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер,13 жас).
«Мен өзіме зақым келтіре бастағанымда,
жасым 14-те болды... Бәрі менің ығыр
қылды, анам мені ұратын. Мен әдейі білегімді
кесетінмін... Қазір тыртықтар қалды» (247,
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 16 жас).
Бір әлеуметтік жағынан осал бала өзінің
ағасымен ұрысқаннан кейін өзіне-өзі қол
жұмсамақ болғанын айтқан, ағасы оны ұрған.
Көптеген жанұяларда ағалары және әпкелері,
әсіресе ағалары кіші іні-қарындастарына қарап
жүруі тиіс және қажет болғанда оларды тәртіпке
салуы тиіс болған.
«Мен бір рет ағаммен ұрысып қалғанда
өзіме қол жұмсамақ болдым. Ол мені бір рет
ұрды. Бұрын мені ұрмайтын, сондықтан мен
Достарыңызбен бөлісу: |