ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
125
7.3-кесте. Қорғаушылармен және соттармен байланыс және қанағаттану дәрежесі
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Құқықтық мәселелерін шешу үшін
қорғаушыларға және соттарға
жүгінген
110
23,5
88
34,0
18
17,5
4
3,8
Құқықтық мәселелерін шешу үшін
көрсетілген көмекпен қанағаттану
дәрежесі
Саны=110
Саны=88
Саны=18
Саны=14
Толық қанағаттанған
29
26,4
24
27,3
4
22,2
1
25,0
Жартылай қанағаттанған
47
42,7
38
43,2
7
38,9
2
50,0
Қанағаттанбаған
34
30,9
26
29,5
7
38,9
1
25,0
ҚОрҒАуШЫЛАрМЕН ЖӘНЕ
СОТТАрМЕН БАйЛАНЫС ЖӘНЕ
ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерден
олардың көмек сұрау үшін
қорғаушыларға және
соттарға жүгінгендігі туралы және қанағаттану
дәрежесі туралы сұралған. 7.3-кестедегі
мәліметтер бойынша сауалнамаға жауап
берушілердің жалпы санының 23,5% құқықтық
мәселелерін шешу үшін қорғаушыларға және
соттарға жүгінген.Қорғаушыларға және соттарға
жүгінгендердің ішінде тек 26,4% өздерінің
мәселелерін шешуге соттың шара қолдауымен
толық қанағаттанған, ал шамамен 42,7%
жартылай қанағаттанған, 30,9% өздерінің
мәселелерін шешуге соттың шара қолдауымен
қанағаттанбаған.
7.3-кестедегі мәліметтер бойынша адам
саудасының құрбандарымен (17,5%) және
секс-жұмыскерлермен (3,8%) салыстырғанда
әлеуметтік жағынан осал балалар (34,0%)
қорғаушылармен және соттармен көбірек
байланысқан. Әлеуметтік жағынан осал
балалардың, адам
саудасының құрбандарының
және секс-жұмыскерлердің ішінде 22% – 27%
дейін өздерінің мәселелерін шешуге соттың
шара қолдауымен толық қанағаттанған. Алайда
әлеуметтік жағынан осал балалардың 29,5%,
адам саудасының құрбандарының 38,9%
және секс-жұмыскерлердің 25.0% өздерінің
мәселелерін шешуге соттың шара қолдауымен
қанағаттанбағанын мәлімдеген.
Сауалнама жүргізу барысында жауап
берушілердің тек бірнеше жауаптарын алуға
мүмкіндік болды, алайда өздерінің құқықтық
мәселелерін шешу үшін қорғаушыларға
және соттарға жүгінгендігі туралы
айтқандардың ішінде бір адам саудасының
құрбаны қорғаушылар мен соттар туралы
былай деген:
«Олар менің құқықтарымды қорғау үшін
қолынан келгеннің барлығын жасады...Енді
маған ешқандай заңгерлік көмектің қажеті
жоқ, істі аяқтады» (297, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас).
Тағы бір адам саудасының құрбаны соттың
«шешімін өзгерткенін» қалайтынын айтқан,
«қорғаушы мен заңгер қолынан келгеннің
барлығын жасады» деп мәлімдеген» (461, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 жас).
Екі әлеуметтік жағынан осал бала өздерінің
қорғаушылар мен соттарға жүгінгендігі тура-
лы айтып берген. Олардың бірінің айтуынша
ол сотта екі рет болған: «Біріншісі жақсы өтті,
екіншісі мені анамнан айыру мүмкіндігіне әкелді...
Мені және анамды жайымызға қалдырғанын
қалаймын.. Маған олардың заңгерлік көмегі
қажет емес» (400, әлеуметтік жағынан осал
бала, жыныс–ер, 13 жас).
Тағы бір әлеуметтік жағынан осал бала
оның ісін тыңдау кезінде инспектордың
да, соттың да өзіне сөйлеуге мүмкіндік
бермегенін мәлімдеген. Ол былай деген:
«Сотта менің ісімді қарағанда инспектор
жалған мәліметтер берді, сөздерінің жар-
тысы өтірік болды. Мен шындықты айтуға
тырыстым, бірақ инспектор «Аузыңды жап»
деді. Олар тек инспекторды ғана емес, мені де
тыңдауы тиіс еді» (119, әлеуметтік жағынан
осал бала, жыныс–әйел, 17 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
126
Таблица 7.4. Проблемы со здоровьем, поддержка, и степень удовлетворенности
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Денсаулыққа
байланысты
мәселелері бар
219
46,8
98
37,8
62
60,2
59
55,7
Денсаулыққа байланысты
мәселелерін шешу үшін көмек
көрсетілген
235
50,2
115
44,4
61
59,2
59
55,7
Денсаулыққа байланысты
мәселелерін шешу үшін көрсетілетін
көмекпен қанағаттану дәрежесі
Саны=236
Саны=115
Саны=61
Саны=59
Толық қанағаттанған
140
59,6
65
56,5
42
68,9
33
55,9
Жартылай қанағаттанған
86
36,6
45
39,1
16
26,2
25
42,4
Қанағаттанбаған
9
3,8
5
4,3
3
2,9
1
1,7
Сауалнама мәліметтері әлеуметтік жағынан осал
балалардың, адам саудасының құрбандарының
және секс-жұмыскерлердің денсаулыққа
байланысты әртүрлі
мәселелері болғанын
көрсетеді. Жекелеп айтқанда, жыныстық қанау
мақсатымен адам саудасының құрбандары
және секс-жұмыскерлер
өздерінің денсаулыққа
байланысты көптеген мәселелері, соның ішінде
өздерінің жыныстық қатынас арқылы таралатын
ауруларға және гинекологиялық ауруларға бай-
ланысты проблемалары болғанын мәлімдеген.
Адам саудасының бір құрбаны былай деген:
«Жезөкшелік жұмыс менің денсаулығыма зиянын
тигізді деп ойлаймын» (202, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас). Сонымен бірге
көптеген жыныстық қанау мақсатымен адам
саудасының құрбандары және секс-жұмыскерлер
өздерінің жыныстық қанаушылыққа/жұмысқа
ұшырағанының нәтижесінде жыныстық қатынас
арқылы таралатын ауруларды жұқтырғанын
және гинекологиялық ауруларға ұшырағанын
айтқан. Адам
саудасының құрбандары және
секс-жұмыскерлер ауырған гинекологиялық
ауруларға, мысалы, мыналар жатады: жыныстық
мүшелердің қабынуы, жыныстық мүшелердің
аймағындағы бөртпелер, жатырдың және
іштің ауырсынуы, жыныстық мүшелерден
бөлінділердің жиі шығуы, жиі және ауырсынып
несеп шығару, сонымен бірге репродуктивтік
мүшелердің жарақаттануы.
«Менің жатырым күні-түні ауырады,
себебі олар мені тоқтамастан жыныстық
қатынасқа түсуге мәжбүр етті» (439, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 22
жас).
ДЕНСАуЛЫҚҚА БАйЛАНЫСТЫ
МӘСЕЛЕЛЕр, ҚОЛДАу ЖӘНЕ
ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерге
олардың денсаулыққа
байланысты мәселелері
бар-жоғын білу үшін және осындай мәселелерді
шешу үшін олардың қандай көмек алғандығын
анықтау үшін сұрақтар қойылған. 7.4-кестедегі
мәліметтер бойынша сауалнамаға жауап
берушілердің жалпы санының 46,8% өздерінің
денсаулыққа байланысты мәселелері болғанын
мәлімдеген және 50,2% осы мәселелерді
шешу үшін медициналық көмек көрсетілген.
Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі
(59,6%) өздерінің денсаулыққа байланысты
мәселелерін шешу үшін көрсетілген медициналық
көмекпен толық қанағаттанғанын мәілмдеген.
Жекелеп айтқанда, адам саудасының
құрбандарының (60,2%) және секс-
жұмыскерлердің (55,7%) көпшілігі өздерінің
денсаулыққа байланысты мәселелері болғанын
мәлімдеген және олардың барлығына дерлік
медициналық көмек көрсетілген. Адам
саудасының құрбандарының (68,9%) және секс-
жұмыскерлердің (55,9%) көпшілігі өздерінің
денсаулыққа байланысты мәселелерін шешу
үшін көрсетілген медициналық көмекпен
толық қанағаттанғанын айтқан. Осыған қоса,
әлеуметтік жағынан осал балалардың көп пай-
ызына (44,4%) олардың денсаулыққа байла-
нысты мәселелерін шешу үшін медициналық
көмек көрсетілген және олар (56,5%) өздеріне
көрсетілген медициналық көмекпен толық
қанағаттанғанын айтқан.