Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет58/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
116
жұмсамақ болдым, тағы да әкемнің кесірінен. 
Ол менің бақытты болуыма мүмкіндік 
бермеді» (440, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 28 жас). 
«Менің өзіме қол жұмсағым келді, себебі мен 
ешкімге керек болмадым. Бірақ кездейсоқ дос 
қызымды кездестірдім, ал ол мені тоқтатты. 
Біз екеуміз ішімдік ішіп алдық, көп ұзамай мен 
оның үйіне көшіп бардым...Мен бір рет, маған 
сенбегеніне, анамның мені сатып кеткеніне 
ренжігендіктен өзіме қол жұмсамақ бол-
дым… Менің ата-анам Жаңа жылдық сауық 
кешіне кеткен, ал мен үйде жалғыз қалдым. 
Түнде менің өгей ағам келіп, мені зорлады. 
Оның жасы 20-да еді. Ол мені қорқытты 
және жәбірледі, сондықтан мен ешкімге 
айтқан жоқпын. Ол менің анамды менің өзім 
ағамның мойнына асылғаныма және менің 
бұзылған қыз екеніме сендіретінін айт-
ты. Содан соң мені жыныстық қатынасқа 
түсуге жарты жыл бойы мәжбүрлеп жүрді. 
Анама айтып бергенімде, ол маған сенбеді, ал 
менің өгей әкем анамды оның баласы бұндай 
істемейді деп сендірді. Бұның еш пайдасы 
болмады. Олар қатты ұрысты, ал сосын мені 
шеттетті...Ол күйеуінің жағына шықты, 
себебі өзін тастап кетеді деп қорықты. 
Ал мен ше? Мен ешкімге керек болмасам, ол 
неге менің болғаныма көніп жүр?» (203, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел, 16 жас).
КЕДЕйЛіКТЕН
Екі секс-жұмыскер балалық шағында және/
немесе үлкенірек шағында басынан кешірген 
кедейліктен өздеріне қол жұмсағысы келгенін 
айтып берген. Кедейлік күйзеліске және 
мазасыздыққа алып келген.
«17 жасымда мен отбасымдағы мәселелерге 
байланысты өзіме қол жұмсамақ болдым. 
Мен жақсы өмір сүргім келді, бірақ ата-анам 
бұған мүмкіндіктері болмады...Бір күні мен 
өзіме қол жұмсамақ болдым. Мен дәрілерді 
іштім және өзімді өлтіргім келді, себебі менің 
отбасым кедей болды» (279, секс-жұмыскер, 
жынысы–әйел, 20 жас).
«18 жасымда өзіме қол жұмсамақ болдым. 
….Менің өмір сүргім келмеді: мен ауырдым, 
барлығынан шаршадым. Жағдайым тұрақты 
болмады, менің жұмысым болмады» (284, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жас).
неше жаста екенімді білген соң сол жер-
ден кетіп қалған… Мен бірнеше жыныстық 
қатынас арқылы таралатын бірнеше ау-
руларды жұқтырғанымды білгенде, ешкімге 
айтқым келмеді, тіпті сіздерге де білудің 
қажеті жоқ. Олар [дәрігерлер] мені енді бала 
туа алмайсың, інің мен сіңліңе жұқтыруың 
мүмкін, емделе алмайсың деп қорқытып 
қойды. Сондықтан менің өмір сүргім келмеді. 
Мен үйге келген соң дәрілер жұттым, бірақ 
әжем байқап қалып, жедел жәрдем шақырды. 
Мен ақылсыз қызбын, әрине. Себебі қазір мен 
қалыпты өмір сүріп жатырмын. Дәрігерлер 
жарты жыл ішінде айығып кететінімді айт-
ты. Мен өзіме қол жұмсамақ болдым, уланып 
қалғым келді. Ал қазір мүмкін оны істегім кел-
меген шығар деп ойлаймын. Сол үшін өзімді әлі 
кешіре алмаймын. Менің қазір ішім ауырады» 
(200, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 16 жас).
Кейбір қыздар өздерін бір топ жігіттердің 
зорлағанын айтқан және кей жағдайларда 
осының нәтижесінде жыныстық қатынас 
арқылы таралатын аурулар жұқтырған. Екі 
қыздың айтқаны: 
«16 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре ба-
стадым. Менің өмір сүргім келмеді… тағдыр, 
зорлау [оны жергілікті жігіттер зорлаған], 
ағам және ұру. Мен көп рет өзіме қол 
жұмсамақ болдым. Менің тыртықтарым бар. 
Мен ағамның себебінен өмір сүргім келмеді, 
бірақ анамды ойлап, өзімді тоқтатынмын» 
(462, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 20 жас).
«Қазір мен өмір сүруге қорқамын [оны бірнеше 
ер адам сауық кешінде зорлағаннан кейін 
жыныстық қатынас арқылы таратала-
тын ауруларды жұқтыру қаупі пайда болған]. 
Болған жағдайдан кейін мен өмір сүргім 
келмейді. Мен тамырымды кеспек болдым. 
Қазір менімен психолог жұмыс істейді. Аздап 
жеңілдік сезінемін, бірақ әлі де өзімді нашар 
сезінемін. Бір рет мен өзіме қол жұмсағым 
келді, себебі болған жағдайдан кейін өмір 
сүргім келмеді» (205, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы-әйел, 16 жас).
Басқа қыздар жанұя мүшесінің, мысалы әкесінің 
немесе өгей ағасының тарабынан жыныстық 
зорлық-зомбылыққа ұшырағаннан кейін 
өздеріне қол жұмсау әрекеттерін жасағанын 
айтқан. 
«14 жасымда мен өзімді жарақаттай ба-
стадым. Бәрі менің әкемнің кесірінен, мен 
оны өлтіргім келді. Мен 2-3 рет өзіме қол 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
117
БАЛАДАН АйрЫЛҒАНДЫҚТАН
Бір секс-жұмыскер өзінің баласын асырауға бер-
геннен кейін өзіне қол жұмсамақ болғанын ай-
тып берген.
«Бір рет өзіме қол жұмсамақ болдым.… 
Менің қызымсыз өмір сүргім келмеді. Менің 
баспанам болмағандықтан және қаражат 
болмағандықтан мен оны [қызымды] басқа 
жанұяға асырауға бердім. Сондықтан мен 
өзіме қол жұмсамақ болдым. Мен оны енді 
ешқашан көрмейтінімді білдім. Мен тамы-
рымды кескен сәтте достарым бөлмеге кіріп, 
мені аман алып қалды» (241, секс-жұмыскер, 
жынысы–әйел, 21 жас).
КөПТЕГЕН СТрЕССТЕр, ҚИНАЛу ЖӘНЕ 
ТүйТКіЛДі МӘСЕЛЕЛЕр САЛДАрЫНАН 
Бірнеше әлеуметтік жағынан осал балалар жал-
пы көптеген стресстер, қиналу және түйткілді 
мәселелердің әсерін атап өткен, сонымен бірге 
олардың өміріндегі мәселелер оларды өзіне–өзі 
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттерді жасауға итермеле-
ген. Өмірдегі көптеген стресстер, қиналу және 
түйткілді мәселелердің себептері алдыңғы 
бөлімдерде талқыланды, алайда өзіне–өзі 
зақым келтірудің және өзіне-өзі қол жұмсаудың 
ешқандай негізгі себебі көрсетілмегендіктен, 
осындай себептер төменде берілген. Төрт 
әлеуметтік жағынан осал бала және адам 
саудасының бір құрбаны былай деген:
«Мен тамырымды кестім. Менің анам ауы-
рып қалды, мектепте сыныптастарымның 
арасында достарым болмады. Мекемеден 
келгеннен кейін олар [сыныптастар] менімен 
көп сөйлеспейтін. Содан соң бір еркек тиісе 
бастады. Осының бәрін бір мезгілде көтере 
алмадым» (114, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы–әйел, 17 жас).
«Барлығына әбден тойдым. Мен үнемі 
жалғызбын. Ата-анам қасымда емес. Мен 
наркологиялық диспансерде ем алдым. Мен 
ессіз күйге түскенше ішетінмін.… Барлығы 
ығыр қылды және шыдамым таусылды. 
Ештеңе істегім келмеді, тамырымды кестім. 
Ата-анамды сағындым. Мен бір жігітке ғашық 
едім, бұл жағдай да мені өзіме қол жұмсауға 
мәжбүр етті» (119, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы–әйел, 17 жас). 
«15 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре ба-
стадым, себептер әртүрлі болды, кейде 
мектептегі мәселелер, кейде жігітіммен 
ұрысу. Мен 4 рет өзіме қол жұмсамақ болдым, 
негізінен мектептегі мәселелерге байланы-
сты» (217, әлеуметтік жағынан осал бала, 
16 жас).
«16 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре ба-
стадым және өзіме қол жұмсамақ болдым.… 
Бір күні әлдекім менің ұялы телефонымды 
ұрлап алды, ал жігітім мені зорлап, ұрды. Мен 
көпірден секірмек болдым, бірақ бір ұл бала 
мені аман алып қалды. Екінші рет тамы-
рымды ұстарамен кеспек болдым.… Бірнеше 
рет өзіме қол жұмсамақ болдым. Анамның 
себебінен өзімді нашар сезінемін, ал әкем 
қасымда жоқ. Анам мені жақсы көрмейтін, 
мен де оны жақсы көрмейтінмін, мен әкемді 
жақсы көремін» (380, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы–әйел, 17 жас).
«26 жасымда өзіме әдейі зақым келтіре ба-
стадым. Мен жауапсыз махаббат салдары-
нан тамырымды кескім келді. Мен екі рет 
өзіме қол жұмсамақ болдым, осы өмірден шар-
шадым, жұмысым болмады, жеке өмірімде көп 
мәселелер болды. Жезөкше болмай тұрып, 
көп әрекет еттім» (30, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 28 жас).
Өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекет жасаған 
кейбір балалар/жасөспірімдер өздеріне 
қол жұмсаудың көптеген әртүрлі себептерін 
көрсеткен және өзіне–өзі қол жұмсауға бейім 
екендіктерін айтып берген. 
«16 жасымда мен өзіме әдейі зақым келтіре 
бастадым. Мен тамырымды кесетін әйелмін. 
Мен уланбақ болдым, себебі өмір сүргім 
келмеді. Бұл «ақымақтар» үшін жәбірлеу еді. 
Мен оларға сенетінмін, ал олар ылғи да са-
тып кететін….Мен 8 немесе 10 рет өзіме қол 
жұмсамақ болдым...Менің жолым болмағанда, 
жақын достарым сатып кеткенде. Мен өзіме 
қол жұмсауға бейіммін. Барлығы болғанын 
қалайсың, болмаса өлген артық, бірақ 
дәрігерлер мені ылғи да аман алып қалады» 
(198, секc-жұмыскер, жынысы–әйел, 21 жас). 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау