ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ
САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
135
7.8-кесте. Көмекке жүгіну
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Проблемалар туындағанда кімге
көмекке жүгінетінін біледі
338
72,2
204
78,8
62
60,2
72
67,9
полицияға және/немесе әлеуметтік
жұмыскерлерге көмекке жүгінетінін айтқан. Адам
саудасының кейбір құрбандары өздерінің «Сана
сезім» үкіметтік емес ұйымына, «Қорғау» үкіметтік
емес ұйымына, ЖИТС (СПИД) орталығына не-
месе жеке медициналық клиникаға, полицияға
және/немесе сотқа жүгінетінін айтқан. Сөз
соңында, кейбір секс-жұмыскерлер өздерінің
көмекке жеке медициналық клиникаға немесе
«Жан Жолдас» үкіметтік емес ұйымына жүгінетіні
айтқан.
Көптеген жауап берушілер жанұяларына, доста-
рына және бірнеше ресми ұйымдарға жүгінетінін
мәлімдегенмен,
басқа жауап берушілер басқа
адамдардан көмек сұрамайтынын мәлімдеген.
Адам саудасының бір құрбаны былай деген:
«Мен ешкімнен көмек сұрағым келмейді.
Мен қорқамын. Олар менің қауіпсіздігімді
қамтамасыз ете алмайды деп ойлаймын»
(392, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 18 жас).
Сонымен бірге кебір әлеуметтік жағынан осал
балалар өздеріне көмек қажет еместігін және
өздерінің мәселелерін өз бетінше шеше алаты-
нын мәлімдеген. Бір әлеуметтік жағынан осал
бала былай деген:
«Мен өзімнің тәрбиешіме немесе полицияға
көмекке жүгіне аламын, бірақ мен мықтымын,
өзімнің мәселелерімді өзім шешкім келеді»
(405, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 13 жас).
Тағы бір әлеуметтік жағынан осал бала былай
деген:
«Жоқ, менің көмек сұрайтын ешкімім жоқ»
(119, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 17 жас)
САуАЛНАМАНЫң
СҰрАҚТАрЫНА ШЫНАйЫ
ЖАуАП БЕру ҚИЫН БОЛДЫ МА
Сауалнамаға жауап
берушілерге қойылған соңғы
сұрақтардың бірі сауалнаманың сұрақтарына
шынайы жауап беру қиындығы туралы сұрақ
болды. 7.9-кестедегі мәліметтер бойынша
сауалнамаға жауап берушілердің жалпы санының
31,6% өздерінің бастан кешкен оқиғалары ту-
ралы айтқанда толығымен шынайы жауап
беру қиынға соққанын мәлімдеген. Сонымен
бірге адам саудасының құрбандарының 42,7%
өздерінің бастан кешкен оқиғалары туралы
айтқанда толығымен шынайы жауап беру қиынға
соққанын мәлімдеген. Бұл адам саудасының
құрбандарының кейбір мәліметтерді азайтқанын
және кейбір ақпаратты жасырғанын білдіруі
мүмкін, бұның
себебі оларға бастан кешкен
оқиғаларын еске түсіру қиынға соққан, өйткені
олар өздерін адамдардың кінәлауынан қорыққан
және ұялған. Сонымен бірге адам саудасының
құрбандары бастан кешкен оқиғалары тура-
лы басқаларға айтуға қорқады, себебі адам
саудагерлерінің кек алуынан әлі де қорқады.
Адам саудасының бір құрбаны былай деген:
«Әуелі мен ештеңе айтқым келмеді, айту өте
қиын» (395, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 18 жас).
Төменде берілген үзінділер адам саудасының
құрбандарының бастан кешкен оқиғалары ту-
ралы айтқанда сенімсіздікпен жауап бергенін
көрсетеді.
«Иә, сұрақтарға жауап беру қиын болды. Ол
үшін бәрін еске түсіру керек, өткен оқиғалар
сондай жағымсыз, жүрегім ауырады және
мазасыздық сезінемін. Мен бәрін ұмытқым
келеді және жаңа өмір бастағым келеді» (433,
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 29
жас).
«Менің бұл туралы сіздерге айтқым келмейді….
Маған бұлай өмір сүру өте қиын» (200, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
136
«Мен қатты ұялып тұрмын, білсеңіздер ғой.
Мен жұмысыма байланысты өзімді түкке
тұрғысыз сезінемін. Сен де жұмыс істейсің,
сенің еңбек ақың азырақ. Бірақ еркектер
сені қорламайды» (419, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
«Басында және аяғында қиын болды. Басында
қиын болғанының себебі мен сіздерді
танымағандықтан және өзімнің жанұям
туралы бейтаныс адамдарға айтқым
келмеді. Сосын сөйлестім, содан соң, әсіресе
сіздер сауалнамадан кейін мен сияқты
қиындыққа тап болған және кедейлікте өмір
сүретін адамдарға көмек көрсетілетінін
түсіндіргеннен кейін тағы да сөйлескім
келді… Аяғында қиын болғанының себебі мен
қалай өмір сүргенімді және сол адамдар ту-
ралы айтып бердім…Мен қиындықсыз жақсы
өмір сүргім келеді, балаларым және әдемі
әйелім болса деп армандаймын» (425, адам
саудасының құрбаны, жынысы-ер, 17 жас).
«Менің асығыс сөйлескенімді кешіріңіз,
бірақ «Мамкаға» [сутенер әйел] біреу менің
сіздермен сөйлескенім туралы айтса, олар
мені ұрады. Біздің сөйлескеніміз туралы
ешкімге айтпаңыз» (393, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 18 жас).
Сонымен бірге 7.9-кесте бойынша секс-
жұмыскерлердің 36,8% және әлеуметтік жағынан
осал балалардың 25,1%
өздерінің бастан кешкен
оқиғалары туралы айтқанда толығымен шы-
найы жауап беру соққанын мәлімдеген. Секс-
жұмыскерлердің бірі былай деген:
«Мен қатты ұялып тұрмын» (353, секс-
жұмыскер, жынысы-әйел, 18 жас).
Сонымен бірге бір әлеуметтік жағынан осал бала
былай деген:
«Кейде кейбір нәрселерді еске түсіру
жағымсыз. Осында [девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған арнайы мек-
теп] тұратындардың көпшілігі өткенді
ұмытқысы келеді» (346, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы-әйел, 17 жас).
7.9-кестеде берілген нәтижелерді былай
қарастыруға болады: сауалнамаға жауап
берушілердің 25%-42% дейін,
санаттарына
қарай, өздерінің балалық шақтарына, жанұядағы
оқиғаларға, тәуекелді мінез-құлық көрсетуіне
және қанаушылыққа және адам саудасына бай-
ланысты бастан кешкен жағдайларына қатысты
кейбір мәліметтерді азайтып көрсеткен.
7.9-кесте. Сауалнаманың сұрақтарына шынайы жауап беру қиындығы
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Бастан кешкен оқиғалары тура-
лы айтқанда шынайы жауап беру
қиынға соққан
148
31,6
65
25,1
44
42,7
39
36,8