«Полицияның жас көмекшілері»



жүктеу 58,16 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі58,16 Kb.
#4811



Білім беру ұйымдарының оқушыларын құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау қызметіне тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген

«Полицияның жас көмекшілері» жасағын құру қолға алынуда
Бұған дейін облыста

«МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІ»

клубы жұмыс жасап келген болатын





№ исх: 11-4/444 от: 29.09.2016

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым

министрі

______________Е. Сағадиев

2016 жылғы «__»_________





«БЕКІТІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрі

______________Қ. Қасымов

2016 жылғы «__»__________


«Полицияның жас көмекшілері» дружиналарының қызметі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



  1. Жалпы ережелер




    1. «Полицияның жас көмекшілері» дружиналары (бұдан әрі – дружиналар) балар нашақорлығы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі дружинаның жұмысына белсенді қатысуға ниет білдірген 13-тен 17-ге дейінгі жастағы білім беру ұйымдарының білім алушылары қатарынан құрылады.

    2. Мақсаты – білім беру ұйымдарының оқушыларын құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту, кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерін анықтау, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін және оқу орындарында балалар нашақорлығының себептері мен шарттарының алдын алу.

    3. Міндеттері:

  1. Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасын және жасөспірімдердің есірткіге қарсы беріктігін нығайтуда көмек көрсету;

2) білім алушылардың шұғыл жағдайларда әрекет ету және бірінші медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруі;

3) заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, ішкі істер органдарының қызметімен танысу.

4. Дружиналар қызметінің негізгі бағыттары:

1) ақпараттық;

2) насихаттау;

3) патрульдік.



    1. Дружиналарды құрудың ұйымдастырушылары: білім беру басқармасы (бөлімі) органдары, орта білім беру ұйымдары, жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ), есірткі бизнесіне қарсы күрес, криминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері (бұдан әрі – ІІО қызметтері) болып табылады.

    2. Дружиналар қызметін білім беру ұйымдарының базасында жүзеге асырады.

    3. Дружина кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен (ата-аналары, өзге де алмастырушы адамдар) келіп түскен өтініш бойынша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады.

    4. Дружиналардың қызметін жалпы бақылауды білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

    5. Дружиналардың жұмысын ұйымдастыруды білім беру ұйымына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – КТІ УПИ) және ІІО қызметтерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.

    6. Дружиналардың қызметін құқықтық реттеу деп осы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес білім беру ұйымдарының, ЖПҚ, ІІО қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер жиынтығы түсініледі.



  1. Дружиналардың функциялары

10. Дружиналардың негізгі функциялары:

1) білім беру ұйымының есірткіге қарсы әрекеті және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша қызметін жандандыру;

2) білім беру ұйымының білім алушыларын заңға бағынушылық мінез-құлыққа және салауатты өмір салтын насихаттауға кеңінен тартуға жағдай жасау;

3) білім беру ұйымының білім алушыларын құқықтық және азаматтық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

4) жасөспірімдердің бойынша ұлттық сананы, патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

5) білім алушылардың адамгершілік, азаматтық, еңбек белсенділігі, дене шынықтыру даярлығы деңгейін арттыру;

6) білім беру ұйымдарында білім алушылардың қолданыстағы заңнаманы бұзуын болдырмау, кәмелетке толмағандардың есірткіні, алкогольдік ішімдіктерді және темекі өнімдерін өткізуін және тұтынуын, сондай-ақ мектептерде бөге адамдардың жүруін болдырмау мақсатында рейдтер өткізу;

7) радиобағдарламал ұйымдастыру, стендтер ресімдеу, қабырға газетін шығару және білім беру ұйымында құқық тәртібінің жай-күйін жария ететін басқа да ақпараттық жұмысты жүргізу болып табылады.

3. Дружинаның жұмысын жоспарлау
11. Жұмысты жоспарлау педагогтардың, КІБ УПИ қызметкерлерінің, ІІО қызметтерінің, ата-аналардың, дружина мүшелерінің назарын басты проблемалар – жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтарының деңгейін төмендетуді, туындайтын проблемаларды шешудің мерзімдерін, нысандары мен әдістерін айқындауды шешуге шоғырландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

12. Білім беру ұйымдарында мектептен тыс іс-шаралар жүйесін, ата-аналармен жұмысты, оқу-әдістемелік әдебиетпен, көрнекі құралдармен қамтамасыз ету мәселелерін, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен дружина қызметінің басқа да мәселелерін шешуді көздейтін дружинаның жұмыс жоспарлары жасалады.

13. Дружиналардың жұмыс жоспары оқу жылына жасалады, оны білім беру ұйымының басшысы және ЖПҚ бастығының орынбасары бекітеді.

14. Дружина жұмысының нәтижелері оқу жылы ішінде кемінде 2 рет педагогикалық кеңесте тыңдалады.



15. Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша білім беру ұйымына бекітілген КІБ УПИ білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі, сондай-ақ білім беру ұйымының басшылығына арналған ұсыныстары бар құқық бұзушылықтар профилактикасына арналған қабылданған нақты шаралар туралы ерікті түрде анықтама жасалады.
_______________________________________
жүктеу 58,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау