Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет33/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
68
жай ғана кеткім келді. Мен сатушы болып 
жұмыс істейтінмін, бір жігітпен таныстым. 
Ол маған Астанаға бірге баруды ұсынды... 
Мен сол жігітпен кеттім, бірақ бұл тұзақ 
екен. Астанада біз бір пәтерге бардық, сонда 
жезөкше болып жұмыс істей бастадым...Мен 
сол жігітпен ақымақтығымнан кеттім. Мен 
жезөкше болдым, өзіме жұмыс істеп тапқан 
ақшаның тек 50% қалдыра алдым. Мен үйіме 
оралғым келгенде олар менің қарызымды 
өтеуім керек екенін айтты, себебі олар 
жолға және тамаққа ақша төлегенін айт-
ты... Мені үнемі сутенерлер–әйелдер мен ер-
кектер – бақылауда ұстады, олар мені қашып 
кетпесін деп ешқайда жібермеді» (439, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 жас)
Бір оқиғада «таныс адам саудагері» қыздың 
дос қызының жігіті болған. Қыз дос қызының 
жігітімен және оның досымен бірге тұру үшін үйден 
кеткен соң, ол өзінің жыныстық қанаушылықтың 
құрбанына айналғанын түсінген. Жігіт олардың 
пәтер және тамақ үшін көп қарыздарын өтеуге 
тиіс екенін айтқан.
«Менің дос қызым мені үйден кетуге үгіттеді. 
Біз екеуміз бала кезден дос болдық... Біз дос 
қызымның жігітінің пәтерінде тұруға бел 
байладық. Ол басқа елден еді [Өзбекстаннан] 
және Шымкентте өзінің досымен бірге пәтер 
жалдап тұратын... Біз олардың пәтеріне 
бардық. Әуелі біз пәтерді тазалап, тамақ 
істедік, кір жудық, сосын жігіттер пәтерге 
төлейтін және тамақ сатып алатын ақша 
жоқ екенін айтты және бізге жұмсаған 
ақшаны өтеуге тиіс екенімізді айтты. Олар 
бізге жезөкше болып жұмыс істеңдер деді... Біз 
тапқан ақшаның барлығын жігіттер алып 
қоятын, себебі біз оларға пәтер мен тамақ 
үшін қарыздар едік. Олар біздің әрқайсымыз 
500 000 АҚШ долларын қарыздар екенімізді 
айтты... Олар бізді пәтерде шешіндірді. Олар 
пәтерге клиенттерді ертіп келетін. Олар 
біздің ұялы телефондарымызды алып қойды, 
ал пәтерде қалалық телефон болмады, 
сондықтан біз ешкіммен хабарласа алмадық» 
(300, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 20 жас)
«ДОС АДАМ САуДАГЕріНің» АЛДАуЫ 
Көптеген қыздар өздерін дос қыздарының 
алдағанын және ақырында жұмысқа тартқанын 
және жыныстық құлдыққа салғанын айтып бер-
ген. Көптеген оқиғаларда «дос адам саудагері» 
өздерінің дос қыздарымен басқа қалада (мыса-
лы , сол уақытта «дос адам саудагері» тұратын 
қалада) жұмыс табудың жақсы мүмкіндігі бар 
екенін айту үшін хабарласқан. Кейде «дос адам 
саудагері» туған қаласына оралып, қыздарды 
жұмысқа тартумен айналысады, оларға 
жалақысы көп жұмысқа тұрғызуды уәде етеді, 
сәнді киімдерін көрсетеді, басқа оқиғаларда 
«дос адам саудагері» дос қыздарына телефон 
соғып, басқа қалада жақсы жұмыс табуға бола-
тынын айтады. Қыз, өзінің дос қызының «дос 
адам саудагері» екенін білмегендіктен, оған 
сенеді, себебі оны бала кезінен таниды. Көптеген 
жағдайларда «дос адам саудагері» өзі бұрын 
жыныстық құлдықтың құрбаны болған, бірақ 
жұмысқа тартушы «лауазымына» көтеріліп, енді 
өзін сатқан адам саудагерлері/қанаушылары 
үшін басқа қыздарды жыныстық құлдыққа тарту-
мен айналысады. Осындай оқиғаларда осындай 
әйелдер жақсы киімдер киеді, адам саудагерлері 
оларға көп ақша береді және әрбір жаңа қызды 
тартып адам саудагеріне табыстағаны үшін 
сыйақы беруді уәде етеді. 
Көптеген жағдайларда «дос адам саудагері» 
қызбен бірге оның туған қаласынан межелі қалаға 
бірге барады немесе оған қайда бару керек және 
межелі қаладағы пәтерге қалай жету керек екенін 
түсіндіреді. Келгеннен соң бірінші күні немесе 
алғашқы екі күн бойы «дос адам саудагері» дос 
қызына қалада қандай жақсы екенін көрсетеді 
(мысалы олар қалада қыдырады, дәмханаға, 
парктерге, ойын-сауық орталықтарына, түнгі 
клубтарға барады). Алайда бір-екі күн өткен соң 
адам саудагерлері/қанаушылар келеді, ал «дос 
адам саудагері» дос қызын оларға табыстай-
ды немесе сатады. Сонда ғана дос қызы өзінің 
адам саудасының құрбанына айналғанын және 
тұзаққа түскенін түсінеді. Көптеген жағдайларда 
ол өзінің «дос адам саудагеріне» және өзінің 
жаңа «қожайындарына» ақша қарыздар болады. 
Төменде берілген төрт жауап адам саудасының 
әртүрлі төрт құрбанының бастан кешірген 
оқиғалары туралы ақпарат береді, оларды «дос 
адам саудагері» жыныстық құлдыққа салған. 
Үш оқиғада мемлекетаралық шекарадан өтіп 
адам саудасын жасау туралы және бір оқиғада 
ел ішіндегі адам саудасы туралы сөз болады. 
Кейбір жағдайларда қыздар әлі де жыныстық 
қанаушылық көруде. 
«Менің дос қызым маған келіп, маған 
Алматыға барып жұмысқа тұрсам көп 
ақша табатынымды айтып уәде берді. 
Ол өзінің бай үйде үй қызметшісі болып 
жұмыс істейтінін, ақша табатынын және 
жағдайы жақсы екенін айтты. Мен келістім. 
Шындығында менің дос қызым мені үгіттеді, 
өзінің ақшасы көп екенін айтып, киімдерін 
көрсетіп көндірді... Менің ата-анам бірден 
келісті...Мен дос қызыммен бірге шекарадан 
автобуспен өттім, біз Алматыға келдік...Дос 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
69
қызым жол ақысын толығымен өзі төледі 
және сапарымызды ұйымдастырды. Біз 
Алматыға келдік, сонда мен дос қызымның 
үй қызметшісі болып жұмыс істемейтінін 
түсіндім. Ол жезөкше екен, мені сутенер-
лерге жыныстық құлдыққа сатып жіберді. 
Мен оған қанша ақша төлегенін білмеймін, 
бірақ мен қарсылық көрсеттім. Еркектер 
мені сол ұядағы «Мамкаға» [сутенер әйелге] 
табыстады. Мені ұрып-соқты, нан мен су 
ғана берді. Менің дос қызым маған келіп 
тұратын, олардың істе дегенін істемесем, 
олар менің масқара болғанымды әкеме айта-
тынын айтты. Олар менің төлқұжатымды 
алып қойды, мен жезөкшелікпен айналысуға 
мәжбүр болдым. Менің бұнымен айналысқым 
келмеді, бірақ менің басқа амалым болмады. 
Олар мен қарызымды өтегеннен соң маған 
құжаттарымды қайтарып беруге уәде берді... 
«Мамка» [сутенер әйел] мені бақылап жүрді, 
менің қандай киім кигенімді және клиенттер-
ге қалай қызмет көрсететінімді қадағалады. 
Мен бұған үйреніп кеткенше, олар менің 
қашып кетпейтінімді түсінгенше бақылап 
жүрді.... Мен көп клиенттер қабылдадым. 
Сол жерде көрші елдерден, Өзбекстаннан, 
Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келген 
қыздар болды [жастары 16 -22 аралығында]. 
Олардың барлығы әдемі өмір сүру үшін кел-
ген. Көпшілігін жыныстық құлдыққа бір 
адам сатқан...Енді мен құжаттарымды 
алдым, бірақ үйге орала алмаймын, себебі 
ұятқа қалудан қорқамын. Оған қоса, мен 
қазір көп ақша табамын... Бірақ мені секс-
бизнеске сатып жіберді...Әуелі маған ақша 
бермейтін, себебі мен қарызымды өтеуге 
және дос қызыма ақша беруге тиіс болдым. 
Қазір мен ақшаны өзіме қалдыра аламын... 
Мені сатқанда мен үшін қанша төлегенін 
білмеймін, бірақ бәрібір мен қарызымды 
өтеуге тиіс болдым» (392, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Менің жақын дос қызым Алматыға жұмыс 
істеп ақша табуға кетті...Ол өзінің ата-ана-
сына ақша сала бастады. Ол маған фирмада 
жұмыс істейтінін айтты...Біз Ташкенттен 
шекараға автобуспен келдік, бізді ешкім 
көрмесін деп шекаралық посттан алыс 
жерде шекарадан жаяу өттік...Менің дос 
қызымның жігіті бізді керемет Мерседеспен 
күтіп алды. Мен дос қызыма қызықтым. Біз 
машинаға отырып, бірнеше сағаттан кейін 
Алматыға жеттік...Дос қызыммен екеуміз 
оның пәтеріне келдік, сонда екеуміз бірге тұра 
бастадық. Пәтер үш бөлмелі еді, аса ерекше 
ештеңесі жоқ...Мен сыпырушы болып жұмыс 
істедім, олар маған айына 30 000 теңге (200 
АҚШ доллары) төледі. Менің дос қызым ке-
ремет өмір туралы айтып мені алдағанын 
мойындады және фирманың клиенттермен 
қиындықтары болып жатқанын айтты. Ол 
маған пәтердің және тамақтың ақшасын 
төлеуім керек екенін айтты, себебі фирма 
төлей алмайды деді. Мен дос қызымның ме-
неджер болмағанын түсіндім. Ол мен үішн 
ақша қарызға алғанын айтты, сондықтан 
мен оған тамаққа және пәтерге төлеген 
ақшаны қарыздар болдым. Ол менің фирмада 
жұмыс істеп тапқан ақшамды алып қоятын, 
бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты, менің 
қарызым 100 000 теңге (667 АҚШ доллары) 
екен. Ол сонымен бірге менің төлқұжатымды 
алып қойды. Мен не істерімді білмедім, үйге 
орала алмады... Дос қызым сосын мені бір ша-
мамен 50 жастағы лас қазаққа 1 000 – 2 000 
АҚШ долларына сатып жіберді. Ол мені жаман 
саунаға алып келді. Мен секс қызметтерін 
көрсетуден бас тарттым. Ол маған мүлдем 
ұнамайтын. Онымен сөйлесуден, тамақ 
жеуден бас тарттым, сондықтан ол мені 
ұрды, мені сатып алғанын айтты, менің 
сол ақшаны өтеуім керек екенін айтты, 
сосын менің төлқұжатымды қайтарып 
беретінін, маған үйге оралуға ақша беретінін 
және менің әкем менің масқарам туралы 
білмейтінін айтты. Бірінші рет мені бір кәрі 
еркекке берді, ол мені қыздығымнан айырды, 
сол үшін 30 000 теңге (200 АҚШ доллары) 
төледі. Сосын мен олар мені ұсынған әрбір 
еркекпен жыныстық қатынасқа түстім. 
Олар менімен жыныстық қатынас олар 
үшін ләззат екенін айтатын...Қарызымды 
өтегеннен кейін мен ақшаны өзіме қалдырас 
бастадым... Көптеген менің клиенттерім 
осы жерге маған келеді, мен оларға ұнаймын...
Енді мен өзіме жұмыс істеймін, ай сайын ата-
анама ақша салып тұрамын...Мен «оңбаған 
дос қызымның» осы жерге мен сияқты көп 
қыздарды әкелгенін білдім. Ол оны бір жоспар 
бойынша жасаған. Сондықтан қыздардың 
бастан кешкендері бірдей. Кейбіреулері 
жезөкшелікпен айналысуды жалғастырып 
жүр. Кейбіреулері қыздықтарын қалпына 
келтіріп, үйлеріне оралған, күйеуге шығып, 
бала туған. Кейбіреулері жоқ, олар басқа 
қалаға кеткен шығар....Мен сол жерде екі жыл 
жұмыс істедім. Енді осында тұрамын» (423, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19 
жас)
«Менің дос қызым маған телефон соғып, 
Шымкентке барып, дәмханада даяшы бо-
лып жұмыс істеуді ұсынды. Мен оны екі жыл 
бойы танимын. Біз Ташкентте бір аулада 
тұрғанбыз. Ол бұл көп ақша табудың жақсы 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау