Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет32/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
66
[жастары 23 – 25 -те], әйел оларды жұмыс 
істеуге [жезөкше болып] мәжбүр еткен, ол 
пәтерге әртүрлі еркектерді ертіп келетін. 
Мен бұнымен [жезөкшелікпен] айналысқым 
келмеді. Маған тек тамақ беретін, ақша бер-
ген емес. Бізді қамап қоятын, сыртқа шыға 
алмайтынбыз. Сол жерде мен ұзақ тұрдым» 
(467, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 25 жас)
«Мен Астанаға келдім. Мені ешкім күтіп алған 
жоқ, мен жалғыз келдім. Такси жүргізушісімен 
таныстым, оның машинасында өмір сүрдім, 
содан соң оның пәтерінде тұрдым. Сосын ол 
мені сутенерлерге 4 000 – 5 000 АҚШ дол-
ларына сатып жіберді. Мені қамап қойды, 
дұрыс тамақ бермеді... Мені жезөкшелікпен 
айналысуға мәжбүр етті. Олар маған ақша 
төлеуге уәде берді, бірақ төлемеді. Олар мені 
қатаң қадағалады... Осылайша екі ай өтті, 
сосын бір қыз полицияға телефон соғып, бізді 
құтқарды» (462, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 20 жас)
Сөз соңында, адам саудасының бір құрбаны 
өзін Өзбекстан мен Қазақстанның шекара-
сында такси жүргізушісінің қалай алдағанын 
сипаттаған. Такси жүргізушісі оны Шымкенттегі 
қыз достарының пәтеріне жеткіземін деп уәде 
берген, оның орнына ол қызды адам саудагеріне 
табыстаған, адам саудагері қызды саунада ер-
лерге секс қызметтерін көрсетіп жұмыс істеуге 
мәжбүр еткен. 
«Мен Шымкентке жалғыз кеттім. Өзбекстан 
мен Қазақстанның арасындағы шекарада 
мені такси жүргізушісі күтіп алды... Ол мені 
Шымкентке жеткізді, онда мені менің сапа-
рымды ұйымдастырған жігіт күтіп алды... 
Ол мені пәтерге алып келді. Сол пәтерде 
жеті қыз тұрып жатыр екен. Жігіт мені бір 
бөлмеге алып келді. Мен үшін жолға 27 000 
теңге (180 АҚШ долларын) жұмсағанын айт-
ты, 500 АҚШ долларын өтеу үшін мен жұмыс 
істеуге тиіс болдым. Ол маған саунада жұмыс 
істеп, секс қызметтерін көрсететінімді 
айтты. Ол мені қашып кетпесін деп 
қорқытты. Мен өзбек болғандықтан 
мені ешкім тыңдамайтын еді және менің 
құқықтарымды ешкім қорғамайтын еді. Ол 
менің төлқұжатымды алып қойды... Олар 
мені пәтерге қамап қойды. Клиенттер те-
лефон соққанда такси жүргізушісі келіп, 
бізді саунаға жеткізетін және әкімшіге та-
быстайтын. Секс қызметін көрсеткеннен 
кейін әкімші бізді шығармайтын, ол так-
си жүргізушіге телефон соғатын, ол бізді 
қайтадан пәтерге жеткізетін. Пәтерде 
жеті қыз тұратын, олар Қазақстанға ал-
данып келген, жастары 18 –ден 23-ке дейін. 
Оларды жұмыс істеуге мәжбүр етті. Біз 
ата-аналарымызға хабарласып, көмек сұрай 
алмадық» (297, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 23 жас)  
«ТАНЫС АДАМ САуДАГЕріНің» АЛДАуЫ
Көптеген адам саудасының құрбандары өздерін 
таныс адамдардың қалай алдағанын және 
жыныстық қанаушылыққа душар қылғанын ай-
тып берген. Адам саудасының құрбандарын «та-
ныс адам саудагерінің» қалай алдағанын сипат-
тайтын бір типтес оқиғалар жоқ, сондықтан осы 
бөлімге «таныс адам саудагерлерінің» қыздарды 
алдауының және жыныстық құлдыққа салуының 
әртүрлі жолдарын көрсету үшін бірнеше жауаптар 
енгізілді. Бірінші екі жауапта адам саудасының 
екі құрбаны өздерін бірнеше жыл бойы танитын 
«таныс адам саудагерінің» жұмысқа тартып және 
алдағанын айтып берген. 
«Менің таныс қызым мені үйден кетуге 
үгіттеді, мен оны үш жыл бойы танитын-
мын. Олар маған жалақысы көп жұмысқа 
тұрғызуды уәде етті...Менің жасым 17-де 
болғанда мен өзімнің жақын таныс қызыммен 
Бішкектен Алматыға таксимен бардым. Ол 
маған билет сатып алды... Біз тікелей қонақ 
үйге бардық, сол жерде қазір де отырмыз...Мен 
ақша үшін секс қызметтерін көрсетемін...
Маған жұмысым үшін ақша төлейді және 
мен ақшаны өзіме қалдыра аламын. Бірақ 
барлық қыздар олай ете алмайды. Мен оған 
киім мен ішкиім үшін шамамен 200 АҚШ дол-
ларын қарыздармын... Мен міне 11 ай бойы 
осында тұрамын, жұмыс істеймін» (395, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Менің жұмысым болмады, ал маған ақша ке-
рек болды. Ол [мен түрмеде танысқан қыз] 
маған Алматыға барып жұмыс істеп ақша 
табуды ұсынды...Ол маған бірге жұмыс тау-
ып беретін өзінің дос жігіті бар екенін айт-
ты... Біз Алматыға түрмеден шыққанда бізді 
күтіп тұрған машинамен келдік... Олар бізді 
жақсылап тамақтандырды, біз олардың 
үйінде жуынып алдық. Сосын ол [менің таны-
сым] маған мені сол жерге бекер әкелмегенін 
айтты, менің дене бітімім жақсы, сондықтан 
мен клиенттерге ұнар едім. Ол маған 
ақшаның бір бөлігін беруді және мені тұрғын 
үймен қамтамасыз етуді уәде етті. Ол маған 
мен бас тартсам, олардың мені ұратынын 
айтты, себебі мен қарызымды өтеуге тиіс 
болдым. Менің басқа амалым қалмады, 
сондықтан мен келістім, секс қызметтерін 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
67
көрсете бастадым. Әсел мені бәріне үйретті. 
Ол мені қадағалап жүрді, бай клиенттерді 
ертіп келетін. Әуелі мені бақылап жүрді... Мен 
ақша үшін жыныстық қатынасқа 16 жасым-
нан бастап түсе бастадым. Ал қазір осымен 
айналысқаныма бір жылдан асты» (366, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 жас)
Төмендегі әңгімеде адам саудасының құрбаны 
өзінің «таныс адам саудагерінің» көршісі 
болғанын, оны бала кезінен танығанын, бірақ 
дос қызы деп санамағанын айтып берген. Оның 
көршісі оған Алматыда әдемі өмір сүруді және 
барда/клубта жалақысы көп жұмысқа тұрғызуды 
уәде еткен. «Таныс адам саудагері» қызды 
Алматыға өзімен бірге барса, оның да қаржылық 
жағдайы жақсаратынына сендіру үшін өзінің 
әдемі киімдерін көрсеткен. Алматыға келгеннен 
кейін «таныс адам саудагері» қызды қонақ үйіне 
табыстаған, сол жерде қызды секс қызметтерін 
көрсетіп ақша табуға және қыздың «таныс адам 
саудагеріне» қарыздар болған 200 АҚШ долла-
рын өтеуге мәжбүр еткен.
«Менің көрші әйелім, біз онымен бір 
көпқабатты үйде тұратынбыз. Мен оны 
бала кезімнен білемін. Ол маған «Әдемі өмір 
сүргің келсе, менімен бірге жүр» деді. Мен 
онымен бірге кеттім, себебі мен оның сәнді 
киімдерін, бет-әлпетінің әдемі екенін көрдім, 
иісі жағымды екенін сездім. Оның ақшасы 
көп болды. Мен де осылай өмір сүргім келді...
Мен анама клубтың барында жұмыс істеуге 
баратынымды айтқанымда, анам қатты 
ұрысты, бірақ кейіннен келісті, себебі мен ол 
мені жібермесе, қашып кететінімді айттым... 
Мен өзіме сендім және көршім мені алдамас 
деп үміттендім...Менің көршім Алматыдағы 
қонақ үйіне дейінгі жолдың ақысын төледі... 
Онда мен қыздармен таныстым, екі сутенер 
әйел, күзетші және бармен болды... Күн сай-
ын мен еркектермен ақша үшін жыныстық 
қатынасқа түстім, маған жұмысым үшін 
ақша төледі, мен ақшаны өзіме қалдырып 
жүрдім. Көршім маған сатып әперген ал-
тын сырға үшін мен оған 30 000 теңге (200 
АҚШ доллары) қарыздар едім... Мен оны 
қайтардым...Мен осында жұмыс істегеніме 
жеті ай болды» (394, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 16 жас)
Адам саудасының құрбандарының бірі 
өзінің жасы небәрі 15-те болғанда өзін би 
мұғалімінің алдағанын айтып берген, ол 
қызды және басқа қыздарды Түркияға би биле-
уге алып баруға уәде берген. Оның орнына би 
мұғалімі оны және басқа қыздарды Түркияда 
жыныстық құлдыққа сатып жіберген. 
«Менің жасым 15-те болғанда менің би 
мұғалімім маған Түркияға барып, сонда биші 
болып жұмыс істеуді ұсынды. Олар көп ақша 
уәде етті және құжаттарды ресімдеу ісін өз 
мойындарына алды. Біз келісімшартқа қол 
қойдық, онда біз оқуға және сайысқа қатысуға 
бара жатқанымыз жазылған. Менің қасымда 
әртүрлі мектептерден келген басқа қыздар 
болды... Менің әжем ешқашан маған тыйым 
салған емес. Ол менің өмірімде би болмаса, мен 
де болмайтынымды білетін. Ол менде депрес-
сия болады деп қорқатын, ата-анам қайтыс 
болғаннан кейін сондай жағдайда болғанмын...
Біз Алматыдан Түркияға ұшақпен ұшып бардық. 
Олар бізге төлқұжат жасап берді және бізбен 
келісімшарт жасады... Билетті өздері сатып 
алды... Келген соң бізді жезөкшелер үйіне алып 
келді. Бізді қонақ үйдің ыңғайлы бөлмелеріне 
орналастырды, сонда біз клиенттерді 
қабылдадық...Бізге сыртқа шығуға рұқсат 
бермеді, олар бізге керек заттардың бәрін 
өздері әкеліп беретін... Олар бізді күніне бір рет 
тамақтандырды және тыңдамағанда ұрып-
соқты. Біз күн сайын 10-20 клиентке қызмет 
көрсеттік. Олар бізге әрбір клиенттен түскен 
табыстың 10% төледі. Бояулар, гигиеналық 
төсемдер, сабын, сусабын және дәрілер үшін 
ақшаны шегеретін. Қожайындар осының бәрін 
біз үшін сатып алатын. Кейде мен әжеме теле-
фон соғып тұрдым, жағдайым жақсы екенін ай-
татынмын» (370, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 18 жас)
Осы бөлімде сипатталған оқиғаларда «таныс 
адам саудагерлері» әйел адамдар болған, алай-
да кейде «таныс адам саудагерлері» ер адам-
дар болған. Төменде берілген жауаптарда адам 
саудасының екі құрбаны өздерін ер жынысты 
«таныс адам саудагерінің» алдағанын айтып бер-
ген, олармен қыздар үйден кеткеннен кейін көп 
ұзамай танысқан. 
«Мен 9-сыныпты бітірдім, сосын Астанаға 
оқуға баруға бел байладым. Астанада мен бір 
жігітпен таныстым, ал ол мені сутенерлерге 
сатып жіберді...Олар мені бір ай бойы бөлмеге 
қамап қойды. Ешқайда шығуға рұқсат етпеді. 
Олар мені радиаторға шынжырмен байлап 
қоятын, ал клиенттер келгенде мені боса-
татын. Мен 10 – 15 еркекке [күніне] қызмет 
көрсетуге мәжбүр болдым. Мені қорқытып-
үркітті, ұрып-соқты. Мен жиі есімнен та-
нып қалатынмын.... Бұл туралы енді айта 
алмаймын, еске алу өте қиын» (446, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас)
«Мен үйден кеткенде жасым 22-де болды. 
Менің үйден кетуге себебім болмады, мен өзім 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау