«БӘріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» алғАШҚы республикалық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже



Дата12.11.2018
өлшемі46 Kb.
#19016
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі міндетін атқарушының

2013 жылғы «13» маусым № 251 бұйрығына

1-қосымша


«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫн ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер
1. «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» алғашқы республикалық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» алғашқы республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында құрылады.

2. Ұйымдастыру комитетінің саны мен құрамын Конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

3. Ұйымдастыру комитеті өз қызметін «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» (мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің арасындағы) алғашқы республикалық конкурс туралы ережеге және «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» алғашқы республикалық конкурсын Ұйымдастыру комитеті туралы ережеге сәйкес атқарады.

4. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу кезінде қандай да бір мақсатқа жету үшін жұмыс тобын (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құруға құқылы, жұмыс мерзімі қойылған мақсатпен шектеледі. Ұйымдастыру комитеті қажеттігіне қарай жұмыс тобын құруға құқылы, жұмыс топтарының саны шектелмейді.

5. Жұмыс тобының дербес құрамын Ұйымдастыру комитетінің төрағасы қалыптастырады.
II.Ұйымдастыру комитетінің қызметін ұйымдастыру
6. Ұйымдастыру комитетінің отырыстары Жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

7. Ұйымдастыру комитетінің отырыстарын Ұйымдастыру комитетінің төрағасы өткізеді.

8. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы өзі болмаған жағдайда төрағаның орынбасарына немесе Ұйымдастыру комитетінің бір мүшесіне отырысты өткізуді тапсыруға құқылы.

9. Ұйымдастыру комитетінің отырысына Ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысында бекітілген Жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер шығарылады. Жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселелерді Ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ұйымдастыру комитетінің отырысына шығара алады.

10. Ұйымдастыру комитетінің мүшелерін және Ұйымдастыру комитетінің отырысына шақырылғандарды отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы уақтылы ақпараттандыруды Ұйымдастыру комитетінің хатшысы жүзеге асырады.

11. Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жалпы санының кемінде екіден үш бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда, отырыс заңды деп есептеледі.

12. Ұйымдастыру комитеті шешімдерінің жобаларын мәселені әзірлеуге жауапты адамдар дайындап, отырысқа дейін екі күннен кешіктірмей Ұйымдастыру комитетіне ұсынады.

13. Ұйымдастыру комитетінің шешімдері отырысқа қатысып отырған Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

14. Ұйымдастыру комитетінің шешімдері отырыстың хаттамасымен ресімделеді және қатысқан Комиссия мүшелерінің бәрі қол қояды.

15. Ұйымдастыру комитетінің отырыстарын дайындауға жауапкершілік Ұйымдастыру комитетінің төрағасына және Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасарына жүктеледі.

16. Ұйымдастыру комитеті Конкурс номинанттарын марапаттау рәсімін өткізгеннен кейін өз жұмысын тоқтатады.
III. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру
17. Жұмыс тобының отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі.

18. Жұмыс тобының отырысында ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелері, бір тақырып немесе жұмыс бағыты бойынша іс-қимылдарды келісу мәселелері пысықталады, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстары, қоғамдық бастамалар қаралады.

19. Жұмыс тобының жұмыс жоспарын Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары бекітеді.

20. Жұмыс тобының мүшелерін отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы уақтылы ақпараттандыруды, отырысқа шақыруды, отырысты дайындауды Ұйымдастыру комитетінің хатшысы жүзеге асырады.

21. Жұмыс тобының шешімдерін жұмыс тобының хатшысы дайындайды және Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің отырысында түпкілікті шешім қабылдау үшін Ұйымдастыру комитетінің отырысы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей Ұйымдастыру комитетінің төрағасына ұсынады.

22. Жұмыс тобының шешіміне Жұмыс тобының жетекшісі қол қояды.

23. Жұмыс тобы конкурс номинанттарын марапаттау рәсімін өткізгеннен кейін өз жұмысын тоқтатады.
IV. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
24. Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне:

конкурс өткізудің басталғаны туралы көпшілікке жариялау;

конкурстың іріктеу турын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйлестіру;

конкурстың имидждік жарнамалық компаниясын бекіту;

БАҚ-пен жұмыс;

конкурс өткізу бойынша демеушілердің ұсыныстарын қарау;

конкурстың бағдарламасына өзгерістер енгізу;

жергілікті атқарушы органдардың өңірлерде конкурстың іріктеу турларын өткізу қорытындылары туралы есебін тыңдау;

конкурстың соңғы турына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді рәсімдеу және ұсынудың конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;

алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;

конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастыру және олардың қызметін үйлестіру;

конкурстың ақтық турын бақылау, ұйымдастыру және өткізу, конкурс номинанттарын марапаттау жатады.


V. Ұйымдастыру комитетінің құқығы
25. Ұйымдастыру комитеті:

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» (мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің арасындағы) алғашқы республикалық конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар ұсынуға;

конкурсқа қатысушылардың берген ақпараттарының дұрыстығын тексеруге;

конкурс талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты үміткердің конкурсқа қатысуына рұқсат бермеуге;

қатысушыларды белгіленген қағидаларды бұзғаны үшін және конкурстың талаптары мен өткізу жағдайына сәйкес болмауына байланысты, сондай-ақ жалған ақпарат бергені үшін конкурстан шығарып тастауға;

конкурс материалдарын (фотосуреттер, бейнесюжеттер және т.б.) басқа мақсаттарға қолдануға құқылы.


VI. Ұйымдастыру комитетінің міндеттемесі
Ұйымдастыру комитеті:

барлық үміткерлерге бірдей жағдай жасауға;



ашық өткізуді қамтамасыз етуге;

ресми марапаттау салтанатына дейін нәтижелерді жарияламауға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау