№ 8 (880) тамыз-қыркүйек 2012 жыл
9
Қосымша бетті дайындағандар: М.к. Ажғалиев – педагогика ғылымдарының кандидаты, А. Қауен – студент, А.нығметова - студент
СТУДЕНТТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ана тілім – ардақтым
...Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
Р.ғамзатов
Егеменді елімнің
нышандары
Егеменді елімнің еркіндігін,
Елтаңбамды көргенде түсінгенмін.
Кім не десін бәрібір, ешқашанда
Елтаңбамды төрімнен түсірмеймін!
Көк туым көк аспандай мөлдірейді,
Жарық күн нұрын төгіп елжірейді.
Әрбір қазақ тұмардай қастерлесе,
Жалауымыз мәңгілік желбірейді.
Куәсі ғасырлардың шежірелі,
Әнұраным – нышаны елдігімнің.
Әр жолында белгісі көрінеді,
Жомарттығы халқымның, кеңдігімнің.
Рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұраным,
Биік тұрса, ешқашан мұқалмаймын.
Жұдырықтай жүрегім тоқтағанша,
Мен оларды төменге құлатпаймын!
Шаттық ДӘРМенОвА,
қазақ тілі мен әдебиті мамандығының 2 курс студенті
Жастардың күші –
білімде
Қазіргі таңда біздің қоғамымыздың басым көпшілігі – жас-
тар. «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел» деп Абай атамыз
айтқандай, заманның соққан желіне төтеп беретін, самал желінің
бағытын өзгертетін де осы жастар. Біздің Отанымыз - құтты
мекеніміз Қазақстанда жастарға оның ішінде талапты, білімге
құштар жандарға көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел - жылда берілетін
оқу гранттары, шәкіртақылар, түрлі фондтардың жасауы. Тек
бізден талап етілетіні сапалы білім алып, алған білімімізді
шыңдап, нағыз маман болып, еліңнің өсу жолына ықпал ету.
ХХІ ғасыр жастарының жігерлі, қайратты болуы - заман тала-
бы, ал заман талабына әр адам сай болуы тиіс деп ойлаймын.
Біздің ең басты күшіміз – білімде, қаншалықты сауатты болсақ,
соншалықты еліміз сауатты, алдыңғы қатарда дамуда болады.
Себебі, біз – еліміздің болашағымыз. Қазақтың ерен ұлдары мен
қыздарына айтарымыз, білім мен ғылымды жанымызға серік
қылып, мемлекеттің, ата-ананың артқан үмітін ақтайық. Сауатты
жастар деген атаққа лайық болайық, достар!
Айнұр ДАУлОвА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті
«Жасыл елмен»
қызықты өткен жаз айы
Жүректің сыры,
ойдың толқыны...
Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер.
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
Абай
Иә, ұлы хакім Абай айтпақшы, «өмір – мұхит, уақыт – толқын».
Бұл сөзге ешкім де таласа алмайды. Уақыт – қолымыздағы
бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты, өйткені біз нені
болса да уақыттан аларымыз хақ. Кеше ғана жаутаң жанар-
мен балалықтың балдыр шақтарын артта қалдырып, үлкен
өмір баспалдағын аттап қасиетті қара шаңырағымызға оқуға
түсіп, студент атандық. Бүгін, міне, енді екінші оқу жылымыз
басталғалы жатыр. Кеше мен бүгінгіні салыстырып, өзімізге-
өзіміз есеп беріп қарасақ, кішкене де болса үлкейгендігіміз,
ақыл-ойымыздың толықсығаны байқалатын тәрізді. Кешегі
бір жыл, бұрынғы біздің көңіл-күйімізді, сезімімізді бүгін та-
лапкерлер сезінуде. Менің түсінгенім, қамшының сабындай
қысқа өміріміз өз қолымызда екені; оны өзіміз жасасақ со-
лай болатындығы. Әрбіріміз бір-бір кірпіш болып қаланып,
өзіміздің, еліміздің болашағына септігіміз тисе, елің алдындағы
борышыңның орындалғандығы. Уақыт зымырап өтуде, бұйыртса
бізді күндердің күнінде аға-апаларымыз болып азамат пен аза-
матша болып, артқы толқын – іні, сіңілілерімізге үйретсек.
Студенттік шақ – ең бір қызықты да қызғылықты шақ. Сол бір
студенттік төрт жылды төрт жүз ғасырдай етіп бітіріңіздер.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсем, ең қызықты
да қызғылықты шақ ол – студенттік шақ.
Сөзімді жауынгер ақын Б.Момышұлының мына сөзімен
аяқтаймын:
Қайрат етер мезгілде,
Жүк көтерер нардай бол.
Ақыл айтар мезгілде,
Жүз жасаған шалдай бол.
Гүлфани еРСАЙЫнОвА,
филология: қазақ тілі мамандығының 2 курс студенті
Өзге ұлт өкілінің боданынан шыққан тіліміз қазіргі уақытта еркін
көсіле алатын дәрежеге жетті десек, артық айтқанымыз емес.
Себебі, «тас жүректі тілімдеген» тілін менсінбей, өзге тілмен
шұбарлайтын қандастарымыз да жетіп артылады.
Мағжан Жұмабаев ана тілімізге «Қазақ тілінде қазақтың
сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе
құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы –
асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр» деп баға берген.
Осы тіліміз арқылы Абайдың даналығына, Махамбеттің
батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген
жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай
мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірге азық
етеміз. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуімізге
басты себепкер ана тілімізді аялап, тірлігіміздің айғағы бола
білген тілімізбен бірге жасап, «тілі жоғалған ұлттың өзі де
жоғалатынын» ұмытпайық!
Ақсұңқар жҰМАБАевА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі
қолдану өрісі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы
тіл. Сондай-ақ дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл
мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдердің және мемлекеттік
тіл мәртебесіне ие екі жүз тілдің қатарында тұр. 1989 жылы 11
қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл – халықтың
ұлы жетістігі» делінген. Ал 1-баптың 1-тармақшасында «Қазақ
тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып
табылады» деп жазылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың
болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып
келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген
кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік
танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де
баршылық.
Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе
Кеңес Үкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі.
Бірақ бұл мәселе жайында әр кезеңде әртүрлі көзқарас болды.
Тәуелсіздігіміздің арқасында, тіліміз де бостандыққа ие болды.
Е л а у м а ғ ы н д а ж а с т а р д ы
о т а н ш ы л д ы қ қ а , е л б о л а ш а ғ ы н а
қамқорлық жасау рухында тәрбиелеу,
өңір экологиясын жақсарту бағытындағы
«Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс
жасап келеді. Өңіріміздің экологиялық
жағдайын жақсарту, қаланы жасылдан-
дыру мақсатын көздеген бұл игі шара
биыл да өз жалғасын тапты.
Бағдарлама аясында қаламыздың
барлық арнаулы және жоғары оқу
орындарының студенттерінен жастар
еңбек жасақтары жұмылдырылды.
С о л а р д ы ң а р а с ы н д а б і л і м м е н
ғылымның, мәдениет пен өнердің
ошағы болған 80 жылдық тарихы бар
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің жалынды
жастары «Еріктілер» жасағымен бірігіп,
қаламызды көркейту үшін тамыз бойы
тапжылмай еңбек етті.
Студенттер бір ай ішінде қала
көшелерін абаттандыруға өз үлестерін
қосты. Атап айтқ анда, «Достық»,
«Евразия» даңғылдарында көкорай
төсеу, көше бойын жағалай орналасқан талдарды қию сияқты
қызығы мен шыжығы қатар жүретін жұмыстар атқардық.
Алғашқы күндері таңсық жұмысты тосырқағанмен, күндер өте
үздік нәтиже көрсете бастадық. Таныстығымыз достыққа ұласып,
демалысымызды тиімді пайдалана білгенімізге ризамыз. Ең
бастысы, біз көгалдандырған әрбір аймақ қаламызға тазалық
пен көрік беріп тұрғанын көргенде төккен тер мен еткен еңбектің
ақталғандығына бір марқайып қалдық. Осылайша, қызығы мен
қуанышын үйіп-төгіп, жаңа достар тарту еткен тамыз айы да өте
шықты. Бір білеріміз, бұл - біз үшін ұмытылмас жаз, себебі көңілді
күндердің куәсі болған көшелермен біз талай өтеміз.
Ақсұңқар жҰМАБАевА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Жас өспей ме? Жат құшағы жылытқандар...
Қазақ халқы басынан кешірген зұлмат жылдар халық
санының өсуіне кедергісін келтірмей қоймады. Бүгінгі күнде
елдің демографиялық жағдайын көтеру – еліміздің басты
мақсаттарының бірі. Дегенмен, соңғы деректерге сүйенсек,
8000-дай қаракөздеріміз шетел асқан. Бұл елекпен су
тасығанмен бірдей емес пе? Осы мәселе билікте талқылана
қалса, жақтаушы өкілдер: «Біз шетелге кемтар балаларды
беріп жатырмыз, оларға ата-ана бақытын сыйладық,» - деп
жұбатқан болады. Сонда бақыттың құны осынша қымбатқа
түскені ме?
Отан-Ана мен сәбиі арасындағы құдіретті сезімге сызат
түсіреміз, ананың бауыр етін өзгеге жұлып беріп, сәбиінің
«алақанындағы үш бірдей бақытынан» айырамыз. Дүние
есігін ашар-ашпастан, безбүйрек ана, қайырымсыз әке, қатал
тағдырдың сынағына ұшыраған бейкүнә сәбиді біз де сынай-
мыз. «Жығылғанға жұдырық» болғанымыз қалған бақытын
көп көргеніміз бе?
Бақытты Мұқағалиша талдасақ, « бірінші бақытты
халқынан, тас жүректі тілімдейтін тілінен, оты сөнгенге от
беретін Отанынан» айырамыз. «Балам» дейтін елі болмаса,
халқынан айырылғаны емей немене? Бұл жағдайда, әрине,
«жұртым» дейтін бала шығып, «ойының алтын кенін» бере
қоймасы анық.
Жетімін жылатпаған, өзі түгіл өзгеге уыс нанын бөліп берген
қазақтың дархандығы қайда кеткен? «Жас өспей ме, көкейіңді
теспей ме?», жат құшағынан жылулық тапқан қаракөздерімізге
де жауап беретін күн келер...
Ақсұңқар ғАЗИЗҚЫЗЫ,
филология факультетінің 2 курс студенті