Росток 08 indd



жүктеу 12,62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата01.02.2020
өлшемі12,62 Mb.
#27913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 8 (880) тамыз-қыркүйек 2012 жыл

7

Кешегі оқушы - бүгінгі студент



«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,» - деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, міне, күні кешегі біз сияқты өз жүрек қалауларымен бір-бір мамандықтың иесі болсам 

деген арман жетегіндегі биылғы мектеп түлектері, талапкерлердің бірқатары біздің тек қана Қазақстан жұртына ғана емес, барша әлемге мәшһүр болған М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің табалдырын аттамақшы. Өздерінің мақсаттарын осынау 80 жылдық тарихты артта қалдырған жоғары оқу 

орнымен ұштастыра келген бұл талапкерлердің армандары асқақ. Алғаш рет ата-анадан жырақтап, қызығы мен шыжығы мол жаңа өмірге қадам басқалы отырған 

бұл студенттердің әлі де алда көрер қызықты сәттері қаншама?! Мектептегі өмірмен салыстыруға келмейтін тансық әлемнің оларға берері мен үйретері айтса ауыз 

толтырарлық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер қауымы жатақханалық өмірде «үш ұйықтаса да түсіне енбеген» бір-бірімен жарты нанды бөлісіп, бірге 

туған бауырдай сыйласып, сырласып кетеді әлі-ақ. Ал, бұлардың бір де бірінің дәмін татып көрмеген студенттеріміздің өздері не дер екен бұл тұста? Әрі қарай оқи 

отырсақ...

Әйгерім  Мақсатқызы,  мәдени-демалыс  жұмысы 

мамандығының 1  курс  студенті:

Мен  Маңғыстау  облысы,  Маңғыстау  ауданы,  Шекті 

ауылынан  келдім.  ҰБТ-дан  56  балл  жинап,  «Мәдениет 

және  өнер»  факультетіне  оқуға  тапсырдым.  Өкінішке 

орай аз балл жинап, грант бөліміне оқуға түсе алмадым. 

Бірақ, қалай да осы мамандықты игеріп шығуды мақсат 

етіп, осы университетте ақылы бөлімде болса да білім 

алуға бекіндім. Маған осы арманымның жүзеге асуы үшін 

өз үлестерін қосқан ата-анама басымды иемін. Ата-ана 

мен ұстаздарымның үкілеген үмітін арқалап келген маған 

бұл университет білім нәрімен сусындап, өз ісімнің шебер 

маманы етіп тәрбиелеуге зор үлес қосады деп сенемін.



Эльмира жаумбайқызы, мәдени-демалыс жұмысы 

мамандығының 1 курс студенті:

Мен  бұл  университеттің  «Мәдениет  және  өнер» 

факультетіне  оқуға  түстім.  Жалпы  ҰБТ-дан  55  балл 

жинадым.  Бұл  факультеттің  мәдени-демалыс  жұмысы 

мамандығының ақылы бөліміне оқуға тапсырдым. Мектеп 

қабырғасында оқып жүргенде-ақ мені өзіне ыстық тартқан 

бұл мамандыққа оқуға түскеніме қуаныштымын. Осы орай-

да ата-анама, ұстаздарыма шексіз алғыс айтамын.



                                                 

елдос  кенжеғалиев,  құқықтану  мамандығының            

1 курс студенті:

Мен  Атырау  облысы,  Құрманғазы  ауданынан 

келдім.  Осы  Орал  қаласындағы  баршаға  танымал 

болған  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-ға  оқуға  Ақтөбе 

облысындағы  коллед ж ден  кейін  келіп  отырмын. 

Жалпы  құқықтану  мамандығын  таңдаудағы  басты 

мақсатым  –  қылмыскерлерден  зардап  шегіп  отырған 

қолы қысқа адамдарға өз қол ұшымды тигізу; қылмыс пен 

тәртіпсіздіктің болмауы үшін, ел тыныштығы мен тәртіп 

үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстан халқына өз үлесімді 

қоссам деймін. Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін 

арнайы осы оқу орнына келдім. Жолдастарымның ақылы 

бойынша,  бұл  университетте  сапалы  да  саналы  білім 

береді дегенді естіп, мақсаттарымды жүзеге асыру үшін 

арнайы  білімімді  жетілдіруге  оқуға  келдім.  Осы  орайда 

тарих және құқық факультетінің деканына жатақханамен 

қамтамасыз еткені үшін алғысымды білдіремін.

Гүлжайна  Аманқосова,  сызу  және  бейнелеу  өнері 

мамандығының 1 курс студенті:

Мен  кішкентайымнан  сурет  салғанды  ұнатамын. 

Сол  себепті  оның  толық  қыры  мен  сырын  меңгеруді 

алдыма мақсат етіп қойдым. Мақсатымды жүзеге асыру 

үшін  арнайы  осы  Батыс  Қазақстандағы  белгілі  жоғары 

оқу  орны,  әрі  жалынды  ақын,  әрі  жаужүрек  батыр 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  сызу  және  бейнелеу 

өнері мамандығына оқуға тапсырдым. Осы мамандықтың 

шығармашылық  байқауынан  сүрінбей  өтуіме  баулыған 

жетекшім Айтжанова Жанна есімді ұстазыма алғысымды 

білдіремін.

Балсұлу  Орынбасарова,  биология  мамандығының 

1 курс студенті:

Мен  Маңғыстау  облысы,  Ақтау  қаласынан  келдім. 

Сүйікті пәнім биология бойынша осы университетке оқуға 

түстім. Жалпы алға қойған мақсатым – осы мамандықты 

маман  ретінде  толыққанды  меңгеріп  шығу.  Жас  буын 

балалардың  осы  пәннің  қыры-сырына  үңіліп,  қоршаған 

әлеммен, табиғатпен тереңірек таныс болуына өз үлесімді 

қоссам деймін. Менің осы пәнге деген қызығушылығымды 

арттырған  ұстазыма,  одан  әрі  білімімді  жетілдіруіме 

жағдай  жасап  отырған  ата-анама  алғысым  шексіз. 

Олардың үміттерін ақтауға сөз беремін. Өзім таңдаған бұл 

оқу орны да менің бұл мақсатыма қол жеткізуге бірден-бір 

септігін тигізеді деп сенемін.

Гүлбақыт  Сәулеева,  мәдени-демалыс  жұмысы 

мамандығының 1 курс студенті:

Мен бұл жоғары оқу орнына арнайы Маңғыстау облы-

сы, Бейнеу ауданынан келдім. Таңдаған мамандығымның 

ақылы бөліміне оқуға түстім. Болашағы зор бұл мамандық 

бойынша білім алуды өзім жүрек қалауыммен таңдадым. 

Өз  басым  көбіне  адамдармен,  топпен  жұмыс  жасағанды 

ұнатамын. Осы университеттен өз ісіме жауапкершілікпен 

қарау қасиеттерін бойыма сіңіріп, өз ісінің шебері, білікті ма-

ман атанып шығатыныма үміттімін. Бұл 80 жылдық тарихы 

бар жоғары оқу орнына оқуға тапсырғаныма өкінбейтініме 

сенемін. Мерейтойыңмен, УНИВЕРСИТЕТ!

нияз  Мәдина,  биология  мамандығының  1  курс 

студенті:

Мен  Ақтөбе  облысы,  Қандыағаш  қаласынан  келдім. 

Осы қалада №3 гимназиядан білім алдым. ҰБТ-дан 88 балл 

жинадым. Өкінішке орай, грант бөліміне оқуға түсе алмаған 

соң,  әкеме  айтып,  түсіндіріп  осы  университетке  оқуға 

келдім. Кішкентайымнан мектепте биология пәнінен білім 

берген Базаргүл есімді ұстазыма еліктеп, сол кісінің жолын 

қууды мақсат еттім. Сол кісі сияқты мен де болашақта өз 

оқушыларымды  жақсылыққа  тәрбиелеп,  өз  мамандығым 

бойынша толыққанды білім нәрімен сусындатсам деймін.



Хакімбек  Аймұратұлы,  құқықтану  мамандығының       

1 курс студенті:

Мен Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының №5 орта 

мектебін  тәмамдадым.  Әр  баланың  кішкентай  кезінен 

бастап өз арманы болатыны бәрімізге де белгілі. Мен де 

кішкентайымнан тәртіп пен адам құқығын ең басты алдыңғы 

мақсатқа қоя білген құқықтану маманы атануды арманда-

дым. Сол бала арманымды осы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-

мен ұштастырдым. Маған осында оқуға түсуіме мүмкіндік 

берген  ата-анама,  мектептегі  ұстаздарыма  алғысым 

шексіз. Әр талапкер мектептен түлеп ұшқан соң, одан әрі 

білімін жетілдіру мақсатында оқитын жоғары оқу орнын өзі 

таңдайтыны  бәрімізге  де  мәлім.  Мен  бұл  университетті 

өз  жүрек  қалауыммен  таңдадым,  әрі  бұл  таңдауыма  еш 

өкінбеймін деп нық сеніммен айта аламын.



Гүлжанат Балтабаева, физика мамандығының 1 курс 

студенті:

Мен  физика  пәні  бойынша  физика-математика 

факультетіне  оқуға  тапсырдым.  Мектеп  қабырғасында 

білім  берген  физика  пәні  мұғаліміне  еліктеп,  сол  сүйікті 

ұстазымдай өз ісінің білгір маманы атану мақсатында бұл 

мамандықтың жетегінде осы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-

ға оқуға түстім. Өзім түйіні көп, қиын есептерді шығарғанды 

ұнатамын. Мектеп қабырғасынан алған білімімді одан сайын 

шыңдай түсуді мақсат етіп алға қойған маған университет 

ұстаздары әлі талай физиканың құпиясын аша түседі деп 

ойлаймын. Студенттік өмірге жаңадан аяқ басқан мені ыстық 

құшағын жая қарсы  алған университет ұстаздарына алаңсыз 

оқуға жағдай жасап, жатақханамен қамтамасыз еткені үшін 

де алғысымды білдіремін.



Бейбіт  Манарбекқызы,  география  мамандығының     

1 курс студенті:

Мен Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылынан 

осы университет қабырғасынан білім алу мақсатымен ар-

найы оқуға келдім. Мен үшін бұл пәннің орны ерекше. Менің 

бұл  пәнге  деген  сүйіспеншілігімді  оятқан  -  Бейімбетова 

Гүлжаһан есімді ұстазым. Сол кісінің жолын қуу мақсатында 

арнайы осы университетте оқуды армандадым. Себебі ол 

ұстазым да - осынау 80 жылдық тарихы бар университеттің 

түлегі.  Ұстазымнан  алған  біліміммен  қоса,  ол  кісінің  осы 

университет  туралы  айтқан  таңдай  қағарлық  қызықты 

әңгімелері мені еріксіз, арманымның ізімен осында оқуға 

жетеледі. Мен де сол ұстазым тәрізді білікті маман ретінде 

болашақта оқушыларды осы пән бойынша тереңірек білім 

нәрімен  сусындатып,  еліміз  үшін  жаңа  буын  тәрбиелеп 

шығуға өз үлесімді қоссам деймін.

Студенттерімізге білімнің биік шыңынан көріне беріңдер дей отырып, жаңа өмірге құтты 

қадамдар тілейміз. ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сұхбаттасқан: Әйгерім САнСЫЗБАЙҚЫЗЫ, 

қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі 

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының2  курс студенті

 



жүктеу 12,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау