Росток 08 indd



жүктеу 12,62 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата01.02.2020
өлшемі12,62 Mb.
#27913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 8 (880) тамыз-қыркүйек 2012 жыл

8

Жыл үздіктері анықталды



                                                                                            

 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА  

                                                                                          

Филолог


Тіл – татулық тірегі

Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Сондай ерліктің иесі, біздің университетімізде  50 жыл қызмет етіп, талай 

шәкірт тәрбиелеп, қияға қанат қақтырған, ұстаздардың ұстазы атанған Шәнда апаймен жүздесудің сәті түскен 

еді. 

Ұстаз ұлағаты



(сыр-сұхбат)



Ауыл,  т уған  жер  жайында  ақын-

жазушылар  көп  жырлаған.  Қарапайым 

адамның  өзі,  туған  жер  дегенде  ет  жүрегі 

елжірейді.  Туған  жер  дегенде  сіздің 

көкейіңізге не оралады?

Туған  жер  дегенде  сағыныш  оралады. 

Мектеп,  ауыл,  ұстаздарым,  мектептегі  түрлі 

үйірмелер.  Оқушы  кезімде  барлық  үйірмеге 

қатыстым.  Биге  де,  өлеңге  де,  домбыра 

оркестріне де, ішекті аспаптар оркестріне де. 

Жеке шығып ән де айттым, күй тартып, мектеп 

бітіріп кеткенше сахнадан түспедік. 5-сыныптан 

бастап үздік оқыдым, әр жыл сайын сыныпта 

аты-жөнім  жазылған  барлық  сабақтан  алған 

бағаларым сынып бұрышында жазылып тұрады. 

Дәлізде  қабырға  газетінде  бірде  домбыра 

тартып, бірде билеп, бірде ән айтып отырған 

суреттерім көзге оттай басылушы еді. Ол су-

реттер фотографтар болмағандықтан, қолдан 

салынған  суреттер    болатын.  Сол  мектептегі 

кездер  -  бәрі  сағыныш,  ыстық.  Менің  оқыған 

мектебім  Бөкей  ордасындағы  қазақ  мектебі, 

соны  бітіріп  шықтым.  Мұғалімдердің  бәрі  де 

жоғары  дәрежелі  ұстаздар  болатын.  Қазақ 

тілінен Ғұмар Зарипов, ол кісінің қазақ тілі мен 

әдебиеті, тіл туралы да мақалалары газеттер-

де  жарияланып  жүрді.  Өкінішке  орай,  мектеп 

бітіріп  кеткеннен  кейін  сол  ұстаздарыммен 

қатынаса  алмадым.  Еңбектері  зая  кетпей, 

мектеп  мұрағатында  сақтаулы  тұрған  шығар 

деп  ойлаймын.  Физикадан  Назиденов  Файыс 

дейтін  оқытушы  болатын,  олар  сол  уақытта 

қажырлы еңбек еткен мұғалімдер еді. Шет тілі, 

оның ішінде орыс тілінен Анастасия Петровна 

деген  Саратов  университетін  бітірген  ұстаз 

сабақ  берді.  Сауаттылықты,  қатесіз  жазуды 

талап етті. Ол кезде орысша жаза да, сөйлей 

де  алмаймыз,  мұғалімнің  шеберлігі  бізді 

алға  талпындырды.  5,  6,  7-сыныпты  бітірген 

уақытта сөйлей алмасам да, диктантты бір қате 

жібермей жазатынмын. Тағы бір ерекшелігі, ол 

кісі  сабақтан  қалған  оқушыны  артынан  іздеп 

барып, өткен сабақты түсіндіріп, үйретіп кететін-

тұғын.  Шет  тілдерінен  де  жақсы  білім  алдық, 

себебі  неміс  тілінен  Саратов  университетін 

бітірген жоғары білімі бар Зинаида Петровна де-

ген 80-ге келген мұғаліміміз болды. 5-сыныптан 

бастап  заттардың атыменен оқытып, жаздырып 

үйретті.  Бірақ  ол  кісі  көп  кешікпей  дүниеден 

өтіп,  сол  кезде  неміс  тілінен  сабақ  беруге 

жас  неміс  жігіті  келді.  Өзі  неміс,  жас  адам, 

орысша  шала  біледі.  Орысша  білмегенінің 

көп  пайдасы  тиді,  өйткені  ол  таза  немісше 

сөйлегендіктен, барлық заттарды немісше атап, 

немісше жазды, біз болсақ соны түсініп алуға 

тырысып  артында  жүретінбіз.  Айтқандарын 

есте  сақтап,  неміс  тілінен  де  өте  жақсы  баға 

алдық. Оны қалай білемін, оны Алматыға уни-

верситетке барып түскенде білдім. Мен әуелі 

А.С.Пушкин атындағы пединституттың бірінші 

курсын бітірдім. 9-сынып бітірген кезімде жас 

өнерпаздар сайысында әуелі аудандық, сосын 

облыстық  конкурстан домбыра тарту бойынша 

жеңімпаз  атанып,  Алматыдағы  олимпиадаға 

келдім.  Олимпиадада  қазылар  мүшесінің 

құрамында  Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, 

Күләш  Байсейітова,  Қанабек  Байсейітов, 

Қ.Жандарбеков,  биші  Шара  Жиенқұловалар 

болды. Қазылардың шешімі бойынша тағы да 

домбырадан  бірінші  орын  алып,  Мәскеудегі 

бүкілодақтық  олимпиадаға  жолдама  алдым. 

Мәскеуге  баратын  болып,  Алматыда  20  күн 

күтіп жаттық. Қасымда 10 шақты оқушы болды. 

Соғыс жүріп жатқан кез, жау бомба тастауын 

тоқтатпайды.  Соғысқа  байланысты  Мәскеуде 

олимпиада болмайды деген хабар алып, ауылға 

қайтатын болдық. Ол кездегі поездар да 15, 7 

күн  жүретін,  сөйтіп  сыйлықтарым  мен  грамо-

таларымды  алып,  қайта  Ордаға  келдім.  Енді 

қайтып  сабаққа  барайын  десем,  сынып  жоқ. 

Ер  балалар  армияға  алынып,  интернаттағы 

әке-шешесі  жоқ  қыздар  Оралға  келіп,  жазда 

ай  жарым  уақыт  пединституттың  әзірлік  кур-

сынан  өтіп,  бірінші  курсқа  түсіп  алыпты.  Мен 

де далада қалғасын, Оралға келдім, бір шара 

қолданайын дедім. Ол уақытта пединституттың 

директоры  Васильев  Константин  болатын.  

Барып  жолыққанда,  «сенде  не    10  бітірген 

аттестатың  жоқ,  не  жазғы  даярлық  курсынан 

өткен сертификатың жоқ, сені ала алмаймыз»,- 

деді. Амал болмағасын жылап та алдық, оның 

үстіне  бір  ағамнан  Ленинград  түбінде  қаза 

тапты деген қара қағаз келді. Осы қиын кезде 

барлық қыздар жиналып директорға барып, мені 

мақтап, далада қала ма деп мені алуын өтінді. 

Мен онда тек қазақ тілі әдебиеті бөліміне алам, 

егер  1-семестр  оқи  алмаса,  оқудан  шығарып 

жіберем деді. Оқуға түскеннен кейін, 2 семестр 

бойы  барлық  сабақты  беске  аяқтадым.  1944 

жылдың  тамыз  айында    А.Жұбанов  ағамыз  

сен  тек  музыкалық  білім  алуың  керек    деген 

шақыру жіберген. Бір айдан соң ойлана келе, 

вызовты қолыма алып Алматыға жүріп кеттім. 

Қасымда бір әнші қыз, тағы бір жігіт, қазір атақты 

дирижер  Шамғон  Қажығалиев  бәріміз  бірге 

бардық.    А.Жұбанов  ағамызды  кездестірдік, 

ол кісі қуанып, бізді музыкалық училище емес, 

консерватория ашылып жатыр, соның бірінші 

курсына  қабылданғанымызды  айтты.  Бізді 

жатақхана үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етті. 

Оқу басталып жатқан кезде үлкен ағамнан қара 

қағаз, артынша үйден хат келді. Ол кезде үйде 

қарт пен кемпір, үлкен ағамнан қалған 5  жасар 

бала болатын. Ал 7  жастағы қызды балалар 

үйіне беріп, үй ішін аш қалмау үшін бір көрші 

колхозға апарып тастаған. Ол сәтте оқу емес, 

тек  үй-үшін  ойлаумен  болып,  төбемнен  жай 

түскендей  күйде  үйге  кететін  болып  шештім. 

Үйге билетке ақша жоқ, себебі консерватория 

шәкіртақы бермейтін. Оқудан шығып, кететінімді 

айттым,  бірақ  Ахмет  ағамыз  қозғалма  деп 

жібергісі  келмеді.  Совет  көшесіндегі  ҚазМУ 

мен Каспий университетінің біреуіне бардым. 

1  курста  оқылу  керек  сабақтардан  емтихан 

тапсырдым, қиыны араб тілі болды. Ештемеге 

қарамастан,  бір  ай  ішінде  тез  үйреніп  емти-

хандарды  тапсырып  шықтым.  Бірінші,  екінші 

шәкіртақымды  билет  алуға  жеткізбей,  жойып 

жіберіп  жүрдім.  3  айдан  соң  үйге  жиналып 

жүргенде, жатақхананың төменгі қабатындағы 

газет-журнал, хаттар арасынан өз фамилияма 

көзім түсті. Сөйтсем, ол хат қара қағаз келіп, 

өлді деген ағамнан екен. Ол хатта амандығын 

айтып, оқуды тастамауымды қатты ескерткен. 

Өз-өзіме  сенбей,  әрең  иландым.  Кіші  ағам 

дәрежесі  лейтенант  болғандықтан,  ауылдағы 

отбасыма  көмек  ретінде  зейнетақы  беріпті. 

Ол  ақшаны  анам  алмай  әлек  болып,  ақыры 

соңында  оны  көршілерге  үлестіріп  беріпті. 

Сөйтіп,  Алматыда  қалып,  оқуымды  бітіріп 

шықтым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы 

– Махамбет Өтемісовтің баспаға шықпаған, әлі 

жарияланбаған өлеңдері  жайында. Оны қолмен 

жазып, Қазақ Ғылым Академиясына әкеп қойған 

екен, әлі зерттелмеген. Мақсатым, ол өлеңдерді 

қалай, кім, қандай мақсатта айтқанын, тарихын 

зерттеп айту керек болды. 400 жолдан тұратын 

жыр жолдары туралы ешқандай материал жоқ, 

ешкім ештеме айтпаған. Пушкин кітапханасынан 

Шахматовтың  «Восстание  Исатая  Тайманова 

и Махамбета Утемисова» деген кітабын алып, 

сол бойынша жаздым. Дипломдық жұмысымның 

жетекшісі, әрі сарапшылары Қажым Жұмалиев 

пен  Мұхтар  Әуезов  болды.  Мұхтар  Әуезов 

жұмысымды  мақтап,  мені  аспирантураға 

қалдыруға  ұсыныс  жасады.  Сол  кездерде 

Ғ.Әбуханов аспирант болатын, ағамызбен бір 

пәтерде көрші тұратынбыз. Ол кісі менің дом-

бырада орындаушылығыма таң қалып, қолдап, 

қолпаштап  жүретін  еді.  Университетте  оқып 

жүріп, қосымша 3  жылдық медсестралық білім 

алып  шықтым.  Кейін  Әбуханов  ағамыз  Орал 

пединститутының сол проректоры болған Темір 

Бейісовпен  жолықтырып,  мені  пединститутқа 

жұмысқа жіберді. Кейін сол оқу орнында 50 жыл 

қызмет еттім. 

– 

Ұстаз - ұлы тұлға. Оның ұлылығы не-

ден көрінеді. Ұстаз-ана болу мен әйел-ана 

болудың ара жігі?

Ұстаз ұлылығы  бүкіл халықтың, еліміздің 

болашағын,  жастарын  тәрбиелейтіндігінде, 

білім  беретіндігінде,  дамытатындығында. 

Ұстаз-ана да, әйел-ана да екеуі де бірдей. Ұстаз-

ананың  тәрбиелілігі,  білімінің  жоғарылығы 

жағынан  айырмашылығы  болады.  Бірақ, 

бәрібір  ана.  Анадан  артық  балаға  жақын, 

бауырмал адам жоқ. Ана баласы үшін отқа да, 

суға  да  түседі.  Сондықтан  ана  қашан  да,  кім 

болса да ана боп қала береді.

- Адамның өмірі махаббаттан басталып, 

парасаттан  аяқталады  деген  ұғым  бар. 

Ендеше,  сіздің  ғұмырыңыз  осының  қай 

дәрежесіне келеді?

Жастық  шағым  онша  керемет  болды  деп 

айта алмаймын. Мынау дүние дегенді, жарық 

дүние, алдыңда әке-шешең, мынау үй, мынау 

қыстау, орман деген сияқты таным 5  жасым-

нан басталды. Оған дейін мына 1928 жылдары 

тәркілеу басталды. Менің  нағашы атам - араб 

елінде оқыған, күшті, үлкен имам болған кісі. 

Сол жылдары ол кісілер тәркілеуге, қуғындауға 

ілікті.  Әкеміз  Астрахань  облысындағы  бір 

жақынымыздың  ақылымен,  Нарын  құмына 

көшеді.  Ал  ол  туыстар  (4  отбасы)  сол  жақта 

қалады,  ал  әкеміз  1925    жылы  тәркілеу 

Қазақстанға  жетпей  тұрып  көшіп  алған  екен. 

Большевиктер елді тазалап, аралап жүргенде 

нағашы  атамыз  шекарадан  өтіп,  Араб  еліне 

асып,  қашып кетеді. Бұл жағдайды ешкім айтуға 

болмайтындай етіп, бәрін қатты ескерткен. Сол 

жылдардағы  қайғы,  мұң,  жылау  бәрі  есімде 

қалған. Ес білгелі түсінгенім де, көргенім де тек 

жылау  болды.  Колхозда  тұрдық,  қиыншылық 

көрдік.  Апам  бар  еді,  колхоз  басқармасына 

тұрмысқа шықты. Анам ертегі, жырларды жатқа 

өте жақсы оқитын, колхоздағы бүкіл жұрт біздің 

үйге жиналып жыр тыңдайтын.  Анамның сол 

қабілетінің  арқасында  мен  де  9  жасымнан 

бастап таңғажайып шығыс ертегілерін тыңдап 

өстім. Мектепке барғанда зулап оқи да алам, 

жаза  да  алатын  болдым.  1938  жылы  бізді 

аштықтан  құтқарып  отырған  жездемді  ату 

жазасына кесіп, апамды түрмеге қамады. Осы 

қиыншылықтардың  барлығы  жүрекке  ауыр 

тиді.  Университетте  де  оқып  жүргенде  үйде 

менің шәкіртақымнан басқа, ақша болмайтын. 

Сондай қиындықтарды көрдік. Содан 60  жыл 

бойы  жұмыс  жасадым,  тұрмысқа  шықтым, 

балалы болдым.  

-  Қазақ  үш  нәрседен  қателеспе  деген. 

Жар таңдауда, есім таңдауда, жол таңдауда. 

Адамның есімі оның тағдырымен байланы-

сты. Сіздің есіміңіздің мағынасы қандай?

Оны мен анық айта алмаймын. Менің есімім 

өте сирек кездеседі.  Осы күнге дейін естіген 

де емеспін. Анамнан  кім қойды деп сұрағанда 

анамның  өзі  анық  білмеді,  бар  білетіні  араб 

еліне  қашып  кеткен  ағайындарымыздың  бірі 

болу керек. Олар ағылшынша, орысша, фран-

цузша білім алып, солай тәрбиеленген. Шәнда 

деген мешіттің аты деген болжам бар, бірақ қай 

жақтағы екені белгісіз.



- Абайдың: «Менің қолымда закон қуаты 

бар адам болсам, адам мінезін түзеп бол-

майды дегеннің тілін кесер едім» деген сөзі 

бар. Қазіргі заманда бала тәрбиесіне атүсті 

қарайтын жастарға,  егер сіздің қолыңызда 

заң  қуаты  болса,  қандай  шара  қолданар 

едіңіз?

Заңды  қолдану  ұғымы  тәжірибемізде 

болмаған  нәрсе.  Оны  айту  қиын.  Абай  -  өз 

заманында  жаза,  заң  дегеннің  шет  жағасын



 

көрген адам. Қазір біз заң бар екенін білеміз, 

қылмыс жасаған адамды тексереді, соттайды, 

жазалайды.  Қазіргі  қоғамдағы  жағдайларға 

қатты қынжылам, қатты уайымдаймын. Себебі, 

жастардың  арасында  қаншама  қатігездік, 

қаншама жауыздық, тонау, бірін-бірі өлтіру өте 

көп. Оның бәрі заңмен алсақ та, дінмен алсақ 

та,  адамшылықпен  алсақ  та  дұрыс  іс  емес. 

Оған мына қартайып отырған мен ештеме де 

жасай алмаймын. Ол үшін үкімет, қолында заңы 

бар үлкен мемлекет, қарқыны күшті Қазақстан 

заңды  қатайтып,  жамандықты  болдырмау 

керек.  Қылмыскердің  жасағанын  өзіне  қарсы 

жасау керек, сонда ғана тоқтайды. Сөйтсе ғана 

Қазақстан атына заты сай ел болмақ.



- Өнегелі, тағылымы мол әңгімеңізге рах-

мет.  Деніңіздің  саулығын,  отбасыңыздың 

амандығын және ұзақ ғұмыр тілейміз! 

Сұхбаттасқан: Гүлсезім ТАСҚАлИевА, 

қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 

2012 жылғы түлегі 

№7, тамыз-қыркүйек 2012 жыл




жүктеу 12,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау