Құрметті әріптестер!



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата21.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#23014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4

5

№ 4 (24) тамыз 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Техника

Инфобокс: бұл не?

Ақтоғайдың ресепшн бөлімінде ерек-

ше техникалық құрал пайда болды. Ол 

тәуліктің кез-келген уақытында жеке 

еңбек демалысы және оқыту кесте-

лерін, жұмыс туралы немесе еңбекақы 

туралы анықтамаларды басып шыға-

руға дайын. Қазіргі уақытта HR-инфо-

бокс, бұл құралды осылай атап кетіпті, 

үш тілде қызметтің 8 түрін ұсына 

алады екен.  

Юлия Кузнецова, Ақтоғай

А

қтоғай КБК Қызметкерлермен жұ-



мыс басқармасы бастығында қыз-

меткерлерге арналған ақпараттық 

интерактивті банкоматты орнату идея-

сы бір жарым жыл бұрын пайда болған. 

«Кадрлық әкімгерлік бөліміне түрлі ақ-

парат алу үшін көптеген қызметкерлер 

келеді. Жұмыс, демалыс кестелері, бала 

бақшаларға, мектептерге қажетті түрлі 

анықтамалар, еңбекақы туралы банктік 

және мемлекеттік ұйымдарға арналған 

анықтамалар – мұндай сұраныстар қыз-

меткерлердің де, бөлім мамандарының 

көп уақытын алады. Ал бұл ақпараттың 

барлығы Оракл жүйесіне енгізіліп, үнемі 

жаңартылып отыра-

ды. Сол кезде адам-

дарға қажетті ақпа-

ратты өздігінен алу-

ға мүмкіндік беретін 

шешім керектігі тура-

лы ой келді», – дейді 

Бауыржан Абылқа-

сымұлы, Ақтоғай КБК 

Қызметкерлермен жұ-

мыс басқармасының 

басшысы.


KAZ Minerals Тобы-

ның ақпараттық тех-

нологиялар департа-

ментімен бірлескен 

жұмыстың арқасында 

бұл жоба жәй ғана идеядан нақты инфо-

боксқа айналды. Сыртынан қарағанда 

бұл құрал тұрғындар түрлі қызметтердің 

ақысын төлейтін ақпараттық терминал-

дарға ұқсайды. Ортасында қажетті ақпа-

ратты енгізуге арналған монитор орна-

ласқан. Ол үшін рұқсатнама-карточканы 

жақындатсаң болғаны. 

«Ең қиыны қолданушыны анықтау 

механизмін жасау болды. Яғни, жүйе 

«керекті» адамды танып, оған қажетті 

есебін беру керек қой. Сөйтіп, бірнеше 

амалды қарастырып, осыған келіп тоқ-

тадық – қызметкер 

рұқсатнамасын тер-

миналға орнатылған 

арнайы орынға тигі-

зуі керек. Бастапқыда 

жобаға арналған бағ-

дарламаны да, құрал-

дарды да сатып алу 

жоспарланған. Алай-

да кейін шығындарды 

азайту үшін бағдарла-

малық жабдықтауды 

өзіміз жасайтын бол-

дық. Тек қана құрал-

дарды ғана сатып ал-

дық. Терминалға қа-

тысты жұмыста 7-8 

адам еңбек етіп, 34 апта уақыт кетті», – 

дейді Евгений Молоканов, KAZ Minerals 

Management Ақпараттық жүйелерді жа-

сау бөлімінің бастығы.

Ақтоғайлықтар біртіндеп бұл құ-

ралды танып жатыр. Біреулер жаңашыл 

технологияларды игеріп, әріптестеріне 

айтып жатса, енді біреулер енді үйрене 

бастады. 

«Бұл ақпараттық жәшік өте пайдалы. 

Себебі, уақытты үнемдейсің – қажетті 

ақпаратыңды түнде де, күндіз де алуға 

болады. Мәліметтерді экраннан көресін, 

қажет болса, басып шығарасын. Болма-

са белгілі бір анықтамаға басшының қо-

лы немесе мөр керек болса, тиісті сұра-

ныс жолдайсын. Бұдан кейін кабинет-

терді араламай, ресепшнге келіп, алып 

кетесін. Бұл құралды орнатып жатқанын 

көргенбіз, бірақ, не үшін керектігін енді 

біліп жатырмыз. Әріптестерімізге бұл 

туралы үнемі айтатын боламыз. Қажет 

болса, кіріспе нұсқаулыққа да енгізіп 

қоямыз. Сонда қызметкерлер бұл ту-

ралы кеңінен білетін болады», – дейді 

Толқын Байтілеуов, Ақтоғай КБК-нің 

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау-

шысы. 

Бауыржан Абылқасымұлының ай-



туынша, инфобокс қызметкерлер ара-

сында танымал болса, оны кәсіпорын-

ның басқа бөлімдері де пайдалана ала-

ды. Айталық, уақыт өте келе қауіпсіздік 

техникасы немесе әкімшілік мәселелер 

жөніндегі қосымша ақпараттар пайда 

болуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың 

жоспарына сәйкес мұндай инфобокс-

тар сульфидті фабриканың және оксидті 

кенді өңдеу кешенінің ғимараттарында 

орнатылады. 

«Қазірдің өзінде Бозшакөл бұл жо-

баға қызығушылық танытып отыр. Тех-

никалық тұрғыдан қарасақ, бұл тәжіри-

бемізді бүкіл Топқа, оның ішінде Шы-

ғыстүстіметке де тарата аламыз. Бұл 

әмбебап шешім. Біз бастапқыда бар-

лық өндірістік алаңдарға жарайтын 

жүйені жасап шығаруға тырыстық», – 

дейді Алмат Беделбаев, KAZ Minerals 

Management корпоративтік ақпараттық 

технологияларды дамыту және қолдау 

басқармасының бастығы.

Бұл ақпараттық жәшік 

өте пайдалы. Себебі, уа-

қытты үнемдейсің – қа-

жетті ақпаратыңды түнде 

де, күндіз де алуға бола-

ды. Мәліметтерді экран-

нан көресін, қажет болса, 

басып шығарасын.



6

7

KAZ Minerals Инфо



      

№ 4 (24) тамыз 2018

Шахтерлардың ісі

Шахтерлар әулеті - адал еңбектің мекені

KAZ Minerals Инфо редакциясы шахтер-

лар отбасының мүшелеріне өздері тура-

лы айтып беруді ұсынды. Бұл сұхбатқа 

отбасының барлық мүшелері қатысты. 

Таныса отырыңыздар – Байжұмановтар 

отбасы. 

Татьяна Маер, ОӨК

Отағасы – 

Амангелді Байжұ-

манов, ШТЖҚ-нің 

электргаздәнекер-

леушісі (Орлов ӨК 

Орлов шахтасы-

ның шаң-тозаң жә-

не желдету қыз-

меті), жер астын-

дағы жұмыс өтілі 

- 21 жыл:

- Мен сонау 1992 

жылы Орлов шах-

тасындағы бұрғылау-жару жұмыстарының 

учаскесіне жерасты дәнекерлерушісі болып 

орналастым. Ал 1997 жылы №2 жерасты 

учаскесіне Вадим Ромашконың бригадасы-

на бұрғылаушының көмекшісі болып ауыс-

тым. Бұл жерде 1999 жылға дейін еңбек 

еттім. Сонымен қатар, біздің оқыту ком-

бинатымызда жарушының мамандығын 

игеріп жүрдім.  Жарушы санатын алған соң 

жару жұмыстарына ауыстым. Сөйтіп, 2013 

жылға дейін жұмыс істедім. Сосын денсау-

лығыма байланысты жер бетіне ауыстыр-

ды. Қазір Орлов шахтасы шаң-тозаң жә-

не желдету қызметінде электргаздәнекер-

леушісі болып еңбек етіп жүрмін. 

Шахтер мамандығын не үшін таңдадым 

дейсіз бе? Негізі мен малшылар отбасынан 

шықтым. Әкем атақты бригадир еді. Бірақ 

өндірісте ешқашан жұмыс істемеген. Ал 

анамның ағасы  - Айтқұл Сүлейменов шах-

тер еді. Ол әрдайым шахта туралы айтып 

отыратын. Мен болсам, әлгі әңгімені қалт 

жібермеуші едім. Кейін шахтердің қызы-

на үйлендім. Менің қайын атам – Оразғали 

Ниқамбаев Алтай өңірінің (Ресей) шахтала-

рында жұмыс істеген үңгуші болатын. 

Мектептен кейін мен училищені тә-

мамдам, «байланысшы, кабельші-дәне-

керлеуші» мамандығын игердім. Одан 

кейін Кеңес әскерінің қатарына шақыры-

лып, Қиыр Шығыста Әуеге қарсы қорға-

ныс сапында Отан алдындағы борышым-

ды өтедім. Әлі күнге дейін әскери бөлімнің 

нөмірі есімде - 30593. Әскерден келіп, Се-

мей қаласындағы техникумға оқуға тап-

сырдым. Автомеханик мамандығын игеріп, 

автопаркте инженер ретінде жұмыс істедім. 

1984 жылғы 4 тамызда сүйікті жарым 

– Сәулемен тағдырымыз қосылды. Келесі 

жылы біздің тату-тәтті өмір сүріп келе жат-

қанымызға 35 жыл толады. 

Араларына бір жыл салып, 1985 және 

1986 жылдары Әділжан және Дәулет есімді 

ұлдарымыз дүниеге келді. Отағасы ретінде 

жанұяма қамқор болуым керек. Сол себепті 

шахтаға баруға бел будым. Бұл шахтерлар-

дың жері, қайын атам шахтер, ағам да шах-

тер дегендей. Сөйтіп, қазір мен мұндамын, 

яғни Орлов өндірістік кешеніндемін.   

Жер астындағы жалпы жұмыс өтілім – 

21 жыл. Шахтаға келгеніме өкінген күнім 

болған жоқ. Әлі күнге дейін өзімді шахтер-

мын деп санаймын. Бұл атақты мақтан тұ-

тамын. Шахта  мені тәрбиеледі, мінезімді 

шыңдады. Өзімнің жарушы жұмысымды да 

қатты жақсы көрдім. Жер қойнауынан кен 

өндіру өте қызықты дүние. Жұмыс қиын, 

әрі қауіпті болғанымен, өзіндік романти-

касы да бар. Біздің жігіттер ең берік, әрі 

күшті. Дене бітімін емес, мінезін айтамын. 

Шахтерлардың достығы да бекем болады. 

Мен мұны жоғары бағалаймын. 

Ұлдарым да тау-кен ісіне тағдырла-

рын арнады. Тұңғышым Әділжан Д.Серік-

баев атындағы Шығыс Қазақстан мемле-

кеттік техникалық университетінің тау-

кен-металлургия факультетін тәмамдады. 

Учаскелік маркшейдер болып еңбек жо-

лын бастады. Кейін оны Орлов ӨК жоба-

лау бюросына шақырды. Қазір ол кешеннің 

техникалық және инвестициялық жоспар-

лау бөлімінде жұмыс істейді. Шахтаға ба-

рып тұрады. Кенже ұлым Дәулет - Орлов 

шахтасының тау-кен үңгу жұмыстарының 

учаскесінде (ТКҮЖУ) үңгуші болып жұмыс 

істейді. Ол Алексей Щербаковтың брига-

дасында, бұл бригада үлгілі болып санала-

ды.  Биыл ұлымның жерасты жұмысының 

өтілі 10 жылға жетті. Ол шахтаға 2008 жы-

лы келді. 

Үш немерем бар: Әділжанның екі ұлы, 

Дәулеттің бір ұлы. Олар шахтерлық істі 

жалғастырамыз десе, қуанар едім.

Кенже ұлым ешқашан шахтаға бармай-

тынын айтқаны есімде. Алайда, Өскемен 

қаласында жолы болмағасын «Сандалып 

жүрмей, жұмыс істе – отбасыңды асырау 

керек» дедім. Кенішке өзім алып келіп, ор-

наласуға көмектестім. Бастапқы кезеңде 

кеңес беріп жүрдім. Ол жақсы жерге барды. 

Серікбол Ауылбаевтың (3-дәрежелі «Кенші 

даңқы» белгісінің кавалеры) даңқты брига-

дасында бұрғылаушының көмекшісі болды. 

Кейін үңгуші санатын алып, ТКҮЖУ-де 10 

жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жасыраты-

ны жоқ, бастапқыда ұлыма қамқоршы бол-

дым. Дегенмен әріптестеріме сенімді едім. 

Ол еңбекқор. Ең бастысы – жұмыстан қаш-

пайды. Шахтада жалқаулар мен аңқаулар 

жұмыс істей алмайды. Ұлыма және барлық 

жастарға «Шахта ойын алаңы емес» деп үнемі 

айтамын. Одан қорқудың қажеті жоқ, бі-

рақ әрдайым мұқият болып, барлық нәрсеге 

жауапкершілікпен қарау керек. Жер астында 

ұзақ жылдар бойы жұмыс істесең де, немқұ-

райлылыққа жол берме. Кез-келген уақытта 

қауіп-қатер болуы мүмкін екенін естен шы-

ғармаған жөн. Ең  бастысы – мұқияттылық. 

Өзіңе және әріптестеріңе абай бол!

Жұмыс орнында не үшін алаңдаймын 

дейсіз бе? Жігіттер жақсы жұмыс істеп, 

учаскемізде жарақаттар болмасын, жоспар 

әрдайым орындалсын деймін. Барлығы-

ның отбасылары бар, жеке жоспарлары бар, 

ақша табу керек. Жастар пәтер, көлік және 

т.б. сатып алғысы келеді. Жасы келіп қал-

ғандар балаларын, немерелерін оқытуды 

ойлайды. Жұмыс ойдағыдай болсыншы!

Әйелдеріміз туралы ерекше айтқым ке-

леді. Олар бізді үйде күтіп, алаңдап отыр-

ғандары үшін алғысымыз шексіз. Кейде 

жұмыста бөгеліп қалуға туралы келеді – 

апаттық жағдай немесе тағы басқа оқиға-

лар болады. Сол кезде сүйіктілеріміз ұйық-

тамай, дұғаларын айтып күтіп отырады. 

Оларға үйіміздің жай-күйі байланысты 

ғой. Үйде жылы, әрі жайлы болса, жаның-

да сүйіктің, бала-шағаң болса, ешқандай 

қиындықтан қаймықпаймыз!

Қазір мен электргаздәнекерлеушісімін, 

тәжірибем де жеткілікті. Әрине, жастарды 

үйретуден жалықпаймын. Дәнекерлеу ісі 

бейне бір ғылым іспеттес. Дәнекерлеу жігін 

жәй ғана әдемі, әрі түзу ету аз, оның бас-

ты жері - жіктің тамыры. Ол жақсылап дә-

некерленуі тиіс. Біздің жігіттер жарап тұр! 

Кезінде менен үйреген мамандардың өз-

дері қазір шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұжымы-

мыз айрандай ұйып тұрған, тату-тәтті ко-

манда. Мен әрдайым кеңес те бере аламын, 

керек болса, ұрсып та аламын.



Сәуле, әйелі:

- Дәулет шахтаға жұмысқа бараты-

нын естігенде сене алмадым. Оның үсті-

не ең алдыңғы шеп – үңгушілер қатарына 

баратын болды. Шахтаның не екенін мен 



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау