12
13
KAZ Minerals Инфо
№ 4 (24) тамыз 2018
Инвестициялық жоспарлау және
операциялық қажыландыру департа-
ментінің бас маманы Әлия Байгоба-
това KAZ Minerals Тобындағы қауіп-
қатерді, тәуекелдерді басқарудың
қыр-сырын айтып берді.
Г
азетіміздің өткен нөмірінде KAZ
Minerals-тың қауіпсіздік сала-
сындағы қауіп-қатер менедж-
менті туралы сөз болған. Топ іс-қыз-
метінің тағы қай салаларында талдау
жұмыстары жүргізіледі?
KAZ Minerals Тобындағы тәуекел-
дерді басқару жөніндегі жұмыс оның
барлық іс-қызметін қамтиды және ең
алдымен Топ стратегиясына сәйкес
тәуекелдерді басқаруға бағытталған.
Тәуекелдерге қатысты жұмыс негізгі үш
бағытқа жікетеледі – операциялық, сы-
байлас жемқорлыққа қарсы және жоба-
лық.
Операциялық тәуекелдер – бұл Топ-
тың операциялық іс-қызметінің бары-
сында пайда болатын тәуекелдер. Оған
қауіпсіздік техникасы және еңбекті қор-
ғау, геологиялық және геотехникалық,
тау-кен жұмыстары бойынша, фабри-
калардың өндірістік тәуекелдері, өткі-
зу мен жабдықтау, қызметкерлерді бас-
қару, экологиялық тәуекелдер, қалдық
сақтау орындарының жұмысына қатыс-
ты тәуекелдер және тағы басқалары жа-
тады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес саласындағы тәуекелдер, аты ай-
тып тұрғандай, Ұлыбритания мен Қа-
зақстанның сыбайлас жемқорлыққа қар-
сы заңнамаларын бұрмалауға қатысты
тәуекелдер (жемқорлық пен парақор-
лық). Жобалық тәуекелдер – бұл Топтың
жобалық іс-қызметінде пайда болатын
тәуекелдер, яғни ірі жобалардағы тәуе-
келдер. Айталық, Ақтоғай жобасының
дамуы немесе күрделі жобалардың тәуе-
келдері.
Жалпы тәуекелдер менеджменті
деген не және оның компаниялар
үшін маңызы қандай?
Халықаралық ИСО31000 стандарты-
на сәйкес, тәуекелдер менеджменті де-
геніміз – бұл ұйымды басқарудағы тәуе-
келдерді ескере отырып үйлестірілген
әрекеттер. Біздің компания үшін бұл ме-
неджменттің маңызы өте жоғары. Өйт-
кені, біз Топтың алдында тұрған страте-
гиялық міндеттерді орындауға тырысып
жатырмыз. Ал тәуекелдерді табысты
басқару аталған мақсаттарға жетуімізге
көмектеседі.
Ал, негізі, тәуекелдерді басқару ме-
неджментінің мақсаты – компанияның
құнын жасау және оны қорғау. Менедж-
менттің бұл түрі өнімділікті жақсарта-
ды, жаңашылыққа жетелейді және стра-
тегиялық мақсаттарға жетуге ықпал
етеді.
Ірі өнеркәсіптік компаниялар
үшін тәуекел менеджменттің қандай
ерекшеліктері бар?
Біз тәуекел менеджментінің
ИСО31000:2009 (стандарт 2018 жы-
лы жаңарды) халықаралық стандар-
тын басшылыққа аламыз, ал банктер
мен қаржылық ұйымдар Банктік қада-
ғалау жөніндегі Базель комитетінің Ба-
зель II халықаралық құжатын қолдана-
ды. Сөйтіп, ірі өнеркәсіптік компания-
лардың тәуекел менеджменті қаржылық
ұйымдардың немесе
банктердің осындай
жұмысынан айырма-
шылығы зор. Себебі,
біз өндірістік саланың
ерекшеліктерін ескере
отырып, операциялық
тәуекелдерді басқара-
мыз.
KAZ Minerals То-
бы тәуекелдерді бас-
қару менеджментінің қай жүйесін
қолданады және неліктен?
Соңғы бірнеше жылдың ішінде біз
Ақтоғай мен Бозшакөлде тәуекелдер
жөніндегі жұмысты басқарған австра-
лиялық әріптесіміз Крис Маккуэйдтің ар-
қасында Rio Tinto, BHP Billiton сияқты
ірі компанияларда қолданылатын тәуе-
кел менеджментінің ерекшеліктерін үй-
рендік. Оның басты ерекшелігі мынада
– операциялық тәуекелдердің қаржылық
бағалауын өткізу, яғни, кеніштердің, фаб-
рикалардың тоқтауынан болатын шы-
ғындардың қаржылық зардабын есеп-
теу. Сонымен қатар, біз тәуекелден болуы
мүмкін ықпалдардың барлық түрлерін
талдаймыз. Тек өндірістік және қаржы-
лық шығындар емес, оған қоса қызмет-
керлердің денсаулы-
ғына, қауіпсіздік тех-
никасына байланысты
салдар, құқықтық жұ-
мысқа, абыройға қатыс-
ты салдар, мемлекеттік
органдармен бірлескен
жұмыстың салдары да
ескеріледі.
Компанияда тәуе-
келдерді басқару
жөніндегі жұмыс қашан басталды?
Осы жылдары ол қалай өзгерді?
Тәуекелдерді басқару жұмысы Қазақ-
мыстың кезінде, яғни 2012 жылы бастал-
ды. Бірақ бұл кезде Топтың барлық бөлім-
шелері қамтылған жоқ. 2015 жылы, Ақ-
тоғай мен Бозшакөл жобаларын іске қоса
бастаған кезеңнен, біз Крис Маккуэйд-
пен бірлесіп, Ақтоғай мен Бозшакөлдің
тәуекелдерін қаржылық бағалау жөнін-
дегі пилоттық жобаны бастадық. Оны
Сұхбат
Қауіп-қатерді қараусыз
қалдыру қауіпті
Ал, негізі, тәуекелдерді
басқару менеджментінің
мақсаты – компанияның
құнын жасау және оны
қорғау.
12
13
№ 4 (24) тамыз 2018
KAZ Minerals Инфо
Сұхбат
сәтті енгізгеннен кейін бұл әдістемені
бүкіл Топқа, яғни Шығыстүстіметтен жә-
не оның қосалқы өндірістік бөлімшелері-
нен (Востокэнерго, ВостокАвтоТранс, KAZ
Minerals Service), жобалық командалар-
дан, Бозымшақтан бастап, KAZ Minerals
Management кеңсесіне дейін тараттық.
Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары Топта-
ғы сыбайлас жемқорлыққа және парақор-
лыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың
аясында жемқорлыққа қарсы тәуекелдер-
ге белсенді түрде талдау жасалды.
Бүгінгі күні Топтың барлық кәсіп-
орындары бойынша операциялық, сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы күрес және жоба-
лық тәуекелдерінің реестрі, сонымен қа-
тар, кәсіпорындардың Негізгі тәуекелдері
қалыптасты. КММ-тің корпоративтік кең-
сесі мен Лондон үшін Функционал жөнін-
дегі тәуекелдер реестрі қалыптасуда.
Жарты жыл сайын Директорлар ке-
ңесінің Аудит жөніндегі комитеті үшін
жасалатын Тәуекелдерді басқару жөнін-
дегі есепті жасау барысында Топтың топ-
20 тәуекелдерінің тізімі жасалады.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі жұ-
мысты кім атқарады және олар нақты
не істейді? Өзіңіздің командаңыз тура-
лы айтып берсеңіз.
2014 жылдан бастап Топтың құрамын-
да Тәуекелдерді басқару департаменті
болған. Ол 2018 жылы Инвестициялық
жоспарлау және қаржылық шығындар де-
партаменті болып өзгертілді. Оны Опера-
циялық қаржылық бақылаушы Олег Юн
басқарады. Ал Топтағы тәуекелдерді бас-
қару жөніндегі нақты жұмысты мен атқа-
рамын.
Әр кәсіпорында тәуекелдер жөнін-
дегі басшы бар. Айталық, Шығыстүсті-
метте тәуекелдер жөніндегі бөлім жұмыс
істейді. Оны біздің командамызға 2018
жылы қосылған Аян Әлтаев басқарады.
Шығыстүстіметтің кешендерінде тәуекел
жөніндегі бір-бір маман бар. АӨК-де Але-
на Карташова. Ол 2014 жылдың басынан
бастап жұмыс істеп келеді. ЕӨК-де 2014
жылдан бері Әсел Оспанова бізбен бірге.
ОӨК-де биылғы жылдың басынан бастап
Наталья Чеботко қосылды. Бозымшақта
бұл міндетті тәжірибелі маман - Любовь
Стратиевская атқарып келеді.
Ақтоғай мен Бозшакөлде тәуекелдерді
басқару жөніндегі басшы - Джонатан
Фрейзер болса, Бозшакөлде бұл жұмыс-
ты жаңа екі қызметкер – ҚТ және тәуекел
менеджменті жөніндегі аға үйлестіруші-
лер Махаббат Жүнісбекова мен Нұрлан
Биготанов атқарады.
Тәуекелдер менеджменті болжау-
дан басқа нені көздейді? Нақты мы-
салдар бар ма?
Жалпы тәуекелдерді басқару бол-
жамды көздейді, бірақ жұмыс барысында
алдын-алу бақылаулары талданады. Яғ-
ни, қазір іске асып жатқан және тәуекел-
дерді азайтатын дүниелер. Айталық, егер
өрт басталса, біз жедел әрекет ету жоспа-
рының, өрттің салдарын азайту жөніндегі
қоян-қолтық жұмыстың және жұмыс іс-
тейтін өрт сөндіру гидранттарының ар-
қасында орын алған апаттың салдарын
қаншалықты азайтуға дайынбыз. Сондай-
ақ, тәуекелдерді азайту жөніндегі алдын
алу шараларымен қатар, біз жедел әре-
кет ету іс-шараларын да жасаймыз. Олар
қандай да бір төтенше жағдай орын ал-
са, оның салдарын айтарлықтай азайтуға
мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді басқару саласындағы
жарқын мысалдар туралы айтып бере
аласыз ба? Нәтижесінде не өзгерді?
Операциялық іс-қызметтегі жарқын
мысал – Ертіс шахтасының скип оқпа-
нындағы тристорлы түрлендіргішті уақы-
тында ауыстырмаудан туындаған тәуе-
кел. Бұл 2018 жылы шахтаның 14 күнге
тоқтауына алып келді. Бастапқы кезең-
де бұл тәуекел толықтай талданбады. Се-
беп-салдар байланысы анықталмады. Со-
ның кесірінен жобалаушы ұйым уақы-
тында таңдалмады, жеткізуші уақытында
кіріспеді. Сөйтіп, шахтаның тоқтауына
алып келді және фабриканың тоқтануы
алып келе жаздады. Егер талдау уақытын-
да және сапалы жүргізілсе, мұндайға жол
берілмес еді. Себеп-салдарды анықтау
тәсілі қандай себептер қандай салдарға
алып келетінін болжап, олардың әрқай-
сысы қандай тәуекелге алып келуі мүмкін
екенін анықтауға мүмкіндік береді. Тәуе-
келді қаржылық бағалау жөніндегі біздің
әдістеменің аясында тәуекелдің апаттық
салдарын есептеп, оның қаржылық зар-
дабын болжауға болады. Сонымен қатар,
қолданыстағы бақылау жүйелерін ескере
отырып, тәуекелдің қалдықты сценарий
қандай боларын білу мүмкіндігі бар.
Бұл салаға қалай келдіңіз? Жұмы-
сыңыз өзіңізге ұнай ма? Не үшін?
Тәуекелдерді басқару саласында 14
жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін.
Өзімнің қызметімді Қазатомпром компа-
ниясында бастағам. Бұрын Ұлттық банк-
те ішкі аудитор болып жұмыс істедім.
Сөйтіп, 14 жыл бұрын тәуекел менедж-
менті саласында жұмыс істеуді ұсын-
ды. Сол кездің өзінде бұл болашағы зор
сала екенін, Қазақстанның мамандық-
тар нарығында сұранысқа ие болатынын
түсіндім.
2014 жылы мені Қазақмыс компания-
сына жұмысқа шақырды. Маған инвести-
циялық жобалардағы тәуекелдерді бас-
қару жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл жүйе
сәтті енгізіліп, қазір Шығыстүстіметтің
жобалық командалары жоба туралы бас-
тама көтерілген кезеңнен бастап, оны іс-
ке асыруға дейін тәуекелдерге талдау жа-
сайды.
Қазақмыс компаниясы қайта құрыл-
ғаннан кейін, 2014 жылдың қыркүйек
айында мені KAZ Minerals Тобының Тәуе-
келдерді басқару департаментіне шақыр-
ды.
Жұмысым өзіме өте ұнайды, мен
адамдарды оқытуды, тәжірибеммен бөлі-
суді, Топтың тәуекелдерді басқару жөнін-
дегі мәдениетін жоғарылатуды, ең бас-
тысы – кәсіпорындардағы мамандармен
жұмыс істеуді жақсы көрем. Топта жұмыс
істеген жылдарымда тәуекелдерді басқа-
ру жұмысының тиімділігі арта түскені-
не және кәсіпорын қызметкерлерінің бұл
жұмыстың маңыздылығын түсіне бастаға-
нына көзім жетті.
Ұрлық түбі – қорлық
Жұмысынан айырылды және
бостандығы бір жылға шектелді.
Жалпы құны 100 мың теңгеге
таяу болатын дизель жанармайын
ұрламақ болған Бозшакөл КБК-нің
бұрынғы қызметкері осындай жаза
алды.
Биылғы жылдың мамыр айын-
да Екібастұз қалалық соты «Біреудің
мүлкін ұрлауға оқталу» бабы бойынша
Бозшакөл КБК-нің бұрынғы қызмет-
керін кінәлі деп таныды. 2017 жылдың
тамыз айында бұрын слесарь-жөн-
деуші болып жұмыс істеген қызметкер
бензин тасымалдайтын көліктен жал-
пы құны 96 040 теңге болатын 720 литр
дизель жанармайын ұрламақ болған.
Күзет агенттігінің қызметкерлері ұр-
лыққа жол бермеді.
Сәтпаев қаласының 30 жасар тұр-
ғыны енді бір жыл бойы құзыретті
мемлекеттік органдарға ескертпестен
өзінің тұрғылықты жерін ауыстыра ал-
майды. Оған ойын-сауық мекемелері-
не және алкогольдік ішімдіктерді тұ-
тынуға қатысы бар орындарға баруға
тыйым салынған. Сонымен қатар, ол
240 сағат мәжбүрлі түрде еңбек етуі
тиіс. Егер аталған пунктердің бірі бұ-
зылса, сот бостандықты шектеу түрін-
дегі өтелмеген жазаның қылдығын
осыншама мерзімге бас бостандығы-
нан айыруға ауыстыру әбден мүмкін.