Құрметті әріптестер!



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата21.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#23014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

16

17

№ 4 (24) тамыз 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Оқыту

Сен резервистер қатарында барсың ба?

Басшылары KAZ Minerals-тың негізгі 

лауазымдарында жұмыс істейтін 

мамандар мен орта буын басшылары 

өздерін сол лауазымның резервіне 

ұсына алады. Кадрлық резерв бағдар-

ламасында өзін-өзі ұсынатын адам-

дарға қатысу мүмкіндігі пайда болды.   

K

AZ Minerals Тобында Қадрлық ре-



зерв бағдарламасы екі жылға жуық 

жұмыс істеп тұр – оны енгізу біртін-

деп іске асты. Бұған дейін бағдарлама-

ға қатысушыларды олардың тікелей бас-

шылары ұсынған – шамамен бір орынға 

екі резервистен келетін. Егер түрлі себеп-

терге байланысты басшының орны босай 

қалса, үміткер ретінде ең алдымен кадр-

лық резервтегі қызметкерлерді қарасты-

рады. Осы уақытқа дейін 40 резервист 

өзінің мансап жолымен көтеріліп үлгерді. 

Тағы 198 адам бүгінгі 

күні бағдарламаның қа-

тысушы ретінде тіркел-

ген. Болашақта олар-

дың саны қанша бол-

мақ? 

««Қолымнан ке-



леді!», «Мен істей ала-

мын!» деп келген адам-

дарға ерекше мән бе-

ретін боламыз. Олар 

қазіргі резервистерге лайықты бәсекелес 

болса екен деймін. Өзіңізді қызметіңіздің 

құрылымындағы кез-келген басшылық 

лауазымға ұсынуға болады. Бізге келген-

дердің барлығын қарастыруға дайынбыз. 

Себебі, бізге ынта-жігері жоғары адамдар 

керек. Сондықтан, өзін-өзі ұсынушыларға 

осы мүмкіндікті жасадық», – дейді Оксана 

Омельченко, KAZ Minerals-тың қызмет-

керлерді оқыту және дамыту бөлімінің 

басшысы. 

Бағдарлама екі ба-

ғыттан тұрады – кәсі-

би дағдыларды дамы-

ту және корпоративтік 

құзыреттерді дамыту. 

Бірінші бағытқа тіке-

лей басшы жауап бер-

се, екіншісіне әр ком-

панияның қызмет-

керлерді оқыту және 

дамыту бөлімі жауапты. Резервистер 4 са-

ғаттық оқыту тренингтерінен өтіп, TDC 

қашықтықтан оқыту арнайы сайтында қо-

сымша тапсырмаларды орындайды. 

«Мына жәйт маңызды: әлде кім 

кадрлық резервте болса, бұл оның бас-

шылық лауазымға та-

ғайындалатынының 

кепілі емес. Басшы-

лық қызмет кенеттен 

босап қалып, резерв-

тегі маман дайында-

лып үлгермейтін жағ-

дай болады. Мұндай-

да біз сырттан келген 

үміткерді тағайындай-

мыз. Мынандай жағ-

дайлар да бар: басшылық лауазым босай-

ды, бірақ нарықтағы ұсыныстарды сара-

лаған резервист компаниядан кетуге бел 

буады. Бұл қалыпты жағдай. Мұндай бағ-

дарламаға қатысушылардың үштен бірі 

компаниядан түрлі себептерге байланыс-

ты кетіп жатады. Айталық, біреуге еңбек-

ақы деңгейі ұнамайды. Компаниямызда 

ішкі ережелер бар. Оларға сәйкес қызмет-

кердің лауазымы ауысқанда оған бұрын-

ғы басшының деңгейін-

дегі еңбекақы емес, ал 

өзінің бұрынғы еңбека-

қысының өзгерісі ұсы-

нылады. Жоғары тұрған 

лауазымға тағайында-

ған кезде бұрын ма-

ман болған қызметкер-

ге «Біз саған мүмкіндік 

бердік. Өзіңді көрсе-

те біл. Көп жыл бойы 

шетелдік компанияларда жұмыс істеген 

басшының атқарған процесстерін игеріп 

көр» дегендей жағдай жасаймыз», – дейді 

Оксана Омельченко.

Жақында өткен сауалнаманың нәти-

жесі бағдарламаға қатысушылардың 80% 

оған риза екендігін көрсетті. Оған қоса, 

резервистер оқыту процессін жетілдіру 

жөніндегі өзінің ұсыныстарын да беріп 

жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуын-

ша, бұл ұсыныстар біртіндеп іске асуда. 

Айталық, алдағы жоспарға сәйкес Топтың 

барлық өндірістік алаңдары мен компа-

нияларындағы резервистердің кездесуін 

ұйымдастыру көзделген. 

Резервист атану үшін компанияның 

Оқыту және дамыту бөліміне хабарласу 

қажет. Өзін-өзі ұсынған қызметкер ре-

зервист атана ма, әлде жоқ па – оны KPI 

бағалау мен тікелей және жоғары тұрған 

басшымен сұхбаттың нәтижелері көрсе-

теді.

«Қолымнан келеді!», 



«Мен істей аламын!» деп 

келген адамдарға ерек-

ше мән беретін боламыз.

Резервист атану үшін 

компанияның Оқыту жә-

не дамыту бөліміне ха-

барласу қажет.



18

19

KAZ Minerals Инфо



      

№ 4 (24) тамыз 2018

Ақпараттық қауіпсіздік

Жариялы мен жасырынды        ажырата біл

Фейсбук, Инстаграм, Youtube, Вкон-

такте және Одноклассники қазіргі 

заман адамының өміріндегі ажырамас 

дүниелерге айналды. Қолы босай 

қалса, телефон немесе компью-

тер арқылы әлеуметтік желілердің 

жаңалықтарын қарамайтын адамдар 

кемде-кем.

W

eAreSocial компаниясының Global 



Digital Report есебінің мәліметтері-

не сәйкес 2017 жылдың 12 айында әлеу-

меттік желілердің аудиториясы 13%-ға 

артып, 3, 196 млрд адамды құрайды екен. 

Бұл Жер шары тұрғындарының жартысы 

(2018 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәй-

кес әлемде 7, 444 млрд адам) бір-бірімен 

пернелерді басу арқылы қарым-қаты-

нас орната алады деген сөз. Көзге көрініп 

тұрған артықшылықтарымен қатар, олар-

дың кемшіліктері бар. 

Әлеуметтік желілердегі жарияланым-

дар көптеген даудамайларға себепкер 

болды. Олардың ішінде жеке және кор-

поративтік жанжалдар бар. Тіпті Интер-

неттегі кейбір мақалалар әкімшілік және 

қылмыстық істерге негіз болды. 

Әлеуметтік интернет-ресурстар-

ды қолдану зиян келтірмес үшін KAZ 

Minerals-тың ақпараттық және өзге 

қауіпсіздік жөніндегі сарапшылары ұсы-

нымдар тізімін жасады. 



Интернетте жарияламай-ақ 

қоятын 7 дүние:

Төлқұжатты, жүргізу 

куәлігін, рұқсатнаманы немесе 

өзге де жеке құжаттарды жа-

рияламау 

«Әлеуметтік желілердің жә-

не электронды поштаңыздың құпия сөз-

дерін өз парақшаңызда сақтау немесе жа-

риялау оларды оңай ашып, сіздің жеке 

ақпаратыңызды ұрлауға әкеп соқтыруы 

мүмкін. Туған күніңіз, төлқұжаттың, сақ-

тандыру немесе зейнетақылық куәліктің 

нөмірі алаяқтарға сіздің қаржылық ақпа-

ратыңызды оңай жымқыруға көмектеседі. 

Банк картасына байланған телефон 

нөмірін де әлеуметтік желіде көрсетпеген 

жөн. Ол нөмірге түрлі жарнамалық спам-

ақпаратпен қатар, алаяқтардың түрлі та-

лаптары да келуі мүмкін. Сонымен қатар, 

әлеуметтік желідегі қосымша қызмет-

тердің ақысын банктік карталармен төле-

меген жөн. Мұндай әдіс өте қауіпті. 

Жұмысқа қатысты кез-келген ақпа-

ратты әлеуметтік желіде жариялау кезін-

де де мұқият болу керек. Мұндай мәлі-

меттер журналистердің назарына ілініп, 

ресми жарияланымына дейін компания-

ның жоспарлары немесе оқиғалар туралы 

ақпарат таралуы мүмкін», – дейді Денис 

Конюшин, қауіпсіздік қызметінің басты-

ғы, KAZ Minerals Aktogay.

Жұмыс сәттерін, апат-

тарды және қауіпсіздік техни-

касының бұрмалаушылықта-

рын жарияламау 

«Оқиға орнынан, бұрмалау-

шылықтар орнынан фотосуреттерді, бей-

нежазбаларды және тағы басқа ақпаратты 

тарату тек компания беделіне ғана нұқсан 

келтіріп қоймайды. Куәгер болған адам 

ең алдымен зардап шеккендерге көңіл ау-

дару керек. Көмектесуге тырысқан жөн: 

егер қолынан келсе, алғашқы медицина-

лық немесе өзге көмек көрсетіп, басшы-

лыққа хабарлау қажет. Тергеу амалдары 

сәтті болуы үшін оқиға орнында ештеңе-

ге тиіспеу керек. Оған қоса, зардап шек-

кендері бар апаттар мен жазатайым оқи-

ғалар бейнеленген материалдарды тарату 

этикаға сай емес және «Дербес мәлімет-

тер және оларды қорғау» заңына қайшы 

келеді», – дейді Тимур Әлімбеков, KAZ 

Minerals Тобының ӨҚ және ЕҚ жөніндегі 

менеджері. 



Компания туралы құпия 

ақпаратты жарияламау: рес-

ми жарияланымға дейінгі қар-

жылық көрсеткіштер, есеп-

шоттар бойынша қозғалыс-

тар, заңгерлік ақпарат, мәмілелер, 

оның ішінде жоспарлы мәмілелер, тура-

лы ақпарат

«KAZ Minerals Тобының акциялары 

Ұлыбритания және Қазақстанның бир-

жаларында айналымда. Біз барлығымыз 

биржаның ережелеріне бағына отырып, 

біздің іс-қызметіміз және компанияның 

іс-қызметіне қатысты ақпаратты пай-

даланғанда өте абай болғанымыз абзал. 

Тоқсандық өндірістік көрсеткіштер, қар-

жылық нәтижелер және болуы мүмкін 

инвестициялар туралы ақпаратты оның 

ресми жарияланымына дейін таратуға 

болмайды. Құпия ақпаратты рұқсатсыз 

жариялау жағдайлары заңды бұрмалау бо-

лып саналады», – деп ескертті Крис Бак-

налл, KAZ Minerals Тобы Корпоративтік 

байланыстар департаментінің және Ин-

весторлармен байланыс департаментінің 

басшысы. 

Корпоративтік желілердің 

техникалық параметрлерін 

(оның ішінде Wi-Fi), корпора-

тивтік логиндер мен құпия 

сөздерді жарияламау

«Ашық түрде корпоративтік желі-

лердің логиндерін, құпия сөздерін, құры-

лымын және техникалық параметрлерін 

жариялай отырып, біз алаяқтарға Топтың 

желісіне «Хош келіңіздер» деп өзіміз ша-

қырып тұрғандай боламыз. Жариялан-

ған мәліметтерді пайдаланған алаяқтар 




18

19

№ 4 (24) тамыз 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақша беріп  

жұмыс  

таппайсың! 

Жаздың ортасында Бозшакөл КБК-

нің өткізу пунктіне екі адам келді. 

Олар өздерін осы жерде күтіп 

отырғанына сенімді болды. Себебі, 

олар сұхбаттасудан өткен, қажетті 

құжаттар жинақтамасын тапсырған, 

мәліметтерді өңдеу және медици-

налық тексеріс ақысын төлеген. 

Тіпті, «Бозшакөл» станциясына 

дейінгі теміржол билетін де қолда-

рына алған. Алайда КБК-де мұндай 

«қызметкерлер» туралы еш хабар-

сыз екен. 

К

ейін анықталғандай, бұл адамдар 



алаяқтардың құрығына түскен. Әлгі 

«жұмыс берушілер» QIWI-әмиянына 

түрлі көлемдегі қаржы салған адам-

дарды компанияға жұмысқа орналас-

тырамыз деп сендірген. Ал алған қа-

ражат мәліметтерді өңдеуге және ме-

дициналық тексерістер шығындарын 

өтеуге кетеді екен мыс. Аңқау адам-

дар күдіктенбес үшін олармен қысқа-

ша сұхбат өткізіп, жұмысқа орнала-

суға қажетті құжаттар жинақтамасын 

сұраған. Ал кейін кассаға билет алуға 

жолдаған. 

«KAZ Minerals-тың барлық үміткер-

лері медициналық тексерістен арна-

йы медициналық мекемелерде немесе 

тұрғылықты жерлеріндегі емханаларда 

тегін өтеді. Ал жұмысқа орналастыру 

үшін ресми тұлғалар ешқашан ақша та-

лап етпейді», – деп мәлімдеді Топтың 

Қызметкерлерді іріктеу бөлімінің бас-

шысы Светлана Сергейчук. 

Компанияның ресми рекрутерлері 

үміткерлерге мынандай жағдайларға 

көңіл аударуға кеңес береді. Бірінші-

ден, біздің компаниядағы жұмыс ту-

ралы хабарландырулар KAZ Minerals-

тың атынан жарияланады және әрқа-

шан компания қызметкерлерінің @

kazminerals.com болып аяқталатын 

ресми электрондық пошталары көр-

сетіледі. Екіншіден, KAZ Minerals-тың 

барлық бос жұмыс орындарына үміт-

керлермен сұхбаттасуды бірнеше ин-

тервьюер өткізеді. Әдетте, бұл рекру-

тинг жөніндегі маман және жұмысқа 

қабылдау туралы шешім қабылдайтын 

басшы. Үшіншіден, KAZ Minerals-тың 

кеңсесіне немесе өркендеу жобалары-

на үміткерлерге ұсынысты біз жазбаша 

түрде ресми бланкте және ресми тұлға-

ның қолы қойылған түрде жолдаймыз. 

Айта кететін жәйт, бұл алаяқтар-

дың құрығына KAZ Minerals-та ғана 

емес, өзге тау-кен компанияларда жұ-

мыс істегісі келетін адамдар ілінгені 

анықталады.

Жариялы мен жасырынды        ажырата біл

корпоративтік желілер мен жүйелерді ба-

сып алып, Топқа қаржысына және беделі-

не нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Мысал 

ретінде бір шетелдік компания туралы 

айтып берейін. Алаяқтар Интернет арқы-

лы тауып алған мәліметтерді пайдалана 

отырып, өндіріске жауапты бағдарламаға 

еніп кетті. Кейін анық болғандай, бұл қас-

тандық өндірісті тоқтатуға бағытталған 

екен. Қалпына келтіру және өндірісті іс-

ке қосу жұмыстары бір тәулікке созылды. 

Тоқтаған уақытта компания айтарлықтай 

шығындарға тап болды», – дейді Валерий 

Соколенко, KAZ Minerals Management ақ-

параттық қауіпсіздік жөніндегі бас ма-

маны.

Заң бұзу көріністерін жа-

рияламау

«Айталық, сіз жол жүру ере-

жесін немесе қоғамдық тәртіпті 

бұза отырып, әлеуметтік желі-

дегі жарияланымның кейіпкеріне ай-

налуыңыз мүмкін екендігін есте сақта-

ңыздар. Тіпті ішкі істер органдарының 

WhatsApp арқылы келген немесе түрлі 

ресурстарда жарияланған фотосуреттер 

мен бейне роликтерге қатысты әрекет ет-

кен кездері де бар. Ал өзіңіз жасаған құ-

қықбұзушылықты желіде жариялау тіпті 

қисынсыз. Менің тәжірибемде мынандай 

жағдай болған. Басшылардың бірі Фейс-

букте жолда жылдамдықты асыра жүріп 

келе жатқан бейнесін жариялаған. Бұл құ-

қықбұзушылық жасағанды жариялы түр-

де мойындау екені аздай, әріптестер үшін 

жаман үлгі ғой», – дейді Мақсұт Жапа-

баев, Корпоративтік байланыстар депар-

таментінің Қазақстандағы басшысы. 

Күмәнді сілтемелерді бас-

пау

«Осыдан бірнеше ай бұрын 

ғана Технодом брендін жамыл-

ған алаяқтар WhatsApp арқылы дүкендер 

желісінің өткізіп отырған акциясы туралы 

хабарлама таратқан. Хабарламада акция-

ға қатысушысы толтыратын үлгінің Ин-

тернеттегі нұсқасына апаратын сілтеме 

бар еді. Бұл үлгіге вирус-бағдарлама қоса 

тіркелген екен. Үлгіні толтыру барысында 

әлгі вирус іске қосалды. Вирус-бағдарлама 

телефонға орнатылғаннан кейін телефон-

ның өзі де, оның ішіндегі мәліметтер де 

алаяқтардың қолына түседі. Ал иесі алаяқ-

тардың құрбаны болады», – дейді Валерий 

Соколенко, KAZ Minerals Management ақпа-

раттық қауіпсіздік жөніндегі бас маманы.

Кемсіту сипатындағы ма-

териалдарды жарияламау 

«Шыққан тегіне, әлеуметтік, 

лауазымдық немесе мүліктік 

жағдайына, жынысына, нәсілі-

не, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасы-

на, сеніміне, тұрғылықты жеріне және тағы 

басқа жағдайларға байланысты кемсітуге 

елімізде тыйым салынған. Оған Қазақ-

стан Республикасы Конституциясының 

14 бабының 5 тармағы дәлел. Тек әлеу-

меттік желілерді айтпаймын. Қазіргі уа-

қытта мұндай сипаттағы жарияланымдар 

үшін бас бостандығынан да айырылуға 

болады», – деп ескертті Әйгерім Түкіпо-

ва, Корпоративтік байланыстар департа-

ментінің менеджері.

Ал жалпы әлеуметтік желілер қарым-

қатынас пен жаңалық алмасудың керемет 

алаңы. 

Фейсбукте KAZ Minerals-тың жаңа-



лықтарын оқыңыздар, өзіңіздің ком-

пания туралы  жарияланымдарыңызда 

#kazminerals хэштегін қолданыздар, бірақ 

виртуалды беделіңізге жауапкершілікпен 

қараңыздар. Сонымен қатар, Интернетте 

жарияланған кез-келген дүние көптеген 

адамдарға тарайтынын ұмытпаңыздар. 



20

21

KAZ Minerals Инфо



      

№ 3 (23) тамыз 2018

Біздің өңір

Көк тас өңірінің ерекшеліктері

Бозымшақ тау-кен-байыту кешені 

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Көк-

Таш (Көк-таш- қырғыз тілінен аудар-

ғанда «көк тас» деген мағына береді 

редакциядан) ауылдық округынде 

орналасқан. Бұл өңір Өзбекстанның 

шекарасына жақын.  



Елена Трегубова, Қырғызстан

К

ен орынның лицензиялы алаңы орна-



ласқан Көк-Таш ауылдық округы Қыр-

ғыз Республикасы үкіметінің қаулысы-

мен 1998 жылы құрылды және бұл елдің 

ең шалғай таулы өңірлерінің бірі болып 

табылады. Оның құрамында жалпы төрт 

мыңдай адам тұратын алты ауыл бар. Бұ-

рын Көк-Таш ауылдық округын ешкім біл-

мейтін. Ал қазір тіпті Бішкектің, елдің 

астанасының, автобус аялдамаларын-

дағы таксистер «Көк-Таш» деген жазуы 

бар тақтайшаларды тағып алған. Өңір-

ге KAZ Minerals Bozymchak келгелі бері 

бұл жердің жағдайы түбегейлі өзгерді. 

Тау-кен комбинатының салықтық тө-

лемдерінің арқасында Көк-Таш ауылдық 

округы мемлекеттік дотацияларға зәру 

емес және қазір ол Қырғызстанның ең бай 

өңірлерінің біріне айналды. 

«Компанияның арқасында өміріміз 

өзгерді. Біз дами бастадық, жұмыс орын-

дары пайда болып, ауылдың жағдайы 

жақсара түсті. Комбинатта жұмыс істеу – 

Көк-Таштың әр тұрғынының арманы. Бұ-

рын жастардың барлығы ақша табу үшін 

басқа жаққа кететін. Ал қазір үйдің жа-

нында жұмыс істеп, лайықты еңбекақы 

алуға болады. Компанияның бас дирек-

торы Ильяс Тулекеев біздермен, ауыл ақ-

сақалдарымен, өзі кездесіп, қордаланған 

проблемаларды талқылады. Компания 

мен жергілікті тұрғындар арасында-

ғы жақсы қарым-қатынас сол кісінің ең-

бегінің арқасы», – дейді Көк-Таш ауыл-

дық аймағы ақсақалдар кеңесінің төраға-

сы Ахмат Молдобеков. 

Ақсақал көрші мемлекеттің шекара-

сы жабылғанда өздерінің Қырғызстан-

ның өзге аймақтарынан, елдің басқа ау-

мағынан ажырап қалғанын еске алады. 

«Компания бөлген қаражаттың арқасында 

бізді аудан орталығы – Ала-Букамен және 

бүкіл елмен қосқан тас жол салынды. Біз 

енді өзімізді Қырғызстанның толыққан-

ды азаматы екенімізді қайта сезіндік», – 

дейді ол. Жолдың ұзақтығы 30 километр-

ден астам. 

Қазір кен орынға жақын орналасқан 

екі ауылдық аймақтағы әрбір отбасында 

бір адам болсын Бозымшақта жұмыс іс-

тейді. Бұрын электр қуатының болмауы 

салдарынан электр құралдарын пайда-

лана алмаған жергілікті тұрғындар, енді 

қажетті құралдарын сатып алуда. Кеніш-

те қуатты шағын электр станциясы пайда 

болғанда жергілікті тұрғындарды электр 

қуатымен қамту мәселесі шешілді. Егер 

бұрын ауылдық ағайын электр қуатын 

тәулігіне екі сағат қана көрші Өзбекстан-

нан алып отырса, енді жергілікті үйлерде 

жарық сөнбейтін болды. 

Тұрғындарды жұмыспен қамту мә-

селесін шешу мақсатында KAZ Minerals 

Bozymchak  кәсіпкерлікті дамытуға жол 

ашты. Айталық, Көк-Таштағы тігінші Ха-

физа Байназарова өз саласындағы сұра-

нысқа ие маманға айналды. Ол компа-

нияға қажетті дүниелерді – сынамаларға 

арналған қаптарды, төсек жабдықтарын 

тігеді. Оған қоса жергілікті тұрғындар да 

тапсырыс бере бастады. 

«Мен бес әйелді жинап, тігін цехын 

аштым. Жайсыз ғимаратта жұмыс істеп 

жүрдік. Бізге дейін ауылда мұндай цех 

мүлдем болмаған. Еңбегімізді бағалаған 

Бозымшақтың бас директоры қажетті 

құрал-жабдықтарды сатып берді. Біз да-

мып, кенге арналған қаптарды тіге бас-

тадық. Қазір жылына өнімдердің 2500 

түрін өндіреміз. Жылына әлеуметтік 

қорға төленетін ақыларды есептеме-

генде, салық түріндегі 60 мың сомды 

төлеймін. Бұл өңіріміздегі ең жоғарғы 

көрсеткіш. Оған қоса шекара застава-

сынан және жергілікті тұрғындардан да 

тапсырыстар келе бастады», – дейді Ха-

фиса Байназарова.

Бұл тек бірнеше мысал ғана. Компа-

ния өңірлерде орын алған өзгерістерге 

ықпал етуін жалғастыруда.

KAZ Minerals  

Тобының корпоративтік басылымы 

KAZ Minerals Инфо 

Құрылтайшы және меншік иесі –  

KAZ Minerals PLC

2014 жылдың қарашасынан  

бастап шығады

Мерзімді баспасөз болып 

табылмайды. KAZ Minerals Тобының 

қызметкерлеріне арналған және  

шектеулі ортада ғана таратылады. 

Редакторы

 

Мақсұт Жапабаев 



8 (727) 244 03 53 (внутр. 15250) 

Maksut.Zhapabaev@kazminerals.com 



Шығарушы редактор 

Юлия Кузнецова 

8 (727) 244 03 53 (внутр. 15225) 

Yuliya.Kuznetsova@kazminerals.com 



Әдеби редактор 

Алмас Садықов 

8 (727) 244 03 53 (внутр. 15227) 

Almas.Sadykov@kazminerals.com 



Редакцияның мекен-жайы: 

Алматы қ., 050020 Ж.Омарова к-сі, 8, 

8(727) 244 03 53 (ішкі 15230) 

Авторлар 

Алматы 


Әйгерім Түкіпова 

Aigerim.Tukupova@kazminerals.com 

Әлібек Мәмиленов 

Alibek.Mamilenov@kazminerals.com 

Өскемен 

Ермек Дюзкенев 

8 705 779 73 55 

Yermek.Dyuzkenev@kazminerals.com 

Татьяна Маер 

Tatyana.Maer@kazminerals.com 

Жанна Мұзапарова 

Zhanna.Muzaparova@kazminerals.com 

Константин Докучаев 

Konstantin.Dokuchaev@kazminerals.com 

Ақтоғай 

Асылым Асанов 

Assylym.Assanov@kazminerals.com 

Алмас Дәнібек 

Almas.Danibek@kazminerals.com 

Бозшакөл 

Мәулен Берікбаланов 

Maulen.Berikbalanov@kazminerals.com 

Қуандық Рахметов 

Kuandyk.Rakhmetov@kazminerals.com

Бiшкек 

Елена Трегубова 



Elena.Tregubova@kazminerals.com 

«VIVA PROtechnology» 

баспаханасында басылды

Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 

Фурманов к. қиылысы. 65/107, 

тел. 8 (727) 267-05-13.

Тиражы – 5200 дана. 

Тапсырыс № 255 



Document Outline

  • kmi-01-kaz
  • kmi-02-kaz
  • kmi-03-kaz
  • kmi-04-kaz
  • kmi-05-kaz
  • kmi-06-kaz
  • kmi-07-kaz
  • kmi-08-kaz
  • kmi-09-kaz
  • kmi-10-kaz
  • kmi-11-kaz
  • kmi-12-kaz
  • kmi-13-kaz
  • kmi-14-kaz
  • kmi-15-kaz
  • kmi-16-kaz
  • kmi-17-kaz
  • kmi-18-kaz
  • kmi-19-kaz
  • kmi-20-kaz

жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау