Құрметті әріптестер!



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата21.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#23014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

14

15

KAZ Minerals Инфо



      

№ 4 (24) тамыз 2018

Фоторепортаж

Бозшакөл         карьерінің тұлғалары

Шығыстүстіметтің шахтерларымен қатар, Бозшакөл карьерінің қызметкерлері 

де Шахтер күнін атап өтеді. Олардың көпшілігі жерасты шахталарында жұмыс 

істеп көрген адамдар. Қазір олар ашық карьерде кен өндіреді. Өздерінің айтуы 

бойынша, бұл жұмыс жер астынан қарағанда қауіпсіз. Карьердің қызметкерлері 

өздерінің жұмысы туралы тағы не айтты? Біздің мақаладан біле аласыздар. 



Саида Нурова, Алматы

Елена Нугерова, аға маркшейдер:

- Біз карьерден алынған тау-кен масса-

сының көлемін аламыз. Бұл кен әрі қарай 

фабрикаға барады. Біз мыс түріндегі дайын 

өнімнің өндіріс тізбегіндегі алғашқы са-

тымыз. Біз – карьердің көздері іспеттіміз. 

Кеншілерге жұмыстарын дұрыс жүргізуге 

көмектесеміз. 

Мына карталарды біз дронның көмегі-

мен жасадық – ол ұшып жүріп, суретке түсі-

реді. Содан кейін біз арнайы бағдарламада 

оны өңдеп, толық нәтижеге қол жеткіземіз. 

Бізде жоспарлаушылар да бар. Олар 

көлемдерді санайды, қандай мөлшері 

бар кенді алу керек екендігін анықтай-

ды, жоспарлайды. Геологтар қай жерден 

қандай кен алу керектігі туралы ақпарат 

береді. Геотехниктер карьердің қаптал-

дарын бақылайды, ол опырылып кетпеуі 

үшін қажетті бұрыштаманы есептеп шы-

ғарады. 

Қаржыгерлер – бұл да маңызды сала. 

Олар кәсіпорынға анағұрлым табысты дү-

ниелерді есептеп шығарады. Ал кеншілер-

ге келсек, оларға мүлдем сөз жоқ! Олар бұл 

жұмыстың ең керекті бөлігі. Олардың тәжі-

рибесі мен білімінсіз біздің көп нәрседе қо-

лымыз байлаулы болар еді. Айталық, егер 

экскаваторшы бір нәрсені дұрыс жасамаса, 

кеншілерге жүгінеміз. Диспетчерлер болса, 

бүкіл карьердің көзі һәм құлағы. Олар бар-

лығын көріп, біліп отырады. Мысалы, қай 

жүк көлікті қай экскаваторға жіберуді ала-

йық. Осы сияқты дүниелер көп. Одан кейін 

техниканы күтіп, баптайтын механик-

тердің қызметі де маңызды. Бір ақау көрсе, 

бірден қалпына келтіреді. Жалпы біреуді 

бөліп айту қиын. Карьердегі барлық қыз-

меттер маңызды.

Елена өзінің еңбек жолын тау-кен са-

ласында 1989 жылы институтты тәмамда-

ғаннан кейін бірден бастады. 15 жыл бойы 

«жер астында» еңбек етті. Ал 2004 жылдан 

бастап, ашық типтегі кеніштерде жұмыс 

істеп келеді. Келесі жылы кәсіби іс-қыз-

метінің 30 жылдығын атап өтпек. Жұмы-

сы туралы сөз қозғағанда ешқашан «мен», 

«менде» деп айтпайды. Үнемі тек «біз», 

«бізде» деп сөйлейді. Карьердегі ұжым бір 

ағза сияқты жұмыс істейді, бұл үлкен тату-

тәтті команда дейді. Мұнда басты немесе 

маңызды емес қызметкерлер деп ешкімді 

бөліп-жармайды. Барлығы маңызды.

Ерлан Әліпов, бұрғылау қондырғы-

сының машинисті:

- Маркшейдерлік карталардың негізін-

де бұрғылау-жару жұмыстарының төлқұ-

жаты қалыптасады. Бұларға қарап біз, яғ-

ни бұрғылаушылар, іске кірісеміз. Бұл 

жерде жақсы жағдай жасалған. Әлемдік 

стандарттарға сай. Тамақтандыруы жақ-

сы, киімімізді жуып береді, барлық жер 

таза – үнемі жинастырады. Барлық жер-

де және барлық істе қауіпсіздік техникасы 

сақталады. Бізде Leica деген жүйе орнатыл-

ған. Барлығы жазылып, бақыланып оты-

рады, басқа жақты абайсызда бұрғылауға 

жол берілмейді. Өзім де жұмысыма асқан 

жауапкершілікпен қараймын. Міне, мына 

ұңғымаларды мен бүгін бұрғылап шықтым. 

Тереңдігі – 11 метр. Бізден кейін мұнда 

мердігерлік ұйымның жарушылары келеді. 

Олар зарядтарын салып, жару жұмыстарын 

атқарады. Кейін экскаваторлар, сосын жүк 

көліктері және тағы басқа қызметтер келіп 

жұмыс жасайды. 

Бозшакөл карьеріне келгенге дейін Ер-

лан көп жылдар бойы шахтада еңбек етті. 

Үйінде оны сүйікті жары мен 10 жасар ұлы 

күтіп отыр. Ерлан ұлы туралы айтудан жа-

лықпайды. Оны мақтан тұтады. Зерек, 

ақылды бала. Жақсы оқиды екен. Вахтада 

жүргенде Ерлан отбасы үшін алаңдамай-

ды. Сенімді өйткені. Сол себепті жұмыстан 

кейін белсенді демалысқа уақыт табады. 

Денсаулығын қарайды. Темекі шекпегелі 6 

жылдан асыпты. 

Әріптестерін кәсіби мерекелерімен құт-

тықтай отырып, кеншілердің барлығына 

денсаулық, отбасыларына береке және ба-

қыт тілейді. Бүкіл ел компаниямыз сияқ-

ты гүлденсін дейді: «Менің ойымша жұмыс 

жағдайы бойынша KAZ Minerals Қазақстан-

дағы үздік компания. Барлық жерде солай 

болсын. Мемлекет дамып келеді. Әрдайым 

осылай дами берсін».



Арын Жалмаханов, ТЖМ маши-

нисті:

- Менің жұмыс ауысымым 11 сағатқа 

созылады. Арасында бір сағат тамақтану 

үшін үзіліс жасаймын. Бір ауысымда орта 

есеппен 10 мың тонна тау жынысын шы-

ғарамын. Кейде 15 мың тоннаға дейін же-

теді. 

Тиегіште 12 жыл бойы жұмыс істеп ке-



лемін. Оған дейін автогрейдер жүргіздім, 

машинист-экскаваторшы болдым, буль-

дозерді басқардым. Өзбекстандағы За-

равшанда бастадым. Кейін Қазақмыста, 

Ақтөбе мыс компаниясында еңбек еттім. 

Жұмыс барлық жерде бірдей ғой. Бірақ 

қауіпсіздік тұрғысынан және бақылау 

деңгейі жағынан бұл жерде жағдай жақсы. 

Қауіпсіздік мәселесі Арын үшін ең ма-

ңызды. Ол көпбалалы жанұяның отағасы. 

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының 

Құсмұрын кентіндегі үйде оны айрандай 

ұйыған отбасы күтіп отыр. «Алты балам 

бар. Кенже қызым 3 жаста, ал тұңғышым 

16 жасқа толды. Мен жоқта әйелім жүргі-

зуші болып, балаларды мектепке, бала-

бақшаға жеткізеді. Үйде де шаруа бас-

тан асады. Сондықтан ол үй шаруасында 

қазір», – дейді отағасы. 

Арын Жалмаханов әріптестеріне ті-

лектерін жолдап үлгермеді. Тиеу орны-

на учаскенің жолдар және үйінділер ше-

берінің пикапы келіп тоқтады.



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау