Тиллабекова Айжамал Оразымбетовна,
«№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Сақтарға қарсы Кир әскерінің соғысы, Шырақтың ерлігі, Томирис патшайым, А. Македонский жорығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, талдауға, салыстыруға, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Отанымызды сүюге, батылдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, География, сурет.
Көрнекілігі: карта, суреттер, тірек- сызбалар, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау және бекіту сұрақтары.
Жаңа сабақты меңгерту:
А Тірек- сызбамен жұмыс.
Ә. Картамен жұмыс.
Б. Кестемен және суретпен жұмыс.
В. Қосымша әдебиетпен жұмыс.
4. Қорытынды
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Томирис келіссөз жүргізуден бас тартты. Парсы патшасы Кир сақтардың жеріне басып кіреді. Өз Өз жерінде соғысуға өолайлы деп Томирис парсылардың судан өтуіне мүмкіндік береді. Бірақ парсылардың шайқаста Спаргапис қайтыс болғаннан кейін Томирис өзі жауға қарсы аттанады. Сақтар жеңіп Кир өлтіріледі.
Б. З.б. 519 жылы Дарий патша қайта шабуыл жасады. Бірақ Шырақтың арқасында Сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Б.з.б. 4 ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александардың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасады.
А. Тірек-сызбамен жұмыс
-
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
|
-
Парсы патшасы
Кир жорық жасады
|
|
Сақ патшатымы
|
|
Дарийдің жорық жасауы
|
-
Б.з.б.530 жыл
|
|
Томирис
|
|
Б.з.б.519 жыл
|
-
Соғыстың нәтижесі
|
|
Томиристің баласы
|
|
Ерлік жасаған сақ жауынгері
|
-
Б.з.б. 4 ғасырда А. Македонский жорық жасады.
|
-
Александрдың «жеңілмейтін әскеріне» сақ тайпалары қарсы
тұрды.
|
Ә. Картамен жұмыс
а Сақтар қарым- қатынас жасаған мемлекеттерді көрсет.
ә Александр Македонскийдің сақ еліне жорығын картадан көрсет.
Б Кестемен және суретпен жұмыс.
Сызбаны толтыр.
Б.з.б. VIII-VII ғасырларда сақ тайпалары қарым-қатынас жасаған елдер
... Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құсы, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың ? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ қой?.
«... Жеңіске жетті деген осы. Отандастарымыздың басына үйірілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен қалжыраған аштыққа әкеп қамадым.Енді қайда барасыңдар да табатындарың ажал.
Қосымша әдебиетпен жұмыс.
Тұмар, Томирис- массагеттердің падишасы. Шамамен б.з. б. 570- 520 жылдар арасында өмір сүрген . Массагеттер тарихта « Ұлы сақтар деген атпен де белгілі. Талай елді жаулап алып, қан қақсатқан Кир патша осы сақтар елінің падишасы Томиристің өзіне тұрмысқа шығуын қалайды. Ондағы ойы сол елді де өзіне қарату болған. Ол кезде Аракс деп аталған ұлы Әмудария өзенінің жағасында Тұмар падишадан Кир патша: « Еліңе қайт. Мен сенің ұсынысыңды қабылдай алмаймын. Елімді жерге қарата алмаймын. , - деген жауап алады. Оған ашуланған Кир патша өзеннен көпір салып өтпек болады. Тұмар оған « Көпір салып әуре болма, бергі жағаға өт. Мен әскеріммен үш күндік жерге шегініп тосамын», – дейді. Сол соғыста Кир патша ұлы қазақ жеріндегі Талас даласында ажалын табады. Тұмар ханым осы жеңістен кейін де көп жылдар сақ елін басқарған . Тұмар падиша арғы ата- бабаларымыздың рухын биіктеткен ұлы тұлға.
Бекіту сұрақтары.
Сақ патшасы Томирис туралы не білесің?.
Шырақтың ерлігі туралы айтып бер?.
Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы айтып бер?.
А. Македонскийдің жорығы қалай аяқталды?.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Қосымша деректермен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |