6
7
№ 4 (24) тамыз 2018
KAZ Minerals Инфо
Шахтерлардың ісі
білемін ғой! Әкем
шахтер. Өзім шах-
тада өлшеуші бо-
лып істедім. Күйеуім
шахтер. Уайым-
дау, жылау, алаң-
дау – бұлар менің
өмірімнің ажырамас
бөлігіне айналды.
Кез-келген әйел ба-
лалары, күйеуі үшін
қатты алаңдайты-
ны белгілі. Бірақ, туған-туыстарың шахта-
да жұмыс істесе, бұл алаңдаушылық сезімі
бірнеше рет арта түседі. Ұлымды бармауға
көндірмек болдым. Алайда еркектер айтқан
сөзінен қайтсын ба? Көнбеді.
Әділжан, тұң-
ғыш ұлы:
- Шахтада жұ-
мыс істеу - менің
байырғы арманым
еді. Тіпті мектептен
кейін тау-кен инже-
нері мамандығына
тапсырғым келген.
Алайда, денсаулы-
ғым келмейді екен.
Сондықтан марк-
шейдер маманды-
ғын игеріп алдым. Сөйтіп, толықтай болма-
са да, арманым орындалды. Себебі, марк-
шейдер болсын, мен сияқты жоспарлаушы
болсын, өлшеуге, зерттеуге кейде шахтаға
түсіп тұрады.
Егер ұлдарым тау-кен ісін таңдаса, мен
қарсы болмаймын. Өз еріктерімен таңдаса
болғаны. Шахтерлар әулетін жалғастыру ке-
ремет қой. Мен қолдаймын оларды. Менің
ойымша, ұлдарым өскенше шахталарда жұ-
мыс істеу мұндай қауіпті болмайды. Уақыт
бір орында тұрмайды. Ғылым дамып, жа-
ңашыл технологиялар енгізілуде, роботтар
келіп жатыр дегендей. Шахтердың жұмы-
сы ең қауіпсіз жұмыс болатын күнге же-
тетінімізге сенемін.
Дәулет, кенже
ұлы:
- Шынымды айт-
сам, шахтада жұмыс
істеуді ешқашан ар-
мандаған емеспін.
Тіпті шахтаға жұ-
мысқа барасын ба
дегенде, басымды
ала қашып, «Ешқа-
шан бармаспын»
дейтінмін. Мек-
тепті тәмамдаған
соң, психолог-криминалист мамандығы-
на тапсырдым. Дегенмен мен ойлағандай
болмады. Үш жылдай оқып, оқуды аяқта-
мастан кетіп қалдым. Жезкентіме қайтым
келдім. Әкем Орлов кенішіне баруға кеңес
берді. Басында бір жылдай жұмыс істеп, ақ-
ша жинағасын басқа жұмыс табамын деп
ойладым. Алайда, міне, биыл шахтаның үң-
гуінде жүргеніме он жыл толады. Тәжірибе
жинадым, шахтерлардың арасынан доста-
рымды таптым. Қазір басқа мамандықты
елестете алмаймын.
Егер ұлым шахтаға барам десе, мүмкін
тау-кен инженері болса, келісермін.
Ертіс өндірістік кешенінің Ертіс
шахтасында Құсайыновтардың әулеті
жұмыс істейді. Тау-кен ісіне бұл
отбасының үш буын ұрпағы бүкіл
өмірлерін арнаған.
Жанна Мұзапарова, ЕӨК
Ү
лкен өндірістік әулеттің тари-
хын Зайнагүл Құсайынова айтып
берді:
«Отбасымызда шахтерлардың буы-
ны атамыз - Батырхан Құсайыновтан
басталды. Ол Шығыс Қазақстан облысы-
ның Катон-Қарағай ауданындағы Үлкен
Көккөл өзенінің алқабында орналасқан
«Көккөл» кенішінде жұмыс істеді. Ата-
мыз бұл кәсіпорында оның ашылуынан
жабылуына дейін еңбек етті (1938-1954
жылдар). Тек 1939-1946 жылдар аралы-
ғында Ұлы Отан соғысы майданында
ғана үзіліс жасады. «Көккөл» кенішінде
вольфрам мен молибден өндірілетін. Ал
құрғақтай бұрғылау мен өндірістің өзі
қолмен атқарылатын еді. Апамыз Нұр-
тай Егібаева аталмыш кеніште кен шай-
ған. Шаруашылықтар қирағанға дейін
мен мал дәрігері болып, ал күйеуім ор-
ман шаруашылығында жұмыс істедік.
1995 жылы біздің отбасымыз ШҚО Глу-
бокое ауданының Алтай кентіне көшіп
келді. Біз бірден Ертіс шахтасына жұ-
мысқа орналастық. Жұбайым Жанбо-
лат Құсайынов үңгуші болып, ал мен
бетон-толтыру кешенінде үгітуші бо-
лып еңбек ете бастадық. Осы жылдар
ішінде кәсіпорын талай рет қайта құ-
рылса да, біз шахтамызда жұмыс істеп
жүрміз. Жанболат көп жыл бойы үңгуші
болып жүріп, кәсіби ауруға шалдыққан
соң қазір механикалық цехта слесарь
қызметін атқарып жүр. Мен 1999 жыл-
дан бастап «Шығыстүстімет» ЖШС Тех-
никалық бақылау бөлімінің Белоусов
алаңындағы техникалық бақылау учас-
кесінде жерасты сынама алушысы ретін-
де жұмыс істеймін.
Аталардың жолын балалар қуды. Тұң-
ғыш егіз ұлдарым сырттай оқып, жұмыс
істеп жүрді. Мерлан еңбек жолын Ертіс
шахтасының шахта ішіндегі көлік учас-
кесінде слесарь болып бастап, кейін меха-
ник болды. Қазір шахта ішіндегі тік көлік
учаскесі бастығының орынбасары. Ол
ШҚМТУ жанындағы колледжді тәмамда-
ды. Қазір жоғары білім алуды жоспарлап
жүр. Мерланның жан жары Светлана дек-
реттік демалысына дейін Ертіс ӨК-не ар-
найы киімдерді жуу мен химиялық та-
залау жөніндегі қызметтер көрсететін
мердігерлік ұйымда жұмыс істеді.
Мерланның егізі Мержан үңгуші
болып бастады. Риддердегі колледжді
«тау-кен ісі» мамандығы бойынша тә-
мамдаған соң ол өндірістік учаскенің
ауысым шебері болды. Ал аталмыш ма-
мандық бойынша жоғары білім алған
соң, оны Ертіс шахтасы №3 өндірістік
учаскенің бастығы қылып тағайындады.
Әйелі Гүлфия қазір декреттік демалыста.
Кенже ұлымыз Эльдар. Ол ШҚМТУ
күндізгі бөлімінде оқыды. «Тау-кен инже-
нері» мамандығын игерген соң ол тау-кен
шебері болып Юбилейный-Снегирихин
кенішіне жұмысқа кірді. Кейін Ертіс шах-
тасына жарылғыш заттарды таратушы бо-
лып ауысты. Қазір «Қарағандытүстімет»
ЖШС Белоусов кенішіндегі шаң-тозаң-
желдету қызметінің жетекші инженері бо-
лып еңбек етіп жүр. Оның жұбайы Назым
мамандығы бойынша ұстаз. Ол да қазір
декреттік демалыста.
Шахтердың жұбайы және шахтер-
лардың анасы болу оңай емес. Ал ұлда-
рын көптеген адамдардың денсаулығы
мен өміріне жауапты болғанда тіптен
қиын. Әрдайым уайымдап отырамын.
Бірақ балаларымның жетістіктеріне де
үнемі қуанам. Мен бақытты әжемін.
Менің жеті немерем бар».
Шахтерлардың үш буыны
Cол жақта жоғарыда Мерлан, ортада Эльдар, оң жақта Мержан.