12.3 Өңделетін аумақтар
12.3.1 Жалпы нұсқаулар
12.3.1.1 Су бұру жүйелерінің сыртқы желілерін және құрылыстарын жобалау кезінде өңделетін аумақтарда жүргізілетін тау-кен өндірулеріне байланысты жер бетінің жылжуы мен деформациясының қосымша әсерлерін есепке алу керек. Тау-кен өндірулері әсерлерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың арналу мақсатын олардың жобаланған желілер мен құрылыстардың астында жүргізілу мерзімдерін ҚНжәнеЕ 2.01.09 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес есепке алумен жүргізу керек.
12.3.1.2 Өңделетін аумақтарда сүзгіден өткізу өрістерін орналастыруға болмайды.
12.3.1.3 Су бұру жүйелерінің арынсыз құбырларын деформацияланатын топырақтың әсерлерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар арынсыз режимді, түйіспелі қосылыстардың герметикалығын, жер бетінде кертпештер мен орлар бар ірі сызаттардың ықтимал пайда болу аумақтарындағы жекелеген секциялардың беріктігін қамтамасыз етуі керек.
12.3.1.4 Қорғау жөніндегі іс-шараларды таңдау және жобалау кезеңіндегі өңделетін тау-геологиялық негіздемесіндегі олардың көлемін таңдау кезінде қосымша келесілер көрсетілуі керек:
- су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарын орналастыру алаңдарын, сонымен қатар алаңнан тыс құбырлардың жекелеген учаскелерін өңдеуді бастау мерзімдері;
- құбыр желілерінің жер бетіне шығу кезіндегі (сорғылардың астында) тектоникалық бұзылыстар, шахталық өрістердің және күзеттік кентіректердің шекараларының қиылысу орындары;
- жер бетінде кертпештер мен орлар бар ірі сызаттардың ықтимал пайда болу аумақтары.
12.3.2 Коллекторлар мен желілер
12.3.2.1 Су бұру жүйелерінің арынсыз құбырларын қорғауды жобалау үшін жер бетінің ықтимал деформациялары белгіленуі керек:
- жобаны жасау кезінде белгілі тау-кен өңдеулерінің алаңдарында – белгіленген тазалау өңдеулерін жүргізуден;
- өңдеулерді жүргізу жоспарлары белгісіз алаңдарда;
- қабаттарды өңдеуден бір қуатты белгіленген шартты өңдеулерде немесе бір жиектегі өңдеулерде;
- құбыр желілерінің жер бетіне шығу кезіндегі тектоникалық бұзылыстар, шахталық өрістердің және күзеттік кентіректердің шекараларының қиылысу орындарында – жақын арадағы 5 жылда өңдеуге белгіленген жиынтық өңдеулерден қабаттарға.
Қорғау жөніндегі іс-шаралардың көлемін белгілеу кезінде ҚНжәнеЕ 2.01.09 сәйкес қайта жүктеу коэффициентін есепке алумен ықтимал деформациялардың барынша жоғары мәндерін қабылдау керек.
12.3.2.2 Су бұрудың арынсыз жүйесі үшін қыш, темірбетонды, асбестоцементті және пластмассовые құбырларды, сонымен қатар темірбетонды ағындарды немесе арналарды қолдану керек.
Құбырлардың түрін таңдауды тоспа сулардың құрамына және құрылыс алаңының немесе құбыр трассасының тау-геологиялық шарттарына байланысты жүргізу керек.
12.3.2.3 Құбырда арынсыз режимді сақтау үшін бойлық пішімді жобалау кезінде учаскелердің еңістіктерін келесі шарттардан шыға келе жер бетінің есептік тегіс емес шөгулерін (еңістіктерін) есепке алумен тағайындау керек:
(12.6)
мұндағы ip – жұмыстың арынсыз режимінг сақтау үшін қажетті құбырдың құрылыстық еңістігі;
- есептік толтыру кезіндегі құбырдың ең төменгі рұқсат берілген еңістігі;
igr – құбыр учаскесіндегі 12.3.2.1 қабылданатын жер бетінің есептік еңістігі.
12.3.2.4 Арынсыз құбырдың қажетті еңістігін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, мысалы, жер бедерінің жағдайлары бойынша немесе жобаланатын құбырдың бастапқы және ақырғы нүктелерінің белгіленген нүктелерінің әртүрлі болуы кезінде, сонымен қатар шахталық өрістер, күзет кентіректері және тектоникалық бұзылыстар шекараларында келесілерді орындау керек:
- құбырдың трассасын үлкен еңістіктер бағытында немесе жер бетінің күтілген төмен еңістіктері аймағында қарастыру;
- құбырдың диаметрін ұлғайту;
- құбырдың есептік толтырылуын азайту;
- орталықсыздандырылмаған су бұру жүйелерін пайдалану мүмкіндігі мәселесін қарастыру;
- жер бетінің қолайсыз еңістіктері аймағының шектерінде сол немесе басқа құбырға тоспа суларды айдау станцияларын қарастыру.
12.3.2.5 Тоспа суларды айдау станцияларын егер тау жұмыстары жақындағы 5 жылға белгіленген болса, және оларды жүзеге асырудың кейінгі мерзімдерінде тікелей тау жұмыстарының алдында құбырдың құрылысы кезінде салу керек.
12.3.2.6 Құбырлардың түйіспелі қосылыстарын созылмалы бітемелерді қолданудың есебінен өтемдегіштер секілді жұмыс істейтін көнгіш ретінде қарастыру керек.
12.3.2.7 Ағынсыз құбырдың түйіспелі қосылыстарының герметикалығын сақтау кезінде шарт келесімен анықталады:
(12.7)
мұндағы lim – келесі құбырлар үшін қабылданатын құбырлардың көнгіш түйіспелі қосылыстарының рұқсат берілген (нормативтік) осьтік өтемдегіш қабілеті:
- қыш 0,04 м;
- темірбетонды кең қонышты 0,05 м;
- асбестоцементті муфталық 0,06 м;
k – жер бетінің болжанған деформациясына және қабылданатын құбырлардың геометриялық көлемдеріне байланысты есеппен анықталатын түйіспенің қажетті осьтік өтемдегіш қабілеті, см;
s – құрылыс кезінде lim мәнінің 20 % кем емес көлемде қабылданатын түйіспедегі құбырлардың ұштарының арасында қалдырылатын саңылауының шамасы.
12.3.2.8 Құбырлардың көлденең кесігінің Pp созу кезіндегі салмақ түсетін қабілеті келесі шартты қанағаттандыруы керек:
(12.8)
мұндағы P - топырақтың көлденең деформациясына байланысты құбырлардың жекелеген бөліктерінде пайда болатын барынша жоғары бойлық күш;
Pi – жер бетінде кертпештің пайда болуына байланысты құбырлардың жекелеген бөліктерінде пайда болатын барынша жоғары бойлық күш.
12.3.2.9 (12.2.8) немесе (12.2.9) шарттарды сақтамаған жағдайларда келесілер қажет болады:
- ұзындығы қысқа немесе басқа түрдің құбырларын қолдану;
- құбырдың трассасын жер бетінің ықтимал деформациялары аз аймақпен тарту арқылы өзгерту;
- көнгіш тігістермен секцияларға бөлумен негізіне темірбетон ұяны (ложаны) салу арқылы құбырдың күш түсетін қабілетін жоғарылату.
12.3.2.10 Дюкердің кіріс және шығыс құдықтарының белгілерінің әртүрлілігін тазарту тау өңдеулерін жүргізуге байланысты пайда болатын жер бетінің тегіс емес шөгулерін есепке алумен тағайындау керек.
12.3.2.11 Өңделетін аумақттар шарттарында құбырлардың тік сызықты учаскелеріндегі су бұру жүйелерінің құдықтарының арасындағы ара қашықтық 50 м аспауы керек.
12.3.2.12 Қажет болған жағдайда су бұру жүйесінің құбырларының кертпештер мен орлар бар жергілікті сызаттардың пайда болуы мүмкін алаңдардағы қиылысуларында арынды учаскелерді және оның жер бетінде тартылуын қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |