10.7 Әлсіз токты жүйелер
10.7.1 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес В4 және жоғары санатқа жататын объектілерде, үй-жайларда және аймақтарда ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-15 сәйкес өрт дабылын қарастыру керек.
10.7.2 Өрт жүктемесін есептеу әдістемесін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүргізу керек.
10.7.3 Ғимараттар мен құрылыстарда «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне және ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен келесі үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларды көлеміне қарамастан қорғау керек:
- дымқыл процестермен (душ, сантораптар, салқындатылатын камералар, жуу үй-жайлары);
- желдету камералары (үрлеу, сонымен қатар сору, А және Б санаттарының өндірістік үй-жайларына қызмет көрсетпейтіндер), сорғылық сумен қамтамасыз ету, бойлерлік және ғимаратты инженерлік жабдықтауға арналған жанғыш материалдар жоқ басқа үй-жайлар;
- өрт қауіптілігі бойынша В4 және Д санаттары;
- баспалдақ алаңдары.
10.7.4 Жүйе бас тартпайтын, үздіксіз, жыл бойғы жұмыспен қамтамасыз ету керек. Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үздіксіз қоректендіру көздерін орнатуды қарастыру керек.
10.7.5 Жергілікті диспетчерлік бөлмеге (ЖДБ), орталық диспетчерлік бөлмеге (ОДБ) және осы аймаққа бекітілген, жақын орналасқан өрт сөндіру депосына өрт дабылы жүйесінің сигнлдарын жіберуді қарастыру керек.
10.7.6 Өрт дабылы бойынша жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.
10.7.7 Су бұру объектілерінде персоналдың объектіге қолжетімдігін бақылау функциялары бар күзет дабылы қарастырылуы керек. Жүйе бас тартпайтын, үздіксіз, жыл бойғы жұмыспен қамтамасыз ету керек.
10.7.8 Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үздіксіз қоректендіру көздерін орнатуды қарастыру керек.
10.7.9 Егер объектінің аумағы қоршаумен қоршалмаған болса, периметрлік күзет дабылы жеткілікті болып табылады.
10.7.10 Егер объектінің аумағы қоршаумен қоршалмаған болса, кіру датчиктеріне (геркондарға) негізделген жүйе күзет дабылы үшін жеткілікті болып табылады.
10.7.11 Күзет дабылының сигналдарын ЖДБ, ОДБ және/немесе объектінің қауіпсіздік қызметіне беруді қарастыру керек.
10.7.12 Егер объектіде сонымен қатар өрт дабылы пайдаланылатын болса функцияларын толыққанды орындауды сақтаумен өрт және күзет дабылын бір жүйеге біріктіруге рұқсат беріледі. Бұндай жағдайларда біріктірілген жүйені күзет-өрт дабылы (КӨД) деп атауға болады.
10.7.13 Күзет/күзет-өрт дабылы бойынша жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.
10.7.14 Бейнебақылау жөніндегі жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.
10.7.15 Бейнебақылау екі түрге бөлінеді:
- күзет теледидар жүйесі;
- технологиялық бейнебақылау жүйесі.
10.7.16 Күзет теледидар жүйесін персоналдың және автокөліктің кіру/шығу жағдайын белгілеу және оны тіркеу үшін іргелес аумақты бақылау үшін қолдану ұсынылады.
10.7.17 Технологиялық бейнебақылау жүйесін қауіпті және өте қауіпті технологиялық агрегаттарды (шнектік тасымалдағыштар, ұсақтағыштар, қалқандық ысырмалар және т.б.) бақылау үшін қолдану ұсынылады.
10.7.18 Бейнеақпаратты тіркеу жүйесін ЖДБ және/немесе ОДБ және/немесе объектінің қауіпсіздік қызметіне орнату ұсынылады.
10.7.19 Су бұру объектілері байланыстың келесі түрлерімен жабдықталуы керек: стационарлық және мобилдік.
10.7.20 Стационарлық байланыс қамтамасыз етілуі мүмкін:
- әрбір объектінің әрбір объектімен және әрбір деңгейдің диспетчерімен тікелей дауыстық сымды жедел-диспетчерлік толық дуплексті байланыспен (негізгі);
- сол сияқты (резервтік);
- ірі (бас) сорғы станциялары мен тазалау құрылыстарының шектерінде дауыс зорайтқыш;
- қалалық сымды телефон байланысы;
- жалпы пайдалануға арналған радиотараутың трансляциялық жүйесімен.
10.7.21 Су бұру құрылыстарының желілік бөлігіне қызмет көрсету үшін ЖДБ және ОДБ мобильдік радиобайланыс және корпоративтік байланыс (GSM, GPRS арнасы) қарастырылуы керек.
11 Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдерін және конструкцияларына қойылатын талаптар
11.1 Басжоспар және көлемдік жоспарлау шешімдері
11.1.1 Су бұру құрылыстарын салу үшін алаңдарды таңдауды, жоспарлауды, салуды және олардың аумақтарын көріктендіруді ҚР ҚНжәнеЕ 3.01-01, ҚНжәнеЕ II-89 көрсетілген технологиялық талаптарға және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 жалпы талаптарына сәйкес орындау керек. Су айдындары мен су ағарлардың жағалық учаскелерінде орналасқан су бұру объектілері мен құрылыстары алаңдарының жоспарлық белгілерін ҚР ҚНжәнеЕ 3.04-40 сәйкес анықталатын суды желдің айдауы мен желдік толқынның көтерілу биіктігін есепке алумен 3% қамтамасыз етілумен тасыма сулардың барынша жоғары жиегінен 0,5 м кем емес биік етіп қабылдау керек.
11.1.2 Елді мекендердің су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарының, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдардың шегінен тыс орналасатын су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарының аумақтары әрқашан қоршалған болуы керек. Қоршаудың түрін жергілікті жағдайларды есепке алумен таңдау керек. Сүзгіден өткізу өрістерін қоршамауға болады. Қажет болған жағдайда жекелеген құрылыстар үшін «Қазақстан Республикасының стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерін және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы және инженерлі-техникалық нығайтылуы бойынша техникалық талаптарды орнататын мемлекеттік нормативтер», ГОСТ 12.4.059 және ГОСТ 23407 сәйкес қоршаулар қарастырылуы керек.
11.1.3 Су бұру жүйелерінің ғимараттары мен құрылыстарының көлемді-жоспарлық және конструкциялық шешімдерін ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 және осы тараудың нұсқауларына сәйкес орындау керек.
11.1.4 Су бұру ғимараттары мен құрылыстарын жауапкершіліктің ІІІ сыныбына және отқа төзімділік деңгейі нормаланбайтын балшық алаңдарын, сүзгіден өткізу өрістерін, биологиялық тоғандарды, реттеуші ыдыстарды, су бұру желілері мен олардағы құрылыстарды есептемегенде отқа төзімділіктің ІІ деңгейінен төмен емес қабылдау және жауапкершіліктің ІІ сыныбына жатқызу керек.
Жеке тұрған отқа қауіпті немесе өрт жарылыс қауіпті қоспалар жоқ ыдыстық құрылыстар конструкциясының отқа төзімділігі шектелмейді.
11.1.5 Өрт қауіпсіздігі бойынша тұрмыстық тоспа суларды айдау және тазарту процестері Д-санатына жатады. Құрамында тез тұтанғыш және жаралыс қауіпті заттар бар өндірістік тоспа суларды айдау және тазарту процестерінің өрт қауіпсіздігі бойынша санаты осы заттардың сипатына байланысты «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес орныталады.
11.1.6 Су бұру құрылыстарында тұрмыстық үй-жайларды қарастыру керек, олардың құрамы ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 сәйкес өндірістік процестердің санитарлық сипаттамасына байланысты анықталады.
11.1.7 Су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестердің санитарлық сипаттамалары 11.1-кесте бойынша қабылданады.
11.1-кесте – Елді мекендердің су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестердің санитарлық сипаттамалары
Елді мекендердің су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестер
|
Өндірістік процестердің санитарлық сипаттамаларының топтары
|
Жұмыстар:
|
тазарту құрылыстарында, тоспа суларды айдау жөніндегі сорғылық станцияларда, су бұру желілерінде, зертханаларда
|
IIIв
|
хлорлау бөлмелерінде және хлор қоймаларында
|
IIIа
|
ауа үрлеу станцияларында және жөндеу шеберханаларында
|
Iв
|
басқару аппаратында
|
Iа
|
ЕСКЕРТУ Су бұру құрылыстарындағы инженерлі-техникалық жұмысшылардың жұмыстарын олар қызмет көрсететін учаскелердің өндірістік процестерінің топтарына жатқызу керек.
|
11.1.8 Өндірістік тоспа суларды биологиялық тазарту құрылыстарындағы жұмыстар санитарлық сипаттамасы бойынша қалалық су бұру жүйелеріндегі тазарту құрылыстарындағы жұмыстарға теңестіріледі.
11.1.9 Өндірістік тоспа суларды тазартудың механикалық, химиялық және басқа әдістері құрылыстарындағы жұмыстардың санитарлық сипаттамасын тоспа сулардың құрамына және тазарту әдісіне байланысты қабылдау керек.
11.1.10 Өндірістік үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалауға арналған мәліметтерді ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес қабылдау керек.
11.1.11 Құрылыстардың тік бұрышты ыдыстарын технологиялық процестің шарттары және конструкциялық құрылыстар бойынша мақсатқа сай болған барлық жағдайларда бұғаттау керек.
11.1.12 Су бұру ғимараттарындағы шаруашылық, әкімшілік, зертханалық және басқа да үй-жайлардың ішкі әрленуін ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес, тұрмыстық үй-жайлардың өндірістік үй-жайларын ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 сәйкес тағайындау керек.
11.1.13 Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық конструкцияларын тоттануға қарсы қорғау ҚР ҚНжәнеЕ 2.01-19 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02, 11.2-кестеге сәйкес қарастырылуы керек.
11.2-кесте – Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық конструкцияларын тоттануға қарсы қорғау
Ғимараттар мен
үй-жайлар
|
Әрлеу жұмыстары
|
Қабырғалар
|
Төбелер
|
Едендер
|
1.Торлы ғимараттар
|
Кірпіш қабырғаларды сылау. Еденнен 1,8 м биіктіктегі әшекейленген плиткалардан жасалынған тақта. Жоғарғы тақталар – ылғалға төзімді бояулармен сырлау.
|
Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
Қыш плитка
|
2. Биосүзгілер
|
Тақталық қабырғалардың тігістерін сөгу. Кірпіш қабырғаларды сылау. Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
Сол сияқты
|
Цемент
еден
|
3. Метантанктарды басқару камерасы;
тарату камерасы;
сорғылық станциялар
|
Кірпіш қабырғаларды сылау. Ылғалға төзімді бояулармен сырлау. Темірбетон қабырғаларды тегістеу. Желімді бояулармен сырлау
|
Сол сияқты. Желімді бояу
|
Сол сияқты
|
4. Шөгіндіні сусыздандыру цехі
|
Тақталық қабырғалардың тігістерін сөгу. Кірпіш қабырғаларды сылау. Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
-
|
11.2-кесте – Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық конструкцияларын тоттануға қарсы қорғау (жалғасы)
Ғимараттар мен
үй-жайлар
|
Әрлеу жұмыстары
|
Қабырғалар
|
Төбелер
|
Едендер
|
5. Ауа үрлеу станциясы:
машина залы
|
Тақталық қабырғалардың тігістерін сөгу. Кірпіш қабырғаларды сылау. Тақтаны 1,5 м биіктікте майлы бояумен сырлау. Жоғарғы тақтаны желімді бояулармен сырлау
|
Желімді ақтау
|
Қыш плитка (монтаждау алаңындағы бетон еден)
|
қосалқы үй-жайлар
|
Тігістерді оюмен кірпіш қалау. Тақталардың тігістерін сөгу немесе тегістеу.Әктік ақтау
|
Әктік ақтау
|
Цемент еден
|
6. Сүзгілер
|
Кірпіш қабырғаларды сылау. Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
-
|
Сол сияқты
|
7. Сорғылық станциялар:
машина залы
|
Жер бетіндегі бөліктегі кірпіш қабырғаларды сылау. Тереңдетілген бөлігінде – бетон беттерді цемент ерітіндісімен тегістеу. Тақталады 1,5 м биіктікте майлы бояумен сырлау. Жоғарғы тақтаны желімді бояулармен сырлау
|
Желімді ақтау
|
Қыш плитка
|
қабылдау резервуарының үстіндегі үй-жайлар
|
Кірпіш қабырғаларды сылау. Жер асты бөлігіндегі бетон қабырғаларды цемент ерітіндісімен тегістеу. Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
Ылғалға төзімді бояулармен сырлау
|
Цемент еден
|
11.1.14 Су бұрудың ыдысты құрылыстарының конструкцияларын есептеуді ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес орындау керек.
11.2 Жылыту және желдету
11.2.1 Өндірістік үй-жайлардағы жылыту және қажетті ауа алмастыру жүйесін әдетте ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-42 сәйкес жабдықтардан, арматурадан және коммуникациялардан бөлінетін зиянды бөлінулердің мөлшері бойынша есептейді. Зиянды бөлінулердің мөлшерін жобаның технологиялық бөлігінің мәліметтері бойынша қабылдау керек.
11.2.2 Осындай мәліметтер жоқ болған жағдайда ұқсас әрекет етуші құрылыстарды заттай тексерулердің мәліметтерін пайдалану керек. Ұқсастары жоқ құрылыстар үшін 11.3-кесте бойынша ауа алмасу мәртелігі бойынша ауаның мөлшерін есептеуге рұқсат беріледі.
11.3-кесте – Ұқсастары жоқ құрылыстар үшін ауа алмасу мәртелігі бойынша ауаның мөлшері
Ғимараттар мен үй-жайлар
|
Жылыту жүйелерін жобалауға арналған ауа температурасы, С
|
1 сағаттағы ауа алмасу мәртелігі
|
үрлеу
|
сору
|
1. Сорғылық станциялардың айдауға арналған су бұру жүйелері (машина залдары):
а) тұрмыстық және құрамы бойынша оларға жақын өндірістік тоспа суларды және шөгіндіні
|
5
|
Артық жылуларды жоюды есептеу бойынша, бірақ 3 кем емес
|
б) өндірістік жарылыс қауіпті тоспа суларды
|
5
|
2-ЕСКЕРТУ қараңыз
|
2. Айдауға арналған сорғылық станциялардың қабылдау резервуарлары және тор үй-жайлары:
а) тұрмыстық және құрамы бойынша оларға жақын өндірістік тоспа суларды және шөгіндіні
|
5
|
5
|
5
|
б) өндірістік агрессивті немесе жарылыс қауіпті тоспа суларды
|
5
|
2-ескерту қараңыз
|
11.3-кесте – Ұқсастары жоқ құрылыстар үшін ауа алмасу мәртелігі бойынша ауаның мөлшері (жалғасы)
Ғимараттар мен үй-жайлар
|
Жылыту жүйелерін жобалауға арналған ауа температурасы, С
|
1 сағаттағы ауа алмасу мәртелігі
|
үрлеу
|
сору
|
3. Ауа үрлеу станциясы
|
5
|
Артық жылуларды жоюды есептеу бойынша
|
4. Тор үй-жайлары
|
5
|
5
|
5
|
5. Ғимараттардағы биосүзгілер (аэросүзгілер)
|
3-ескерту қараңыз
|
Ылғалды жоюға есептеу бойынша
|
6. Ғимараттардағы аэротенктар
|
Сол сияқты
|
Сол сияқты
|
7. Метантенктер:
а) сорғылық станция
|
5
|
12
|
12
|
плюс апатты 8-мәртелі, оның қажеттілігі жобамен анықталады
|
б) инжекторлы, газдық киоск
|
5
|
12
|
12
|
8. Механикалық сусыздандыру цехі (вакуум-сүзгілердің үй-жайлары және бункерлік бөлім)
|
16
|
Ылғалды бөлуге есептеу бойынша
|
9. Ерітіндіні дайындауға арналған реагентті шаруашылық:
а) хлорлы темір, аммоний сульфаты, ащы натр, хлорлы әк
|
16
|
б
|
6
|
б) әктік сүт, суперфосфат, аммиакты селитра, кальцийленген сода, полиакриламид
|
16
|
3
|
3
|
10. Қоймалар:
а) натрий бисульфиті
|
5
|
6
|
6
|
б) әк, суперфосфат, аммиакты селитра (ыдыстағы), аммоний сульфаты, кальцийленген сода, полиакриламид
|
5
|
3
|
3
|
1-ЕСКЕРТУ Өндірістік үй-жайларда қызмет көрсету персоналының бар болуы жағдайында олардағы ауаның температурасы 16С кем болмауы керек.
2-ЕСКЕРТУ Ауа алмасуды есептеу бойынша қабылдау керек. Үй-жайдағы ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері туралы мәліметтер жоқ болған кезде тоспа сулар келіп түсетін негізгі өндірістің ведомствалық нормаларының негізінде ауа алмасу мәртелігі бойынша желдету ауасының мөлшерін анықтауға рұқсат беріледі.
3-ЕСКЕРТУ Биосүзгілер (аэросүзгілер) және аэротенктер ғимараттарындағы ауаның температурасын тоспа судың температурасынан кем дегенде 2С жоғары деп қабылдау керек.
|
11.2.3 Тор бөлімшелеріндегі және қабылдау резервуарларындағы ауаны жоюды арналардың және резервуарлардың жабындарының астынан ауаны жоюмен жоғарғы аймақтан 1/3 және төменгі аймақтан 2/3 көлемінде қарастыру керек. Одан басқа, ұсақтағыштардан соруды қарастыру керек.
11.2.4 Су бұру жүйесінің өндірістік үй-жайларында жылыту жүйелерін жобалау кезінде қосалқы энергия ресурстарын (газ-метанның; сығылған ауаның және тоспа сулардың жылуын) пайдалану мүмкіндігін есепке алу керек.
12 Ерекше табиғат және климат жағдайларында су бұру жүйелеріне қойылатын қосымша талаптар
12.1 Сейсмикалық аудандар
12.1.1 Осы тараудың талаптары ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 талаптарына қосымша сейсмикалығы 7 - 9 балды құрайтын аудандар үшін су бұру жүйелерін жобалау кезінде орындалуы керек. Сорғылық станциялар ғимараттары мен құрылыстарының конструкцияларын ҚР ҚНжәнеЕ 2.03-30 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 талаптарына сәйкес жобалау керек.
12.1.2 Сейсмикалық аудандарда орналасқан өндірістік кәсіпорындардың және елді мекендердің су бұру жүйелерін жобалау кезінде аумақтың тоспа сулармен батырылуын және су бұру жүйелерінің құбырлары мен құрылыстарының зақымдануы жағдайында ашық су айдындары мен жер асты суларының ластануын болдырмайтын іс-шараларды қарастыру керек.
12.1.3 Су бұру жүйелерінің схемаларын таңдау кезінде егер жұмыстардың едәуір қиындауына және қымбаттауына алып келмесе су бұру жүйелерінің құрылыстарын орталықсыздандырылған орналастыру мүмкіндігін қарастыру, сонымен қатар тазартау құрылыстарының технологиялық элементтерін жекелеген секцияларға бөлуді қолдану керек.
12.1.4 Жергілікті жағдайлар оңтайлы болған кезде тоспа суларды табиғи тазарту әдістерін қолдану керек.
12.1.5 Жерге тереңдетілген ғимараттарды басқа құрылыстардан және 12Dext (Dext – құбырдың сыртқы диаметрі) кем емес құбырлардан 10 м кем емес ара қашықтыққа орналастыру керек.
12.1.6 Сорғы станцияларында құбырларды сорғыға жалғау орындарында құбыр ұштарының бұрыштық және бойлық өзара жылжуына рұқсат беретін иілгіш қосылыстарды қарастыру керек.
12.1.7 Су бұру жүйесімен жабдықталған объекті аумағын тоспа сулармен батуынан, сонымен қатар жер асты сулары мен ашық су айдындарын (су ағарларды) апат кезінде ластанудан сақтау үшін желіден басқа желілерге қайта жіберуді (арынмен) немесе су объектілеріне тастаусын апатты резервуарларды орнату керек.
12.1.8 Арынды және арынсыз су бұру жүйелерінің коллекторлары мен желілері үшін құбырлардың арналу мақсатын, құбырлардың қажетті беріктігін, тораптардың өтемдеуші қабілеттерін, сонымен қатар құбырлардың барлық түрлерін кез келген топырақтарға көму тереңдігі нормаланбайтын техника-экономикалық есептеулердің нәтижелерін есепке алумен құбырлардың барлық түрлерін қабылдау керек.
12.1.9 Су бұру жүйелерінің беріктігін қосымша сейсмикалық жүктемені есепке алумен статикалық есептеудің негізінде беріктік сыныбы бойынша материалды және құбырларды таңдаумен қамтамасыз ету керек.
12.1.10 Тораптардың өтемдеуші қабілеттерін иілгіш тораптық қосылыстарды қолданумен қамтамасыз ету керек.
12.1.11 Арынды құбырларды жобалауды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес жүргізу керек.
12.1.12 Коллекторларды сумен қаныққан топырақтарда (таулы, жартылай таулы және ірі сынықтылардан басқа), ылғалдылығына қарамастан үйілмелі топырақтарда, сонымен қатар тектоникалық бұзылу іздері бар учаскелерде тарту ұсынылмайды.
12.2 Шөккен топырақтар
12.2.1 Шөккен, тұзды және бөртпелі топырақтарда салынуға тиісті объектілер мен су бұру жүйелері ҚР ҚНжәнеЕ 5.01-01 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес жобалануы керек.
12.2.2 Шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақтық шарттары кезінде 12.1-кестеге сәйкес топырақтардың шөгуі кезінде құбырлардың өз салмақтарынан қолдану керек.
12.1-кесте – Шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақ жағдайлары кезінде қолданылатын құбырлар
Шөгуі бойынша топырақтың түрі
II
|
Қолданылатын құбырлар
|
Өздігінен ағатын құбырлар үшін
|
Арынды құбырлар үшін
|
(20 см дейін шөгу)
|
темірбетонды және асбестоцементті арынсыз, қыш және шойын құбырлар
|
темірбетонды, асбестоцементті, полиэтилен арынды құбырлар, беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар
|
(20 см асатын шөгу)
|
темірбетонды арынды, асбестоцементті арынды қыш құбырлар және беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар
|
темірбетонды арынды, асбестоцементті арынды қыш құбырлар,
полиэтилен арынды, беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар
|
12.2.3 Топырақтың өзінің салмағынан ықтимал шөгуі 0,20 м дейін және жұмыс қысымы 0,9 МПа асатын, сонымен қатар ықтимал шөгуі 0,20 м асатын және жұмыс қысымы 0,6 МПа асатын учаскелерде болат құбырлы арынды құбырлар үшін қолдану ұсынылады.
12.2.4 Топырақтың шөгуі бойынша I және II түрдің жағдайларында арынсыз құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар 12.2-кестеде көрсетілген.
12.2-кесте – Топырақтың шөгуі бойынша I және II түрдің жағдайларында арынсыз құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар
Топырақтың шөгуі бойынша түрі
|
Аумақтың сипаттамасы
|
Құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар
|
I
|
Салынған
|
Шөгуді есепке алусыз
|
Салынбаған
|
Сол сияқты
|
II
(20 см дейін шөгу)
|
Салынған
|
Топырақты және түп құрылғысын тығыздау
|
Салынбаған
|
Топырақты тығыздау
|
II
(20 см асатын шөгу)
|
Салынған
|
Топырақты және түп құрылғысын тығыздау
|
Салынбаған
|
Топырақты тығыздау
|
1-ЕСКЕРТУ Салынбаған аумақ – жақын арадағы 15 жылда елді мекендерді және халық шаруашылығы объектілерін салу қарастырылмайтын аумақ.
2-ЕСКЕРТУ Топырақты тығыздау – шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақ негізін 0,2 м дейін шөгу кезінде 0,5 м-ден 0,8 м дейін, және 0,2 м асатын шөгу кезінде 0,8 м-ден 1,0 м дейін тығыздау.
3-ЕСКЕРТУ Түп – биіктігі 0,1 м-ден 0,15 м дейін борттары бар су кірмейтін конструкция, оған қалыңдығы 0,1 м дренаждық қабат салынады.
4-ЕСКЕРТУ Құбырлардың астындағы негіздерге қойылатын талаптарды құбырларға жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік сыныбына байланысты анықтау керек.
5-ЕСКЕРТУ Құбырлардың тораптық қосылыстарының астындағы орларды тереңдету үшін топырақты тығыздауды қолдану керек.
|
12.2.5 Топырақ жағдайларының ІІ түрі бар шөгу топырақтарындағы темірбетонды, асбестоцементті, қыш, шойын, полиэтилен құбырлардың және беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлардың тораптық қосылыстары созылмалы бітемелерді қолданудың есебінен көнгіш болулары керек.
12.2.6 Топырақтың өз салмағынан 10 см асатын ықтимал шөгуі кезінде топырақтың көлденең жылжулары салдарынан арынсыз құбырдың герметикалығы сақталынатын жағдай келесімен анықталады:
(12.1)
мұндағы lim – кең қонышты құбырлардың тереңдігінің немесе түйіспелі қосылыстар муфтасының ұзындығының жартысына тең болып қабылданатын құбырлардың түйіспелі қосылыстарының рұқсат берілген осьтік өтемдеуші қабілеті, см;
k – топырақтың өз салмағына байланысты шөгулері кезінде пайда болатын көлденең жылжуларының әсері шартынан қажетті түйіспелік қосылыстың өтемдеуші қабілеті;
s – құрылыс кезінде 0,01 м тең деп қабылданатын түйіспелердегі құбырлардың ұштарының арасында қалдырылатын саңылаудың мөлшері.
12.2.7 Көлденең жылжулардың әсері шарттына қажетті түйіспелі қосылыстың өтемдеуші қабілеті k, см, келесі формула бойынша анықталады:
(12.2)
мұндағы Kw - 0,6 тең деп қабылданатын жұмыс шарттарының коэффициенті;
lsec – құбырдың секциясының (бөлігінің) ұзындығы, см;
- топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі кезінде топырақтың көлденең жылжуының салыстырмалы шамасы;
Dext – құбырдың сыртқы диаметрі, м;
Rgr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі кезінде оның бетінің майысуының шартты радиусы, м.
12.2.8 Көлденең жылжудың салыстырмалы шамасы , м, келесі формула бойынша анықталады:
(12.3)
мұндағы Spr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі, м;
lpr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуінің қисыз сызықты учаскесінің ұзындығы, м, келесі формула бойынша есептеледі:
(12.4)
мұндағы Hpr – шөгу қалыңдығының мөлшері, м;
K – топырақтардың біртекті қалыңдығы үшін – 1, біртекті еместер үшін – 1,7 тең деп қабылданатын коэффициент;
tg - суландыру көзінен теріс жаққа судың таралу бұрышысы құмдақтар мен сары топырақтар үшін 35°, саз-құмды ждыныстар және балшықтар үшін 50 төмен деп қабылданады.
12.2.9 Топырақ бетінің майысуының шартты радиусы Rgr, м, келесі формуламен есептеледі:
(12.5)
Достарыңызбен бөлісу: |