ҚҰрылыс нормалары және ережелер


 Тоспа сулардың шөгінділерін өңдеуге арналған құрылыстар



жүктеу 8,54 Mb.
бет51/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
9.11 Тоспа сулардың шөгінділерін өңдеуге арналған құрылыстар
9.11.1 Жалпы нұсқаулар
9.11.1.1 Тоспа суларды тазарту кезінде түзілетін қалдық (құм, бірінші тұндырғылардың шөгіндісі, шикі, артық белсенді тұнба және басқалары) оларды кәдеге жаратуды және жинақтап қоюды қамтамасыз ететін өңдеуден өткізілуі тиіс.

9.11.1.2 Шөгіндіні өңдеудің технологиялық схемасын таңдауды (шөгіндіні тұрақтандыру, сусыздандыру және зарарсыздандыру әдістерін) оның физико-химиялық, жылу-физикалық және су берушілік сипаттамаларын және жергілікті шарттарын (кәдеге жаратудың қол жетімді әдістері, қарастырылған жинақтау орындарын және басқа) ескере отырып жүргізілген технико-экономикалық есептеулердің нәтижелері бойынша жасау қажет. Негіздеу кезінде басқа да тазарту құрылыстарында өңдеу үшін шөгіндіні ауыстырып құюға (автотранспортпен тасымалдау) болады.

Шөгіндіні өңдеу құрылыстарын есептеу кезінде қалдық түзілуінің мезгілдік бірқалыпсыздығын ескеру керек.

9.11.1.3 Барлық сұйық шөгінділерді самосвалдармен тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей консистенцияға дейін сусыздандыру керек. Жүктемесі 15 мың ТБС жоғары болатын тазарту құрылыстарының шөгінділерін тек сусыздандырғыш құрылғыны қолдана отырып сусыздандыру керек. Тұнбалы алаңдар тек резервтегі құрылыстар ретінде ғана алынады. Тұрақтандырылған шөгінділерді бірнеше тазарту құрылыстарына қызмет көрсететін көшпелі қондырғылардың көмегімен мезгіл-мезгіл сусыздандырып тұрады. Бұл жағдайда сұйық шөгіндіні жинағыштың жеткілікті сыйымдылығын алдын ала қарастыру керек, мұнда шөгіндінің су берушілік қасиеттері нашарлауының алдын алу шараларын қарастыру қажет.

Тұнбалы алаңдар тек резервтегі құрылыстар ретінде ғана алынады, сонымен қатар оларды бос, ауыл шаруашылығына жарамайтын жерлер болған кезде флокулянттарды пайдалана отырып қолдануға болады.

9.11.1.4 Жүктемесі 50 мың ТБС жоғары болатын тазарту құрылыстарының шөгінділерін тұрақтандыру керек. Тұрақтандырудың биологиялық, химиялық, термиялық және термо-химиялық әдістерін қолдануға болады. Тазарту құрылыстарында термиялық кептіру немесе өртеу қондырғыларын (пиролиза және басқа) қолданған кезде, сонымен қатар қоқыстан алынатын биогазды жинау және кәдеге жарату жүйесімен жабдықталған полигондарға көму кезінде шөгіндіні қосымша тұрақтандыру міндетті емес.

9.11.1.5 Артық белсенді тұнбаның концентрациясын жоғарылату үшін оны одан ары өңдеудің алдында әр түрлі құрылыстар мен құрылғыларда (гравитациялық, механикалық флотационды және басқа) оны тығыздап (қоюландырып) алу ұсынылады.

9.11.1.6 Фосфорды биологиялық жою құрылысынан қалған артық белсенді тұнбаны өңдеу кезінде фосфаттардың тұнбалы суға шығуының алдын алу шараларын қолдану керек: тұнбада анаэробты жағдайдың болуына жол бермеу, оны біріншілік тұндырғылардың шөгінділері бар резервуарда араластырмау. Жабдықта болу уақыты 3 сағаттан асып кеткенде мұндай тұнбаның гравитациялық тығыздануына жол берілмейді. Бұл кезде шөгінді мен метан газын кәдеге жаратудың тиімділігін, кәдеге жарамайтын шөгінділерді жинауды және шөгіндіні өңдеу кезінде түзілетін тоспа суларды тазартуды ұйымдастыруды ескеру керек.

9.11.1.7 Қалалық тоспа суларды және құрамы бойынша соған ұқсайтындарды биологиялық тұрақтандыруды жүргізу керек:

- сұйық шөгінділер үшін – анаэробты метанды ашытуды, аэробты тұрақтандыруды, анаэробно-аэробты, аэробно-анаэробты өңдеуді қолдана отырып;

- сусыздандырылған шөгінділер үшін – компостерлеуді қолдана отырып.

9.11.1.8 Мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарының ұсыныстары бойынша негіздеу кезінде су бөлу немесе қоқысты қайта өңдеу зауыттарының тазарту құрылыстарының территориясында сусыздандырылған шөгінділер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды бірге өңдеуге болады.

9.11.1.9 Қалалық және құрамы жағынан соларға ұқсас тоспа сулардың өңделген шөгінділерін органоминералды тыңайтқыштар ретінде қарастыру керек.
9.11.2 Сусыздандыру немесе ашыту алдында шөгіндіні тығыздағыштар мен қойылтқыштар
9.11.2.1 Тығыздағыштар мен қойылтқыштарды белсенді тұнбаның концентрациясын жоғарылату үшін қолданған жөн. Оларда аэротенктерінің тұнбалы қоспаларын беруге және шикі шөгінді мен артық белсенді тұнбаны бірге тығыздауға болады.

Осы мақсатта гравитациялық типті тұнбаны тығыздағыштарды (радиалды, тік, көлденең), флотаторларды және қойылтқыштарды қолдануға болады.

Аэробты тұрақтандырылған шөгінділерді тығыздағыштарды жобалау жөнінде мәліметтер 9.11.4.7 – 9.11.4.8 бөлімде келтірілген.

9.11.2.2 Радиалды және көлденең тұнба тығыздағыштарды жобалау кезінде қабылдау керек:

- тығыздалған шөгіндіні гидростатикалық қысыммен шығару 1 м кем емес;

- шөгіндіні жоюға арналған тұнба сорғыштар мен тұнба қырғыштар; тұнбалы суды тығыздағыштардан аэротенктерге жіберу.

- тұнба тығыздағыштардың саны екіден кем емес және екеуі де жұмыс жасайды.

9.11.2.3 Гравитациялық тұнба тығыздағыштарды есептеу үшін мәліметтерді 9.34-кестеден алу керек.


 9.34-кесте - Гравитациялық тұнба тығыздағыштарды есептеуге арналған мәндер


Артық белсенді тұнбаның сипаттамасы

Тығыздалған белсенді тұнбаның ылғалдығы, %

Тығыздаудың ұзақтығы, сағ

Тік тұнба тығыздағыштың тұндырғыш аймағында сұйықтың қозғалу жылдамдығы, мм/с

Тығыздағыш

тік

радиалды

тік

радиалды

Аэротенктерден концентрациясы 1,5 - 3 г/л тұнбалы қоспа

-

97,3

-

5-8

-

Екіншілік тұндырғыдан концентрациясы 4 г/л белсенді тұнба

98,0

97,3

10-12

9-11

0,1 артық емес

Аэротенк-тұндырғының тұндыру зонасынан белсенді тұнба 4,5 - 6,5 г/л

98,0

97,0

16

12-15

сондай

ЕСКЕРТПЕ  Өндірістік тоспа сулардың артық белсенді тұнбасын тығыздау ұзақтығын оның қасиеттеріне байланысты өзгертуге болады.

9.11.2.4 Белсенді тұнбаны флотационды қойылту үшін домалақ немесе тік бұрышты формалы резервуарлардың көмегімен қысымды флотация әдісін қолдану керек.

Флотационды тығыздауды тұнба көлемі ауамен тікелей қаныққан кезде, сонымен қатар тазартылған судың айналып шығатын бөлігі қаныққан кезде де жүргізу керек.

Флотатордың түріне және тұнбаның сипатына байланысты, тығыздалған белсенді тұнбаның ылғалдығы 94,5 - 96,5% мәнін құрайды.

9.11.2.5 Флотационды қондырғылардың есептеу параметрлері мен схемаларын ғылыми-зерттеу, мамандандырылған жобалау және конструкторлық ұйымдардың мәліметтерінен алу керек.

9.11.3 Метантенктер
9.11.3.1 Метантенктерді қалалық тоспа сулардың шөгінділерін тұрақтандыру және құрамында метан бар ашу газын алу мақсатымен анэробты ашыту үшін қолданған жөн, бұл кезде шөгіндінің құрамын, ашыту үрдісін тежейтін және газ шығуына әсер ететін заттардың болуын ескеру керек.

Осы қалдықтардан ірі дисперсті қоспалар мен тұнатын бейорганикалық қосындыларды бөліп алуды қамтамасыз ету керек, сонымен қатар метантенктерге берілетін қоспалардың гомогенизациясын қамтамасыз ету керек.

9.11.3.2 Технико-экономикалық негіздеу кезінде:

- Өңдеу мен кәдеге жаратудың келесі термо-химиялық әдістерінде (өртеу, пиролиз) анаэробты ашытуды қолдануға болады.



- Тұнбаның органикалық затының ыдырауын жоғарылату үшін және биогаз шығуын көбейту үшін ашыту алдында алдын ала өңдеу әдістерін қолдану: термиялық (180ºС дейін), механикалық, ферментативті және ультрадыбысты дезинтеграция, сонымен қатар олардың біріктірілуі).

9.11.3.3 Технико-экономикалық негіздеу кезінде шар тәрізді газгольдерлерді жоғары қысыммен қолдануға болады.

Оларды табиғи газды сақтауға арналған құрылыстардың талаптарына сәйкес жобалау керек.

9.11.3.4 Су бөлу жүйесінің шөгінділерімен бірге метантенктерге ашытылған қалдықтардың басқа да түрлерін (үй қоқысы, торлардағы қоқыстар, органикалық өндірістік қалдықтар, көң, құс саңғырығы, тағамдық өнеркәсіптердің және шартқа сәйкес келмейтін тағам өнімдерінің сұйық органикалық қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтардың арнайы дайындалған және өте ұсақталған органиалық компоненттері) және басқа да ашытылатын органикалық заттарды бөлшектеген соң қосуға болады

Шөгіндіні ашыту үрдісінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін метантенктерді жобалау кезінде қарастырылуы керек:

- барлық өткізгіш құбырларды жуу мүмкіндігі;

- метантенктерді бұлғауыштармен немесе газбен араластыру (араластыру үшін сорғыларды қолдануға тек резервтегі жабдық ретінде ғана рұқсат етіледі);

- көпірікті басу жүйелерінің құрылғысы;

- ашытылған шөгіндіні метатенктің төменгі бөлігінен де, жоғарғы бөлігінен де түсіру;

- апатты тасу жүйесі;

- құрылыстың жоғарғы (газ қалпақта) және төменгі бөлігіндегі герметті жабылатын люктер-саңылаулар;

- тиімді жылу изоляциясы;

- ашытудың термофильді режимін қолдану кезінде рекуперационды жылу алмастырғыштарды 15ºС кем емес рекуперациямен қолдану.

9.11.3.5 Метантенктердің жоғарғы люгіндегі құрылғы мөлдір болғаны жөн және шөгінді беткейінің жағдайын көзбен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етудің басқа да шаралары ұсынылады.

9.11.3.6 Ашыту (биогазды) кезінде алынатын газдың салмақтық мөлшерін шөгіндінің ыдыраған зольсыз 1 г затына 0,9 деп алу керек, жылу тұзу қабілеті - 5500 ккал/м.

Ашыту кезінде түзілетін биогаздың міндетті түрде кәдеге жаратылуын қарастыру керек.

Рұқсат етіледі:

бу мен ыстық су өндіру үшін қазандықтарда биогазды дара және табиғи газбен бірге жағу;

- электрогенераторларда мотор отыны ретінде қолдану, сонымен қатар ауа үрлегіштердің жетектерінің дизель қозғалтқыштарында негіздеу кезінде және автокөліктерде қолдану;

- шөгіндіні термиялық кептіру және өртеу құрылғыларында отын ретінде қолдану.

Биогазды мотор отыны ретінде қолдану кезінде оның қозғалтқыштардың жұмысына қолайсыз әсер ететін қоспалардан (су, ауыр бөлшектер, күкіртсутек, силоксандар және т.б.) тазартылуын ескеру керек.

9.11.3.7 Шөгінділерді метантенктерде ашыту үшін мезофильді (Т = 33С) немесе термофильді (Т = 53С) режимді қолдануға болады. Ашыту режимін таңдауды келесі өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, сонымен қатар санитарлық талаптарды ескере отырып жүргізу кере.

9.11.3.8  Ашытудың талап етілген режимін қолдау үшін қарастыру керек:

- әдеттегідей, тәулік бойы бір қалыпты болатын шөгіндіні метантенктерге жүктеуді;

- жылу алмастырғыш аппараттарда метантенктерді эжектирлеуші құрылғылардан шығатын өткір бумен жылыту немесе метантенкке берілетін шөгіндіні қыздыру; Жылудың керекті мөлшерін метантенктерден қоршаған ортаға шығатын жылу мөлшерін ескере отырып анықтау қажет.

9.11.3.9 Ашытуды мезофильді (температура 35ºС шамасында) және термофильді (температура 50 – 60ºС шамасында) режимінде жүргізуге болады. Негіздеу кезінде сонымен бірге ашытудың екі фазалы термофильді-мезофильді режимді қолдануға болады.

Температура режимін таңдауды кейінгі шөгіндіні өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, санитарлық талаптарды, түзілетін газды кәдеге жарату әдістерін ескере отырып, техникалық-экономикалық талқылаулардың және жылу техникалық есептеулердің нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек.

9.11.3.10 Метантенктерге берілетін шөгінді ірі дисперсті қоспаларды жою мақсатымен прозорлары 6 мм аспайтын торлардан (елеуіш) сүзілген болу керек.

9.11.3.11 Құрамындағы құрғақ зат мөлшері 5% кем болғанға дейін артық белсенді тұнбаны метантенкке жібермес бұрын оның қойылуын қарастыру керек.

Метантенктердің көлемін құрылыстың жұмыс көлеміне органикалық жүктеме бойынша есептеу арқылы анықтау керек. Шөгінді жүктемесінің көлемдік мөлшері артық болмауы тиіс:

термофильді үрдіс үшін 15%;

-  мезофильді үрдіс үшін 7%.

Шөгіндінің органикалық затының ыдырауын шөгінді түрін, үрдіс температурасын, алдын ала өңдеудің болуын және түрлерін ескере отырып есептеу арқылы анықтау керек.

9.11.3.12 Метантенктердің сиымдылығын жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты есептеу қажет, ылғалдық мәні қалалық тоспа сулардың шөгінділері үшін 9.35-кестеден алынады, ал өндірістік тоспа сулардың шөгінділері үшін эксперименттік мәліметтердің негізінде алынады; тоспа суларда анионды беткей-белсенді заттар (ББЗ) болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерін 9.11.3.13 бөлімге сәйкес тексеру керек.


9.35-кесте - Жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты метантенктердің сиымдылығының мәні


Ашыту режимі

Жүктелетін шөгіндінің тәуліктік мөлшері Дmt, %, жүктелетін шөгіндінің ылғалдығы, %, артық емес

93

94

95

96

97

Мезофильді

7

8

8

9

10

Термофильді

15

16

17

18

19

9.11.3.13 Тоспа суларда ББЗ болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерінің, Дmt, %, 9.35-кестеден алынған шамасын мына формула бойынша тексеру керек:


(9.94)
мұнда Сdt - шөгіндіде беткей-белсенді заттардың (ББЗ) болуы, мг/г шөгіндінің құрғақ заты, эксперименттік мәліметтер бойынша немесе 9.36-кестеден алынады;

Pmud - жүктелетін шөгіндінің ылғалдығы, %;

Дlim– бір тәуліктегі метантенктің жұмыс көлемінің шекті рұқсат етілетін жүктемесі, қабылданады: г/м3:

а) 40 – тіке алкильді тізбекті алкилбензолсульфонат тар үшін;

б) 85 – басқа «жұмсақ» және аралық анионды ББЗ үшін;

в) 65 – тұрмыстық тоспа сулардағы анионды ББЗ үшін.


жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау