9.3.16 Циклді әсер ету реакторлары
9.3.16.1 Биологиялық тазалау үшін биогенді элементтерді жоятын (тоспа суларын алдын ала мөлдірететін және онсыз) аэротенктер мен екінші тұндырғыларды өз бойынша үйлестірген, циклді әсерлі реакторларды қолдануға жол беріледі. Олардан тоспа суын бұруды терең су өткізетін құбырлы арнайы қалқымады су ағызғыларымен жүргізу қажет.
9.3.16.2 Кезекпен іске қосылатын циклді әрекет ететін бірнеше жұмыс реакторларын қолдану ұсынылады. Бір реактор болғанда тоспа суларды жинақтағышты қарастыру қажет. Тоспа суларды жинақтағыштың асып кетуіне жол бермеу үшін оның көлемі циклді әсерлі реактордың ең жоғарғы өнімділігі мен тәулік аралығында ағын сулардың түсуінің біркелкілігін ескере отырып есептеледі.
9.3.16.3 Циклді әсерлі реакторды таңдау келесілерді міндетті түрде ескере отырып, өндіруші зауыттардың эксплуатациялық сипаттамалары бойынша (материалдары) жүргізіледі:
- өнімділігі;
- цикл фазасының ұзақтығы;
- цикл аяқталған соң тазартылған судың төгілетін көлемі;
- оттекті тұтынуы;
- ауа шығыны;
- қолданылатын аэрациялық жүйенің сипаттамасы;
- шамадан тыс артық белсенді тұнбаның өсуі;
- пайдаланудың нақты шарттарында тұнбаның анаэробты мөлшері.
9.4 Тазартылған тоспа суларды оттекпен қанықтыру құрылғылары
9.4.1 Тазартылған тоспа суларды оларды су объектісіне түсірмес бұрын оттекпен қосымша қанықтыру қажет болғанда, арнайы құрылғыларды қарастыру қажет:
- су объектісіндегі судың деңгейжиегі мен тазарту құрылыстарының алаңы арасындағы деңгейлердің еркін құламасы болған жағдайда;
- көпсатылы суағарлар-аэраторлар, жылдам тезағарлар және т.б.;
- қалған жағдайларда – барботажды құрылыстар.
9.4.2 Суағарлар-аэраторларды жобалау кезінде келесілерді қабылдау қажет:
- су құятын саңылаулар үстінде тісшелі қалқаншалары бар жұқа тісшелі қабырға түрінде қолданылады (қалқан мен қабырғаның тісшелері бір біріне үшкір жағымен қаратылған);
- тістер биіктігі 50,0 мм тең, бұрыш биіктігі 90 тең;
- тістердің үшкірлері арасындағы саңылау биіктігі 50,0 мм тең;
- төменгі бьеф құдығының ұзындығы 4,0 м, жазықтық тереңдігі 0,8 м тең етіп орындайды;
- судың шекті шығыны - qw суағардың 1 м-не 120,0 л/с –тан 160,0 л/с дейін;
- суағардағы судың екіпіні hw, м (тісті саңылау ортасынан), - мына формула бойынша:
(9.61)
9.4.3 Суағар-аэраторлар сатыларының саны Nwa және су объектісіне шығудағы тоспа суда оттектің тұтынатын концентрациясын Cex, мг/л қамтамасыз ету үшін қажетті әрбір сатыдағы деңгейлердің құлдырау мөлшері zst, м, келесі қатынаста кезекті іріктеумен анықталады:
(9.62)
мұндағы Ca – 9.3.7.29 бойынша анықталатын сұйықтықтағы оттектің ерігіштігі;
Cex – су айдынына шығыста қамтамасыз етілуі тиіс болатын тазартылған тоспа сұйықтығындағы оттек концентрациясы;
Cs – қанықтыру үшін құрылыс алдындағы тоспа судағы оттек концентрациясы; Cs деректері болмаған жағдайда 0-ге тең болады;
Nwa – су құю деңгейлерінің саны;
KT, K3 - 9.3.7.29 бойынша қабылданатын коэффициенттер;
20 - 9.27-кесте бойынша қабылданатын деңгейлер ауытқуына байланысты суағарларда аэрация тиімділігін ескеруші коэффициент.
9.4.4 Барботажды құрылыстарды жобалау кезінде келесі мәндерді қабылдау қажет:
- сатылар саны 3-тен 4 дейін;
- аэраторлар – ұсақ көпіршікті және орташа көпіршікті;
- аэраторлардың орналасуы – құрылыс түбі бойынша біркелкі;
- аэрация жітілігі - 100 м3/(м2сағ) аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |