13
Сабаққа уақытында келіңіз: білім алушылар аудиторияға оқытушыдан
бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен
амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Есіңізде болсын, оқытушы Сізді
аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы. Бұл жағдайда
оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол
бермеңіз.
Оқу ғимаратында тазалық сақтаңыз – университетте кез-келген қоқысты
тастауға арналған орындар бар.
Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді
кӛрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бҧл Сіздің
тәрбиесіздігіңізді кӛрсетеді және Сіз университетті материалдық шығынға
ҧшыратасыз, ол ҥшін жауапқа тартыласыз.
Университетте рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым
салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат
таратқыңыз келсе, тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың рұқсатын алу қажет.
Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек
жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады.
Қандай жағдай болмасын, Сіз Алматы технологиялық университетінің студенті
атанып, ӛмірдің бір сатысына кӛтерілдіңіз!
Сіздің кӛмегіңізбен біз мықты боламыз!
2 ЖАСТАР КЕҢЕСІ
Жастар Кеңесі – білім алушы жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын
ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға
әлеуметтік
қолдау
кӛрсететін
бастамашыл,
инновациялық,
тәуелсіз,
жауапкершілігі мол білім алушылардың қоғамдық қызметі. Жастар Кеңесі жастар
саясатын жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады.
Жастар Кеңесі жҧмысының негізгі бағыттары:
– білім алушылардың бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру,
оларды заманауи қазақстандық қоғамда маңызды проблемаларды шешуге
белсенді түрде ат салысуға шақыру;
– АТУ білім алушыларының мүдделері мен құқықтарын қорғау және
ӛкілеттілік жасау;
– білім алушылардың мәдени, шығармашылық, ұйымдастырушылық
қажеттіліктеріне жағдай жасау.
АТУ білім алушыларының бойында патриоттық мақтаныш сезімін
қалыптастыру, студенттік ӛмірдің дәстүрлерін сақтап, молайту және жетілдіру;
– білім алушылардың мүдделерін АТУ құрылымдық бӛлімшелерінің барлық
деңгейінде қорғау;
– білім алушылардың бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-
шараларды жасау және іске асыру;
– білім алушыларды ғылыми қызметке ынталандыру;
– студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да кӛпшілік іс-шараларды
ӛткізу;
14
– АТУ білім алушыларын университеттің спорттық ӛміріне, сауықтыру
шараларына тарту;
– білім алушылардың ортасындағы бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;
– ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік,
жастар ұйымдарымен байланыстарды дамыту.
Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу корпусында 1117
кабинетте кҥтеміз.
3 «ТЕХНОЛОГ» ГАЗЕТІ
Газеттің негізгі міндеті университет қызметкерлері мен білім алушыларын
ректораттың, Ғылыми Кеңестің, құрылымдық бӛлімшелер мен қоғамдық
ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету, университеттің барлық негізгі
жаңалықтарын жеткізу болып табылады. Басылым «Білім, мәдениеттілік, жан-
жақтылық – Алматы технологиялық университеті түлегінің маркасы» атты
концепцияны іске асырады.
Егер, Сіз креативті болсаңыз, мақала және ӛлең жазумен айналыссаңыз,
біздің газеттің тілшісі болғыңыз келсе – біз Сізді кҥтеміз! Келіңіз- басқалар
Сізді білсін! Жазбаша мақалаларыңыз мен ӛлеңдеріңіздің электронды
нҧсқасы мен жазбаша нҧсқасын Жастар Кеңесіне (1117 кабинет)
тапсырыңыз.
Білім алушының бос уақыты
Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Ӛзіңізді біздің
ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер
Сіздің бойыңызда кӛшбасшылық қабілет болса,онда Сіз университеттегі мәдени-
спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде
ӛз қабілетіңізді кӛрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.
Егер Сіз жаңа идеялар мен бастамаларыңызды жүзеге асырғыңыз келсе –
Жастар Кеңесіңе келіңіз!
Біздің университетте Жастар Кеңесінің басшылығымен білім алушылардың
талантын шыңдауға арналған кӛптеген үйірмелер қызмет атқарады:
- «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты;
- «ATU scientists» жас ғалымдар клубы;
- «Тай-На» сән театры;
- «АТУ құрамасы» және «Online» КТК (КВН) командалары;
- «Қарлығаш» би ансамблі;
- Әншілер мектебі;
- «Домбыра-дастан» оркестрі;
- «Жастар» және «Brainstorm» интеллектуалды пікірсайыс клубтары;
- «Жалын» жас журналистер клубы;
-
шоу балет «Double vision»
-
«English Club ATU», «АТU art» мүдделестер клубтары;
- Тәртіп сақтау жӛніндегі студенттік отряд (СТОП).
- «TED ATU», «Enactus ATU» жас кәсіпкерлер клубтары;
- «Fam team ATU» еріктілер клубы.
15
4 ОҚУ ҤДЕРІСІН ҦЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
4.1 Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы
кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім
алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын ӛз бетінше жоспарлауы
негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша
бұрын меңгерілген кредиттердің ӛспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып
табылады.
Кредиттік жүйемен оқытуда тӛмендегідей негізгі ұғымдар мен анықтамалар
қолданылады:
1) академиялық кҥнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс
күндерін (каникулдар мен мерекелерді) кӛрсете отырып, оқу және бақылау іс-
шараларын, кәсіби практикаларды ӛткізу күнтізбесі;
2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын ӛз білім
беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр,
тоқсан;
3) академиялық ҧтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-
зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге
жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын
міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып ӛз ЖОО-сында
немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін
ауыстыру;
4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды
таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім
мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың
шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен
әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру
үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы;
5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау
нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру
деңгейінің сандық кӛрсеткіші;
6) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері
бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру
ұйымдары тағайындайтын дәреже;
7) академиялық сағат - кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық
жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім
алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
8) белсенді ҥлестірмелі материалдар (КҤМ) (Hand-оuts) - білім алушының
тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында
таратылатын кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер,
слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған
тапсырмалар);
Достарыңызбен бөлісу: |