10
– денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған
жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге;
– оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға;
– оқу пәндері бойынша СӚЖ-ін жасауға;
– университет мүлкіне, кітапханалық-ақпараттық және басқа да ресурстарға
ұқыпты болуға;
– оқу ғимараттарында шылым шекпеуге, ластамауға, сағыз шайнамауға,
тәртіп пен тазалық сақтауға;
– университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру
ережелерін сақтауға.
Университет ғимаратында қатаң тыйым салынады:
– сырт және бас киіммен жүруге;
– сабақ үдерісі кезінде аудиторияда немесе коридорда қатты сӛйлеуге, балағат
сӛздер айтуға, шулауға;
– оқу ғимаратында темекі шегуге, алкогольдік сусындар ішуге, нашақорлық
немесе токсикологиялық күйде жүруге, наркотик немесе психотропты заттарды
таратуға, суық немесе атыс қаруын, жарылғыш заттарды сақтауға;
– университетте, жатақханада студенттік билетсіз жүруге;
– университеттін мүлкіне зиян келтіруге, рұқсатсыз пайдалануға тыйым
салынады.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН
АЛУ ТӘРТІБІ
Басқа жерлерден келген немесе шетелдік білім алушыларға арналған
университеттің 4 жатақханасы бар.
Жатақханалардағы орындарды «Студентік жатақханалар туралы Ережесіне»
сәйкес факультеттердің декандары береді.
Ол ҥшін білім алушы:
1.
Факультет деканының атына ӛтініш толтырады.
2.
№ 1 жатақхананың екінші қабатында орналасқан денсаулық пунктінде
дәрігерлік қараудан ӛтеді.
3.
Ордер алғанға дейін жатақханада тұрудың тӛлем ақысының жалпы
сомасының кем дегенде 50% -ын «ЦентрКредит Банкі» АҚ арқылы тӛлейді.
4.
Жатақханада тұру ақысын тӛлеу фактісін АТУ-дың экономикалық
бӛліміне (ГУК, 505каб.) тіркейді.
5.
Тәрбие жұмыстар жӛніндегі проректор арқылы жатақханаға
электронды түрде тіркеледі. (ГУК, 1109 каб.)
6.
Жатақханадағы орыны үшін келісуші жақтардың жауапкершілігі
туралы университет басшылығымен келісім-шартқа отырады.
7.
Факультет деканының орынбасарынан жатақханаға тұру үшін ордер
алады.
8.
Жатақхана бӛлмесінен орын алу үшін барлық құжаттармен жатақхана
меңгерушісіне жолығады.
11
Жатақхана тҧрғындарының қҧқығы:
– ішкі тәртіп және келісімшарт ережелерін сақтаған жағдайда берілген
орында оқу жылының соңына дейін тұруға;
– жатақхананың санитарлы-тұрмыстық ғимараттарын, бӛлмесін, жуынатын
бӛлме, және т.б. пайдалануға;
– декандардың орынбасарлары мен коменданттың жазбаша рұқсатымен ғана
бір бӛлмеден екінші бӛлмеге ауысуға;
– жатақхананың Студенттік Кеңесін сайлауға және сайлауға түсуге,
Студенттік Кеңестің жұмыстарына қатысуға, жатақхананың тұрмыстық ӛмірін
жақсартуға үлес қосуға құқылы.
Жатақхана тҧрғындарының міндеттері:
– жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін, ӛрт
қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға;
– электр энергиясын, газ бен суды үнемдеп жұмсауға. Бӛлмеден немесе
жатақханадан шыққанда ыстық және суық су шүмектерін жауып, терезе, есіктерді
жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сӛндіріп кетуге;
– бӛлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына ӛткізуге, жатақхананы тек
тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бӛлмені бӛтен адамға
бермеуге;
– жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, кӛпшілік орындарда тазалық пен
тәртіпті қатаң сақтауға, тұрғылықты бӛлмеде тазалық жұмыстарын жиі жүргізуге;
– жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың
мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын ӛтеуге;
– жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін толықтай қайтаруға;
– университет әкімшілігінің, жатақхана меңгерушісінің рұқсатынсыз
жатақханаға бӛтен адамды кіргізбеуге міндетті.
Жатақхана тҧрғындарына қатаң тыйым салынады:
– декандардың орынбасарларының жазбаша рұқсатынсыз ӛз еркімен бір
орыннан екінші орынға ауысуға. Ордерде кӛрсетілген бӛлмеде тұрмаған
жағдайда, білім алушы жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін бұзған болып
саналады;
– жатақхана комендантының рұқсатынсыз жеке пайдалануға берілген
мүліктерді ӛз еркімен бір бӛлмеден екінші бӛлмеге тасуға;
– жатақханаға кіру рұқсат қағазын жатақханаға кіру үшін бӛтен адамға
беруге;
– жатақханада темекі шегуге, жатақханаға алкогольді, нашақорлық күйде
келуге, сонымен қатар есірткі, психотропты, алкогольді заттарды таратуға және
пайдалануға, суық немесе атыс қаруын, жарылғыш заттарды сақтауға;
– аудио, теле және видеоаппаратура қондырғыларын барлық қатты дауыста
қоюға;
– үй жануарларын ұстауға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға;
– жатақхана айналасын ластауға, ас әзірлейтін бӛлмеде, кӛпшілік
пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға;
– электрқондырғыларын пайдалануға, соның ішінде сапа сертификаты жоқ
электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға;
12
– шатырға шығуға, кӛтерілуге, балкон мен терезелерге асылып тұруға,
отыруға;
– құмар ойындар ойнауға, балағат сӛздер сӛйлеуге, ұрыс-тӛбелес
ұйымдастыруға;
– басқа бӛлмелерге тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге;
– жоғарыда кӛрсетілген ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қатар техника
қауіпсіздігі, ӛрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді, жатақханада тұру
келісімшартын бұзғандар, жатақхана қызметкерлерін, студенттік кеңес
мүшелерін, қабат жауаптыларын сыйламағандар жатақханадан шығарылады,
жатақханада тұру үшін тӛленген ақша қайтарылмайды.
Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі
Жатақханаға меңгеруші берген арнайы үлгідегі рұқсат қағазбен кіруге
болады. Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып
табылады, ол жоғалған жағдайда қайта жасату керек.
Жатақханаға кіру уақыты кӛктем мен жазда 07:00-ден 23:00-ге дейін, ал күз
бен қыста 07:00-ден 22:00-ге дейін.
Тұрғындардың жатақханаға 22:00 мен 07:00 аралығында кіруі тек рұқсат
қағазы немесе жұмыс орнынан берілген анықтамада декан мен тәрбие жұмысы
жӛніндегі проректордың бұрыштамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
БІЗДІҢ ДӘСТҤР
Сіз кӛп жылғы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жоғарғы оқу орны – Алматы
технологиялық университетінің студенті атандыңыз. Алдағы 4 жыл ішінде ол
Сіздің екінші үйіңіз болады. Университет табалдырығын аттаған күннен бастап
жалпыға ортақ арнайы тәртіп ережелерімен жүру керек. Оларды сақтау – табыс
пен түсіністіктің кепілі.
Университетке жинақы киініп келіңіз – себебі, кез-келген адам Сіздің
сырт келбетіңізге қарап білім алушы екеніңізді түсінуі керек.
Жан-жағыңыздағы адамдарға сыйластық танытыңыз – егер кіре/шыға
беріс есікте кӛп адамдар жиналып қалса, жігіттер қауымы қыз балаларға жол
беруі керек, ал білім алушылар – университет қызметкерлерін ӛткізіп жіберуі тиіс.
Университетке кіргенде жігіттер қауымы бас киімдерін шешіп, ал сырт киімді
барлық білім алушылар гардеробқа ӛткізу керек. Лифтке кірерде білім алушылар
университет қызметкерлері мен оқытушыларға, жігіттер – қыздарға, кішілер -
үлкенге жол беруі тиіс. Кӛпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сӛйлесуге,
музыка тыңдауға тыйым салынады.
Вахтадан ӛтерде күзет қызметкеріне студенттік билетіңізді немесе жеке бас
куәлігін кӛрсетуді ұмытпаңыз. Университетке келудегі мақсатыңызды айтыңыз.
Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре алмайсыз. Кӛпшілік
ортада романтикалық қатынастарыңызды, құшақтасып, сүйісуді кӛрсетпеңіз.
Себебі, бұл Сіздің айналадағы адамдарды сыйламайтындығыңызды кӛрсетеді.
Кіммен қалай сӛйлесу керектігін ҧмытпаңыз: ӛз ойыңызды анық
жеткізіңіз, жаргон сӛздерді қолданбауға тырысыңыз. Оқытушымен сӛйлескенде
ӛте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен қатар, университетте қалай
болса солай сӛйлеуге болмайтынын ескертеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |