6
Университет туралы жалпы мәлімет
Алматы Технологиялық Университеті (АТУ) бүгінде – Қазақстан мен
Орталық Азиядағы тағам және жеңіл ӛнеркәсібі, бизнес, қызмет кӛрсету және
қонақжайлылық индустриясы салалары бойынша білім мен ғылымның жетекші
орталықтарының бірі. АТУ Болон Декларациясы мен Лиссабон Конвенциясының
қағидаларына сәйкес бакалавриаттың – 22, магистратураның – 18 және PhD
докторантураның – 11 білім беру бағдарламалары бойынша кӛп деңгейлі үздіксіз
кәсіптік білім беру үлгісін табысты жүзеге асырады.
Халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу мақсатында АТУ 2010 жылы
Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойып,
Болон үдерісінің толық құқылы мүшесі болды.
АТУ Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU), Еуразия
университеттері Одағының (EURAS), Еуропа ректорлары клубының (СRE),
Халықаралық студенттермен алмасу жӛніндегі қауымдастығының (IAESTE)
мүшесі болып табылады.
Еуропалық Университеттер Қауымдастығы Кеңесінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі
шешімімен Алматы Технологиялық Университеті Еуропалық Университеттер
Қауымдастығының (EAU) мүшесі ретінде тіркелді.
2014 жылы Алматы Технологиялық Университеті Халықаралық ISEKI-Food
(IFA) Қауымдастығына кірді.
Алматы
Технологиялық
Университетінде
бірнеше
қосдипломдық
бағдарламар іске асырылуда:
1.
«Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»
мамандықтары
бойынша
Алматы
Технологиялық
Университеті
және
Халықаралық туризм және қонақҥй менеджменті институтымен (HTMi,
Швейцария) бірлескен бағдарлама. Оқу бағдарламалары аяқталғаннан кейін
Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтының (HTMi,
Швейцария) және Алматы Технологиялық Университетінің мемлекеттік үлгідегі
дипломдарына ие болады;
2.
«Дизайн» мамандығы бойынша Алматы Технологиялық Университеті
және
I.L.E.M. SRL –
Альдо атындағы Бейнелеу ӛнерінің академиясымен
ALDO GALLI GROUP (Италия) бірлесен бағдарлама. Оқу бағдарламалары
аяқталғаннан кейін I.L.E.M. SRL – Альдо атындағы Бейнелеу ӛнерінің
академиясы ALDO GALLI GROUP және Алматы Технологиялық Университетінің
мемлекеттік үлгідегі дипломдарына ие болады;
3.
«Қаржы», «Экономика» мамандығы бойынша Алматы Технологиялық
Университеті және
«Г.И. Плеханов атындағы Ресей экономикалық
университеті» Федералдық мемлекеттік бюджетті жоғарғы білім беру оқу
орынымен (Ресей Федерациясы) бірлесен бағдарлама. Оқу бағдарламалары
аяқталғаннан кейін I.L.E.M. SRL – Альдо атындағы Бейнелеу ӛнерінің
академиясы ALDO GALLI GROUP және Алматы Технологиялық Университетінің
мемлекеттік үлгідегі дипломдарына ие болады.
4.
Пловдив (Болгария) қаласындағы Тағам технологиясы
университетімен
(ТТУ)
бірлескен
Қосдипломды
Білім
беру
бағдарламасы. Келесі мамандықтар бойынша диплом алу мүмкіншілігі
7
бар: 5В072800 - Қайта ӛңдеу ӛндірістерінің технологиясы, 5В072700 - Азық-
түлік ӛнімдерінің технологиясы
, 5В070100
– Биотехнология
(бакалавриат)
және 6M073500 – Тағам қауіпсіздігі (магистратура).
АТУ әлемнің 86 университетімен келісімшарт жасасып, оқытушылар мен
білім алушылардың академиялық ұтқырлығымен қоса оқу бағдарламаларын
реформалауды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және халықаралық
бағдарламаларға қатысуды кӛздейтін білімді интернациоландыру үдерісінің
белсенді серіктесіне айналды.
АТУ «Биотехнология және азық-түлік» (BIO-NCP) бағыты бойынша FP7
ЕуроОдақ бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалған.
АТУ-дың білім беру және ғылыми қызметінің жоғары сапасы: еуро-инженер
EUR-ACE® белгісін табыс ету құқығын беретін ASIIN агенттігіндегі
(Германия) Бейінді
бағдарламаларды
халықаралық
аккредиттеумен;
Институционалды аккредиттеумен; Мемлекеттік аттестаттаумен; Бакалавриат,
магистратура және докторантураның барлық білім беру бағдарламаларын
мамандырылған аккредиттеумен; ISO 9000 Сапа менеджменті жүйесінің
сертификатымен; “EUROPEAN QUALITY” номинациясы бойынша халықаралық
марапаттарымен, Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін Халықаралық
қорының (Швейцария), Ӛнеркәсіпке қолдау қауымдастығының (Франция) алтын
медальдарымен расталған.
Алматы технологиялық университетінің тағам және жеңіл ӛнеркәсіп негізгі
профильдік мамандықтар бойынша Қазақстанның техникалық университеттер
арасында үздік кӛрсеткіш қорытындысының нәтижесінде озық орындарына
болды, сонымен қатар Қазақстанның жоғары оқу орындарының Генералдық
кӛрсеткіш білім бағдарламасы нәтижесінде қонақжайлық индустрия жыл сайын
бірінші орын иегері.
QS кӛрсеткіш бойынша Алматы технологиялық университеті Орталық Азия
және Шығыс Европа мемелекеттерінің халықаралық ТОП-150 университеттерінің
қатарында.
АТУ-дың жабдықталған материалдық-техникалық базасы бар: оқу-ғылыми-
ӛндірістік орталықтар, ӛзекті бағыттар бойынша жұмыс жасайтын ҒЗИ,
дәрісханалар мен зертханалар, заманауи компьютерлік кластар, кітапхана және
оқу залдары, жатақханалар, асханалар, мәжіліс және спорт залдары, дәрігерлік
бӛлім және баспахана. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда интернетке (WiFi)
тегін кіруге мүмкіндіктер бар.
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ САПА
САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Университет миссиясы: Әлемнің үздік жоғары оқу орындары
деңгейінде сапалы білім беру, қалыптастыру және тарату.
Университет болжамы. Алматы технологиялық университеті -
қалыптасқан бренді бар, білім беру мен ғылымда жаңа технологияларды
қолданатын және әлемнің ең үздік университеттерінің қатарына қосылуға
ұмтылатын жоғары оқу орны.