54
5-қосымша
Мамандықтарды талдау сызбасы (кәсіптердің негізгі
сипаттарының тізбесі)
Еңбектің мәні:
1) мал, өсімдік, (табиғат)
2) материалдар
3) адамдар (балалар, ересектер)
4) техника, көлік
5) таңбалау жүйесі (мәтіндер, компьютердегі ақпараттар)
6) көркемөнер
бейнесі
Еңбек мақсаты:
1) бақылау, бағалау, диагноз
2) қайта жасаушы
3) өнертапқыштық
4) тасымалдау
5) қызмет көрсету
6) жеке дамуы
Еңбек құралдары:
1) қолдан жасалған және қарапайым құралдар
2) механикалық
3)
автоматтандырылған
4) функционалды (сөйлеу, мимика, көру, есту)
5) теориялық (білім, ойлау қабілеті)
6) қозғалмалы және тұрақты жабдықтар
Еңбек шарттары:
1) тұрмыстық микроклимат
2) адамдар отыратын үлкен бөлмелер
3) қарапайым өнідірістік цех
4) өзгеше өндірістік шарттар (ылғалдылықтың ерекше тәртіп,
температура, зарарсыздық)
5) оқыс шарттар (денсаулық және өмір үшін қауіп)
6) ашық
ауадағы жұмыс
7) отырып, тұрып, қоғалыста жұмыс істеу
8) үйдегі жұмыс кабинеті
Еңбектегі қарым-қатынас сипаты:
1) ең аз сөйлесу (жеке еңбек)
2)
клиенттер, келушілер
3) қарапайым ұжым (күнделікті бір тұлғалар)
4) аудиториялармен жұмыс
5) нақтыланған тәртіп, еңбектегі қызмет бабындағы сыйластық
Еңбектегі жауапкершілік:
1) материалды
55
2) моральды
4) адамдардың өмірі және денсаулығы үшін
5) айтылмаған
жауапкершілік
Еңбектің ерекшеліктері:
1) үлкен жалақы
2) жеңілдіктер
3) «азғыру» (пара алу мүмкіндігі)
4) сыпайы қатынас, танымал адамдармен кездесу
5) жиі іссапарлар
6) еңбектің аяқталған нәтижесі (рақаттануға болады)
Әдеттегі қиындықтар:
1) күйгелектену
2) кәсіби ауырулар
3) балағат
және былапыт сөздер таралған
4) қамауға алыну мүмкіндігі
5) жұмыс беделінің төмендігі
Жұмыс істеу үшін білімнің ең төмен деңгейі:
1) арнайы білімсіз (мектептен соң)
2) орта кәсіби білім алу (колледж)
3) жоғары кәсіби білім алу (жоо)
4) ғылыми дәрежесі (магистратура, доктарантура)
Кәсіби бағдарлау тесттері және сауалнамалар жиынтығы.
Кез келген тест және сауалнаманы қолдану арнайы дайындықты
қажет етеді, бірақ баланың өзін тануы мақсатында бәрібір жиынтықты
қолдануға болады.
Қосымша білім беру педагогы балаға қабілеттерін немесе
қасиеттерін бағалау үшін қажетті тестті табуына көмектеседі, ал оқушы
өз кезегінде өзі тесттен өтеді және түсіндіреді. Ең бастысы, тест
соңында ұсынылған шешімдерді бала үкім ретінде қабылдамауы керек.
Оны адам – иілгіш және икемделгіш жаратылыс екенін, сондықтан да –
егер қатты қаласа – ол бәрібір ештеңеге қарамастан жақсы көретін
кәсібімен шұғылдана алатынына сендіру керек.
Кәсіптер туралы кітаптар қоры және медиаресурстар, оқушыға өз
жеке басының ерекшеліктері туралы, жай өзі жайлы көбірек білуге
көмектесетін кеңінен таралған психологиялық әдебиеттер. Қазір жас
адамның кәсіби қызығушылықтарын анықтауға бағытталған көптеген
интерактивті бағдарламалар бар (мысалы, «Lifeline» және т.б.). Оларды
қосымша білім беру педагогі қолдана алады, бірақ, біріншіден, ол
әзірлемелерден әр бала өзінің жеке тұлғасын дамытуға қажет пайда ала
алмайтынын, ал екіншіден, сапалы түсіндіру үшін бәрібір маман керек
екенін түсінгені маңызды.
Мерзімді басылымдар. Әр өңірде «Жұмыс», «Бос жұмыс орны»
және т.б. деп әртүрлі аталатын өздерінің арнайы мерзімді басылымдары