АББ "Махамбет жалпы орта білім беретін "мектеп - балабақша" кешені" КММ
Информатика пәні мұғалімі: Н.М.Алишева
Пән: Информатика
Сынып: 10
Күні
сабақ №: 2
Тақырып: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Мақсат: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойнша оқушыларға жалпы түсінік бере отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, сөйлез, өз бетімен жұмыс істеу алу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік – Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру
Дамытушылық – оқушылардың өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін, өз беттерімен іздену дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым–қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, дәптерлер, электронды оқулық, интерактивті тақта,аудио, видео.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
|
Бөлінген уақыт
|
Мұғалімнің іс - әрекеттері
|
Оқушылардың
іс - әрекеттері
|
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
|
3 мин
|
Оқушылармен амандасу. Тренинг өткізу.
Балалар, әрбір елде адамдар әртүрлі амандасады. Қазір сендер орындарынан тұрып, көршілерімен қарама –қарсы тұрып, бір – бірлерімен амандасындар. Мысалы, Қазақтар – қол алысады;
Итальяндықтар – құшақтасады;
Бразилиялықтар – иықтарынан қағады;
Зембібабалықтар – арқасын тигізеді;
Макидондықтар – шынтақтасады;
Никарагуалықтар - иықпен амандасады;
Австралиялықтар – 1 рет шапалақ қағады, 2 рет секіреді, 3 рет жанбастарымен бір - бірлерін итереді қалады.
|
Оқушылар орындарынан тұрып, көршілерімен қарама–қарсы тұрып, әр халықтар сияқты амандасады.
|
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
|
7 мин
|
Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.
-
Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
-
Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?
-
Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата.
-
Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?
-
Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.
-
Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?
-
Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?
|
Орындарынан кезекпен тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді.
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
|
10 мин
|
(Видео көрсетіледі)
Ақпарат адамнан да ерте туған құбылыс.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде “informatio” - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттану (Информатик) – электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпаратты жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйе жобасы деп – нақты бір программалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердін сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Сонымен ақпараттық жүей (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, ө,деу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, «дәстер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
|
Дәптерлеріне конспектілеп отырады.
|
IV. Тапсырмаларды орындау.
|
5 мин
|
2-тапсырма
3-тапсырма
4-тапсырма
|
|
V. Сергіту сәті.
|
2 мин
|
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
-
Алақанды уқалау.
-
Қолды қысу
-
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
-
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
-
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
|
Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
|
VІ. Бекіту.
|
14 мин.
| -
Бақылау сұрақтары.
-
«Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
-
Ақпаратты қанша деңгейде қарастыруға болады?
-
Ақпараттану деген не?
-
Ақпараттанудың негізгі нысаны не?
-
Ақпараттық жүйелер деген ұғымды түсіндіріндер.
-
Ақпараттық жүйелер қандай түсінікпен тығыз байланысты? Неліктен?
-
Ақпараттық қамтамасыз етудің түрлерін атапа, оларға сипаттама беріңде
Тәжірибелік тапсырма.
Іздеу жүйесін қолданып, сұрақтарға жауап тауып, оларды мәтіндік процессорда рәсімдеңдер.
|
Сұрақтарға ауызша жауап береді
Интернетте ақпаратты іздеп, мәтіндік редакторында өңдейді.
|
VI. Оқушыларды бағалау.
|
2 мин
|
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.
|
Бағаны күнделіктеріне қойдырады
|
VII.Үй жұмысы.
|
2 мин.
|
І тарау, §2 оқу.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |