Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55

43 
 
кәсіптерді айтып және сипаттап беру керек. Кәсіп және оқу пәндерінің 
мазмұны арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау қажет. 
5. Кері байланыс. 
8-ЖАТТЫҒУ. 
1. Теориялық топтама. 
Кәсіп таңдау ережесі. 
· Барынша көп кәсіпті зерделеу қажет, сіз тұратын өңірде қандай 
кәсіптер және мамандар қажет екенін анықтау. 
·  Өз  өзіңді  зерттеу  маңызды  (қызығушылықтар,  икемділіктер, 
қабілеттер,  темперамент,  мінез  келбеті,  танымдық  үдерістерінің 
ерекшеліктері,  денсаулық,  өзін  өзі  бағалау,  алға  ұмтылу  деңгейі  және 
т.б.). 
· Барынша ұнайтын, сәйкес келетін кәсіпті таңдау керек. 
· 
Таңдаған 
мамандықты 
толығырақ 
зерделеу: 
профессиограммамен  танысу,  кәсіп  формуласын  анықтау,  мазмұнын 
анықтау,  адамға  кәсіп  қоятын  талаптар  және  еңбек  шарттарын 
айқындау. Оны алу мүмкіндіктері мен кәсіби өсу үдерісін зерттеу. 
·  Таңдаған  кәсібінде  өз  күштерін  байқап  көрі  (оқыту-өндіріс 
комбинатында, қызығушылығы бойынша үйірмелерде). 
· Кәсіп туралы алған білімін өз мүмкіндіктерімен салыстыру, ата-
аналарымен,  мұғалімдерімен,  дәрігерлерімен,  психологпен  кеңесіп, 
білікті кәсіби кеңес алу. 
·  Өзінің  кәсіби  мүмкіндіктерінің  таңдаған  кәсіп  талаптарына 
сәйкестігін  анықтаған  жағдайда  мектепте  немесе  оқыту-өндіріс 
комбинатында  алғашқы  кәсіптік  дайындық  алу,  кәсіби  өзін  өзі 
анықтауға дайындығын өзі бақылауды жүзеге асыру. 
·  Көрсетілген  сәйкестік  болмаған  жағдайда  кәсіби  таңдаудың 
қосымша нұсқасын табу. 
· Өзіне болашақ кәсіпті таңдай отырып, кәсіпті жеткілікті меңгеру 
және талабын жүзеге асыруда табандылық көрсету қажет. 
2. «Мамандық – оқу мекемесі» жаттығу. 
Қатысушылар 2 командаға бөлінеді. Жүргізуші кәсіпті атайды, ал 
қатысушылар  ол  мамандықты  қандай  оқу  мекемелерінде,  қандай 
курстарда және т.б. алуға болатынын айтулары керек. 
3. «Кәсіп таңдауға әсерін тигізетін факторлар» жаттығуы. 
Қатысушылар  «ой  талқылау»  әдісімен  кәсіп  таңдауға  әсерін 
тигізетін  факторларды  табады.  Талқылаудан  кейін  жүргізуші 
көрсетілмеген факторларды қосуы мүмкін.  
4. «Мамандық – медициналық қарсы көрсеткіштер» жаттығу.  
Жүргізуші  мамандықты  атайды,  ал  командалар  –  сол  кәсіпке 
медициналық қарсы көрсеткіштерді атайды. 
5. Кері байланыс. 
9-ЖАТТЫҒУ. 


44 
 
1. Теориялық топтама. 
Кәсіп таңдау кезіндегі қателіктер мен қиындықтар.  
·  Кәсіпке  өмірлік  пана  таңдау  ретінде  қарау,  жоғары  білікті 
кәсіпке бірден бағдарлану. 
·  Қоғам  үшін  маңызды  кейбір  кәсіптерді  және  жұмыстарды 
лайықсыз, әдепсіз деп санайтын ескішілдік.  
· Достардан қалмау үшін «достармен бірге» кәсіп таңдау. 
· Қандай да бір кәсіп өкіліне деген қарым-қатынасты сол кәсіпке 
ауыстыру. 
· Кәсіптің тек сыртқы немесе бір жағына қызығу. 
· Мектептегі оқу пәнін тиістіәйкес кәсіппен теңдестіру. 
·  Кейбір  өндіріс  саласындағы  еңбек  сипаты  туралы  көзқарастың 
ескіруі. 
· Өзінің жеке қасиеттері, икемділіктері, қабілеттері, дайындығын 
түсінбеу. 
·  Кәсіп  таңдау  барысында  өзінің  физикалық  ерекшеліктерін, 
кемшіліктерін білмеу немесе бағалай алмау. 
2. «Кәсіпті тап» жаттығуы. 
Жүргізуші  қатысушылардың  біреуін  бөлмеден  шығып  кетуін 
сұрайды. Осы уақытта қалғандары кәсіпті ойластырады. Шығып кеткен 
адам  жетелеуші сұрақтардың  көмегімен  шеңбердегі  адамдар  жасырған 
кәсіпті табуы керек. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.  
3. «Кәсіпке қажетті қасиет» жаттығуы. 
Жүргізуші  кәсіпті  атайды,  қатысушыларға  сол  кәсіптің 
өкілдерінде болу керек қажетті қасиеттерді атау ұсынылады. 
4. Кері байланыс. 
10-ЖАТТЫҒУ. 
1. Сызбамен танысу. 
Н.С.  Пряжников  әзірлеген  кәсіптерді  талдау  сызбасымен 
танысады                    (5-қосымшаны
 
қара). 
2. «Кәсіпті кодпен жасыр» жаттығуы. 
Қатысушлар  командаға  бөлінеді.  Әрбір  команда  ұсынылған                               
5-қосымшадағы  сызба бойынша  қандай  да бір  кәсіпті  кодпен  жасыруы 
керек.  Содан  кейін  командаларға  қарсыластары  қандай  кәсіпті  кодпен 
жасырғанын табуы керек.  
3. Теориялық топтама. 
Кәсіп таңдау кезінде ескеру керек: 
·  Тұлғаның  тілектері,  қызығушылықтары  және  икемділіктері, 
яғни өзім қалаймын сөздерімен белгілеуге болатыны. 
· 
тұлғаның 
мүмкіндіктері 
— 
білімдері, 
қабілеттері, 
психологиялық  ерекшеліктері,  денсаулығының  жағдайы  —  қолымнан 
келеді сөздерімен белгілеуге болатыны.  
·  Еңбек  нарығының  сұранымы,  кадрларға  қажеттілік  —  керек 


45 
 
сөзімен белгілеуге болатыны. 
4. Сызба бойынша таладу. 
Қатысушыларға  жоғарыда  көрсетілген  сызба  бойынша  шеңбер 
ішінде  талдау  керек  болатын  2-3  кәсіп  ұсынылады  (қалаймын  — 
қолымнан келеді — керек). 
5. Кері байланыс. 
11-ЖАТТЫҒУ. 
1. Теориялық топтама. 
Профессиограмма  деген  не?  Бұл  кәсіптің  адамның  жеке 
қасиеттеріне қоятын негізгі талаптарын кіретін кәсіпті бейнелеу. 
Барлық  профессиограммалар  шамамен  мынадай  сызба  бойынша 
құрастырылған:  
· кәсіп атауы; 
·  еңбектің  түрі  (қолмен,  механикалық,  автоматтандырылған, 
интеллектуалды); 
· еңбектің атауы және өнімі
· жұмысты орындау үшін қажетті білім және білік;  
· жұмыс шарттары
· медициналық қарсы көрсеткіштер
· адамға талаптары
· мамандық алу жолдары.  
2. Жаттығу. 
    Әрбір қатысушыға өзіне барынша ұнамды кәсіпті таңдау және ол 
үшін профессиограмма құру ұсынылады.  
3. Кәсіптегі ойын. 
Бір  қатысушы  кәсіпті  атайды,  шеңбер  бойынша  келесі  адам 
алдыңғы  айтылған  сөздің  соңғы  әрпіне  сәйкес  келетін  кәсіпті  атауы 
керек.   
4. Кері байланыс. 
12-ЖАТТЫҒУ. 
    Бұл 
жаттығу  семинар  түрінде  өтеді.  Тақырыбы:  «Оқу 
мекемелері». 
колледжде,  ЖОО-да  және  т.б.  оқу  орындарында  оқыту  ерекшеліктерін 
қарастырған дұрыс. Семинарда келесі сұрақтар болуы мүмкін: күндізгі, 
кешкі, сырттай оқу; мемлекеттік және коммерциялық мекемелер; білім 
алған соң мансаптық өсі үдерісі және т.б. 
13- ЖАТТЫҒУ. 
1. Теориялық топтама. 
«Ережелер бойынша жұмысқа тұрамыз». 
Жүргізуші. Сіз мамандық таңдап және білім алып болдыңыз деп 
елестетіңіз.  Мен  қазір  сіздерге  жұмысқа  тұру  барысында  қолдануға 
болатын  бірнеше  ережелер  туралы  айтамын.  Бірінші  әсер  көбінесе  әрі 
қарай  өзара  қатынасты  анықтайтыны  белгілі.  Бұл  әсіресе  біз  жұмысқа 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау