46
тұратын кезде аса маңызды.
Жұмыс беруші алдымен әлеуетті қызметкердің өмірбаяны мен
сауалнамасына назар аударады. Бұл үдерістің қандай ерекшеліктерін
есепке алу қажет?
· Толтыруға сауалнама алған кезде 2 дана сұраңыз. Біреуі сізге
черновик ретінде керек болады; сауалнаманың аяқталған нұсқасы
мінсіз, қатесіз және жаңылыссыз толтырылған болуы керек.
· Толтырылмаған бірде бір графаны қалдырмаңыз. Егер
жауаптардың сізге қатысы болмаса «жоқ», «болмаған», «болмады» және
т.б. жауап беру керек. Бұл сіздің бірде бір сұрақты өткізіп
жібермегеніңізді түсіндіреді.
· Егер кейбір сұрақтар айтқыңыз келмейтін ақпараттарға қатысты
болса (мысалы, сотталған туралы), шындықты жазғаныңыз дұрыс
болады. Ондай мәліметтерді тексеру оңай, оның ашылғаны сізге
жағымды болмайды.
· Сауалнамадағы мамандық бойынша сіздің біліктілігіңізге
қатысты, тіпті басқа саладағы да (факс, компьютер қолдана білу) бағалы
ақпаратты жазып қоюға тырысыңыз.
· Егер
сізді жалдаушы ұйым сауалнамаңызды оқып, сізге
қызығушылық танытса, сұхбаттасуға шақырады. Оған дайындалған
кезде жүріс-тұрыс стратегиясын таңдау қажет. Сұхбаттасуда сіздің
сұрақтар және жауаптарыңыздың ортасында бірінші орында жалақы
емес, сіз жұмысқа орналасып жатқан ұйым немесе фирма болуы керек.
Сұхбаттасу барысында:
· Алғашқы жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз.
· Байсалдылық
сақтаңыз, еркін отырыңыз.
· Анық және нық сөйлеңіз. Шаштарыңызды, әшекейлерді
түрткілемеңіз, қолыңызды қапсырмаңыз.
· Бұлтыртпай жауап беріңіз. Қысқа жауап бермеңіз, бірақ тым көп
сөйлемеңіз.
2. Түйіндеме құрастыру.
Қатысушылар келесі сызба бойынша түйіндеме құрастырады:
А.Ж.Ә.
Жасы.
Білімі.
Қалайтын бос лауазым.
Жұмыс тәжірибесі.
Сіздің дағдыларыңыз бен біліктеріңіз.
Сіздің мықты және әлсіз жақтарыңыз.
3. «Жұмысқа орналасамыз» сюжетті-рөлдік ойын.
Топтан 2 еріктілер шығады. Біреуі жұмысқа орналасатын болады,
екіншісі – сұхбаттасу өткізеді.
4. Кері байланыс.
48
1-қосымша
«Халың қалай?» әдісіне әзіл сұрақтар тізбесі
Сіз үшін өмірде не маңызды?
1. Көлік («мерседес») немесе денсаулық (күш, шыдамдылық)?
2. Шет елдік достар (бай адамдар) немесе жұмысшы достар
(қарапайым адамдар)?
3. Сұлулық (сүйкімділік және сәнді киім) немесе шығармашылық
жұмыс (маңызды бірдеңе құру мүмкіндігі)?
4. Бассейні бар вилла немесе оқымысты достар (мұғалімдер,
инженерлер)?
5. Автокөлік («вольво») немесе сұлулық (сүйкімділік, қымбат
киімдер)?
6. Италияда демалу (сәнді қонақ үйі, валютаға толы қалта) немесе
торта балықпен сыра (жай адамдармен сөйлесу)?
7. Әртіс достар (ақындар, журналистер) немесе қауіпті оқиғалар
(азартқа толы өмір)?
8. Сұлулық (сүйкімділік, әдемілік) немесе құмарта сүю (сіз үшін
өмірін беруге дайын)?
9. Құдайға сену (жан тыныштығы) немесе қауіпті оқиғалар
(барлық күйзелістер, оқиғалар)?
10. Бассейні бар вилла немесе әртіс достар (богема)?
Өз таңдауыңыз бойынша кез келген жоғарыда көрсетілген 10
құндылықтардың кез келген 1-не балл қосыңыз, ал кез келген
құныдылықтың біреуінен 1 балл алып тастаңыз.
11. Шет елдік достар немесе сіз өзіңіз ғашықсыз ба (мәртебелі,
бірақ жанның жауапсыз екпіні).
12. Жұмысшы достар (қарапайым адамдар) немесе қауіпті
оқиғалар (өмір азарты)?
13. Италиядағы демалыс (сәнді қонақ үй, көп валюта) немесе сізді
құмарта сүйеді (сіз үшін өмірін беруге дайын)?
14. Денсаулық (күш, шыдамдылық) немесе шығармашылық
жұмыс (ғажап жаратылыс құру мүмкіндігі)?
15. Тортамен және балықпен сыра (қарапайым адамдармен
сөйлесу) немесе сіз өзіңіз ғашықсыз (мәртебелі, бірақ жанның жауапсыз
екпіні)?
16. Автокөлік («ситроен») немесе шығармашылық жұмыс (өз
дарынын көрсету мүмкіндігі)?
17. Бассейні бар вилла немесе денсаулық?
18. Сізді құмарта сүйеді немесе сіз өзіңіз ғашықсыз?
19. Италиядағы демалыс немесе Құдайға сену (жан тыныштығы)?
20. Әртіс достар (богема) немесе жұмысшы достар (қарапайым
адамдар)?