Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55

34 
 
«Дипломмен  ауылға»  жобасы  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен  құрылған.  "Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  ауылдық  елді 
мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және 
ынталандыру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Заңына  сәйкес  ауылдық  елді 
мекендерге  жұмыс  істеу  және  тұруға  келген  әлеуметтік  сала 
мамандарына  келесідей  әлеуметтік  қолдау  шараларын  ұсыну 
қарастырылған: 
70 АЕК мөлшерінде біржолғы көші жәрдемақысын төлеу; 
1500  АЕК  мөлшерінде  0,01%  мөлшерінде  сыйақы  төлемімен,  15 
жыл мерзімге тұрғын үй құру және алу үшін бюджеттік несие; 
ауылдық  елді  мекендерде  орналасқан  әлеуметтік  сала 
мекемесіндегі  мамандарға  қызметтік  окладтан  (тарифті  ставка)  25 
%-дан кем емес көтермелеу. 
Стенд  үнемі  жаңартылып  тұруы  керек  (айсайын,  тоқсан 
сайын); мазмұны бойынша қызықты және өзекті болуы қажет.  
 
Профессиограмманы_әзірлеу_және_қолдану__Профессиограмма'>Профессиограмманы әзірлеу және қолдану 
 
Профессиограмма  –белгілі  бір  мамандықпен  танысу  бойынша  
педагогтің дәрісті құру негізі. 
Кәсіби  бағдарлау  бойынша  кабинеттің  алдында  тұрған 
міндеттерді  табысты  шешу  шарттарының  маңыздысының  бірі 
мамандықтардың профессиограммаларының болуы болып табылады.  
Профессиограмма 
– 
ол 
адамның 
интеллектуалды, 
психологиялық,  физикалық  және  т.б.  жеке  қасиеттеріне    мамандық 
тарапынан қойылатын негізгі талаптар енгізілген кәсіптің сипаттамасы.  
Барлық  профессиограммалар  шамамен  мынадай  жүйе  бойынша 
құрылған: 

мамандық атауы; 

мамандықтың  халық  шаруашылығындағы  маңызы  мен 
орны; 

еңбек түрі: қол еңбегі, механикалық, автоматты; 

еңбектің мәні және өнімі; 

жұмысты орындау үшін қажетті білім, білік; 

жұмыс шарттары, жұмыс орны; 

еңбек және демалыс тәртібі; 

медициналық қарсы көрсеткіштер; 

тұлғаның  жігерлік,  іскерлік  және  тағы  басқа  қасиеттеріне 
талаптар; 

мамандықтың  тұлғаға  әсері:  жалпы  мәдени  деңгейін 
қалыптастыруға, ойлау қабілеттерінің, мінезінің дамуына; 


35 
 

мамандықты  алу  жолдары,  білім  беру  ұйымдарына 
сипаттамалар және оларға түсу шарттары; 

кәсіби шеберліктің өсу келешегі. 
Түрлі  мамандықтардың  профессиограммалары  жинақталған 
арнайы  топтамалар  бар.  Әдетте  олар  Е.А.  Климов  ұсынған  типология 
бойынша  жіктелген:  адам  –  адам,  адам  –  техника,  адам  –  көркемөнер 
бейнесі,  адам  –  табиғат  және  адам  –  белгі.  Барынша  жаңа  кәсіптердің 
пайда  болуына,  еңбек  нарығының  тез  өзгеруімен,  ақпараттандыру 
рөлінің  күшеюімен  профессиограмма  да  үнемі  өзгереді.  Бұдан  басқа, 
әлі профессиограмма құрап үлгермеген жаңа кәсіптер пайда болуда.  
 
Үлгілі профессиограммалар  
Есепші 
Мамандық атауы 
есепші 
Ойлаудың басымдылық құралы 
қосымша — реттеу 
№1 базалық білім саласы және 
оның деңгейі 
қаржылық менеджмент, есепшілік 
есеп, 3 деңгей, жоғары 
(теориялық) 
№2 базалық білім саласы және 
оның деңгейі 
математика және статистика, 2 
деңгей, орта (білімді тәжірибеде 
қолдану) 
Кәсіби сала 
экономика 
Тұлғааралық өзара іс-әрекет 
«қасымда» типі бойынша жиі 
Басым қызығушылық 
шартты 
Қосымша қызығушылық 
кәсіпкерлік 
Жұмыс шарттары 
ғимаратта, отырып 
 
Қызметтің басымдылық түрлері: 
негізгі  қаражаттарды,  тауарлы-материалдық  құндылықтарды, 
өндіріс  шығыстарын  есепке  алу,  өнімдерді  іске  асыруды,  қаржылық-
шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу (кіріс мөлшерін анықтау), 
көрсетілген  қызметтері  үшін  тапсырыс  беруші  және  жеткізушімен 
есептесу және т.б.; 
бухгалтерлік есептің тиісті бөлімі бойынша алғашқы құжаттарды 
қабылдауды  және  бақылауды  жүзеге  асыру  (оларды  құрастырудың 
заңдылығын, 
жазудың 
толықтығын, 
көрсетілген 
өлшемдердің 
дұрыстығын,  қол  қоюдың  дұрыстығын  тексеру)  және  оларды  есептік 
өңдеуге дайындау; 
қабылданған құжаттарды нақты белгілері бойынша топтау; 
жалпы  кәсіпорынның  және  құрылымдық  бөлімшелердің 
шаруашылық  қызметіне  экономикалық  талдау  жасау  және  қызметі 
туралы ақпаратты ұсыну; 
кәсіпорынның  резервін  және  есеп  беру  базасында  кіріс  көзінің 


36 
 
жоғалуын анықтау; 
кіріс көзінің жоғалуын және өндірістік емес шығыстарды жою; 
мемлекеттік  бюджетке  төлемдерді  есептеу  және  төлеу, 
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналарды, капиталды салымды 
қаржыландырудың  қаражатын,  қызметкерлер  мен  жұмысшылардың 
жалақысын,  салық  және  басқа  да  төлемдерді  төлеу,  сонымен  қатар 
экономикалық ынталандыру және т.б. қорларға қаражаттарды аудару;  
алдын  ала  бақылау  қызметін  жүзеге  асыру  (ақшаны,  тауар-
материалды  және  басқа  да  құнды  заттарды  беру  және  алу  бойынша 
жұмыстар өткізудің маңыздылығы мен мақсаттылығын анықтау); 
жұмыс  нәтижелері  бойынша  айлық,  тоқсандық,  жылдық 
есептерді жасау және оларды баланстық кестеге ресімдеу; 
мүлікті 
түгендеуге 
қатысу 
(бар 
материалдарды, 
ақша 
қаражаттарын, 
есептер 
мен 
төлем 
міндеттерінің 
есепшілік 
құжаттарының деректерімен  салыстыру); 
есеп  құжаттарының  сақталуын  қамтамасыз  ету,  мұрағатқа 
тапсыру  үшін  белгіленген  тәртіпке  сәйкес  оларды  ресімдеу;  жұмыста 
заманауи компьютерлік техниканы қолдану. 
Кәсіби  қызметті  табысты  орындауды  қамтамасыз  ететін 
қасиеттер 
Қабілеттер: 
математикалық (есептеу) қабілеттіліктердің жоғары деңгейі; 
жинақтауға,  талдауға,  қабылданған  ақпаратты  меңгеруге 
қабілеттілігі; 
назарын  жақсы  шоғырлау,  тұрақтау  және  зейінін  ауыстыру  (көп 
уақыт  бойы  бір  затқа  зейінін  шоғырлай  білу  қабілеті,  нақты  бір 
әрекеттің  түрімен  шұғылдану,  сонымен  қатар  әрекеттің  бір  түрінен 
екінші түріне тез ауыса білу қабілеті); 
жақсы  мнемикалық  қабілеттері  (қысқа  мерзімді  және  ұзақ 
мерзімді есте сақтау қабілеті жақсы дамуы); 
қызметтің  біркелкі  түрімен  ұзақ  уақыт  айналысу  қабілеті 
(құжаттармен және цифрлармен жұмысқа икемділігі); 
кедергіге жоғары деңгейде қарсы тұру; 
техникалық  дайындығы  (дербес  компьютерде  жұмыс  істеу 
дағдысы). 
Жеке қасиеттері, қызығушылықтары, икемділіктері: 
Ынталылық, шыдамдылық; 
міндеттілік; 
жауапкершілік; 
ұқыптылық; 
эмоциялық-психикалық тұрақтылық (өзін өзі бақылау қабілеті); 
табандылық; 
жұмыста «тақуашылдық»; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау