Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет156/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   219

332 

 

пособие  /  В.Э.  Завистовский,  С.Э.  Завистовский.  –  Кокшетау:  Келешек-2030, 



2014. – 280 с. 

3. Завистовский  В.Э.  Междисциплинарная  интеграция:  инновационные 

подходы  в  обеспечении  качества  технического  образования  /  В.  Завистовский 

//Высшее  техническое  образование:проблемы  и  пути  развития:  материалы  VII 

международной научно-методической конференции.  – Минск: БГУИР, 2014.  – 

С. 37-38. 

 

 

ҤШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 



 

Идрисова З.О. 

№ 18 орта мектебі  

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

zaure_kgu@mail.ru 

 

Тілдерді  қолдану  мен  дамыту  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  саясаттың 

маңызды  бӛлігіне  айналып  отыр.  Себебі,  тіл  саясаты  оның  ішінде 

мемелекеттік 

тілдің 

проблемалары 

еліміздің 

қауіпсіздігіне, 

оның 

мемлекеттілігінің  нығаюына  тікелей  қатысты  мәселелер  болып  табылады. 

Қазақстан  халықтары  тілдерін  дамытудың  стратегиясы  үш  негізгі 

мақсатта:  мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  –  коммуникативтік  қызметін 

кеңейту  мен  нығайту;  орыс  тілінің  жалпы  мәдени  қызметін  сақтау; 

этностық  топтардың  тілдерін  дамыту  бағытында  жұмыстар  атқарылуда. 

Қазақстан  Республикасының  тілін  жүзеге  асыру,  тілді  меңгеруге  деген 

қызығушылықты  ынталандыру,  жан-жақты  дамыған,  бәсекеге  қабілетті 

тұлға  тәрбиелеу,  үш  тілді  –  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  жетік 

меңгерген  қабілетті  жастарды  тәрбиелеу.  Кӛптілділік  –  заман  талабы.  Бір 

халықтың  мәдениетін  басқалармен  салыстыру  арқылы  ғана  әлем  суретін  әр 

алуан және әрі тұтас кӛруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық 

ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

  

 



Әлемде  қанша  ұлт,  нәсіл  болса,  соларды  бір-бірінен  даралап  тұратын 

басты  бойтұмары  –  туған  тілі.  «Әр  халықтың  ана  тілі  –  білімнің  кілті»,-деп 

Ахмет  Жұбанов  тілдің  адамзат  ӛміріндегі  маңызын  аша  түскен  [1:  16]. 

«Адамзаттың  Айтматовы»  атанған,  әлем  әдебиетіндегі  кӛрнекті  жазушы 

Шыңғыс Айтматовтың мына бір пікірі: «Тіл – халықтың автопортреті. Әр тіл - 

ӛз орнында ұлы, әр тіл - бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы ӛз 

ӛрнегімен  қымбат»,-деп  ана  тілінің  ұлылығын  дәлелдей  түседі  [1:  20].  Ана 

тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшылдарымыз, ақын-жазушыларымыз құнды 

пікірлер  қалдырды.  Осынау  бабаларымыз  сӛйлеп,  даналарымыз  толғап, 

аналарымыз әлдилеп ӛскен қазақ тілінің еліміздің болашағының кӛркеюіне зор 

ықпал етуде. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – 

қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай ӛмірдің барлық саласында үстемдік 

етіп,  кез-келген  ортада  күнделікті  қатынас  тіліне  айналады.  Осылай 



333 

 

тәуелсіздігіміз  бүкіл  ұлтты  ұйымдастыратын  ең  басты  құндылығымыз  –  туған 



тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2: 5]. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке 

мен  бірліктің,  ынтымақ  пен  достықтың,  татулықтың  ӛлкесі  болып,  кӛпұлтты 

мемлекетке  айналып  отыр.  Осы  орайда  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  атап 

ӛткендей:  «Біз  -  кӛпұлтты  қоғамбыз.  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлттар  мен 

ұлыстардың  тілін,  мәдениетін  және  салт-дәстүрін  дамытуға  барынша  жағдай 

жасауды  алдыңғы  уақытта  да  жалғастыра  беретін  боламыз»  [2:  24],-деген  еді. 

«Қазақстанды,  қазақты  достықтың  киелі  шаңырағына  теңесек,  түрлі  этностар 

оның  алтын  арайлы  шуақтары  іспетті.  Бұл  ретте  байтақ  мекенде  баршамызды 

біріктіре  түсетін  ортақ  құндылықтар  бар.  Ол  –  біздің  талайлы  тағдырымызды 

тұтастыратын  шежірелі  тарихымыз.  Ол  –  біздің  байтақ  мәдени  мұрамыз  бен 

қазығы берік мемлекеттік тіліміз» [3: 7].  

Бүгінгі  білім  беру  жүйесі  модернизацияланған  заманда  кӛп  тілді 

меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел 

біліммен»,-деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ұстаным  еткендей,  келшекке  терең 

біліммен  қадам  басып,  әлемдік  білім  кеңістігінің  құпияларына  үңіліп,  қоғамға 

бейім, ӛз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген 

құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. 

Үштілді  оқыту  –  заман  талабы.  Үштілділік  –  бәсекеге  қабілетті  елдер 

қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.  

Елбасымыздың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Халқына 

Жолдауында:  ―Тілдердің  үштұғырлығы  мәдени  жобасын  кезеңдеп  жүзеге 

асыруды  қолға  алуды  ұсынамын.  Қазақстан  бүкіл  әлемге  халқы  үш  тілді 

пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар  -  қазақ  тілі  - 

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  -  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  - 

жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кіру  тілі‖  деген  салиқалы  үндеуінде 

айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор [4: 41]. 

«Тілдердің  үш  тұғырлылығы»  бағдарламасының  басты  мақсаты-қазақ 

тілінде  қысым  жасау  емес,  керсінше  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  орыс  және 

ағылшын  тілі  дәрежесіне  дейін  кӛтеру.

 

Оның  үстіне  қазақ  тілінің  бәсекеге 



қабілеті  осындай  міндеттерді  қоюға  толық  мүмкіндік  береді.  Сондықтан, 

халықтың орыс  тілін білу  деңгейін  жоғалтпауымыз керек, ал  ағылшын  тілін  – 

болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған 

халықаралық  қатынастар  тілдерінің  бірі.  Сондықтан,  Н.Назарбаевтың 

Қазақстандықтардың  ӛскелең  ұрпағына  үш  тілді  меңгеру:  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  ретінде,  орыс  тілін  ұлтаралық  қатынас  тіл  ретінде  және 

ағылшын  тілін  халықаралық  қатынас  тілі  ретінде  білу  мүмкіндігін  жасауға 

деген ұмтылысы ӛте дұрыс деп ойлаймын. 

Тілдерді  қолдану  мен  дамыту  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  саясаттың 

маңызды бӛлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік 

тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына 

тікелей қатысты мәселелер болып табылады. 

Қазақстан  халықтары  тілдерін  дамытудың  стратегиясы  үш  негізгі 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау