44
қазақ әліпбиін бірге үйренейік!» атты интернет-бағдарлама (интернет-передача)
түсірілуде, облыстық «Білім шырағы» газеттерінде «Әліпбиді бірге үйренейік!»,
сонымен қатар «Жас дарын» облыстық балалар журналына арналған «Жаңа қазақ
әліпбиін тез меңгерудің 7 сабағы»айдарлары ашылып, сабақтар жүргізілуде.
2019 жылы наурызда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ҒЗИ ұйымдастырған
«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында универсиеттің филолог
оқытушылары 12 сағаттық республикалық біліктілікті көтеру семинарына қатысты.
«Латын графикасы: сауаттылық негіздері» атты 36, 72 сағаттық оқу бағдарламасы
даярланып, биылғы оқу жылынан бастап университетіміздің сертификатталған
оқытушылары (оның ішінде ғылым докторлары, кандидаттар мен маистрлер бар) оқыту
курстарын бастайды.
2019 жылы Жамбыл облысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты
комитеті және облыс әкімдігімен бірлесіп ақпараттық-насихаттық апталығы өтті.
Апталықтың нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Латын графикасын
үйретудің оқу-әдістемелік» кабинеті «Ең үздік латын кабинеті», «Ең үздік әдістемелік
құрал» номинацияларына ие болды.
Биылғы оқу жылында ақпараттық-медиа кеңістігінде жаңа әліпби мен емле ереже
бойынша
университеттің
профессор-оқытушылар
құрамының
50-ге
жуық
публицистикалық және 80 шақты ғылыми мақаласы жарияланды.
"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық"жобасы
бойынша 2018-2019 оқу жылы универсиеттің кітапханалық-ақпараттық орталығының
қорында 19 кітап бойынша 1641 оқулық, ал 2019 жылы 6180 дана оқулық келіп түсті. Бұл
оқулықтар оқу үрдісіне енгізілген. Сондай-ақ студенттерге осы оқулықтарды жаппай
оқыту мен оның мәнін түсіндіру мақсатында «Әлем маржандары қазақ тілінде» атты
әлеуметтік желілерде букчелендж бен «Менің сүйікті кітабым» атты дилижанс,
Буккроссиң ұйымдастырылды. Университеттің кітапханалық-ақпараттық орталығына
жоба аясында келіп түскен оқулықтарды қолжетімді түрде оқу үшін арнайы QR-код
қойылып, баннерлер оқу залдарына орналастырылуда. Кітаптарды жаппай тарату мен
насихаттау, оларды оқыту мақсатында дәл осы нұсқада Тараз қаласы мен Жамбыл облысы
аудандарының оқу залдарына орналастыру 2019 жылдың шілде айынан басталды. 2018-
2019 оқу жылында университеттің бакалавриат пен магистратура бағдарламалары
бойынша 43 диплом мен 12 магистрлік диссертациялық жұмыс қорғалса, 2019 жылы 22
магистрлік диссертация мен 55 дипломдық жұмыс дайындалды. Бұл үрдіс алдағы уақытта
да жалғасын таппақ.
"Туған жер" және "Қазақстанның сакралды географиясы" бағыттары
бойынша өлкетану жұмыстарын жүргізу және бай тарихты, мәдени дәстүрді, рухани
құндылықтарды дәріптеу бойынша ic-шаралар жоспарланды. 2018 - 2019 оқу жылында
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруда «Әулиеата –
киелі мекен ІІІ» экпедицияның аясында
«Шу-Талас өңірінің поэтикалық дәстүрлері»
атты ғылыми-фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды. Мақсаты –Талас-Шу
өңірінің әлі де жиналып, жүйеленбеген, ғылыми айналымға түспеген фольклор
материалдарын және халық ақындарының шығармаларын жинау. Экспедиция
қорытындысы бойынша «Шу-Талас өңірінің халық шығармашылығы» атты
ақындарының шығармалар жинағын шығару және «Туған өлке – тұнған шежіре» атты
деректі фильм шығару жұмысы жоспарға сәйкес дайындалуда.
Сондай-ақ шілде айында «Хантау металургтері» қалашығындағы қазба
жұмыстары жүргізілді. 1958 жылы А.Марғұлан ашқан және белгілеген металлургтер
қонысында археологиялық зерттеулерді Шу өзенінің алқабында барлау жұмыстарын
М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірінші рет өткізді. Кешенді
жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы халықтың өндірістік белсенділігінің даму
проблемаларын зерттеу негіздерін құру. Бұл мақсаттың маңызды аспектісі - қазіргі
уақыттағы географиялық шекараларда мемлекеттіліктің қалыптасуы жағдайында
45
халықтың мәдениетін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу. Бұл экспедиция нәтижесінде
табылған артефактілер, тарихи және этнографиялық деректер университет музейінде
қойылды. Алдағы уақытта фотоальбом және тарихи еңбекті баспадан шығару
жоспарлануда.
«Туған жер» және «Қазақстанның сакралды орындары» жобалары аясында
университетте 2018-2019 оқу жылында ауқымды 100-ге жуық әртүрлі іс-шара
өткізілді.Мәселен, «Көк бөрі – ұраным, айбыным» әлеуметтік желілерде жас ақындар
мүшәйрасы; «Туған жерге тағзым» тақырыбында түлектермен Студенттік телестудияда
сұхбаттар ұйымдастырылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Абдуалының
«Қазақ хандығы ту тіккен өңір» атты монографиясы шықты. Университет
ғалымдарының осы бағыттарда 140-қа жуық ғылыми мақалалары жарияланды.
"100 жаңа есім"жобасы аясында тәуелсіздік жылдары ел дамуына сүбелі үлес
қосқан азаматтар мен жаңа заман тұлғаларының еңбек жолын жастарға үлгі ретінде
насихаттау мақсатында университетте әрдайым кездесулер, қоғамдық лекциялар, дөңгелек
үстелдер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ 2019 жылдың қаңтар айында «Жамбыл облысы:
ғылымдағы тұлғалар» атты еңбек (Авторлары: И.Бекбасараов, М.Жанқуанышев)
дайындалуда.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап
«Энергия көздерін қайта қалпына келтіру негізінде фермерлік шаруашылықтарды қуат
көзімен қамтамасыз етудің автономдық жүйесін әзірлеу» жобасы іске асырылуда.
Сонымен қатар облыстың Байзақ ауданындағы Дихан орта мектебі мен Шу ауданындағы
Шоқпар ауылы Ораз Жандосов атындағы орта мектептерінің кітапханаларына арналған
Megabook (мегабук) виртуалды оқу залын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша
университет ғалымдарының еңбектерін және әдеби шығармалар базасын мектеп
мұғалімдері мен оқушылары пайдалана алады.
Университте 2018-2019 оқу жылы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
білімнің салтанат құруы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау,
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы сияқты бағыттары бойынша да
ауқымды 92-ден астам іс-шара атқарылды.
Оның ішінде 5-еуі халықаралық («Бабалар мұрасы» атты ІІ Халықаралық
студенттер арасындағы сән фестивалі; Түркі әлемінің Ү Халықаралық симпозиумы;
«ЖОО кітапханасы: модернизация, басқару, сапа» тақырыбында халықаралық
кітапханалық форум; «Дулати мұралары және әлем руханияты» тақырыбында «Х Дулати
оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы); 8-і республикалық ("Алаш
ұстанымы – ұлт мұраты" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конфереция; «Тарихи
сананы қалыптастыру және білімнің салтанат құруында гуманитарлық ғылымдардың
рөлі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жән т.б.); 24-і облыстық
деңгейде(«Бәсекеге қабілетті жастар – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өңірлік
жастар форумы; «Мәңгілік Елдің өскелең ұрпақтары» атты облыстық пікір-сайыс турнирі;
«Көк бөрі – ұраным, айбыным» әлеуметтік желілерде жас ақындар мүшәйрасы; «Ұлы
дала: ғылым және жастар» тақырыбында V «Үздік ғылыми жоба» дәстүрлі байқауы және
т.б.) және қалғаны қалалық, универсиеттік көлемдегі іс-шаралар.Жалпы «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы бойынша университет профессор-оқытушыларының дайджесі
түзіледі.
Биылғы оқу жылында бағдарлама аясында барлығы 350-ге жуық мақала
жарияланып, интернет-ресурстаррында 63, телеарнада 10 сұхбат берілген. Әлеуметтік
желілерде жарияланған ой-пікірлер саны 250.
9. ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық әлеуеті
жаңа құралдардың, механизмдердің, аспаптардың және т.б. сатып алынуына байланысты