Ректоры, п.ғ. д., профессор М. Н



жүктеу 2,67 Mb.
Pdf просмотр
бет19/21
Дата05.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#25877
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

42

 

 



 

8. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ 

ҚЫРЫ» БАҒДАРАЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ 

 

Университетте  кураторлық  жұмысқа  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Өткен  оқу  жылында 



435  академиялық  топтарда  313  оқытушы  кураторлық  жұмысқа  тартылды,  бұл 

профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 49,6% құрайды, яғни белгіленген 

стратегиялық  көрсеткішінен  5,4%-ға  кем  болды.  Жыл  сайын  оқытушылар  «Кураторлар 

мектебі»  арнайы  курсында  педагогикалық  шеберліктерін  жүйелі  түрде  жоғарылатады. 

2018-

2019 оқу жылында 61 куратор курстан өтіп, сертификаттарға ие болды.  



2018-

2019  оқу  жылында  университеттің  даму  стратегиясында  көрсетілген  тәрбие 

жұмыстарының  бағыттары  бойынша  университет,  қала  және  облыс  деңгейлерінде 

барлығы  600-ге  жуық  ауқымды  іс-шаралар  өткізілді,  олардың  ішінде  қазақстандық 

патриотизмді  тәрбиелеу  бойынша  -  126,  рухани-адамгершілік  тәрбие  бойынша  -  96, 

құқықтық  білім  бойынша  -  61,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  арналған  іс-

шаралар – 96 және  жастар саясаты аясындағы – 170 іс-шара. (33 слайд) 

Студенттердің  бастамаларын  дамытып,  қолдау  және  оларды  университеттегі 

әлеуметтік,  мәдени  және  бұқаралық  спорт  пен  жұмыс  өміріне  тарту  мақсатында 

университетте  барлығы  7  студенттік  жастар  ұйымы,  4  жастар  қозғалысы,  13 

қызығушылық  клубы,  «Сұңқар»  спорт  клубының  26  секциясы,  13  шығармашылық 

студиясы  мен  студенттік  театр  жұмыс  атқаруда.Соның  ішінде  2018-2019  жылы  жастар 

арасында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  мақсатында  құрылған 

«Саналы ұрпақ» студенттік клубы да бар.  

Өткен оқу жылында аталмыш жастар ұйымдары мен қызығушылық клубтарының 

жұмыстарына  1364  (21,5%),  шығармашылық  студиялар  мен  студенттік  театрының 

жұмысына  -  506  (8,1%),  спорттың  28  түрі  бойынша  спорттық  секцияларға  1190  (18%) 

студент тартылды, бұл көрсеткіштер Даму стратегиясында белгіленген индикаторларына 

сәйкес  келеді.  Жыл  сайын  «Жас  Отан»  ЖҚ  белсенділері  мен  мүшелерінің  саны  артуда. 

Мәселен,  аймақтағы  ең  үлкен  бастауыш  ұйым  –  біздің  университетте.  Жалпы  саны  600 

студенттен астам мүшесі бар.  

Университет  әкімшілігі  студенттер  арасында  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлуде.  Атап  айтқанда,    өткен  оқу  жылында  университет 

пен  облыстық  Денсаулық  сақтау  басқармасы  арасындағы  ынтымақтастық  туралы 

меморандум  негізінде  гидро  кешеннің  оқу  ғимаратында  қосымша  медициналық  пункт 

ашылды. Есепті жылы студенттерді қала мен облыстың емханаларына тіркеу, облыстық 

СПИД  орталығының  қатысуымен  студенттерге  жыныстық  тәрбие  беру  бойынша  іс-

шаралар, медициналық тексерулер және асханалардың, жатақханалар мен спортзалдардың 

санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. 

 

Университеттің  маңызды  әлеуметтік  міндеттерінің  бірі  -  студенттерді 



жатақханамен қамтамасыз ету. Университетте 804 орындық 3 жатақхана бар. Жатақхана 

орындары «Университет студенттеріне жатақхана бөлу туралы» Ережеге сәйкес бөлінеді. 

Қазіргі уақытта 500 орындық жаңа жатақхананың құрылысы жүргізілуде, оның іргетасын 

қалау  рәсімі  2018  жылдың  қазан  айында  университеттің  құрметті  түлегі,  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықованың қатысуымен өтті. 

Өткен  оқу  жылында    «Жасыл  ел»  еңбек  жасақтарының  құрамында  81  студент 

қаланы  абаттандыруға  қатысты.  Олардың  жалақысы  40  000  теңгені  құрады.  Тараз 

қаласындағы  мектептер  мен  тұрғын  үй  құрылыстарында,  сондай-ақ  облыстың  Жуалы 

және  Байзақ  аудандарында  жұмыс  істеген  118  студент  студенттік құрылыс  отрядтарына 

қатысты. Олардың орташа жалақысы 72000 теңгені құрады. 

 2018-

2019  оқу  жылында  өткен  Қазақстан  жоғары  оқу  орындары  арасындағы  Х 



Жазғы  универсиадада  университет  студенттері  таэквондо,  каратэ,  дзюдо  және  спорттық 

бағдарлау  түрлерінен  8  жүлделі  орындарға  ие  болды.  Студенттердің  спорттық 




43

 

 



белсенділіктерін  қолдау  мақсатында  2018  жылдың  қазан  айында  университеттің  60 

жылдық  мерейтойы  аясында  4  жаңа  жазғы  спорт  алаңы  ашылды  (шағын  футбол, 

баскетбол, волейбол алаңдары мен 250 метрлік жүгіру жолы). 

Университет  студенттеріне  жыл  сайын  оқу  ақысына  әлеуметтік  жеңілдіктер  беру 

қарастырылған. Өткен оқу жылында осындай жеңілдіктер жалпы сомасы 10 миллионнан 

астам теңгені құрайтын шамамен бір жарым мың студентке берілді. 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  университет  2018  жылы 

Қазақстандық  стратегиялық  зерттеулер  институтының  рейтингісі  бойынша  алғашқы 

орындағы ЖОО-ның қатарында болды.(34 слайд) 

Университетте  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  барлық  бағыттары  бойынша 

жұмыстарды үйлестіру үшін «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жұмыс істейді. 2018 жылы 

оқу ордамыздың ғалымдары бағдарламаның бағыттары бойынша 12 жоба әзірлеп, өңірлік 

эксперттік  комиссия  сараптауынан  5  кіші  жоба  мақұлданып,  жұмыстарын  атқаруда. 

Соның ішінде «Ел мұрасы – ғибрат бастауы» жобасының мақсаты –Жамбыл облысының 

тарихымен байланысты халық әдебиеті мұраларын (аңыз-әңгімелер), тәуелсіздікке дейінгі 

ақындардың шығармашылығын жинақтап, 10 томдық жинақ шығару болатын. Міне, сол 

он  томдықтың  алғашқы  1-томы  аясында  2018  жылы  баспадан  шығып,  ол  Майкөт 

Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. 

«Балалар  үйінде  ұлттық-рухани  тәрбие  беру»  1  жылға  арналған  кіші  жобасының 

аясында атқарылған іс-шаралар, жүргізілген ғылыми-зерттеулер мен семинар-тренингтер 

нәтижесінде  «Білімді  ұрпақ,  саналы  жастар  –  ұлттық  құндылық»  атты  облыстық 



ғылыми-әдістемелік  қорытынды  семинар  өтіп,  жасалған  ғылыми  баяндамалар  мен 

мақалалар нәтижесінде жинақ баспадан шықты. 

Сонымен  қатар  жаңа  ақпарттық  мультимедиалық  әдістерді  және  цифрлық 

технологияларды    қолдану  арқылы  Қазақстанның  полиэтникалық  тарихи-мұрасы  мен 

рухани  байлықтарын,  ұлттық  бірлігі  мен  этносаралық  келісім  модельдерін  насихаттау 

мақсатында  «Жамбыл  облысы  этникалық  топтарының  интерактивтік-тарихи 



картасы» (ank-tarsu.kz) кіші жобасы даярланды.  

Жамбыл  облысы  әкімдігінің  Тілдерді  дамыту  басқармасының  тапсырысымен 

латыннегізді  қазақ  тілі  әліпбиін  қолжетімді  түрде  және  тиімді  үйрету    мақсатында 

университет ғалымдары «Qazalipbi.kz» онлайн бағдарламасын әзірледі.  

2018 жылдың қараша айында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы 

жарияланды.  Осы  мақаладағы  міндеттерді  жүзеге  асыруда  университетте  бірқатар 

төмендегідей жобалар қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде:  

Қызғалдақты  жылыжайда  өсірудің  агротехнологиясы  және  ландшафтық 



дизайнда пайдалану жолдары; 

Жамбыл  облысында  «Сиверс»  алмасының  генетикалық  түрлерін  өсірудің 



инновациялық технологиясы; 

Тараз қаласының ғажайып тарихи туристік 3Д панорамасы; 



Этноконфессиялық келісімді нығайту – қазақстандықтардың қоғамдық санасын 

жаңғыртудың маңызды факторы.   

Жалпы университетте: 



"Мемлекеттік  тілді  латын  графикасына  көшіру"  бағыты  бойынша  Үкімет 

бекіткен  кестеге  сай  Жамбыл  облысы  әкімдігінің  Тілдерді  дамыту  басқармасы  және 

Жамбыл  облысының  білім  басқарамасымен  етене  байланысып,  бірқатар  ауқымды  іс-

шаралар атқаруда.  

2018-

2019  оқу    жылында  университетте  жоспарланған  ic-шаралар  бойынша    1 



конференция,  2  онлайн-семинар,  3  семинар-кеңес  және  17  көшпелі  семинар-тренингтер 

жүргізіліп, 2 акция, 1 ашық әдістемелік дәріс, 5 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

2018  жылы  6-желтоқсанда  Латыннегізді  қазақ  тілі  әліпбиінің  емле  ережесі 

мақұлданғаннан  кейін  жастардың  жаңа  қазақ  әліпбиге  қызығушылығын  арттыру  мен 

үйрету  мақсатында  Студенттік  телестудияда  2019  жылдың  ақпан  айынан  бастап  «Жаңа 



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау