30
меморандумға қол қойды. Осы Меморандумның мақсаты академиялық және білім беру
саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі университет арасындағы өзара
түсіністікке ықпал ету.
2019 жылы 13, 14, 15 маусым күндері М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінде V Халықаралық түркі әлемінің туризмі симпозиумы өтті.
Симпозиумға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Қазақстан),
Кастамону университеті (Түркия), Қырғыз-Түрік Манас университеті (Қырғызстан), Шет
тілдері және іскерлік мансап университеті (Қазақстан). Іс-шараға Түркия, Қырғызстан,
Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Португалия университеттерінің өкілдері,
симпозиум қатысушылары қатысты.
Симпозиум барысында туризмнің дамуының жаһандық перспективалары, түркі
әлемінің генезисі, өңірлердің даму факторы ретіндегі туристік ресурстар, туристік өнімді
қалыптастыру, жылжыту және сату, туризм және қонақжайлылық индустриясына оқыту,
туризмдегі IT технологиялары, экотуризм және тұрақты тақырыптар бойынша
пікірталастар өтті. Гастрономиялық туризмнің ұлттық ерекшеліктері, оқиғалық туризм,
тұрақты ауыл туризмі, спорт туризмін дамыту,Ұлы даланың жеті қыры, халал туризмді
дамыту, туризмді дамытудағы мәдениеттің рөлі, туризмді реттеудің құқықтық аспектілері
талқыланды.
4.7 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұйымдастырылуы
Университетте магистратураның 39 және докторантураның 4 бағыты бойынша
білім беру қызметіне лицензиясы бар. 2018-2019 оқу жылында университетте 488
магистрант, 41 докторант білім алды. Магистратура мен докторантура контингенті
кестеде көрсетілген. (29 слайд)
Кесте 13 - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің білім алуышлары
Магистратура
2 курс
1 курс
Ғылыми-
педагогикалық
Бейіндік
Ғылыми-
педагогикалық
Бейіндік
Мемлекеттік тапсырыс
123
-
195
-
Төлемақы
35
-
40
95
Барлығы
158
330
488
Докторантура
Мемлекеттік тапсырыс
41
Төлемақы
-
Барлығы
41
Төмендегі кестелерде магистранттар мен докторанттардың соңғы үш жылдағы
қабылдау динамикасы туралы мәліметтер келтірілген.
Кесте 14 - Магистранттарды қабылдау динамикасы
2016-2017
2017-2018
2018-2019
мем.тапс.
төлемақы
мем.тапс.
төлемақы
мем.тапс.
төлемақы
89
224
142
160
195
134
313
302
329
Кесте 15 - Докторанттарды қабылдау динамикасы
2016-2017
2017-2018
2018-2019
мем.тапс.
төлемақы
мем.тапс.
төлемақы
мем.тапс.
төлемақы
5
1
13
0
23
-
6
13
23
31
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы магистратура мен
докторантураға түсуге белгілі бір талаптарды қояды, мысалы, магистр дәрежесі үшін
кемінде 1 жыл практикалық жұмыс өтілі, докторантурада кемінде 3 жыл, шет тілін білу
туралы сертификаттың болуы, талапкерге жоғары оқу орнын таңдау құқығын беру және
т.б.
Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2018 жылдан бастап екі
дипломды бірлескен білім беру бағдарламасы 6M060600 - «Химия» және 6M070300 -
«Ақпараттық жүйелер» мамандықтары Браганса политехникалық институтымен
(Португалия) бірлесе отырып, білім беру магистрлік бағдарламаларын жүзеге асырылуда,
6M060600 -
«Химия» мамандығының 1 магистранты 2019-2020 оқу жылында осы
бағдарламамен білім алуға дайын.
2018-
2019 оқу жылында университетке мақсатты докторантураға 20 орын бөлінді.
Мақсатты докторантураның 6D073300 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және
жобалануы» (Алматы технологиялық университеті), 6D090100 – «Көлікті пайдалану және
жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» (М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік
және коммуникациялар академиясы) және 6D050800 – «Есеп және аудит» (Нархоз
университеті) мамандықтары игерілмеген. Бұл кемшілік оқытушылардың шет тілін
білмегендігіне байланысты болып отыр. Болашақта университетке бөлінген мемлекеттік
гранттарды немесе мақсатты орындарды толық меңгеру үшін магистранттар мен
университет оқытушылары шет тілі курстарын оқып, меңгеруі қажет.
5. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Қазіргі заманда жаңа өнімдер мен ақпаратты өңдеу әдістерінің пайда болуы
есебінен
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
саласындағы
талаптар
айтарлықтай күшейе түсті. ТарМУ-дың инфокоммуникациялық жүйесі серверлік
"тораптарды" өзара байланыстыратын және барлық корпусты заманауи коммуникациялық
жабдықтарды және IP/VPN технологиясын пайдалана отырып, бірыңғай корпоративтік
желіге біріктіретін ашық коммуникациялық оптикалық талшықты желі болып табылады.
Әртүрлі оқу корпустарында орналастырылған 33 сервер пайдаланушылар үшін
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Деректер және құжаттармен алмасу арқылы бірге жұмыс істеу үшін жалпыға қолжетімді
корпоративтік "public" папкасы жұмыс істейді. Университеттің ақпараттық
инфрақұрылымын жаңғырту міндеттерінің бірі ақпаратты қауіпсіз сақтауды қамтамасыз
ету және пайдаланушылар үшін оның қолжетімділігін кеңейту болып табылады. Осы
міндетті жүзеге асыру мақсатында университетте "ТарМУ бұлты" (DATA-орталық)
құрылып, сақтау және қорғау әдістемесі, сақталатын ақпарат көлемі анықталған, сервер
дайындалды.
Университеттің стратегиялық міндеттерін орындау мақсатында, 600-ден астам IP-
адрестерді ұсына отырып, жатақханаларда Wi-Fi арқылы пайдаланушыларға жаһандық
желіге қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Болашақта IP-адрестердің саны мен ғаламдық
желіге қол жеткізудің балама нүктелерін сапасын арттыру мақсатында талдау жұмыстары
жүргізілуде.
Оқу үрдісінде ғаламторға қол жетімді біртұтас корпоративтік желіге біріктірілген
1869 компьютер қолданылады. Олардың шамамен 70% - ын заманауи компьютерлер
құрайды. Компьютерлік сыныптар университетте жыл сайын заманауи компьютерлермен
жаңартылып отырады. Университет сыныптарының компьютерлік паркін жаңарту деңгейі
2018-
2019 оқу жылы 60% құрады.
Оқу үрдісінде компьютерлік сыныптарда, мамандандырылған кабинеттерде және
дәріс залдарында орнатылған 121 интерактивті комплект қолданылады.
Университетте барлық оқу корпустарында және жатақханаларда 26 Ақпараттық
дүңгіршек орнатылған, онда әрбір білім алушы университеттің web-ресурстарына,